"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Флоат-технологиясы бойынша табақты шыны зауыты" инвестициялық жобасы бойынша "Компания Интергласс - Қазақстан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне берiлетiн инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзiмдерi белгiленсiн:
1) корпоративтiк табыс салығы бойынша - мемлекеттiк қабылдау комиссиялары өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап 6 (алты) күнтiзбелiк жыл;
2) мүлiк салығы бойынша - мемлекеттiк қабылдау комиссиялары өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі