Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 24 қарашадағы
N 1158 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер
1. "1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының объектілерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 7 шілдедегi N 695 қаулысында :
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 7 шiлдедегi N 697 қаулысында :
2-тармақтағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Ресей Федерациясы Үкiметiнің арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шiлдедегi N 698 қаулысында :
2-тармақтағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 7 шілдедегi N 699 қаулысында :
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 7 шілдедегi N 700 қаулысында :
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын.