Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салуға 2006 жылға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 наурыздағы N 146 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджеттiк  кодексiне , "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына , "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1338  Жарлығына , "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына , "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары:
      тиiстi мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2006 жылға арналған бюджеттерiнде тиiстi түсiмдердi, сондай-ақ осы қаулының 2-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтiн шешiмдер қабылдағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
      "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығына сәйкес пәтерлердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрi үшiн құны 56515 теңгеден аспайтын тұрғын үй салуды қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.24. N  1021 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулының 1-тармағы орындалғаннан кейiн Қарыз алушыларға кредиттiк шарттар жасасу арқылы (бұдан әрi - Шарттар) 22000000000 (жиырма екi миллиард) теңге сомасында бюджеттiк кредиттер (бұдан әрi - Кредиттер) бөлсiн, оның iшiнде:
      Ақмола облысына - 260000000 теңге;
      Ақтөбе облысына - 1250000000 теңге;
      Алматы облысына - 929800000 теңге;
      Атырау облысына - 1270000000 теңге;
      Шығыс Қазақстан облысына - 964000000 теңге;
      Жамбыл облысына - 360000000 теңге;
      Батыс Қазақстан облысына - 1245000000 теңге;
      Қарағанды облысына - 440000000 теңге;
      Қостанай облысына - 370000000 теңге;
      Қызылорда облысына - 325000000 теңге;
      Маңғыстау облысына - 250000000 теңге;
      Павлодар облысына - 630000000 теңге;
      Солтүстiк Қазақстан облысына - 373000000 теңге;
      Оңтүстiк Қазақстан облысына - 2068000000 теңге;
      Астана қаласына - 5070300000 теңге;
      Алматы қаласы - 6194900000 теңге.

      3. Қарыз алушыларға Кредит берудiң мынадай негiзгi шарттары белгiленсiн:
      1) Кредиттер Қарыз алушыларға Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде тұрғын үй салуға 3 (үш) жыл мерзiммен сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша теңгемен берiледi;
      2) Қарыз алушылар Кредиттердi республикалық бюджетке белгiленген мерзiмде қайтаруды жүргiзедi;
      3) Кредиттердi игеру кезеңi кредит берушiнiң шотынан Кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледi және 2007 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.24. N  1021 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Қаржы министрлiктерi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 2-тармағына сәйкес Шарттар жасасуды қамтамасыз етсiн;
      2) Кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы өтелуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

О некоторых вопросах кредитования на 2006 год областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство жилья

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2006 года N 146

     В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 22 ноября 2005 года "О республиканском бюджете на 2006 год", Указом Президента Республики Казахстан от 11 июня 2004 года N 1388 "О государственной программе развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1228 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2006 год", постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2004 года N 715 "Об утверждении Плана мероприятий по реализации Государственной программы развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Местным исполнительным органам областей, городов Астаны и Алматы:
     в течение десяти календарных дней после принятия соответствующими маслихатами решений, предусматривающих в областных, городов Астаны и Алматы бюджетах на 2006 год соответствующие поступления, а также расходы по программе, связанной с выполнением пункта 2 настоящего постановления, представить в Министерство финансов Республики Казахстан указанные решения маслихатов;
     обеспечить строительство жилья стоимостью, не превышающей 56515 тенге за один квадратный метр общей площади квартиры, в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 11 июня 2004 года N 1388 "О Государственной программе развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы".
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения постановлением Правительства РК от 24 октября 2006 года N 1021 .

     2. Министерству финансов Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан после выполнения пункта 1 настоящего постановления предоставить Заемщикам бюджетные кредиты на сумму 22000000000 (двадцать два миллиарда) тенге (далее - Кредиты) посредством заключения кредитных договоров (далее - Договоры), в том числе:
     Акмолинской области - 260000000 тенге;
     Актюбинской области - 1250000000 тенге;
     Алматинской области - 929800000 тенге;
     Атырауской области - 1270000000 тенге;
     Восточно-Казахстанской области - 964000000 тенге;
     Жамбылской области - 360000000 тенге;
     Западно-Казахстанской области - 1245000000 тенге;
     Карагандинской области - 440000000 тенге;
     Костанайской области - 370000000 тенге;
     Кызылординской области - 325000000 тенге;
     Мангистауской области - 250000000 тенге;
     Павлодарской области - 630000000 тенге;
     Северо-Казахстанской области - 373000000 тенге;
     Южно-Казахстанской области - 2068000000 тенге;
     городу Астана - 5070300000 тенге;
     городу Алматы - 6194900000 тенге.

     3. Установить следующие основные условия предоставления Кредитов Заемщикам:
     1) Кредиты предоставляются Заемщикам в тенге сроком на 3 (три) года по нулевой ставке вознаграждения (интереса) на строительство жилья в рамках Государственной программы развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы;
     2) возврат Кредитов производится Заемщиками в республиканский бюджет в установленный срок;
     3) период освоения Кредитов исчисляется с момента перечисления Кредитов со счета кредитора и заканчивается 25 декабря 2007 года.
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения постановлением Правительства РК от 24 октября 2006 года N 1021 .

     4. Министерствам индустрии и торговли, финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
     1) обеспечить заключение Договоров согласно пункту 2 настоящего постановления;
     2) обеспечить контроль за целевым использованием и своевременным погашением Кредитов в республиканский бюджет.

     5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан.

     6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
     Республики Казахстан