Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 желтоқсандағы N 1335 Қаулысы

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының  14-бабының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Флоат-технологиясы бойынша табақты шыны зауыты" инвестициялық жобасы бойынша "Компания Интергласс - Қазақстан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне берiлетiн инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзiмдерi белгiленсiн:
      1) корпоративтiк табыс салығы бойынша - мемлекеттiк қабылдау комиссиялары өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап 6 (алты) күнтiзбелiк жыл;
      2) мүлiк салығы бойынша - мемлекеттiк қабылдау комиссиялары өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа       енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының      
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады