Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1279 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мұнай өнімдерінің нарығы мен сұраныс пен ұсыныс теңгерімін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналар:
      1) қазақстандық және ресейлік ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мұнай мен мұнай өнімдерін берушілер;
      2) "Атырау мұнай өңдеу зауыты", "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, "Павлодар мұнай химия зауыты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мұнай өңдеу зауыттары) сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мұнай өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсетушілер болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" акционерлік қоғамымен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдармен және мұнай өңдеу зауыттарымен мұнайды, мұнай өнімдерін, мұнайды қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамымен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мұнай өңдеу зауыттарымен мұнайды қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      3) "ҚазМұнайГаз" Барлау, Өндіру", "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" акционерлік қоғамдарының ақшаны ұтымды және тиімді жұмсау қағидатын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабының 3 және 4-тармақтарын сақтауды;
      4) "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен бірлесіп, осы қаулыны іске асыруды;
      5) есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы жөнінде тоқсан сайын есеп беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi Б.С.Iзмұхамбетовке жүктелсiн.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.05.11. N  379 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                               Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                  2005 жылғы 23 желтоқсандағы
                                    N 1279 қаулысына қосымша

   Сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мұнай
      мен мұнай өнімдерін берушілердің тізбесі

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.11. N  379 қаулысымен.

Р/с
N

Берушінің атауы

Берушінің орналасқан жері

1

"Сибнефть" ААҚ

Ресей Федерациясы

2

"ТНК-ВР" ААҚ

Ресей Федерациясы

3

"Лукойл" ААҚ

Ресей Федерациясы

4

"Сургутнефтегаз" ААҚ

Ресей Федерациясы

5

"Роснефть" ААҚ

Ресей Федерациясы

6

алынып тасталды - 2006.05.11. N  379 қаулысымен.

7

"SAT Development" ЖШҚ

Ресей Федерациясы

8

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ

Қазақстан Республикасы

9

"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ

Қазақстан Республикасы

10

"Торғай-Петролеум" АҚ

Қазақстан Республикасы

11

"Қазгермұнай" БК ЖШС

Қазақстан Республикасы

12

"АЙ-ДАН МҰНАЙ" АҚ

Қазақстан Республикасы

13

"ҚуатАмлонМұнай" БК ЖШС

Қазақстан Республикасы

14

"КОР" ҰК" АҚ

Қазақстан Республикасы

15

"Қаражанбасмұнай" АҚ

Қазақстан Республикасы

16

"Buzachi Operating Ltd."

Қазақстан Республикасы

17

"ҚараҚұдұқМұнай" ЖАҚ

Қазақстан Республикасы

18

"Автогаз" ЖШС

Қазақстан Республикасы

19

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндiру" АҚ

Қазақстан Республикасы

20

Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.

Қазақстан Республикасы

21

"Теңiзшевройл" ЖШС

Қазақстан Республикасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады