Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 30 қыркүйектегi N 969 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 36, 502-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары" бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттарының бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 10-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 16-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Жыл сайын, 25 ақпан";
реттiк нөмiрi 22-жолда:
2-бағандағы "бағалау" деген сөз "бағалаудың рейтингiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-баған "мүдделi мемлекеттiк органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
5-бағандағы "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 26-жолда:
2, 3-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк қаржылық қолдау тетiгi жөнiнде ұсыныстар енгiзу
ЭБЖМ-ге ұсыныс";
4-бағандағы "ЭБЖМ," деген аббревиатура алынып тасталсын;
5-бағандағы "2005 жыл IV тоқсан" деген сөздер "2006 жыл II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 39-жолдың 3, 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкiметке ұсыныс
2006 жыл II тоқсан";
реттiк нөмiрi 46-жолда:
4-баған "мүдделi мемлекеттiк органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Жыл сайын, 25 ақпан".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі