"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мұнай өнімдерінің нарығы мен сұраныс пен ұсыныс теңгерімін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мыналар:
1) қазақстандық және ресейлік ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мұнай мен мұнай өнімдерін берушілер;
2) "Атырау мұнай өңдеу зауыты", "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, "Павлодар мұнай химия зауыты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мұнай өңдеу зауыттары) сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мұнай өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсетушілер болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" акционерлік қоғамымен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдармен және мұнай өңдеу зауыттарымен мұнайды, мұнай өнімдерін, мұнайды қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
2) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамымен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мұнай өңдеу зауыттарымен мұнайды қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
3) "ҚазМұнайГаз" Барлау, Өндіру", "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" акционерлік қоғамдарының ақшаны ұтымды және тиімді жұмсау қағидатын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын сақтауды;
4) "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен бірлесіп, осы қаулыны іске асыруды;
5) есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы жөнінде тоқсан сайын есеп беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi Б.С.Iзмұхамбетовке жүктелсiн.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.05.11. N 379 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1279 қаулысына қосымша
Сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мұнай
мен мұнай өнімдерін берушілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.11. N 379 қаулысымен.
Р/с |
Берушінің атауы |
Берушінің орналасқан жері |
1 |
"Сибнефть" ААҚ |
Ресей Федерациясы |
2 |
"ТНК-ВР" ААҚ |
Ресей Федерациясы |
3 |
"Лукойл" ААҚ |
Ресей Федерациясы |
4 |
"Сургутнефтегаз" ААҚ |
Ресей Федерациясы |
5 |
"Роснефть" ААҚ |
Ресей Федерациясы |
6 |
алынып тасталды - 2006.05.11. N 379 қаулысымен. |
|
7 |
"SAT Development" ЖШҚ |
Ресей Федерациясы |
8 |
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ |
Қазақстан Республикасы |
9 |
"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ |
Қазақстан Республикасы |
10 |
"Торғай-Петролеум" АҚ |
Қазақстан Республикасы |
11 |
"Қазгермұнай" БК ЖШС |
Қазақстан Республикасы |
12 |
"АЙ-ДАН МҰНАЙ" АҚ |
Қазақстан Республикасы |
13 |
"ҚуатАмлонМұнай" БК ЖШС |
Қазақстан Республикасы |
14 |
"КОР" ҰК" АҚ |
Қазақстан Республикасы |
15 |
"Қаражанбасмұнай" АҚ |
Қазақстан Республикасы |
16 |
"Buzachi Operating Ltd." |
Қазақстан Республикасы |
17 |
"ҚараҚұдұқМұнай" ЖАҚ |
Қазақстан Республикасы |
18 |
"Автогаз" ЖШС |
Қазақстан Республикасы |
19 |
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндiру" АҚ |
Қазақстан Республикасы |
20 |
Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. |
Қазақстан Республикасы |
21 |
"Теңiзшевройл" ЖШС |
Қазақстан Республикасы |