Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың кейбір мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 792 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен мақұлданған, қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы N 299 шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қосымша шарттың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қосымша келiсiмге қол қою Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа тапсырылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 26 шілдедегі  
N 792 қаулысымен      
мақұлданған        

  "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы N 299 шартқа өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
Қосымша келісім

      Астана қаласы                       2004 жылғы "__" _________

      Бұдан әрi Банк деп аталатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, бір тараптан және бұдан әрі Үкiмет деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi, екiншi тараптан, бұдан әрi бірлесіп Тараптар деп аталатындар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң  "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - Қор) қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi басшылыққа ала отырып, мына төмендегілер туралы осы Қосымша келісiмдi жасасты.
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1.1. Үкiмет Банкке сенімгерлік басқаруға Қорды бередi, ал Банк Қордың қаржылық активтерiн инвестициялау жолымен Үкiметтiң мүддесі үшін Қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. Қорды басқарудың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiнде белгiленген шектеулердi сақтау кезiнде белгiлi бір уақыт кезеңiндегi Қор портфельдерiнiң үстеме кiрiстілігi болып табылады. Үстеме кiрiстілiк іс жүзiндегi кiрiстілiк пен Қордың эталондық портфелiнiң кiрiстiлiгi арасындағы айырма ретiнде анықталады.";

      2) 2.1.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2.1.3. Есептi тоқсанның әрбiр айының соңында Банктің дербес басқаруындағы Қор портфельдерiнiң орташа арифметикалық рыноктік құнының жылдық 0,06% мөлшерiнде Қорды сенімгерлік басқарғаны үшiн тоқсан сайын комиссиялық сыйақы алуға және осы Шарттың ережелерiне сәйкес осы Шарт бойынша олар өз мiндеттемелерiн орындау процесiнде шеккен шығыстарды өтеуге.";

      3) мынадай мазмұндағы 2.1.4-тармақпен толықтырылсын:
      "2.1.4. Қорды дербес басқару нәтижелерiне байланысты жыл қорытындылары бойынша алынған оң үстеме кірiстiң 10%-ына тең, бiрақ Банктiң дербес басқаруындағы Қордың орташа жылдық рыноктік құнының 0,02%-ынан аспайтын комиссиялық сыйақы алуға. Үстеме кiрiс есептi жылдың әрбір айының соңында Банктiң дербес басқаруындағы портфельдердiң орташа арифметикалық рыноктік құнына көбейтілген іс жүзiндегi кiрiстілiк пен Қордың эталондық портфелiнiң кiрiстілiгi арасындағы айырма ретiнде анықталады.
      Қордың терiс үстеме кiрiстiлiгiн алған жағдайда, Банк алынған терiс үстеме кiрiстiң 10%-ына тең, бiрақ Банктің дербес басқаруындағы Қордың орташа рыноктiк құнының 0,01%-ынан аспайтын соманы Үкiметке өтейдi.";

      4) 2.2.2-тармақтағы "Қордың" деген сөздiң алдынан "Сыртқы басқарушылармен және кастодиандармен жасалған шарттардың көшiрмелерiн бере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;";

      5) 2.2.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2.2.4. Үкiметке қағаз және электрондық тасығышта есептi кезеңнен кейiнгi 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшінде кейiннен есептi кезеңнен кейiнгi 50 қүнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекіткен Қорды сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы тоқсан сайынғы және жылдық есептердi бере отырып, есептi кезеңнiң соңғы күнiне Қордың рыноктiк құны, Қормен жасалған операциялар бойынша кiрiстілiк, есепті кезеңде алынған кiріс мөлшерi, есепті кезеңнiң соңында Қор портфелінiң құрамы, пайыз ставкаларының өзгеру қаупiнiң ағымдағы мәнi (Ұлттық Банк Басқармасының мүшелерiне қарауға берiлген) туралы ақпараты бар Қорды сенімгерлік басқару нәтижелерi туралы жедел тоқсан сайынғы және жылдық есептердi беруге;".

       Банктiң атынан                    Қазақстан Республикасы
      Қазақстан Республикасы            Yкiметiнiң атынан
      Ұлттық Банкiнiң Төрағасы          Қазақстан Республикасының
                                        Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады