Қазақстан Республикясының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 697 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.24. N  1158 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану
саласындағы есеп айырысу шарттары туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Әскери ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
      қатысушылары бiр мезгiлде тараптар болып табылатын әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес өзара қаржылық міндеттемелердi реттеудiң қажеттiлiгiн тани отырып,
      мына төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар:
      ресей тарапынан:
      Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы "Сарышаған" сынақ полигонын пайдалану мен жалдау және Приозерск қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiмге, Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы "Ембi" сынақ полигонын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа Ресей Федерациясы Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан объектілерi мен әскери алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа 1996 жылғы 18 қазандағы Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық полигонының Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан объектілерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - сынақ полигондарын жалдау туралы шарттар) сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстаумен және тыныс-тiршiлігін қамтамасыз етумен байланысты Ресей Тарапының шығыстарын ескере отырып Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы "Сарышаған" сынақ полигонын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес 1999-2004 жылдар кезеңi үшiн Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан сынақ полигондарын пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы бойынша берешектi;
      қазақстан тарапынан:
      Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы 1998 жылғы 6 наурыздағы Әскери кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiмге, оқыту үшiн өтеу ставкаларының белгіленген келiсiм-шарт мiндеттемелерiне және 2005 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң жоғары оқу орындарында оқыту және ұстау үшiн өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiне сәйкес 1996-2004 жылдардағы кезең үшiн Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшiлердi оқыту жөнiндегi берешектi қамтитын өзара қаржылық мiндеттемелердiң болуын таниды.

2-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген өзара қаржылық мiндеттемелердi бiр жолғы өтеудi 135,73 млн. АҚШ доллары сомасына жүргізедi.
      Қазақстан Тарапы бұдан әрi 1999-2004 жылдардағы кезеңде Сарышаған, Ембi сынақ полигондарын, Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының және Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық көру аралық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын пайдаланумен байланысты Ресей Тарапына кiнәраттар қоймайды.
      Ресей Тарапы бұдан әрi Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн оқыту және ұстау үшiн өзара есеп айырысуларды салыстырудың 2005 жылғы 30 наурыздағы кесiмiне сәйкес 1996-2004 жылдардағы кезең үшiн Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшiлердi оқыту жөнiндегі шығындармен байланысты Қазақстан Тарапына талаптар қоймайды.

3-бап

      2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап сынақ полигондарын пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалдау ақысы еркiн айырбасталымды валютамен (АҚШ долларымен) жүзеге асырылатын болады.
      Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшiлердi дайындау жөнiндегі қызметтерге ақы төлеудi Қазақстан Тарапы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайын жасалатын
"Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау туралы" келiсiм-шартқа сәйкес еркiн айырбасталымды валютамен (АҚШ долларымен) жүргiзедi.
      Тараптар сынақ полигондарын жалдау туралы халықаралық шарттарға тиiстi өзгерiстер енгізедi.

4-бап

      Осы Келiсiм ережесiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
      Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктірмей жазбаша түрде хабардар етедi.

5-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

6-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама жасаған күнiнен бастап күшiне енедi.
      200__жылы "__"__________ __________________қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ     РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
       ҮКIМЕТI ҮШIН                  ҮКIМЕТI ҮШIН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады