Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1568 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2518. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі   N 65   (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
________________________________

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543  Жарлығына  сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237  қаулысына   (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1568 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 24 қазандағы N 426  қаулысымен  бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2048 тіркелген) өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Salomon World Government Bond ex Japan Index индексі 60% USD hedged (90 процент) қосылған Salomon World Government Bond Japan Index 60% USD hedged (10 процент) (бұдан әрі - customized SWGB Index 60% USD hedged) - Жапонияны қоспағанда, дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының 90 процентінен тұратын Salomon Smith Barney компаниясының индексі және АҚШ долларына қарағанда 60%-ке хеджирленген өтеу мерзімі бір жылдан астам Жапония мемлекеттік облигацияларының 10%-проценті. Бағалы қағаздардың индекстегі құрамы рыноктық капиталдандыру негізінде ай сайын өзгеріп отырады. Кірістілік пен тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 10.1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Lehman Global Aggregate (LGA) индексі - мемлекеттік, агенттік, корпоративтік бағалы қағаздардан, сондай-ақ активтер кепілімен бағалы қағаздар мен жылжымайтын мүлік кепілімен бағалы қағаздардан тұратын Lehman Brothers компаниясының индексі.";

      11-тармақтағы кесте: 
      мынадай мазмұндағы оныншы жолмен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
 ВВВ                                    | Ваа
___________________________________________________________________

      мынадай мазмұндағы он үшінші жолмен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
 А-2                                    | Р-3
___________________________________________________________________

      24-тармақтағы "20%-нен кем болмауы" деген сөздер "600 млн. АҚШ долларынан аспайтын болуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36-тармақ алынып тасталсын;
      40-тармақтағы "12 айдан" деген сөздер "10 жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-тармақтағы "0.75" деген сан "1" деген санмен ауыстырылсын;

      "Тұрақтандыру портфелінің негізгі өлшемдері" деген 4-тарау мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:
      "42-1. Валюталық бөлу бөлінісінде тұрақтандыру портфелінің ең көп дегенде 30 процент активтері customized SWGB Index 60% USD hedged индексіне енетін елдердің АҚШ долларынан өзгеше валюталарына деноминацияланған активтерге инвестициялануы мүмкін.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Жинақ портфелі үшін мыналардан тұратын индекс эталондық портфель болып саналады:
      1) 75%-проценті - customized SWGB Index 60% USD hedged және
      2) 25%-проценті - MSCI World Index excluding Energy.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "47. Жинақ портфелінің белгіленген кірісі бар бағалы қағаздар портфелі үшін customized SWGB Index 60% USD hedged индексі эталондық портфель болып саналады.";

      48-тармақ "Инвестициялар" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарын қоспағанда, customized SWGB Index 60% USD hedged және LGA индексі" деген сөздермен толықтырылсын;

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "52. Бағалы қағаздың корпоративтік эмитентінің ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі - А/А2-ден ВВВ-ға дейін. Ақша рыногы корпоративтік бағалы қағаздарының ең төмен қысқа мерзімді кредиттік рейтингі - А2/Р3. Портфельдің ең көп дегенде 2 проценті ВВВ-дан А- -ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Портфельдің ең көп дегенде 4 проценті А- -дан А+ -ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Портфельдің ең көп дегенде 6%-проценті А+ -дан АА- -ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Портфельдің ең көп дегенде 10 проценті АА- -дан жоғары ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Жылжымайтын мүлік (МВS) немесе активтер (АВS) кепілімен бағалы қағаздардың ААА-дан ВВВ -ға дейінгі - Standard & Poor's немесе Ааа-дан Ваа-ға дейінгі Moody's кредиттік рейтингі болуы тиіс.";

      62-тармақтағы "150" деген сан "300" деген санмен ауыстырылсын;
      67-тармақтағы "2" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді, ал ол 2003 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      3. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. йманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады