"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерiстер мен толықтырудың жобасын мақұлдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1263 Қаулысы

      Ұлттық қордың активтерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 787  қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237  қаулысына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған өзгерiстер мен толықтырудың жобасы мақұлдансын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКI БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы      2005 жылғы "___" _______          N_____

"Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының 2001 жылғы
20 маусымдағы N 237 қаулысына
өзгерiстер мен толықтыру енгізу
туралы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиiмдiлігін қамтамасыз ету мақсатында сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 24 қазандағы  N 426 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2048 тiркелген), 2003 жылғы 1 қыркүйектегi  N 322 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2518 тiркелген) қаулыларымен бекiтiлген, өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1568 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 2 - 15 шiлдеде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қорды сенiмгерлiк басқару жөніндегi қызмет Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited, Fitch Ratings Ltd және қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын басқа да ақпараттық жүйелердің қызметтерін сатып алуды қамтиды";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Citigroup World Government Bond ex Japan Index 50 пайыз USD hedged (90 пайыз) плюс Citigroup World Government Bond Japan Index 50 процентов USD hedged (10 пайыз) (далее - customized CitigroupWGB Index 50 процентов USD hedged) индексi - Жапонияны қоспағанда, дамыған елдердiң мемлекеттiк облигацияларының 90 пайызынан және Жапонияның бір жылдан астам өтеу мерзiмiмен, АҚШ долларына қарсы 50 пайызға хеджирленген мемлекеттiк облигацияларының 10 пайызынан тұратын Citigroup компаниясының индексi. Осы индексте эталондық бөлуге оралу күнтiзбелiк тоқсанның соңғы жұмыс күнi жүргiзiледi. Индекстегi бағалы қағаздардың құрамы нарықтық капиталдандыру негiзiнде ай сайын өзгерiп отырады. Кiрiстілік пен тәуекелдiң көрсеткiштерi күн сайын есептелiп отырады.";
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Репо және керi репо операцияларын АI+ төмен емес қысқа мерзiмдi кредиттік рейтингтерi бар - Standard&Poor's /P1 - Moody's FF- төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингтерi бар - Standard&Poor's/Aa- - Moody's қарсы әрiптестер жүзеге асыруға тиiс. Керi репо операциялары үшiн қамтамасыз ету ең төменгi кредиттік рейтингі ААА, нарықтық құны операция сомасының 100% кем болмайтын бағалы қағаздар болуы тиiс.";
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. "Төлемге қарсы жеткiзу" қағидаты бойынша мәмiлелер қарсы әрiптестер (немесе кастодиандар) арасында олардың кредиттік рейтингiне шектеу қоймастан активтердi бiрдей уақытта жеткiзген кезде жүзеге асырылуы мүмкiн.";
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Жинақ портфелiне арналған эталондық портфель болып:
      1) customized CitigroupWGB Index 50 процентов USD hedged 75 пайызынан және
      2) MSCI World Index excluding Energy 25 пайызынан тұратын индекс саналады.
      Осы индексте эталондық бөлуге қайта оралу күнтiзбелiк тоқсанның соңғы жұмыс күнi жүргізіледі.";
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "57. Активтiк басқарудағы акциялар портфелiнiң үлесi акциялар портфелiнiң 50 пайызынан аспауға тиiс.";
      62-тармақтағы "300" деген сандар "500" деген сандармен ауыстырылсын;
      67-тармақтағы "4" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын осы қаулының 1-тармағының үшiншi, төртiншi, жетiншi, сегiзiншi, он алтыншы он жетiншi, он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 
      3. Монетарлық операциялар департаментi (Ю.В. Герасименко):
      1) Заң департаментiмен (С.Б. Шәрiпов) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап бес күн мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң назарына жеткiзсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы "___"________
N_____ қаулысымен
мақұлданған

Об одобрении проекта изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 237 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2005 года N 1263

      В целях повышения эффективности управления активами Национального фонда Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить представленный Национальным Банком Республики Казахстан проект изменений и дополнения в  постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 237 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан", одобренное  постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 июня 2001 года N 787.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект   

ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ НАЦИОНАЛЬНОГО БАНКА
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

г. Алматы                       от "____"________ 2005 года                 N ____

О внесении изменений и
дополнения в постановление
Правления Национального Банка
Республики Казахстан от
20 июня 2001 года N 237
"Об утверждении Правил
осуществления инвестиционных
операций Национального фонда
Республики Казахстан"

      В целях обеспечения эффективности доверительного управления Национальным фондом Республики Казахстан, а также в соответствии с Бюджетным  кодексом Республики Казахстан и   постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 мая 2001 года N 655 "О договоре о доверительном управлении Национальным фондом Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в  постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 237 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1568, опубликованное 2-15 июля 2001 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана"), с изменениями и дополнениями, утвержденными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 октября 2002 года  N 426 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2048), от 1 сентября 2003 года  N 322 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2518) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктом 2-1. следующего содержания:
      "2-1. Деятельность по доверительному управлению фондом включает приобретение услуг Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited, Fitch Ratings Ltd и других информационных систем, предоставляющих данные о финансовых рынках;";
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Индекс Citigroup World Government Bond ex Japan Index 50 процентов USD hedged (90 процентов) плюс Citigroup World Government Bond Japan Index 50 процентов USD hedged (10 процентов) (далее - customized CitigroupWGB Index 50 процентов USD hedged) - индекс компании Citigroup, состоящий на 90 процентов из государственных облигаций развитых стран, за исключением Японии, и на 10 процентов из государственных облигаций Японии со сроком погашения более одного года, на 50 процентов хеджированный против доллара США. Возврат к эталонному распределению в данном индексе производится в последний рабочий день календарного квартала. Состав ценных бумаг в индексе меняется ежемесячно на основе рыночной капитализации. Показатели доходности и риска рассчитываются ежедневно.";
      пункт 29 изложить в следующей редакции:
      "29. Операции репо и обратное репо должны осуществляться с контрпартнерами, имеющими краткосрочные кредитные рейтинги не ниже А1+ - Standard&Poor's /P1 - Moody's, и долгосрочными кредитными рейтингами не ниже АА- - Standard&Poor's/Aa- - Moody's. Обеспечением для операций обратного репо должны быть ценные бумаги с минимальным кредитным рейтингом ААА, рыночная стоимость которых составляет не менее 100 % от суммы операции.";
      пункт 32 изложить в следующей редакции:
      "32. Сделки по принципу "поставка против платежа" могут осуществляться при одновременной поставке активов между контрпартнерами (или кастодианами) без ограничений на их кредитный рейтинг.";
      пункт 45 изложить в следующей редакции:
      "45. Эталонным портфелем для сберегательного портфеля считается индекс, состоящий на:
      1) 75 процентов из customized CitigroupWGB Index 50 процентов USD hedged и
      2) 25 процентов из MSCI World Index excluding Energy.
      Возврат к эталонному распределению в данном индексе производится в последний рабочий день календарного квартала.";
      пункт 57 изложить в следующей редакции:
      "57. Доля портфеля акций, находящаяся в активном управлении, не должна превышать 50 процентов от портфеля акций.";
      в пункте 62 цифры "300" заменить цифрами"500";
      в пункте 67 цифру "4" заменить цифрой "8".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, за исключением абзацев третьего, четвертого, седьмого, восьмого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого и девятнадцатого пункта 1 настоящего постановления, которые распространяется на отношения, возникшие с 1 октября 2004 года.
      3. Департаменту монетарных операций (Герасименко Ю.В.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в пятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения Министерства финансов Республики Казахстан.
      4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Елемесова А.Р.

       Председатель
      Национального Банка

      Одобрено
      постановлением Правительства
      Республики Казахстан
      от "___"_______ 2005 года
      N__