Қорқытып алушылық туралы iстер бойынша сот практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 6 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерiстерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етедi:

      1. Қорқытып алушылық меншiкке қарсы пайдакүнемдiк қылмыстар қатарына жатады.

      Қорқытып алушылықтың мәнiсi болып бөтен мүлiк (заттар, ақша, оның iшiнде шетел валютасы, бағалы қағаздар, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiлендiрiлген нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды жеке сипаттайтын өзге де құралдар); мүлiкке құқық (өсиет, сақтандыру полисi, қолхат, шарт, қандай да болмасын құндылықтарды әр түрлi құнды қағаздарды алуға сенiмхат және оған басқа да мүлiктi алуға құқық беретiн өзге де құжат) немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттердi жасау (баламалы емес сипаттағы қызметтер, мысалы "үй-жайды күзеткенi" үшiн, бұйымдарды сатуға, қарыз алу туралы қолхатты жоюға, ортақ мүлiктегі қарыздан бас тартуға, проценттiк ставканы төмендетуге, қандай да болмасын жұмыстарды жүргiзуге "көмектескенi" үшiн және т.с.с.) табылады.

      Кiнәлi адамның қалаған мақсатына жеткенiне не жетпегенiне, талап еткен мүлкiн, мүлкiн иелену құқықтарын алғанына не алмағанына немесе жәбiрленушiнiң мүлiктiк сипаттағы әрекеттердi жасауға қол жеткiзгенiне қарамастан жәбiрленушiге қорқыту арқылы мүлiктiк талаптар қойылған сәтте қорқытып алушылық аяқталған болып есептеледi.

      2. Кiнәлi адамның әрекетiн қорқытып алушылық ретiнде айқындау кезiнде қорқытудың заңның диспозициясында көзделген нақты түрiн анықтап алған жөн, осы орайда меншiк иесiнiң немесе қарауында мүлiк бар не мүлiк күзететiн тұлғаның, сондай-ақ олардың жақындарының қорқытып алушылықтан жәбiр көрушiлер болуы мүмкiн екенiн назарда ұстау керек. Қорқытып алушылықты айқындау үшiн қорқытудың түрi (ауызша немесе жазбаша, өзi айтып немесе делдал арқылы айтқызып, ашық немесе бүркемеленген түрде айтып қорқыту) маңызды емес, алайда жәбiрленушi қорқытудың мазмұнын оның нақты мағынасына сәйкес сол қалпында қабылдауы тиiс.

      Қорқытып алушының әрекетiн айқындау үшiн осы қорқытуды өзiнiң немесе оның қатысушыларының iске асыруы маңызды емес.

      3. Күш қолданамын деп қорқытып, мәжбүрлi психологиялық ықпал ету ниетiн бiлдiретiн әрекеттердi қорқытып алушылық деп түсiнген жөн (өлтiремiн, денсаулығына ауыр, орташа немесе жеңiл зиян келтiремiн, зорлаймын немесе өзге де зорлау әрекеттерiн жасаймын деп қорқыту).

      4. Мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы жасалған қорқытып алушылық кезiнде кiнәлiнiң әрекеттерiн айқындау үшiн қандай мүлiк туралы сөз болып отырғаны (жәбiрленушiге күзету үшiн сенiп тапсырылған немесе меншiк иесiнiң, жылжитын немесе жылжымайтын мүлкi) және осы қорқытудың қандай тәсiлмен iске асырылатыны маңызды емес. Мұндай жағдайларда қорқытудың шын мәнiсiнде орын алуға тиiс екенiн және жәбiрленушiнi қорқытатындай әсерiнiң болу мүмкiндiгiн назарда ұстаған жөн.

      Eгep қорқытып алушылықты iске асыру кезiнде жәбiрленушiнiң мүлкi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 202-бабының диспозициясында көрсетiлген жағдайларда жойылса немесе бүлдiрiлсе, онда кiнәлiнiң әрекеттерi аталған қылмыстардың жиынтығын құрайды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi таратамын деп қорқытуды, жәбiрленушiнiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiне зиян келтiретiн кез келген мәлiметтердi жариялаймын деп қорқытып, бөтен мүлiктi не мүлiкке құқықты берудi немесе мүлiктiк сипатқа ие өзге де әрекеттердi жасауды талап ету деп түсiнген жөн. Осы орайда мәлiметтердi таратамын деп қорқыту кезiнде осы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келу-келмеуi маңызды емес. Солай бола тұра жәбiрленушiнiң осы мәлiметтердi құпия сақтауға тырысатынын, ал оларды жариялаймын деп қорқытуды кiнәлiнiң жәбiрленушiнi қойған талаптарын орындауға мәжбүрлеу үшiн пайдаланатынын назарда ұстаған жөн.

      Жәбiрленушiнi масқаралайтын мәлiметтердi тарату арқылы да елеулi зиян келтiрiлуi мүмкiн.

      Елеулi зиянды анықтау кезiнде жәбiрленушiге келтiрiлген жан азабының субъективтiк бағасы, сондай-ақ оны масқаралайтын мәлiметтердi таратамын деп қорқытып жасалған қорқытып алушылықтың нәтижесiнде жәбiрленушiнiң шеккен жан азабы мен тән азабының деңгейiн куәландыратын объективтiк мәлiметтер ескерiледi.

      Келтiрiлген жан азабын анықтау кезiнде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысын басшылыққа алу қажет.

      Масқаралайтын болып табылмайтын өзге де мәлiметтердi жариялау жәбiрленушiге елеулi зиян келтiруi мүмкiн, мысалы бизнеске шығын келтiретiн коммерциялық құпияны жариялау, бала асырап алу құпиясын не отбасы және жеке өмiрге қатысты және тағы сол сияқты мәлiметтердi жариялау.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      6. Жәбiрленушiнiң бас бостандығын шектеумен, тән азабын шектiрумен, соққы берумен, ұрып-соғумен, денсаулығына жеңiл немесе ауырлығы орташа зиян келтiрумен байланысты жасалған қылмыс күш қолдану арқылы қорқытып алушылық болып танылады.

      7. Кiнәлi адамдардың "адамдар тобының алдын ала сөз байласу" белгісi бойынша жасалған қорқытып алушылық әрекеттерiн саралаған кезде ҚК-нiң 31-бабының екiншi бөлiгiн және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегі iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы" (бұдан әрі – "Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегі iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы" ҚР ЖС НҚ) 2003 жылғы 11 шiлдедегі N 8 нормативтiк қаулысының 8, 9, 10-тармақтарын басшылыққа алу керек.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      8. Бірнеше рет жасалған саралау белгісін қолдану кезінде ҚК-нің 12-бабын және "Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегі iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы" ҚР ЖС НҚ-ның 12-тармағын басшылыққа алу қажет.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      9. Кiнәлi адамдардың әрекеттерiн қылмыстық топ жасаған қорқытып алушылық белгiсi бойынша саралаған кезде ҚК-нiң 3-бабының 24) тармағын және "Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегі iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы" ҚР ЖС НҚ-ның 11-тармағын басшылыққа алу қажет.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      10. Денсаулыққа ауыр зардап келтiрiлгенiн анықтау кезiнде ҚК-нiң 3-бабының 11) тармағын және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген "Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын" жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа алған жөн.

      Қорқытып алушылық барысында жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зардап келтiрiлген жағдайда ҚК-нiң 106-бабы бойынша қосымша айқындаудың қажетi жоқ, себебi жасалған әрекеттер ҚК-нiң 194-бабының үшінші бөлігінiң 1) тармағымен толық қамтылады.

      Қорқытып алушылықты жасаған кiнәлi адамның денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрiп, абайсызда оның өлiмiне әкеп соққан әрекеттерi ҚК-нiң 194-бабы үшінші бөлігінiң 1) тармағымен және 106-бабының үшінші бөлiгiмен көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындалуы тиiс.

      Қорқытудан жәбiрленушiнiң қасақана қайтыс болуына әкеп соққан қорқытып алушының әрекеттерi қорқытып алушылық пен адам өлтiрудiң жиынтығын құрайды, себебi қорқытып алушылықтың құрамы қорқытумен байланысты тиiстi талапты қойған кезде орындалған болып танылады, ал адамның өлуiне әкеп соққан қорқытуды iске асырған қорқытып алушының әрекеттерi қорқытып алушылық құрамының шегiнен шығады және қосымша айқындауды қажет етедi.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      11. Iрi және аса ірі мөлшердi анықтау кезiнде ҚК-нің 3-бабының 3), 38) тармақтарын басшылыққа алған жөн.

      ҚК-нің 194-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы немесе төртінші бөлігінің 2) тармағы бойынша әрекетті саралау үшiн iрi немесе аса ірі мөлшерде мүлiк алу мақсатына қол жеткiзiлгені немесе жеткiзiлмегенi маңызды деп есептелмейтiнiн соттар назарда ұстағаны жөн.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      13. Қорқытып алушылық пен өзiнше билiк етудiң ара-жiгiн ашу кезiнде қорқытып алушылық құрамында меншiк қатынастары қорқытып алушылықтың негізгі, ал жәбiрленушiнiң денсаулығы, ар-намысы мен қадiр-қасиетi қосымша объектiсi болып табылатынын, өзiнше билiк ету кезiнде басқару тәртiбi аясындағы қатынастар негiзгi объектi ретiнде, ал жеке басқа және меншiкке зиян келтiрiлген жағдайда соңғылар қосымша объектiлер ретiнде танылатынын назарда ұстаған жөн.

      Осы құрамдарда субъективтiк жақтың белгілерi бойынша да айтарлықтай айырмашылықтар бар. Қорқытып алушылық тiкелей ниетпен және пайдакүнемдiк себеппен сипатталады, яғни қорқытып алушы жәбiрленушiден мүлiктi, мүлiкке құқықты тегiн алуды, кiнәлiнiң немесе өзге тұлғалардың пайдасына мүлiктiк сипаттағы басқа әрекеттердi жасауға қол жеткiзудi қалайды, осы орайда қорқытып алушы талап еткенiн алуға өзiнiң нақты немесе ықтимал құқығы жоқ екенiн ұғынады және басқа тұлғаның есебiнен заңсыз баюға тырысады. Өзiнше билiк етудiң субъективтiк жағы да кiнәлi адамның өзiнiң әрекеттерi жөнiнде тiкелей ниетiнiң болуымен сипатталады, алайда қылмыскерде пайдакүнемдiк себеп болмайды, себебi ол мүлiкке нақты немесе ықтимал құқығы бар екенiн, жәбiрленушiлер тарапынан оның пайдасына мүлiктiк сипаттағы әрекеттердiң жасалатынын ұғынады, осы заттардың өзiне немесе басқа тұлғаларға берiлуiн, ал әрекеттердiң өзiнiң пайдасына немесе басқа тұлғалардың пайдасына жасалуын қалайды.

      Объективтiк жағынан қорқытып алушылықтың өзiнше билiк етуден айырмашылығы қорқытып алушылық объективтiк жағының құрылымы бойынша қылмыстың формальдi құрамы, ал өзiнше билiк ету материалдық құрамы болып табылатындығында, өйткенi азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiру түрiнде қоғамдық қауiптi салдар туындайды.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. ҚК-нiң 191-бабы екінші бөлiгiнiң 1) тармағымен көзделген кiсi тонауды және қарақшылықты күш көрсетуге ұласқан қорқытып алушылықтан ажырату мәселесiн шешу барысында, егер тонау немесе қарақшылық кезiнде күш қолдану мүлiктi иемдену мен оны ұстап тұрудың құралы болса, қорқытып алушылық кезiнде бiлек күшiн қолдану қорқытуды растаудың түрi болып табылатындығын, бiрақ сол сәтте емес, белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн, таяу арада немесе тым кейiнiрек iске асырылатындығын ескеру керек. Егер кiнәлi адам талапты қойған мезгiлмен қабаттас мүлiктi алған жағдайда да бұл қорқытып алу болып табылады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      15. ҚК-нiң 194-бабында көрсетiлген қылмысты айқындайтын белгiлердi жәбiрленушiге, сондай-ақ оның туыстарына қатысты қорқытып алушылық жасалғанда да ескерiлуi керек.

      Жәбiрленушiнiң туыстары болып оның тек жақын туыстары ғана емес, сонымен бiрге қалыптасқан өзара қарым-қатынастарға байланысты осындай туыстар болып табылатын адамдар да (заңды некеде тұрмайтын жұбайлар, күйеу мен қалыңдық, қамқоршылар мен қорғаншылар, және олардың қамқорлығындағы адамдар және т.с.с.) оның жақын туыстары болып танылуы мүмкiн.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      16. Қылмыстық кодекс қорқытып алушылықтың арнайы құрамдары: радиоактивтi материалдарды (ҚК-нiң 284-бабы), қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын (ҚК-нiң 291-бабы), есiрткi немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды (ҚК-нiң 298-бабы) қорқытып алушылықты көздейдi. Қорқытып алушылықтың осы түрлерi жасалғанда ҚК-нiң 194-бабы бойынша қосымша айқындау қажет емес.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Қорқытып алушылық туралы iстер жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 11 қаулысының(енгізiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге) күшi жойылды деп танылсын.

      18. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға мiндеттi болып табылады әрi ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



О судебной практике по делам о вымогательстве

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 23 июня 2006 года № 6.

      В связи с изменениями в законодательстве Республики Казахстан пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Вымогательство относится к числу корыстных преступлений против собственности.

      Предметом вымогательства являются: чужое имущество (вещи, деньги, в том числе, иностранная валюта, ценные бумаги, объективированные результаты творческой интеллектуальной деятельности, фирменные наименования, товарные знаки и иные средства индивидуализации изделий); право на имущество (завещание, страховой полис, расписка, договор, доверенность на получение тех или иных ценностей, различных видах ценных бумаг и иного документа, дающего ему право на получение имущества) или совершение других действий имущественного характера (услуги неэквивалентного содержания, например, якобы за "охрану помещения", за "содействие" в реализации продукции, уничтожение долговой расписки, отказ от долга в общем имуществе, снижение процентных ставок, производство каких-либо работ и т.п.).

      Вымогательство считается оконченным в момент предъявления потерпевшему имущественных требований, соединенных с соответствующими угрозами, независимо от того, достиг виновный желаемой цели, получил требуемого имущества, права на имущество или добился совершения потерпевшим действий имущественного характера.

      2. При квалификации действий виновного лица как вымогательство следует устанавливать конкретный вид угрозы, предусмотренный в диспозиции закона, имея в виду, что потерпевшим от угрозы вымогателя может быть как собственник или лицо, в введении или под охраной которого находится имущество, так и их близкие. Форма выражения угрозы для квалификации вымогательства значения не имеет (устная или письменная, высказанная лично или через посредника, сформулированная откровенно или в завуалированной форме), однако, ее содержание должно быть воспринято потерпевшим однозначно в соответствии с ее фактическим смыслом.

      Для квалификации действий вымогателя несущественно, кем может быть реализована эта угроза: им самим или его соучастниками.

      3. Как вымогательство под угрозой применения насилия следует понимать действия, выражающие намерение оказать принудительное психологическое воздействие (угроза лишить жизни, причинить тяжкий, средний или легкий вред здоровью, совершить изнасилование или иные насильственные действия).

      4. При вымогательстве, совершенном с угрозой уничтожения или повреждения имущества, для квалификации действий виновного не имеет значения, о каком имуществе идет речь (вверенном потерпевшему для охраны или его собственном, движимом или недвижимом) и каким способом эта угроза будет реализована. В этих случаях следует иметь в виду, что угроза должна быть реальной и способной оказать устрашающее воздействие на потерпевшего.

      Если при совершении вымогательства имущество потерпевшего было уничтожено или повреждено при обстоятельствах, указанных в диспозиции статьи 202 Уголовного кодекса Республики Казахстан (далее - УК), то действия виновного образуют совокупность указанных преступлений.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      5. Под угрозой распространения сведений, позорящих потерпевшего или его близких, либо иных сведений, оглашение которых может причинить существенный вред интересам потерпевшего или его близких, следует понимать требование передачи чужого имущества либо права на имущество или совершения других действий имущественного характера, сопровождающееся угрозой разглашения любых сведений, которые могут нанести вред чести и достоинству потерпевшего. При этом не имеет значения, соответствуют ли действительности сведения, под угрозой разглашения которых совершается вымогательство. В то же время необходимо иметь в виду, что потерпевший стремится сохранить эти сведения в тайне, а угроза их разглашения используется виновным, чтобы принудить его к выполнению выдвинутых требований.

      Существенный вред может быть причинен распространением сведений, позорящих потерпевшего.

      При определении существенного вреда учитывается как субъективная оценка потерпевшим тяжести причиненного ему нравственного ущерба, так и объективные данные, свидетельствующие о степени нравственных и физических страданий потерпевшего в результате вымогательства, совершенного под угрозой распространения порочащих сведений.

      При определении причинения нравственных страданий следует руководствоваться пунктом 3 Нормативного постановления Верховного Суда Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 7 "О применении судами законодательства о возмещении морального вреда".

      Существенный вред может быть причинен и оглашением иных сведений, которые не являясь позорящими, способны причинить потерпевшему существенный вред, например, разглашение коммерческой тайны, влекущее причинение убытков бизнесу, разглашение тайны усыновления либо сведения, относящиеся к семейной и частной жизни и т.п.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      6. Под вымогательством с применением насилия следует понимать совершение этого преступления, связанное с ограничением свободы, причинением физической боли, нанесением ударов, побоев, причинением легкой или средней тяжести вреда здоровью потерпевшего.

      7. При квалификации действий лиц, виновных в совершении вымогательства по признаку "группой лиц по предварительному сговору", следует руководствоваться частью второй статьи 31 УК и пунктами 8, 9, 10 нормативного постановления Верховного Суда Республики Казахстан от 11 июля 2003 года N "О судебной практике по делам о хищениях" (далее – НП ВС РК "О судебной практике по делам о хищениях").

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      8. При применении квалифицирующего признака неоднократности надлежит руководствоваться статьей 12 УК и пунктом 12 НП ВС РК "О судебной практике по делам о хищениях".

      Сноска. Пункт 8 в редакции нормативного постановления Верховного суда РК от 21.04.2011 N 1 (вводится в действие со дня официального опубликования); с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9. При квалификации действий лиц, виновных в совершении вымогательства по признаку преступной группы, следует руководствоваться пунктом 24) статьи 3 УК и пунктом 11 НП ВС РК "О судебной практике по делам о хищениях".

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      10. При определении тяжкого вреда здоровью следует руководствоваться пунктом 11) статьи 3 УК и Правилами организации и производства судебных экспертиз и исследований в органах судебной экспертизы, утвержденными приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 27 апреля 2017 года № 484.

      В случае причинения при вымогательстве тяжкого вреда здоровью потерпевшего не требуется дополнительной квалификации по статье 106 УК, поскольку содеянное полностью охватывается пунктом 1) части третьей статьи 194 УК.

      Действия виновного лица, совершившего вымогательство, сопряженное с умышленным причинением тяжкого вреда здоровью, повлекшим по неосторожности его смерть, должны квалифицироваться по совокупности преступлений, предусмотренных пунктом 1) части третьей статьи 194 и частью третьей статьи 106 УК.

      Действия вымогателя, приведшего в исполнение свою угрозу путем умышленного причинения смерти потерпевшему, образуют совокупность вымогательства и убийства, поскольку состав вымогательства признается выполненным в момент предъявления соответствующего требования, соединенного с угрозой, а действия вымогателя, осуществившего угрозу, приведшего к смерти, выходят за рамки состава вымогательства и нуждаются в дополнительной квалификации.

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      11. При определении крупного и особо крупного размера следует руководствоваться пунктами 3), 38) статьи 3 УК.

      Судам следует иметь в виду, что для квалификации деяния по пункту 2) части третьей или пункту 2) части четвертой статьи 194 УК не имеет значения, достигнута ли цель получения имущества в крупном или особо крупном размере или нет.

      Сноска. Пункт 11 в редакции нормативного постановления Верховного суда РК от 24.12.2014 от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования); с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      12. Исключен нормативным постановлением Верховного Суда РК от 21.04.2011 N 1 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      13. При отграничении вымогательства от самоуправства необходимо иметь в виду, что у состава вымогательства отношения собственности выступают в качестве основного объекта вымогательства, а здоровье, честь и достоинство потерпевшего в качестве дополнительного, в то время как при самоуправстве в качестве основного объекта выступают отношения в сфере порядка управления, а в случае причинения вреда личности и собственности, последние выступают в качестве дополнительных объектов.

      Значительные различия в данных составах имеются и по признакам субъективной стороны. Вымогательство характеризуется прямым умыслом и корыстным мотивом, т.е. вымогатель желает получить безвозмездно от потерпевшего имущество, право на имущество, добиться совершения других действий имущественного характера в пользу виновного или других лиц, при этом вымогатель сознает, что не имеет ни действительного, ни предполагаемого права на получение требуемого и стремится незаконно обогатиться за счет другого лица. Субъективная сторона самоуправства также характеризуется наличием прямого умысла у виновного по отношению к своим действиям, однако корыстный мотив у преступника отсутствует, так как он осознает, что имеет действительное или предполагаемое право на имущество, на совершение в его пользу со стороны потерпевших действий имущественного характера, и желает, чтобы эти предметы были переданы ему или другим лицам, а действия совершены в его пользу или пользу других лиц.

      С объективной стороны отличие вымогательства от самоуправства заключается в том, что вымогательство по конструкции объективной стороны является формальным составом преступления, а самоуправство материальным, то есть требуется наступление общественно опасных последствий в виде существенного вреда правам или законным интересам граждан или организаций либо охраняемым законом интересам общества или государства.

      Сноска. Пункт 13 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      14. Решая вопрос об отграничении грабежа, предусмотренного пунктом 1) части второй статьи 191 УК, и разбоя от вымогательства, соединенного с насилием, следует учитывать, что если при грабеже или разбое насилие является средством завладения имуществом и его удержания, то при вымогательстве физическое насилие является способом подкрепления угрозы, но реализуется не немедленно, а спустя определенное время, в более или менее отдаленном будущем. Вымогательство будет и в том случае, если имущество виновный получил одновременно с выдвижением требования.

      Сноска. Пункт 14 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      15. Указанные в статье 194 УК квалифицирующие признаки преступления следует учитывать как при совершении вымогательства в отношении потерпевшего, так и его близких. Близкими потерпевшего могут быть признаны не только его близкие родственники, но и те, которые в связи со сложившимися взаимоотношениями являются таковыми (супруги, не состоящие в юридическом браке, жених и невеста, опекуны и попечители, и их подопечные и т.п.).

      Сноска. Пункт 15 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      16. Уголовный кодекс предусматривает специальные составы вымогательства: вымогательство радиоактивных материалов (статья 284 УК), оружия, боеприпасов, взрывчатых веществ и взрывных устройств (статья 291 УК), наркотических или психотропных веществ (статья 298 УК). При совершении этих видов вымогательства дополнительной квалификации по статье 194 УК не требуется.

      Сноска. Пункт 16 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      17. В связи с принятием настоящего нормативного постановления признать утратившим силу постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан N 11 от 22 декабря 1995 года "О судебной практике по делам о вымогательстве" (с последующими изменениями и дополнениями).

      18. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

Председатель Верховного Суда


Республики Казахстан


Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания