Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1279 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы N 379 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1279  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi Б.С.Iзмұхамбетовке жүктелсiн.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар мұнай мен мұнай өнiмдерiн берушілердiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 6-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 19, 20, 21-жолдармен толықтырылсын:
      "19. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндiру" АҚ Қазақстан Республикасы;
      20. Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. Қазақстан Республикасы;
      21. "Теңiзшевройл" ЖШС Қазақстан Республикасы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады