Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының объектiлерi мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.24. N 1158 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей
Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының
объектілерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау
туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiстi:
1. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Полигон - жер учаскелерiн және оларда орналасқан мүлiктi қамтитын бiртұтас кешен.
Полигонды жалдау объектiсiнiң бiр бiрлiгі үшiн ставка - Полигонның жалға берiлген жер учаскелерiнiң, оның iшiнде оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектілерiмен қоса жер учаскелерiнiң аудан (гектар) бiрлiгiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы 2,33 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленедi.".
2. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Шарттың 3-бабында белгiленген полигондарды жалдау объектiсiнiң бiр бiрлiгіне ставканы негiзге ала отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 4,454 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте жалдау ақысының көрсетiлген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнi болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында осы күннен кейiн енгізiлген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердiң барлық түрiн ескередi.
Полигонның жалға берілетiн жер учаскелерiнiң, сондай-ақ оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен қоса жер учаскелерiнiң құрамы өзгерген жағдайда, жалдау ақысы Полигонды жалдау объектiсiнiң бiр бiрлiгіне белгiленген ставканы ескере отырып, жер учаскелерiнiң жалға берілетін ауданының өзгеруiне тепе-тең өзгередi.
Жалдау ақысының өзгеруiн Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке Хаттамамен ресiмдейтiн болады.".
3. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Шарттың 4-бабында белгіленген жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап еркiн айырбасталымды валютада (АҚШ доллары) жүзеге асырылатын болады.
Жалдау төлемдерiн аудару жыл сайын әрқайсысы екi тең бөлiкпен жылдың екiншi және төртiншi тоқсанының соңғы айының 5 күнiне дейiн жүзеге асырылады.
Төлем алушы және (немесе) оның қаржы деректемелерi өзгерген жағдайда Қазақстан Тарабы кезектi төлем мерзiмi өткенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне бұл туралы хабарлауы мiндеттi.".
Осы Хаттама ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапқа келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабарлайды.
Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк ресiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Хаттама 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
200__жылғы "__"__________ ______________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiндегi екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
ҮШIН ҮШIН