Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2004 жылғы есептi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы
мен пайдаланылуы туралы 2004 жылғы есептi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2004 жылғы есеп бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi 2005 жылғы 1 тамызға дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2004 жылғы есеп пен сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерi туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы
N Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы
мен пайдаланылуы туралы 2004 жылғы есеп Мазмұны
1-бөлiм Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi
және оны пайдалану туралы 2004 жылғы есеп
2-бөлiм Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару
жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметі
туралы 2004 жылғы есеп
3-бөлiм Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөнiндегi
2004 жылғы өзге де деректер
1-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының түсiмдерi және оны
пайдалану туралы 2004 жылғы есеп
мың теңге
р/с N |
Атауы | Сомасы |
---|---|---|
1 |
Қордың есептi кезеңнiң басындағы қаражаты барлығы: |
528 233 521* |
2 |
Түсiмдер, барлығы: |
139 312 971 |
оның iшiнде: |
104 360 247 |
|
3 |
Пайдаланылуы, барлығы: |
524 247 |
оның iшiнде: |
524 247 |
|
4 |
Қордың есептi кезеңнiң аяғындағы қаражаты, барлығы: |
667 022 245** |
* 315 682 мың теңге мөлшерiндегi есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескере отырып
** 480 894 мың теңге мөлшерiндегi есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескере отырып
2-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын
сенiмгерлiк басқару жөнiндегi Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы есеп
1-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сенiмгерлiк басқару жөнiндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң балансы
мың теңге
2004 жыл |
2003 жыл |
|
Активтер |
24 927 708 |
26 265 200 |
Сауда бағалы қағаздары |
654 915 582 |
520 234 429 |
Туынды қаржы құралдары |
1 810 557 |
1 966 678 |
Дебиторлық берешек |
111 505 |
1 694 617 |
681 765 352 |
550 160 924 |
|
Мiндеттемелер |
6 098 200 |
7 859 114 |
Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар |
9 126 228 |
14 384 398 |
15 224 428 |
22 243 512 |
|
Таза активтер |
666 540 924 |
527 917 412 |
Үкiметтің шоты |
666 540 924 |
527 917 412 |
2-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сенiмгерлiк басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң кiрiстерi мен шығыстары туралы есеп
мың теңге
2004 жылғы |
2003 жылғы |
|
Кiрiстер |
13 903 145 |
9 482 288 |
Дивидендтер бойынша кiрiстер |
2 481 520 |
1 071 767 |
Сауда бағалы қағаздары бойынша дилингтiк кiрiстер |
33 420 409 |
483 556 |
Туынды қаржы құралдары бойынша түскен таза жұмсалған кiрiстер |
(13 070 650) |
(14 854 731) |
Шетел валюталарын қайта бағалаудан түсетiн таза жұмсалған кiрiстер |
(135 432) |
7 049 611 |
Сауда бағалы қағаздардан өткiзiлмеген кiрiстер (шығындар) |
5 929 624 |
30 061 845 |
Өлшем валютасынан ұсыну валютасына қайта есептеу кезiнде туындайтын бағам айырмашылығының шығыны |
- |
(29 250 689) |
42 528 616 |
4 043 647 |
|
Шығыстар |
556 808 |
476 094 |
Кастодиан қызметтерiн төлеу шығыстары |
101 418 |
70 335 |
Кәсiби қызметтердi төлеу жөніндегi шығыстар |
12 595 |
11 455 |
Бағдарламалық өнiмдердi және ақпараттық деректер базасын |
18 638 |
20 117 |
689 459 |
578 001 |
|
Таза кiрiс |
41 839 157 |
3 465 646 |
3-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сенiмгерлiк басқару жөнiндегі Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша қозғалысы
туралы есептер
мың теңге
2004 жылғы |
2003 жылғы |
|
Операциялық қызметтен түскен ақша қозғалысы |
41 839 157 |
3 465 646 |
Түзетулер: |
||
сауда бағалы қағаздарынан түскен |
(5 929 624) |
(30 061 845) |
өткізілмеген кiрiс |
||
өлшем валютасынан есеп беру валютасына қайта есептеу кезінде туындайтын бағам айырмашылығынан болған шығын |
- |
29 250 689 |
Операциялық активтер мен мiндеттемелердегi өзгерiстерге дейiнгi операциялық қызметтен түскен ақша қозғалысы |
35 909 533 |
2 654 490 |
Операциялық активтердегi азаю (ұлғаю): |
||
сауда бағалы қағаздары; |
(184 806 604) |
(221 817 336) |
туынды қаржы құралдары; |
156 121 |
(1 030 562) |
дебиторлық берешек |
1 583 112 |
2 447 079 |
Операциялық мiндеттемелердегi ұлғаю (азаю): |
||
туынды қаржы құралдары |
(1 760 914) |
3 084 174 |
кредиторлық берешек және есептелген шығыстар |
(5 258 170) |
13 246 738 |
Операциялық қызметтегі ақшаның таза пайдаланылуы |
(154 176 922) |
(201 415 417) |
Қаржы қызметiнен түскен ақша қозғалысы |
||
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсiмдер |
152 839 430 |
225 507 652 |
Ақша мен оның баламаларындағы таза ұлғаю (азаю) |
(1 337 492) |
24 092 235 |
Жылдың басындағы ақша мен оның баламалары |
26 265 200 |
2 172 965 |
Жылдың соңындағы ақша мен оның баламалары |
24 927 708 |
26 265 200 |
4-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сенiмгерлiк басқару жөнiндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң таза активтерiндегі
өзгерiстер туралы есептер
мың теңге
Сомасы | |
---|---|
2003 жылғы 1 қаңтардағы сальдо |
298 944 114 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен түскен түсiмдер |
225 507 652 |
Таза кiрiстер |
3 465 646 |
2003 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо |
527 917 412* |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен түскен түсiмдер |
152 839 430 |
Кезең басындағы таза активтер сомасына айырбас бағамдарындағы өзгерiстер әсерi |
(52 052 320) |
Валютаны қайта бағалаудан болған айырмашылықтар |
(4 002 755) |
Таза кiрiстер |
41 839 157 |
2004 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо |
666 540 924** |
* 315 682 мың теңге мөлшерiндегi 2003 жылғы есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескерусiз
** 480 894 мың теңге мөлшерiндегi 2004 жылғы есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескерусiз
Ескерту: 2004 жылдың басындағы және соңындағы сальдо сенiмгерлiк басқару бойынша операциялық шығыстар болып табылатын және Ұлттық қорға өтелуi тиiс 427 мың теңге мөлшерiндегi сома есепке алынбай көрсетiлген.
2004 жылғы инвестициялық қызметтен түскен табыс 42 528 616 мың теңгенi немесе
313 млн.долларын құрады (табыстылығы - 7,61 %). Бұл ретте бағандық қайта бағалау (-)56 055 075 мың теңгенi құрады (52 052 320 мың теңге + 4 002 755 мың теңге). Осылайша, табыс сомасы бағамдық қайта бағалауды есепке ала отырып (-)13 526 459 мың теңгенi құрады.
3-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару
жөнiндегi өзге де деректер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылу көздерi
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - Қор) қаражаты 2004 жылғы 1 қаңтарға 528233521 мың теңгенi құрады.
Қорға түскен түсiмдердiң едәуiр үлесi 2004 жылы сомасы 120792925 мың теңгенi құраған шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша заңды тұлғалардан) бюджетке түсетiн жоспардан тыс түсiмдердің есебiнен қалыптасты. Бұдан басқа, 2004 жылы Қордың шотына 21321075 мың теңге (оның iшiнде республикалық меншiктегі және экономиканың тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түскен қаражат - 1513575 мың теңге және "Аджип Қарашығанақ Б.В.", "БР Интернэшнл Лимитед", "Тексако Интернэшнл Петролаум Компании" компаниялары, "ЛУКойл" мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы жабық үлгiдегі акционерлiк қоғамы мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орынының мердiгер учаскесiнiң өнiмiн бөлу туралы келiсiм бойынша төлем - 19807500 мың теңге), мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түскен қаражат - 1415760 мың теңге және республикалық бюджеттен берiлген ресми трансферттер - 9309670 мың теңге сомасында өзге де түсiмдер есептелдi.
"Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де мiндеттi төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369А қаулысына "Қазмырыш" ААҚ, "Қазақмыс" ААҚ, "Харикейн Құмкөл Мұнай" ААҚ, "ТорғайПетролеум" ЖАҚ, "Қазақстан Лимитед БК" мен "Статойл Қазақстан А.С." компаниялары, "Дөң кен байыту комбинаты" ААҚ, "Ембiмұнайгаз" ААҚ, "Өзенмұнайгаз" ААҚ тiзбеден шығару және "ҚазМұнайГаз", Барлау Өндiру" АҚ-ын тiзбеге енгiзу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгізілдi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың шотына шетел валютасында есептелген түсетін теңгенi АҚШ долларына айырбастауды кезең-кезеңмен жүргiзiп отырды.
Басқарудың қол жеткiзiлген қаржылық нәтижелерi мен сапасын ескере отырып, сенiмгерлiк басқару үшiн қызметтерге ақы төлеудiң өзгеруiне байланысты "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқарудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 шiлдедегi N 792 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қосымша келiсiмге қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орта мерзiмдi тұжырымдамасының жобасы әзiрлендi, онда тұжырымдаманы iске асырудың нақты мерзiмi белгiлендi, мұнай секторына айқын анықтама берiлдi, ұйымдастыру нысаны - заңды тұлға немесе шот белгiлендi, Қорды пайдаланудың мақсаты мен бағыты көрсетiлдi, қор жинау шегi (немесе оның болмауы) және активтердi таратудың мүмкiндiктi салдары көрсетіледi, айқындылығы атап көрсетілдi, борышқа қызмет көрсету және қарыз алу саясаты анықталды, Қордан трансфертке даму бюджетiнiң неғұрлым нақты байланысы және теңдестiрілген бюджет әдiсiнiң сипаты белгiлендi.
Ұлттық қордың мақсаттары мен мiндеттерiн халық арасында түсiндiру жөнiнде жүйелi түрде жұмыс жүргiзу шеңберiнде "Панорама" газетiне "Ұлттық қор экономиканы дамытуға оң фактор ретiнде" атты тақырыпта мақала жiберiлдi, "Казахстанская правда" газетiнде "Ұлттық қор: жинайды немесе рәсуа етедi..." атты материал жарияланды, "Қазақстан 1" арнасында "Мезгiл" ақпараттық-талдамалы бағдарламада "Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қызметi" атты тақырыпта әңгiме жүргiзiлдi. Бұдан басқа, Қордың қызметi туралы қажеттi ақпарат, Қордың қызметiн реттейтiн есептер, нормативтік құқықтық актiлер Қаржы министрлiгiнiң web-сайтына (www.minfin.kz) орналастырылды.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 25-бабымен анықталған тәртiппен "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестің құрамы мен ол туралы ереже бекiтiлдi.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 953 қаулысымен бекiтiлген конкурстарды өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмiн нақтылау бөлiмiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторын сайлау ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.
1-бөлiмдегi кесте туындаған бағамдық айырма ескерілетiн инвестициялық табысты алып тастағанда қаржы қаражатының нақты қозғалысының деректерi бойынша құрылған.
Шикiзат секторы ұйымдарынан мемлекеттiк бюджетке
түсетiн түсiмдер және Қорға 2004 жылғы
түсетiн аударымдар
(мың теңге)
Атауы |
2004 |
Кассалық атқару |
||
Барлығы |
оның ішінде |
|||
Бюджет- |
Ұлттық |
|||
Қазақстан |
53 283 956 |
156 920 336 |
53 283 956 |
103 636 380 |
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша шикiзат секторының ұйымдары резидент заңды тұлғалардан алатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс |
383 000 |
1 106 867 |
383 000 |
723 867 |
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша шикiзат секторының ұйымдары резидент емес заңды тұлғалардан алатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы |
18 759 000 |
5 150 428 |
5 150 428 |
0 |
Қазақстан Республикасының Үкiметі белгi- |
0 |
0 |
0 |
0 |
Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтін тiзбе бойынша заңды тұлғалардан) алынатын бонустар |
0 |
0 |
0 |
0 |
Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша заңды тұлғалардан) алынатын роялтилер |
12 900 906 |
26 427 906 |
12 900 906 |
13 527 000 |
Жасалған келiсiм - шарттар бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн тiзбе бойынша заңды тұлғалардан) алынатын өнiмдердi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi |
7 769 824 |
10 675 502 |
7 769 824 |
2 905 678 |
Мемлекеттiк бюджет бойынша жиыны |
93 096 686 |
200 281 039 |
79 488 114 |
120 792 925 |
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салық және республикалық бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң жылдық көлемi 93096686 мың теңге сомасында бекiтiлдi. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан iс жүзiнде 200281039 мың теңге түсті, оның iшiнде қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес республикалық бюджетке - 79488114 мың теңге есепке алынды. Нәтижесiнде шикiзат секторы ұйымдарынан Қорға түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы 120792925 мың теңгенi құрады.
Қордың ақшалай қаражаты 2005 жылғы 1 қаңтарға 667022245 мың теңгенi құрады.
Салықтардың түрлерi бойынша Қорға түсетiн қаражаттың жоспардан тыс түсiмдерінің құрылымы тұтастай алғанда 2004 жыл үшiн мынадай көрсеткiштермен сипатталады:
Салық төлемдерiнiң түрлерi |
Сомасы |
Жалпы |
Заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы |
103 636 380 |
85,80 |
Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтік табыс салығы |
723 867 |
0,60 |
Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтік табыс салығы |
0 |
0 |
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының барлығы |
104 360 247 |
86,40 |
Қосылған құн салығы |
0 |
0 |
Бонустар |
0 |
0 |
Роялтилер |
13 527 000 |
11,20 |
Шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын өнiмдердi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi |
2 905 678 |
2,40 |
БАРЛЫҒЫ |
120 792 925 |
100,0 |
Шикiзат секторы ұйымдарынан Қорға түсетiн жоспардан тыс түсiмдерде негiзгi бөлiктi - 85,80 %-ын заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы, одан кейiн үлесi түсiмдердің жалпы сомасының 11,20 %-ын құрайтын роялтилер құрайды. Өнiмдердi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi түсiмдердiң жалпы сомасында 2,40 % және сомасы 723867 мың теңге немесе түсiмдердiң жалпы сомасынан 60 % резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығын құрады.
2. Қордың шығыстары
Қордың есебiнен есептi кезеңде жалпы сомасы 524247 мың теңге Қорды басқаруға байланысты мынадай шығыстар жүргiзiлдi:
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 18 мамырдағы
N 655 қаулысымен мақұлданған Сенiмгерлiк басқару туралы шартқа сәйкес Қорды басқарғаны үшін сыйақы түрiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне 136326 мың теңге аударылды;
кастодианның қызмет көрсетулерi үшiн 60393 мың теңге аударылды;
сыртқы басқарушыларға 297731 мың теңге комиссиялық сыйақы ретінде аударылды;
сыртқы аудиттің 2003 жылғы қызмет көрсетулерi үшiн 11159 мың теңге аударылды;
"Ваrrа International, Ltd" компаниясының ақпараттық қызметтерi үшiн 8702 мың теңге аударылды;
"Morgan Stanley Capital International" компаниясының ақпараттық қызметтерi үшін 2034 мың теңге төлендi;
"Тhе Үiеld Вook Inс" компаниясы көрсеткен қызметтер үшiн 7902 мың теңге аударылды
2004 жылғы төртiншi тоқсанда жалпы сомасы 480894 мың теңге мынадай шығыстар төлеуге есептелдi:
Қорды сенiмгерлiк басқарғаны үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне комиссиялық сыйақы - 26206 мың теңге;
кастодианның қызмет көрсетулерiне - 57662 мың теңге;
сыртқы басқарушыларға қызмет көрсетулерiне - 384431 мың теңге;
Қордың 2004 жылғы қызметiнiң аудит қызмет көрсетулерiне - 12595 мың теңге.