1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 698 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы  шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.24. N  1158 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкіметiнiң арасындағы
Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келісті:
      1. Шарттың атауы, кiрiспесiнiң 2 және 3-абзацтары "сынақ полигонын" деген сөздерден кейiн "(5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Полигон - жер учаскелерiн және оларда орналасқан мүлiктi қамтитын бiртұтас кешен.
      Полигонды жалдау объектiсiнiң бiр бiрлiгi үшiн ставка - Полигонның жалға берiлген жер учаскелерiнiң, оның iшiнде оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектілерiмен қоса жер учаскелерiнiң аудан (гектар) бiрлігін пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы 2,33 АҚШ доллары мөлшерiнде белгіленедi.".
      3. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жыл сайынғы жалдау ақысы 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,291 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды, ол:
      жалға алынатын мүлiкті пайдаланғаны үшiн 0,176 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшердегi қаражатты;
      Полигонның жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін өтемақы бойынша 0,115 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшердегi қаражатты қамтиды.
      Бұл ретте жалдау ақысының көрсетілген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнi болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында осы күннен кейiн енгiзілген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердiң барлық түрiн қамтиды.
      2. Осы Шарттың 3-бабында белгіленген полигонды жалдау объектiсiнiң бiр бiрлігіне ставканы негiзге ала отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,718 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды.  Бұл ретте жалдау ақысының көрсетiлген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнi болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында осы күннен кейiн енгізілген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердiң барлық түрiн ескередi.
      Полигонның жалға берiлетiн жер учаскелерiнiң, сондай-ақ оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектілерімен қоса жер учаскелерiнiң құрамы өзгерген жағдайда, жалдау ақысы Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгiне белгіленген ставканы ескере отырып, жер учаскелерiнiң жалға берiлетiн бiр ауданының өзгеруiне тепе-тең өзгередi.
      Жалдау ақысының өзгеруiн Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамамен ресiмдейтiн болады.".
      4. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шарттың 4-бабының 2-тармағында белгіленген жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап еркiн айырбасталымды валютада (АҚШ доллары) жүзеге асырылатын болады.
      Жалдау төлемдерiн аудару жыл сайын әрқайсысы екi тең бөлiкпен жылдың екiншi және төртiншi тоқсанының соңғы айының 5-күнiне дейiн жүзеге асырылады.
      Қазақстан Тарабы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiне төлем алушыны және қаражатты аудару үшiн қаржы деректемелерiн көрсете отырып, хабарлама жiбередi.
      Төлем алушы және (немесе) оның қаржы деректемелерi өзгерген жағдайда Қазақстан Тарабы кезектi төлем мерзiмi өткенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгіне бұл туралы хабарлауға мiндетті.".
      Осы Хаттама ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
      Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапқа келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабарлайды.
      Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шарттың ажырамас бөлiгі болып табылады.
      200__жылғы "__"_______ _______ қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ     РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
           ҮКIМЕТI ҮШIН                ҮКIМЕТI ҮШIН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады