Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 27.02.2013 № 1 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi).
Салық заңдарының жекелеген нормаларын түсiндiрудiң қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етедi :
1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)" (бұдан әрi - Салық кодексi) 2-бабының 1-тармағына сәйкес салық заңдары Салық кодексiнен және қабылдануы осы Кодексте көзделген басқа да нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Мұндай нормативтiк құқықтық актiлерге Yкiметтің нормативтiк қаулылары, салық қызметi органдарының жүйесiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, сондай-ақ Сыртқы iстер министрiнiң консулдық алымдардың нақты ставка мөлшерiн белгілеу туралы (Салық кодексiнiң 511-бабының 2-тармағы) нормативтiк құқықтық бұйрықтары және жекелеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң ставкаларын белгiлеу туралы жергiлiктi уәкiлетті органдардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi жатады.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағының, 36-бабы 6-тармағының күшiне сәйкес, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады. Мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған жалпы мiндеттеушiлiк маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтік құқықтық актiлерi көрсетiлген Заңның 38-бабының 1-тармағында көзделгендей, Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлмесе қолданысқа енгізiлмейдi.
Салық кодексiнiң 9-бабына сәйкес, салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндетті түрде жариялануға жатады.
Салық дауларын қараған кезде көрсетiлген шарттарға сәйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi соттардың қолдануға құқығы жоқ.
Салық кодексiнiң 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, салық қызметi органдары өз құзiретi шегiнде салық мiндеттемелерiнiң туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнiнде түсiнiктеме және түсiндiрме берудi жүзеге асыруға құқылы. Мұндай түсiндiрулер мен түсiнiктемелер, соның iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың түсiндiрулерi мен түсiнiктемелерi нормативтiк құқықтық актiлерге жатпайды. Бұлар, салық заңдарының нормаларына сәйкестiгi ескерiле отырып сотпен бағалануға жатады.
2. Салық салу мақсатында заңдардың нормаларын қолданған кезде Кодекстiң 2-бабының 4-тармағымен белгiленген Салық кодексiнiң нормаларының басымдығын ескеру керек.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы кодекстегiден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережесi қолданылады (Салық кодексiнiң 2-бабының 5-тармағы). Сонымен қатар шарттың өзiнен оны қолдану үшiн заң шығаруды талап ететiн жағдайлар туындамаса мұндай шарттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 3-тармағына сәйкес тiкелей қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi - АК) 1-бабы 4-тармағына сәйкес, заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, салық жөнiндегі қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Осыған байланысты соттар салықтық қатынастарды азаматтық заңдармен реттелетiн басқа мүлiктiк қатынастардан ажыратуы тиiс. Салық мiндеттемесiн уақытында өтемеген сомаға қоса есептелген өсiмпұл мөлшерiн AК-нiң 297-бабының негізiнде азайтуға болмайды.
4. Салық кодексiнiң 29-бабы 1-тармағына сәйкес салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асыратыны туралы ережесiнен, Салық кодексiмен тiкелей көзделген жағдайлардан басқа реттерде, ол тиiстi салық сомасын өзiнiң атынан және өз қаражаты есебiнен бюджетке төлеуге мiндеттi. Салықтарды төлеуден босату мақсатымен салықтық борышты басқа тұлғаға аудару туралы жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелер заңдардың талаптарына сәйкес келмейтiндiктен жарамсыз деп танылуы тиiс.
5. Салық мiндеттемесi бойынша талап қою мерзiмiнiң ескiруiн реттейтiн Салық кодексiнiң 38-бабымен салық қызметi органы салық кезеңi аяқталғаннан кейiн немесе жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi бiткен соң бес жыл iшiнде салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқығы көрсетiлген (1 және 1-1-тармақтар). Салық төлеушiнiң салықтың артық төленген сомасын есепке жатқызу немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтару туралы талабына қатысты сондай мерзiм белгiленген (2-тармақ). Көрсетiлген мерзiм түпкiлiктi болып табылады.
Салық қызметi органы есептеу және есептелген соманы қайта қарау құқығын қолданғанда мерзiм Салық кодексiнiң 31-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген хабарлама шыққан күннен бастап саналады. Егер хабарлама осы норманың 8) тармақшасына сәйкес салық төлеушiнiң шағымын қараудың нәтижесi бойынша шығарылса, онда мерзiм, салықты тексерудiң нәтижесi бойынша хабарлама шыққан күнге есептеледi. Осы немесе басқа салыққа немесе бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемге қатысты салық кезеңi Салық кодексi ережелерiнiң ескерiлуiмен анықталуға жатады.
Салық кодексiнiң 6-бабында белгiленген салық салудың анықтылық принципi, соның iшiнде салық заңдарында, салық мiндеттемелерiнiң тоқтатылуының барлық негiздерiнiң белгiлену мүмкiндiгiн бiлдiредi. Жеке және заңды тұлғаның тиісті салық мiндеттемесiн тоқтату негiздерiнiң толық тiзбесi Салық кодексiнiң 57, 58-баптарында көзделген. Есептеу немесе олардың есептелген соманы қайта қарағаннан кейiн бес жыл мерзiмнiң өтуi салық мiндеттемесiн, оның iшiнде салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудi тоқтатуға негіз болып табылмайды.
6. Салық кодексiнiң 15-бабының 1-тармағымен, салық қызметi органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң толық түсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген. Осы мiндеттердi орындау үшiн Салық кодексiнiң 17-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес салық қызметi органдары салық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолдануға және салық төлеушiден салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алуға мiндеттi. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi мен салық берешегін мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары Салық кодексiнiң 8-тарауында және 9-тарауының 49-55-баптарында көзделген. Салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың мұндай шаралары, демек жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту, өкiлеттi мемлекеттiк органның сотқа талап арыз беруi арқылы жүргізiледi. Заңды тұлға мен жеке кәсiпкерге қатысты барлық көрсетiлген тәсiлдер мен шараларды қолдануға болады, ал жеке тұлғаға қатысты төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасына өсiмпұл есептеу ғана қолданылады. Егер заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер салық берешегінiң сомасын мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларының барлығы қолданылғаннан кейiн өтемеген жағдайда, Салық кодексiнiң 56-бабына сәйкес, салық органы оны банкрот деп тану жөнiндегi шараларды заңдарға сәйкес қолдануға құқылы.
Салық кодексiнiң аталған нормаларымен заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң салық берешегін сот тәртiбiмен қаралмайтын түрiнде өндiрiп алу мүмкiндiгi толық қамтамасыз етілген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң (бұдан әрi - АIЖК) 153-бабы бiрiншi тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық қызметi органының аталған тұлғалардан салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бересiнi және өсiмпұлды өндiру туралы талап арызын судья азаматтық сот iсiн жүргізу тәртiбiмен қарауға және шешуге жатпайтындықтан қабылдаудан бас тартуы тиiс.
Салық кодексiнiң 10-бабының 1-тармағының 22) тармақшасында бересiге, есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары ретiнде түсiнiк берiлген.
Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тiзбесi Салық кодексiнiң 60-64-баптарымен белгiленген.
Салық кодексiнiң 45-бабына сәйкес төленбеген салықтар және бюджетке басқа да мiндетті төлемдердiң сомасына өсiмпұл есептеу белгіленген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындату тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады. 46-баптың 1-тармағында өсiмпұл, мерзiмi өткен салық мiндеттемесiнiң сомасына есептелетiн белгiленген мөлшер екендiгi жайлы түсiнiк берiлген. Өсiмпұл салық мiндеттемесiнiң өз уақытысында орындалмауымен байланысты мемлекеттiк бюджеттiң жоғалтқанын толтырады.
7. АIЖК-нiң 139-бабының бiрiншi бөлігіне және 140-бабының 5) тармақшасына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардан салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бересiнi өндiрiп алу жөнiндегi даусыз талаптар бойынша сот бұйрығы шығарылады.
Заңды тұлғаларға қатысты осы ереже салық берешегін өндiру жөнiнде салық қызметi органдарының өкiлеттiгiн көздейтiн Салық кодексiнiң нормаларына қайшы келедi. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының талабына сәйкес АIЖК-не қарағанда, қолданысқа кейiнiрек енгiзiлген Салық кодексiнiң нормалары қолданылуға жатады.
8. Салық қызметi органдары сотқа жеке тұлғаларға қатысты сот бұйрығын шығару туралы арыздар және бересi мен өсiмпұлды өндiру туралы талап арыз беруге құқылы.
Мәлiмделген талаптың даусыздығын салық төлеушi - жеке тұлғаның, салық қызметi органының хабарламасына, осы хабарламада белгiленген мерзiмде шағымданбауы куәландырады. Сондықтан хабарлама салық төлеушiнiң (өкiлiнiң) жеке өзiне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуы тиiс (Салық кодексiнiң 31-бабының 4-тармағы).
Егер сот бұйрығын шығару туралы өтiнiште бересiнi өндiрумен қатар өсiмпұл сомасы туралы талап болса, онда АIЖК-нiң 141-бабы екiншi бөлігінiң 4) тармақшасына сәйкес өндiрiп алушының талаптары, оларды негіздеген мән-жайлар және олар құжатпен расталса, судья "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-тармағының талаптарын ескерiп өсiмпұлды да өндiру туралы бұйрық шығаруға құқылы.
9. Салық кодексiнiң 541-бабының негiзiнде салық қызметi органының салықтық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомалары және өсiмпұл туралы шығарған хабарламасы, салықты тексерудiң нәтижелерi бойынша қабылданған шешiм болып табылады, егер салық төлеушi олармен келiспеген жағдайда, сот тәртiбiмен тек қана хабарламаға шағым келтiре алады. Сот салық тексеруi актiсiнде мазмұндалған тұжырымдарды ескерiп, есептелген даулы соманың заңдылығын тексередi.
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң сомасын қоса есептеуге әкелiп соқпаған салық тексеру актiсiнiң қорытындыларымен келiспесе, бұл жағдай салық төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерiне, соның iшiнде келешектегi салық кезеңдерiне әсер ететiн болса, салық төлеушi, салық тексеру актiсiне шағымдана алады (мысалы, мiндеттi зейнеткерлiк жарналар бойынша берешектiң болуы туралы, тексерiлген кезеңде шығындарды азайту туралы тұжырымдар бөлігінде). Тексеру актiсiне шағымдану салық қызметi органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетiне шағымдану ретiнде бағаланады.
Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтардың және заңды тұлғалардың салық қызметi органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану туралы iстер мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатады.
10. Салық тексеруi нәтижелерiне және салық қызметi органдары лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) дау айту туралы арыздарды сот тәртiбiмен қарау АIЖК-нiң 27-тарауымен реттеледi.
АIЖК-нiң 280-бабының бiрiншi бөлiгiнде бекiтiлген сотқа арызбен жүгіну мерзiмi: сотта тiкелей салық тексеру актiсi бойынша хабарламаға дау айту жағдайында - Салық кодексiнiң 31-бабының 4-тармағының тәртiбiнде оны табыстаған күннен бастап, ал жоғары тұрған салық қызметi органына алдын ала шағымданған жағдайда - салық төлеушiге, оның шағымын толық немесе iшiнара канағаттандырусыз қалдыру туралы осы органның шешiмi белгілi болған күннен бастап есептеледi. Егер салық төлеушiнiң шағымдарын қарау нәтижелерi бойынша жаңа хабарлама шығарылса, оған шағымдану мерзiмi белгiленген тәртiпте табысталған күннен бастап қайта есептеледi.
Салық қызметi органдары лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған кезде, аталған мерзiм, салық төлеушiге оның құқықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы немесе жоғары тұрған салық қызметi органымен оның шағымы толық немесе iшiнара қанағаттандырусыз қалдыру жөнiнде белгiлi болған күннен бастап есептеледi.
Сот салық қызметi органдарының шешiмi немесе осы органның лауазымды тұлғаларының әрекетi (әрекетсiздiгi) заңдардың нормаларына сәйкес келмейтiнiн анықтаса, аталған шешiм немесе әрекет (әрекетсiздiк) толық немесе iшiнара заңсыз деп танылуға, ал шешiмнiң күшi жойылуға жатады. АIЖК-нiң 282-бабының бiрiншi бөлігіне сәйкес, сот салық органына немесе оның лауазымды тұлғасына салық төлеушiнiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзуға жол берген бұрмалаушылықты толық көлемiнде жоюды мiндеттейдi.
11. АIЖК-нiң 65-бабына сәйкес, әр тарап өзiнiң талаптарының және қарсылықтарының негізi ретiнде сiлтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуi тиiс. АIЖК-нiң 77-бабының талабына сәйкес, әрбiр дәлелдеменiң қатыстылығы, жарамдылығы, нанымдылығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануы тиiс. Сондықтан салық төлеушiнiң хабарлама немесе салық тексеруi актiсiне өз қарсылығын негiздеуге ұсынылған дәлелдемелерiн, бұл дәлелдемелердi тексеру барысында салық органына немесе жоғары тұрған салық органына, оның нәтижелерiне шағымданғанда салық төлеушiнiң ұсынған-ұсынбағанына қарамастан, сот оларды қабылдауға және бағалауға мiндеттi.
12. Салық төлеушi салық тексеруiнiң нәтижелерi жөнiндегi хабарламаға немесе тексеру актiсiне Салық кодексiнiң 95-тарауымен белгiленген салық органының салық тексеруiн жүргізу тәртiбiн сақтамау негiзiнде дау айтқан кезде, сот жiберiлген осы бұзушылыққа баға бергенде оның сипатына және тексеру нәтижелерiнiң негiздiлігі мен заңдылығына ықпалын ескеруi тиiс. Атап айтқанда, Салық кодексiнiң 536-бабына сәйкес салық тексеруiн жүргiзу үшiн негіздеме болып табылатын деректемесiз немесе деректеменi салық органында тiркеусiз жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн ешқандай шартсыз заңсыз деп тануға жатады. "Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 1 наурыз 2004 жылғы N 12 бұйрығымен бекiтiлген Шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн тексерудi есепке алу бойынша нұсқауды бұзып, Құқықтық статистика бойынша комитеттiң аумақтық органдарында және Бас Прокурордың арнайы есептерiне тiркелмегендігі жөнiндегі тексеру ұқсас жағдайларға әкелiп соғады. Сонымен қатар, "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 38-бабы 18-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң салық заңдарын сақтауы бойынша тексеру тiркелуге жатпайды.
13. Салық кодексiнiң 38-бабының 1 және 1-1-тармақтарының күшiне сәйкес, салық кезеңi аяқталғаннан кейiн немесе жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi бiткен соң, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу немесе олардың есептелген сомасы бес жыл iшiнде салық қызметi органдарымен қайта қаралуы мүмкiн. Осы ережеден туындайтыны, аталған органдар, белгiленген мерзiмдi сақтаса, тура сондай салық кезеңiнде, тура сондай салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша қайта салық тексеруiн жүргiзуге құқылы.
14. Салық кодексiнiң 555-бабының 2-тармағына сәйкес, салықты тексеру актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық қызметiнiң жоғары тұрған органы шағымдалған хабарламаны өзгерiссiз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру жөнiнде немесе шағым жасалған хабарламаны iшiнара немесе толық күшiн жою туралы шешiм шығарылады. Салық төлеушiнiң шағымын қарау нәтижесi бойынша шағым жасалған хабарламаның iшiнара күшiн жойған жағдайда, салық қызметi органы салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдың есептелген сомасын азайту жөнiнде жаңа хабарлама шығарады. Салық кодексiнiң 557-8-бабының тәртiбiне сәйкес, жоғары тұрған салық қызметi органы қосымша тексеру жүргiзбей есептелген соманы көбейту жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы емес.
15. АIЖК-нiң 49-бабының екiншi бөлiгіне сәйкес, егер бiтiмгершiлiк келiсiмi заңға қайшы келсе, сот тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмiн бекiтпейдi. Салық төлеушi мен салық органының арасындағы бiтiмгершiлiк келiсiмi Салық кодексiмен бекiтiлген салық салудың мiндеттiлiгі, анықтылығы және әдiлдiгi принциптерiн бұзады. Бұдан басқа, тараптардың iстi бiтiмгершiлiк келiсiмiмен аяқтауға құқығы олардың арасындағы мүлiктiк қатынастың теңдiгі негізiнiң болуына байланысты. Салықтық қатынас бiр тараптың басқа тарапқа билiк ету бағынысына негізделген. Осыған байланысты сот салық даулары бойынша бiтiмгершiлiк келiсiмiн бекiтуге құқылы емес.
16. Салық кодексiнiң 73-бабына сәйкес, салық қызметi органдары трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар бақылау "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы" (бұдан әрi - Трансферттiк бағалар туралы заң) Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген тәртiпте және жағдайларда жүзеге асырылады.
Көрсетiлген бақылау "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (бұдан әрi - Салықтар туралы заң)" Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабының 1-тармағында және Салық кодексiнiң 10-бабы 1-тармағының 21) тармақшасында берiлген түсiнiк бойынша салық режимiнiң бөлiгі болып табылмайды. Сондықтан заңдардың және салық режимiнiң тұрақтылығы туралы жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттарының ережелерiне қарамастан оны жүзеге асыру заңды.
Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық мiндеттемесiне түзету енгiзедi. Трансферттiк бағалар туралы заңның 5-бабының 5-тармағында белгiленген салық салу объектiлерiне түзету жасау негiзiнде осы мәмiлелерден түскен кiрiстер немесе шығыстар және басқа да салық салу объектiлерi нарықтық бағаға негiзделiп анықталса, заңды тұлғаларға табыс салығы, қосылған құнға салық (бұдан әрi - ҚҚС), акциз (акцизделетiн тауарлармен мәмiле жасалған жағдайда), роялти және жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдасына салық кеден төлемдерi ескерiле отырып қолданылады.
Осыған байланысты, трансферттік бағаларды қолданып мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырған кезде жоғарыда келтiрiлген Трансферттiк бағалар туралы заңның нормаларында аталған салықтар мен төлемдер бойынша салық салу объектiлерiн анықтау тәртiбiн белгілейтiн жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарының ережелерi қолданылуға жатпайды.
17. Салық туралы заңның қолданылуы және салық режимiнiң тұрақтылығы кезеңiнде жасалған жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттары негізiнде өз қызметтерiн iске асыратын салық төлеушiлер қатысатын iстер бойынша осындай келiсiм-шарттардың күшiне енген күнi қолданыста болған салық заңдарының материалдық нормалары қолданылады. Салықтар туралы заңның 94-бабының 1-тармағында салық режимi жер қойнауын пайдаланушылар үшiн белгiленген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу талабы ретiнде анықталған. Осы анықтама ескерiле отырып, сондай-ақ 1997 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетi төрағасының N 1 бұйрығымен бекiтiлген "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу туралы" N 41 нұсқаулықтың 115-тармағында ескерiлiп, осы Заңның 162-бабымен көзделген өсiмпұл және айыппұл түрiндегi салықтық санкцияларға, салық режимiнiң тұрақтылығы қолданылмайды.
18. Кейiн заң шығарушымен жойылған арнайы қорлардағы төлемдерге (жол қорына, табиғат немесе қоршаған ортаны қорғау қорына, Мемлекеттiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мiндеттi әлеуметтiк және мiндеттi медициналық сақтандыру қорларына аудару) салық режимiнiң тұрақтылығын қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартының ережелерiне жүгiну керек.
Жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шартқа қол қойылған күнгi қолданыстағы салық заңдарына сәйкес салықтар мен төлемдердi төлеуге мiндеттенсе, осыған орай келiсiм-шартпен арнайы қорларға төлемдер мәселесiн реттейтiн заңдар салық туралы заңға жатқызылса, келiсiм-шартқа тиiстi тәртіпке сәйкес өзгерiс енгізiлгенде ғана жер қойнауын пайдаланушы күшi жойылған төлемдердi төлеуден босатылады.
Бұл ереже жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартына қол қойылғаннан кейiн өзгертiлген салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң ставкаларына қатысты да қолданылады.
19. Салық кезеңi үшiн есептелген салық сомаларының үстiнен есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуi анықталған жағдайларда, артық төленген салықтардың сомаларын есепке жатқызу және қайтару мәселелерiн реттейтiн Салық кодексiнiң 6-тарауының нормалары салық төлеушiнiң бюджетпен өзара қатынасына қолданылмайды. Жалпы ереже бойынша қосылған құн салығы сомасынан мұндай асып кету, осы салық бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылады (Салық кодексiнiң 251-бабының 1-тармағы).
20. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша Салық кодексiнiң 251-бабының 2-тармағында көрсетiлген шарттарды орындаған кезде, асып кеткен қосылған құн салығының сомасы, қосылған құн салығын төлеушiге, Салық кодексiнiң 252-бабында белгіленген тәртiпте қайтарылады.
Бұл жағдайда қосылған құн салығын қайтару негiзiнiң бiрi болып салық органымен жүргізiлген салықты тексеру актiсiмен қайтаруға ұсынылған салық сомасы дұрыстығының құпталуы болып табылады.
Осы соманың дұрыстығының құпталуы мақсатында салық органдары тауар жеткiзушiлерге қарсы салық тексеруiн жүргізуге құқылы, оның нәтижелерi бойынша салықтың қайтарылуы туралы шешiм қабылданады.
Салық кодексiнiң 252-бабының 4-тармағында қарсы тексеру қай кезде жүргiзiлмейтiнi және қай кезде мұндай тексеру мiндеттi болатындығы жайлы жағдайлар қарастырылған. Тауар жеткiзушiнi тексерудi тағайындау туралы шешiмдi қабылдаудың тәртiбi өкiлеттi мемлекеттiк органмен белгіленедi.
21. Мемлекеттiк баждың соттардағы мөлшерi, оны төлеу мен қайтарудың тәртiбi Салық кодексiнiң 496 , 507 , 508-баптарымен анықталған.
Мемлекеттiк бажды төлеудi кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту мүмкiндiгi заңдармен қарастырылмаған.
Салық кодексiнiң 501-бабында соттардағы мемлекеттiк бажды төлеуден босату негiздерiнiң түпкiлiктi тiзбесi белгiленген.
Салық заңдарының нормаларын қолданумен байланысты iстер бойынша мемлекеттiк баж, Салық кодексiнiң 496-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларымен белгiленген мөлшерде төленуге жатады. АIЖК-нiң 110-бабына сәйкес салық қызметi органының шешiмiн немесе әрекетiн (әрекетсiздігін) заңсыз деп тану туралы салық төлеушiнiң талабын сот толық немесе iшiнара қанағаттандырған жағдайда мемлекеттiк баж, тиiстi мөлшерде аталған органнан арыз берушiнiң пайдасына өндiрiледi.
22. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың салық заңдарын қолданудағы кейбiр мәселелерi туралы" 20 желтоқсан 1999 жылғы N 19 қаулысының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңнамасының кейбiр нормаларын қолдануы туралы" 20 наурыз 2003 жылғы N 2 нормативтiк қаулысы 4-тармағының үшiншi абзацының күшi жойылды деп танылсын.
23. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының судьясы, |
жалпы отырыс хатшысы |