Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 328 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.11  N 573  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу рәсiмдерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 22, 270-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережесiнде:

      1-тармақта "ғылым" деген сөзден кейiн "кандидаты," деген сөзбен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттар тапсыру және конкурс (бұдан әрi - конкурс) өткiзу мерзiмiн жыл сайын жұмыс органы айқындайды. Жұмыс органы конкурс өткiзгенге дейiн ресми баспасөзде оның басталуы туралы хабарландыру жариялайды, ұсынылатын құжаттарды осы Ереженiң 2, 3-тарауларында белгiленген талаптарға сәйкес келу мәнiне зерделейдi.
      Құжаттар осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмыс органы екi апта мерзiмде үмiткердi бас тарту себептерi туралы мiндеттi түрде хабардар ете отырып, құжаттарды қараудан бас тартады.";

      4-тармақта:
      бiрiншi абзацта "шетелдiк сараптама комиссияларының" деген сөздер "тәуелсiз сараптама комиссияларының (бұдан әрi - сараптама комиссиясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта "стипендияның" деген сөз "Болашақ" стипендиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта "шетелдiк жоғары оқу орнының оқу жоспарында көзделген мерзiмде" деген сөздер "шетелдiк жоғары оқу орнында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "18 жасқа толған" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша "жоғары оқу орындарда" деген сөздер "соңғы курста оқитындарды қоспағанда, республиканың жоғары оқу орындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "жарияланған рейтингтерге сәйкес үздiк көрсеткiштерi бар," деген сөздер "халықаралық рейтингiлер негiзiнде жұмыс органы айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) осы Ереженiң 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар үшiн оқып жүрген мамандығы шетелде оқу үшiн таңдаған мамандығына ұқсас болуға тиiс;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) болған жағдайда шет тiлi бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiленген нысандағы тиiстi ресми сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiмен расталған оқыту тiлiн (ағылшын, немiс, француз және басқалары) меңгеруi (бiлуi).";
      екiншi абзац "орташа баллы" деген сөздерден кейiн "бүкiл оқу кезеңiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереженiң 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың ағымдағы үлгерiмiнiң орташа баллы немесе оның шетелдiк баламасы кемiнде 4,5 болуы қажет. Олар конкурсқа ҰБТ-ден немесе кешендi тестiлеуден өткендiгi туралы талап ескерiлмей қатысады.";
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Оқыту тiлiн меңгерудiң (бiлудiң) ең төменгi деңгейiн шетелдiк жоғары оқу орындары белгiлеген талаптар негiзiнде жұмыс органы айқындайды.";

      8-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) болған жағдайда шет тiлi бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiленген нысандағы тиiстi ресми сертификаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;";
      екiншi абзацта "/немесе" деген сөз алынып тасталсын;
      үшiншi абзац алынып тасталсын;
      3-тараудың тақырыбында "ғылым" деген сөзден кейiн "кандидаты," деген сөзбен толықтырылсын;

      10-тармақта:
      1) тармақша "35" деген сандардың алдынан "18-ден" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада "жарияланған рейтингтерге сәйкес үздiк көрсеткiштерi бар" деген сөздер "халықаралық рейтингiлер негiзiнде жұмыс органы айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жоғары кәсiптiк бiлiмi туралы дипломы бойынша мамандығы шетелде оқу үшiн таңдаған мамандығына ұқсас болуға тиiс;";
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) болған жағдайда шет тiлi бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiленген нысандағы тиiстi ресми сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiмен расталған оқыту тiлiн (ағылшын, немiс, француз және басқалары) меңгеруi (бiлуi).";
      үшiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Оқыту тiлiн меңгерудiң (бiлудiң) ең төменгi деңгейiн шетелдiк жоғары оқу орындары белгiлеген талаптар негiзiнде жұмыс органы айқындайды.";

      12-тармақта:
      3) тармақшада "/немесе" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) болған жағдайда шет тiлi бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiленген нысандағы тиiстi ресми сертификаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;";
      екiншi абзацта "/немесе" деген сөз алынып тасталсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ғылым кандидаты, докторы (Рh.D) дәрежесiне үмiткер жоғарыда санамаланған құжаттарға қосымша мiндеттi түрде ғылым кандидаты, докторы (Рh.D) дәрежесiн алуға оқу үшiн шетелдiк жоғары оқу орнының шақыру қағазын, шетелдiк жоғары оқу орны бекiткен оқудың және жұмыстың кеңейтiлген жоспарын, сондай-ақ өз мақалаларының тезистерiн, ғылыми жарияланымдарының, оқу-әдiстемелiк әзiрлемелерiнiң тiзбесiн ұсынады.";
      төртiншi абзац алынып тасталсын;
      бесiншi абзацта "еркiн" деген сөз алынып тасталсын;
      13, 14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Конкурс екi турдан тұрады.
      Бірінші турға осы Ереженiң 2, 3-тарауларында айтылған талаптарға сәйкес келетiн үмiткерлер қатыса алады.
      14. Конкурстың бiрiншi турын үмiткердiң тiлдi меңгеру (бiлу) дәрежесiн, жалпы бiлiм және/немесе кәсiби даярлық деңгейiн айқындау мақсатында жыл сайын тәуелсiз сараптама комиссиясы өткiзедi.
      Сараптама комиссияларының дербес құрамы мен жұмыс тәртiбiн жыл сайын мүдделi жоғары оқу орындарының, мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың келiсiмi бойынша жұмыс органы бекiтедi.
      15. Бiрiншi турда сараптама комиссиясы тестiлеу және әңгiмелесу жолымен үмiткердiң тiлдi меңгеру (бiлу) дәрежесiн шетелдiк жоғары оқу орындары талаптарының негiзiнде оларда оқу үшiн жұмыс органы белгiлеген тиiстi бiлiм деңгейлерi бойынша ең төменгi талаптарға сәйкестiк мәнiне тексередi. Тестiлеу нәтижелерi ресми сертификаттар немесе қорытындылар түрiнде ресiмделедi.
      Тiлдi меңгеру (бiлу) дәрежесiн айқындауға арналған тестiлеуге және әңгiмелесуге қатысудан мынадай:
      осы Ереженiң 6-тармағының 3) тармақшасында және 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген;
      шетелдiк жоғары оқу орындары белгiлеген талаптарға сәйкес келген жағдайда тiлдiк тестiлердi тапсырғаны туралы ресми сертификаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн табыс еткен тұлғалар босатылады.
      Тестiлеу және үмiткерлермен әңгiмелесу нәтижелерi бойынша сараптама комиссиясы әрбiр үмiткердiң тiлдi меңгеру (бiлу) дәрежесi туралы дербес қорытынды бередi.
      Техникалық және медициналық мамандықтар бойынша оқуға үмiткерлерге дербес қорытындыда қосымша бiр-екi семестрлiк тiлдiк даярлықтан өтуге ұсынымдар берiлуi мүмкiн. 
      Сараптама комиссиясы үмiткерлердiң жеке iстерiн қарайды, үмiткерлердiң таңдалған оқу бағыты бойынша даярлығын айқындау мақсатында жеке әңгiмелесу және тиiстi саладағы мамандарды тарта отырып, психологиялық тестiлеу жүргiзедi.
      Бiрiншi тур аяқталғаннан кейiн шет тiлiн меңгерудiң (бiлудiң) айқындалған дәрежесiнiң, үмiткерлермен өткiзiлген әңгiмелесудiң және психологиялық тестiлеудiң нәтижелерiне сәйкес сараптама комиссиясы жұмыс органына әрбiр үмiткер бойынша жазбаша түрде дербес қорытынды ұсынады.
      16. Бiрiншi тур өткiзiлгеннен кейiн жұмыс органы үмiткерлердiң материалдарын Республикалық комиссияның қарауы үшiн екiншi турға енгiзедi.";

      18-тармақта:
      бiрiншi абзацта "ғылым" деген сөзден кейiн "кандидаты," деген сөзбен толықтырылсын;
      екiншi абзацта:
      "игермеген жағдайда," деген сөздерден кейiн "шетелдiк жоғары оқу орнының ұсынымдары негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "шет тiлiн оқуға" деген сөздер "оны шетелде даярлауға және оқытуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақта:
      бiрiншi абзацта "стипендиатпен" деген сөзден кейiн "оқуды ұйымдастыру туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзац алынып тасталсын;

      21-тармақта "серiктестерге" деген сөзден кейiн "немесе шетелдiк жоғары оқу орындарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      22-тармақта "сомасын" деген сөзден кейiн "оқуды ұйымдастыру туралы шартта көзделген мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады