Елдегi экономиканың көлеңкелi секторының көлемiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) Бағдарламамен көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Yкiметiн Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы хабардар етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 30 қыркүйектегі
N 969 қаулысымен
бекітілген
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ МӨЛШЕРІН ҚЫСҚАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ПЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ 2005-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ"
БАҒДАРЛАМАСЫ МАЗМҰНЫ
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiріспе
3. Көлеңкелi экономиканың негізгі ұғымдары
4. Көлеңкелі экономиканың әлемдік ауқымы, оны қысқарту жөнiндегі жұмыс тәжiрибесi және оның туындау себептерi
Параграф 1 . Көлеңкелі бизнестің әлемдiк ауқымы және оны қысқарту жөнiндегі тәжiрибе
Параграф 2 . Бизнесті көлеңкеге кетуге мәжбүр ететін себептер
5. Қазақстандағы көлеңкелі экономиканы талдау және оның туындау себептерi
Параграф 1 . Көлеңкелі экономиканың ауқымы
Параграф 2 . Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың даму себептерiн талдау
Экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының деңгейі
Әкiмшiлiк кедергілер және олардың экономиканың көлеңкеге
кетуiне әсері
Көлеңкелі экономиканың мөлшерiн есепке алу мен бағалау
жүйесінің жетілмеуі
Салық салу жүйесі
Қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және төлем
карточкаларын қабылдау желілерi дамуының әлсiз деңгейi
Параграф 3 . Қорытындылар
6. Көлеңкелі экономика мөлшерiн қысқартудың мақсаты мен мiндеттері
7. Мемлекеттік саясаттың көлеңкелі экономика мөлшерін қысқартуды қамтамасыз ететiн мiндеттердi шешу жөнiндегi негізгі бағыттары
Параграф 1 . Экономиканың даму деңгейiн және халықтың әл-ауқатын арттыру
Параграф 2 . Экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiн және басқарудың әкiмшiлiк жүйесін жетілдiру
Салықтық әкімшілендіруді жетілдiру
Әкiмшiлік заңнаманы және экономикалық қызметті жүзеге асыруды
регламенттейтін мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдipy жөніндегі бағыттар
Параграф 3 . Көлеңкелі қолма қол ақша қаражаты айналымының мөлшерiн азайту жөнiндегi бағыттар
Параграф 4 . Көлеңкелі экономика мөлшерін бағалау әдістерiн жетілдiру
Параграф 5 . Салық пен бюджетке төленетін төлемдерді жинаумен, экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын органдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыру және жұмысын жетілдiру
Экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды ашу
жөнiндегi жұмыс әдiстерiн жетiлдiру
Материалдық -техникалық қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыру
Параграф 6 . Салық салу жүйесiн жетiлдiру
8. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
9. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
10. Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттарының бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың
атауы мөлшерiн қысқарту жөнiндегі экономикалық саясат пен
ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға
арналған негізгi бағыттары" бағдарламасы
Әзiрлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы
негіздеме 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 - 2006
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 9.1.6-тармағы
Негізгi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
әзiрлеушi жоспарлау министрлiгі
Мақсаты Экономикалық, заңнамалық және әкiмшілiк тұрғыда
ықпал ету шараларын жетiлдiру жолымен көлеңкелi
экономика мөлшерін азайту
Мiндеттерi Заңды және жеке тұлғаларды өндiрiстiк-қаржылық
қызметтiң ашық нысанына ынталандыратын экономикалық
және ұйымдық жағдайларды жасау.
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын
алу мен оларға қарсы күрес әдiстерiн жетiлдiру
Қаржыландыру Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру тиiстi (жыл
көздерi мен сайын) қолданыстағы және әзiрленетін мемлекеттiк
көлемi және салалық даму бағдарламалары мен бюджеттiк
бағдарламалар шеңберiнде көзделедi
Күтілетiн Экономиканың өсуi, адал кәсiпкерлiктi дамыту,
нәтижелер салықтық, кедендiк төлемдердi жинауды, сондай-ақ ел
экономикасына инвестицияларды ұлғайту үшiн қолайлы
алғышарттар жасау;
бәсекелi ортаны жақсарту;
экономиканы мемлекеттік реттеу, салықтық және
кедендiк әкiмшiлендiру саласындағы нормативтiк-
құқықтық, әдістемелік және ақпараттық базаны
жетiлдiру;
экономикалық құқық бұзушылықтарға, көлеңкелi
экономикаға, сыбайлас жемқорлыққа және экономика
саласындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің
тиiмдiлігін арттыру;
халықтың экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға
қарсы күрес жүргiзетiн мемлекеттiк органдармен
өзара түсiнiстігін арттыру;
Іске асыру 2005-2010 жылдар
мерзімдері
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 9.1.6-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгi бағыттары" бағдарламасы әзiрлендi. Құжаттың құрамына министрлiктердiң, қаржылық, ғылыми-зерттеу және мемлекет пен ел экономикасы салаларының мүдделерiн қорғайтын қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары енгізiлдi.
Осы тақырып бойынша әлемдiк практиканы зерделеу экономиканың көлеңкеге кетуiне ықпал ететiн проблемалардың кешендiлiгiне байланысты көптеген елдердiң мемлекеттiк органдары жұмысының практикасында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі бiрыңғай шаралардың пайдаланылмағанын көрсеттi. Қабылданып жатқан шаралар көлеңкелi экономиканың қандай да бiр себептерiн жоюға, мысалы, салық салуды жетілдiруге, бизнес үшін рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға, есiрткi айналымына қарсы күрестi күшейтуге және т.б. бағытталды.
Қазақстанда қазiрдiң өзiнде көлеңкелi экономика көрiнiстерiнiң барлық дерлік бағыттары бойынша мемлекеттiк және салалық бағдарламалар қабылданды, ал жекелеген проблемалар заңнамалық тұрғыда айқындалған. Осыған байланысты бұл құжаттың ерекшелiгi қазірдің өзiнде қабылданған мемлекеттiк және салалық даму бағдарламаларын iске асыруға сүйенетiндiгi болып табылады. Бұл көлеңкелі экономиканың барлық дерлiк қызмет салалары мен түрлерiне қатысты, сондай-ақ аумақтық өзгешелiктерi бар ерекшелiгiне байланысты.
Осыған байланысты, бұл Бағдарламада жасырын экономиканың кейбiр бөлiгiн заңдастыру проблемасын кешендi қарауға және шешуге, сондай-ақ әртүрлi мемлекеттiк органдардың салық салудан жасырылатын кiрістi бағалау әдiстерiн жетiлдiру, олардың қызметiн кейiннен заңдастыра отырып, тауарлар мен қызметтердi астыртын өндiру фактiлерiн анықтау жөнiндегi өзара iс-қимылын тереңдетуге мүмкiндiк беретiн экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары айқындалады.
Бағдарламаны iске асыру экономикалық өсудiң жоғары қарқындары, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде экономиканы дамытудың сапалы жаңа кезеңiне көшу, сондай-ақ әлеуметтiк мұқтаждарға арналған мемлекеттiк шығыстардың өсуi мен халықтың өмiр сүру деңгейiнiң артуы, Қазақстанның әлемдiк экономикалық қоғамдастыққа одан әрi ықпалдасуы жағдайларында жүргізілетiн болады.
Бұл жұмыссыздықты қысқарту, шағын кәсiпкерлiктi дамыту бөлігінде елдiң экономикалық әлеуетiнiң деңгейiмен және халықтың әл-ауқатымен байланысты және басқа факторлардың әрекетiне жұмсартушы әсер етедi. Сонымен қатар экономикалық қылмыс құрылымының сапалық жағынан өзгеруiн, қылмыстық мiнез-құлықтың жаңа әрi неғұрлым күрделенген нысандарының пайда болуын күту қажет. Мұның бәрi мемлекеттік органдардың көлеңкелi экономика мөлшерiн қысқарту саласындағы экономикалық, заңнамалық және тергеу шараларын жасауда үйлескен жұмыс жүргiзуiн талап етедi.
Iске асырылуы қажет шаралар экономикалық қылмыс көрiнiстерiнiң аталған нысандарынан бұрын әрекет етуге тиiс. Бұған әлемдiк тәжiрибенi зерделеу және осы құбылысқа қарсы күрестiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгізу ықпал ететiн болады.
Ел экономикасының неғұрлым сапалы даму деңгейiне көшуi ұзақ мерзімдi кезең iшiнде жүргізілуiне байланысты бұл проблеманы шешудi кейiннен Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарының құрамына енгiзу жолымен бұл Бағдарлама 2010 жылға дейiнгi кезеңге бағдарланған.
3. Көлеңкелi экономиканың негiзгi ұғымдары
Халықаралық практикада көлеңкелi экономиканың мынадай анықтамалары бар:
1) экономикалық қызметтiң жария етілмеген және жасырын түрлерi;
2) экономикалық қызметтiң қандай да бiр себептер бойынша ресми статистикада есепке алынбайтын және салық салынбайтын барлық түрлерi;
3) қоғам бақылау жасамайтын тауарлар мен қызметтерді өндiру, тарату, айырбастау және тұтыну.
Бiрiккен ұлттар ұйымының ұлттық шоттар жүйесi (бұдан әрi - ҰШЖ) негізiнде әзiрленген қадағаланбайтын экономика мөлшерiн бағалаудың есептiк-статистикалық әдiсi неғұрлым көп таралған болып табылады.
ҰШЖ-да экономикалық қызметтiң салықты, кедендiк төлемдердi, әлеуметтiк жарналарды төлеуден жалтару, заңсыз кiрiстер, материалдық пайда алу мақсатында жасалатын жария етiлмеген және жасырын әр қилы түрлерiнiң (бақылау жасалмайтын тауарлар мен қызметтердi өндiру, тарату, айырбастау және тұтыну) жиынтығы қадағаланбайтын экономика ретiнде айқындалады.
Қадағаланбайтын экономика көрiнiс беретiн негiзгi сегменттер:
1) формальды емес қызмет - әдетте, статистика және салық салу органдарында тіркелмеген жеке тұлғалар өндiретiн тауарлар мен қызметтер;
2) жасырын қызмет - ресми тiркелген, салық төлеуден жалтару мақсатында өз кiрiстерiн статистикалық есептен жасыратын кәсiпорындардың тауарлар мен қызметтердi өндiруi;
3) заңсыз (заңға қайшы) қызмет - заңнамада тыйым салынған тауарлар мен қызметтердi (есiрткi, қару-жарақ, жезөкшелiк, адамдарды сату және т.б.) өндiру және әдетте заңды қызметке жататын, алайда рұқсаты жоқ өндiрушiлер айналысқан жағдайларда заңсыз сипатқа ие болатын өндiрiстiк қызмет.
Көптеген елдерде заңсыз қызметтен алынатын кiрiстер, iзгілік көзқарас тұрғысынан, экономикалық даму жетiстiктерi ретiнде қаралмайды. Бұл кiрiстер жалпы iшкi өнiм (бұдан әрi - ЖIӨ) құрамына қосылмайды және мемлекет кiрiстерiн ұлғайту резервi болып есептелмейдi. Қазақстанда заңсыз қызмет мөлшерiнiң бағасы ЖIӨ-нiң құрамына қосылмайды.
Ұрлық, алаяқтық, бопсалау және басқалары сияқты заңға қайшы iс-әрекеттер өз мәнiнде экономикалық болып табылмайды және көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаған кезде оларды статистикалық органдар есепке алмайды, өйткенi:
мұндай iс-әрекеттер барысында жаңа өнiмдер мен қызметтер жасалмайды, тек экономикалық активтердi қызметтiң бiр түрiнен екiншi түрiне қайта бөлу жүргiзiледi;
бұл iс-әрекеттер контрагенттер арасындағы еркiн уағдаластық нәтижесi болып табылмайды, керiсiнше, мәжбүрлеуге немесе алдауға негізделедi.
4. Көлеңкелi экономиканың әлемдiк ауқымы, оны қысқарту
жөнiндегi жұмыс тәжiрибесі және оның туындау себептерi
Параграф 1. Көлеңкелi бизнестiң әлемдiк ауқымы және оны қысқарту жөнiндегi тәжiрибе
Қадағаланбайтын экономика - жалпы әлемдiк құбылыс. Ол дамыған және дамушы елдерде, сондай-ақ өтпелi экономикалы елдерде барлық көрiнiс нысандарында кездеседi. Көлеңкелi экономиканың түрлi елдердегi ауқымы әр қилы. Бұл ретте нақты ел халқының тұрмыс деңгейi қаншалықты төмен болса, ЖIӨ құрамында ескерілмейтiн кiрiстiң үлесi соншалықты жоғары.
Дамыған елдер |
Шығыс |
Тәуелсiз мемлекеттер достастығы (ТМД) және Балтық елдері |
|
Швейцария - 8,1 |
Ирландия - 16,2 |
Словакия - 10,2 |
Грузия - 63,0 |
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) - 8,9 |
Канада - 16,2 |
Польша - 13,9 |
Азербайджан - |
Австрия - 9,0 |
Дания - 18,3 |
Чехия - 14,5 |
Молдавия - 37,7 |
Жапония - 11,1 |
Финляндия - 18,9 |
Румыния - 18,3 |
Латвия - 34,8 |
Жаңа |
Швеция - 19,9 |
Венгрия - 28,4 |
Литва - 24,2 |
Норвегия - 12,6 |
Бельгия - 22,5 |
Хорватия - 28,5 |
Белоруссия - 19,1 |
Ұлыбритания - 13,0 |
Испания - 23,1 |
Болгария - 32,7 |
Қазақстан - 21,3 |
Нидерланды - 13,5 |
Португалия - 23,1 |
||
Австралия - 14,0 |
Италия - 27,3 |
||
Германия - 14,9 |
Греция - 29,0 |
||
Франция - 14,9 |
Көзi: Еуростаттың ақпараты
Сарапшылардың бағалауы бойынша ЖIӨ-дегі көлеңкелi экономика үлесі дамыған елдерде орта есеппен 12%-ды, дамушы елдерде 39,6%-ды, ал өтпелi экономикалы елдерде 23%-ды құрайды.
Көлеңкелi экономиканың 50-ден 70%-ғa дейiнгі неғұрлым жоғары деңгейi Африка мен Латын Америкасының дамушы елдерiнде орын алып отыр.
Шетелдiк ақпарат қызметтерiнiң деректерi бойынша халықтың көлеңкелі экономикада жұмыспен қамтылуы жыл сайын өсуде. Еуропалық одақ елдерінде бұл цифр кемiнде 10 млн. адам, ал тұтастай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) бойынша шамамен 17 млн. адам деп бағаланып отыр.
Сатып алу қабiлетiнiң шамасы бойынша есептелген жалпы әлемдiк ресми ЖIӨ 1999 жылы 39 трлн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте қадағаланбайтын экономикада өндірілген кiрiстің үлесi 8 трлн. АҚШ долларына немесе ЖIӨ-нiң 20%-ына бағаланып отыр. Өзiнiң көлемi жағынан жаhандық көлеңкелi экономика әлемдегi ең көлемдi ЖIӨ-сi бар AҚШ экономикасымен салыстырылады.
Әлемнiң түрлі елдерiндегi көлеңкелі экономиканы азайту
жөніндегі бiрқатар шаралар мен құралдар
Шаралар |
Елдер |
Құралдар |
Жұмыссыздықты және экономиканың формальды емес секторын қысқарту |
АҚШ |
Шағын және орта бизнеске (бұдан әрi - ШОБ) қаржылық, техникалық және консультативтiк көмек көрсету, кадрлар даярлау мен білiктілiк беру үшiн орталық және жергілiктi деңгейлерде арнайы құрылымдар құру; |
Әкiмшілiк рәсiмдердi жетілдіру |
Канада |
Өзара қатынастар және бизнес пен әрiптестiктi жақсарту үшін бірыңғай органды қамтамасыз ету үшiн Бизнес Терезесін (Business Window) құру; |
Кiрiстi мемлекет пен қалған экономика арасында бөлу тетiктерін жетілдіру |
АҚШ |
Салыстырмалы түрде жоғары емес салық салу ставкаларын белгілеу (Жапонияда - 37 %, АҚШ-та - 41 %, бұл ретте ШОБ салық салу ставкалары iрi фирмаларға қарағанда айтарлықтай төмен); |
Материалдық базаны нығайту және экономикалық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдiстерiн жетілдіру |
АҚШ |
1989 жылы ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөнiндегi арнайы халықаралық құрылымның (FATF) құру; |
Параграф 2. Бизнестi көлеңкеге кетуге мәжбүр ететiн себептер
Көлеңкелi экономиканы азайту жөніндегі жұмысты тиiмдi ұйымдастыру үшiн, ең алдымен, экономиканың көлеңкеге кетуiне ынталандырушы әсер ететін себептердi бiлу қажет.
Жаhандық экономикадағы кiрiстердi жасыруды көтермелейтiн себептер iс жүзiнде бiрдей, алайда нақты елдiң даму деңгейiне қарай олар жалпы процеске әртүрлi әсер етедi. Бұл себептердi мынадай блоктарға бiрiктiруге болады:
1) экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейi;
2) кiрiстi мемлекет пен қалған экономика арасында бөлудi регламенттейтiн заңнаманың жетiлмеуi;
3) бизнесті ашу және жүргiзу рәсiмдерiнiң реттелуi, бұл сыбайлас жемқорлық қызметті туындатады;
4) жасырын экономиканы бағалау әдiстерiнiң және осы проблема бойынша мемлекеттiк органдар арасындағы ақпарат алмасудың жетiлмеуi;
5) әкімшілендiру және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткілiктi дамытылмауы;
6) қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және төлем карточкаларын қабылдау жүйесi дамуының әлсiз деңгейi.
Барлық елдер үшiн қандай да бiр блокты құрайтын себептердiң неғұрлым егжей-тегжейлi сипаттамасы мынадай:
1. Экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейi
Ел экономикасының даму деңгейiн мынадай макроэкономикалық көрсеткiштермен сипаттауға болады: жан басына шаққандағы ЖIӨ, адами даму индексi, жұмыссыздық деңгейi, тұрмыс деңгейi кедейшілiк шегiнен төмен халық үлесi және т.б.
Мыналар:
халықтың жоғары деңгейдегi жұмыссыздық және еңбекке ақы төлеудiң төмен деңгейi жағдайларында өмiр сүру қажеттігі;
сыртқы бәсекелестiк жағдайларында салық төлегеннен кейiн кәсiпорындардың тауарлар мен қызметтердiң рентабельдi өндiрiсiн қамтамасыз етуiне мүмкiндiк бермейтiн өндiрiстің техникалық және ұйымдық төмен деңгейi;
қолдан жасалған және контрафактілiк өнiмге сұраныстың жоғары болуы;
қаражатты қайтару бойынша тәуекел дәрежесiнiң жоғары болуы, экономиканың бәсекеге қабiлетiнiң төмен болуы мен қаржы және кредит рыногының даму проблемалары салдарынан кредит ресурстарының қол жетiмсiздiгi (әсiресе шағын бизнес үшiн) төмен әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi жағдайларында көлеңкелi экономиканың орын алуының негiзгi себептерi болып табылады.
2. Кiрiсті мемлекет пен қалған экономика арасында бөлудi регламенттейтін заңнаманың жетiлмеуi
Мемлекет пен қалған экономика кiрiстерiнiң арасындағы теңгерiмділiкті мынадай: кәсiпорындарға және халыққа салынатын салықтық жүктеменiң жалпы деңгейi, тұтастай экономика бойынша және жекелеген салалар мен қызмет түрлерi бойынша тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң рентабельдiлiк деңгейi, сондай-ақ еңбекақыларды еңбек өнiмділігінiң өсу көрсеткiштерiмен, ең төменгі күнкөрiс деңгейiмен немесе ең төменгі еңбекақымен салыстыру көрсеткiштерiмен сипаттауға болады.
Қазақстандық салық төлеушiлердiң көп бөлiгi көлеңкеге салық салу ставкаларының жоғары болғандығынан кетпейтiнiн, өздерi өндiретін өнiмнiң бәсеке қабiлетiнiң төмен болуы салдарынан кететiнiн атап өту қажет. Дегенмен бiрқатар басқа елдерде себептердiң бұл блогы экономиканың көлеңкеге кетуiне едәуiр әсер етедi.
Бұл блок бойынша мыналар:
салық салудың тауарлар мен қызметтердi кеңiнен өндiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн негiзсiз жоғары ставкалары (өндiрiлетiн өнiм бәсекеге қабiлеттi болған жағдайдың өзiнде);
өндiрiстi iрiлендiру, оны ұйымдастырудың неғұрлым жоғары нысандарына көшу үшiн жеке тұлғалар мен шағын кәсiпорындардағы салықтық және кредиттiк ынталандырулардың жеткiлiксiздігі;
негізсiз жоғары кедендiк тарифтер мен басқа да алымдар көлеңкелi экономиканың өсуiн ынталандыратын негiзгi себептер болып табылады.
3. Бизнестi ашу және жүргізу рәсiмдерiнiң реттелуi, бұл сыбайлас жемқорлық қызметтi туындатады
Келiсу сатыларының саны, лицензияланатын қызмет түрлерi тiзбесiнiң мөлшерi, қызметтерге тарифтердiң деңгейi, жарналар мен басқа да алымдарды тiркеу және төлеу жөнiндегi рәсiмдердi компьютерлендiрудiң жай-күйi, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер мен функцияларды ресiмдеу рәсiмдерiн жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкiмшiлендiрудiң жай-күйi осы себептер блогы бойынша iстер жай-күйiнiң көрсеткiштерi болып табылады.
Мыналар:
заңды және жеке тұлғалардың қысқа мерзiмдерде және неғұрлым аз төлемақыға дамудың рәсiмдiк мәселелерiн реттеуге ұмтылуы;
тексерушi ұйымдар (стандарттау, сертификаттау, өрт және басқа да инспекциялар) тарапынан анықталған бұзушылықтардың салдарынан кәсiпорынды тоқтатуды болдырмауға ұмтылу;
тауарлар мен қызметтердi өндiруге мемлекеттік тапсырысты заңнаманы бұза отырып алуға (немесе беруге) ұмтылу осы блоктағы көлеңкелi экономиканың дамуын ынталандыратын себептер болып табылады.
4. Жасырын экономиканы бағалау әдiстерiнiң және осы проблема бойынша мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың жетiлмеуі
Мыналар: өндiрiске жұмсалған негізгi материалдар шығындарын бекiтілген тұтыну нормаларымен салыстыра отырып талдау; электр энергиясын өндiру және тұтыну серпiнiн зерттеу; басқа өңiрлермен және елдермен салыстырғанда жергілікті органдардың жасырын өндiрiстi ашу жөнiндегi белсендiлігінiң жай-күйi;
экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреспен айналысатын органдар арасындағы, сондай-ақ есепке алу органдарымен ақпарат алмасу осы себептер блогындағы көлеңкелi экономиканың жай-күйiн бағалау көрсеткiштерi болып табылады.
Мыналар:
өнiмдi жасырын өндiрудi ұйымдастыру есебiнен баюға ұмтылу;
әлуеттi органдардың жасырын цехтар мен мемлекеттен жасырылған кiрісті анықтау жөнiндегi жеткіліксiз жұмысы;
мемлекеттiк қызметшiлердiң өнiмдi астыртын өндiрушiлермен бiрiгуi осы блоктағы көлеңкелi экономиканы ынталандыратын себептер болып табылады.
5. Әкiмшiлендiру және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткiлiктi дамытылмауы
Салықты және төлемдердi жинауды жүзеге асыратын органдардың техникалық жарақталуының жай-күйi, олардың еңбегiне ақы төлеудiң, салық пен басқа төлемдердi жинау жөнiндегi мамандардың жұмысын iшкi және сыртқы бақылаудың деңгейi бұл блоктағы iстердiң жай-күйiнiң көрсеткiштерi болып табылады.
Мыналар:
жеке және заңды тұлғалар тарапынан табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың (бeкipe аулау, ағаш шабу, астық сату және т.б.) жолын кесудiң мүмкiн еместiгi;
ТМД мемлекеттерiмен мемлекеттік шекараның ашықтығы осы блоктағы көлеңкелi экономиканың дамуын ынталандыратын себептер болып табылады.
6. Қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және пластикалық карточкаларды қабылдау желiлерiнiң нашар даму деңгейi
Осы блок бойынша iстер жай-күйiнiң көрсеткiштерi: қолма-қол ақшаның қолма-қол және қолма-қол емес айналымының көлемi, қолма-қол ақша айналысының жай-күйi, ақша айналысының жылдамдығы, тауарлар мен қызметтер үшiн қолма-қол емес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн төлем карточкаларын және басқа да инновациялық құралдарды пайдалану деңгейi, сондай-ақ төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымының даму деңгейi болып табылады.
Бұл блоктағы көлеңкелi экономиканың даму себептерi:
экономикалық агенттердiң өзiнiң нақты тауарлар айналымы мен кiрiстерiн декларациялағысы келмеуi және фискалдық органдарға беретiн қаржы есептерiнде көрсеткiсi келмеуi;
экономикалық агенттердiң өз сауда нүктелерi мен қызметтер саласындағы ұйымдарда есеп айырысу карточкалары терминалдарын орнатуға мүдделi болмауы және қолма-қол ақшамен жұмыс iстеуге бейiм болуы;
халықтың банктерге сенiмсiздiгi;
шоттағы ақша қалдықтары бойынша банктiк пайыздардың төмен болуы;
қызмет көрсеткенi үшiн комиссиялық алымдардың жоғары болуы;
жеке қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесiнiң қолайлылығы мен артықшылықтарының аз насихатталуы және қолда жоқ ақша айналысы жүйесiнде жеке және заңды тұлғалар үшiн тартымды жағдайлардың болмауы;
электрондық төлемдер саласының нашар дамуы;
азаматтардың өз кiрiстерi мен шығыстарын ашудан қорқуы болып табылады.
5. Қазақстандағы көлеңкелi экономиканы талдау
және оның туындау себептерi
Параграф 1. Көлеңкелi экономиканың ауқымы
Қазақстанда көлеңкелі экономиканы ҰШЖ жүйесi бойынша бағалау 1992 жылдан бастап жүргiзіле бастады.
1992-1998 жылдары ЖIӨ құрамындағы көлеңкелі экономика үлесi 38-ден 30%-ға дейінгі аралықта бағаланды. Экономикалық дағдарыс пен өтпелi кезең проблемалары тауарлар мен қызметтер өндiру көлеміне, халықтың жұмыспен қамтылуының және әл-ауқатының деңгейiне айтарлықтай әсер еттi.
1999 жылдан бастап қазақстандық экономиканың даму қарқыны жоғары үрдіске ие болды, ал көлеңкелі экономика үлесi едәуiр азая бастады және жедел деректерге қарағанда 2005 жылдың басындағы жағдай бойынша ЖIӨ-нiң 21,3 %-ын құрады. Бұған кәсiпорындар мен жеке тұлғалардың жұмыс iстеуiнiң заңнамалық шеңберін, кедейшiлiкке қарсы күрес және халық жiктерi арасындағы кiрiстер алшақтығын қысқарту жөнiндегi шараларды жетiлдiру жөнiнде, сондай-ақ салықты және кедендiк баждарды төлеудi мемлекеттiк әкiмшiлендiру, статистикалық есепке алуды жетiлдiру жөнiнде мақсатты саясат жүргізу ықпал еттi.
1996-2004 жылдардағы ЖIӨ көлемiндегі қадағаланбайтын
экономиканың үлесi
(ЖIӨ-ге %-бен)
(Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Экономикалық өсу жағдайларында көлеңкелі экономика экономикалық дамуды тұрақсыздандырудың қуатты факторына айналды. Бұл әсердiң басты бағыттары мынадай.
Бiрiншiден, экономикалық дағдарыс уақытында барлық инфрақұрылымдық объектілер айтарлықтай тозды, әлеуметтік төлемдер деңгейi мен бюджет саласы қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу ең төменгi күнкөрiс деңгейiнде немесе одан төмен болды, салық пен төлемдердi жинау органдарының техникалық жабдықталуы өз функцияларын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндiк берген жоқ. Жиналатын салық мемлекеттің фискалдық қажеттiлiктерiн қамтамасыз ете алмайтын жағдайда болды. Мұнымен бiр мезгілде салық салудың баламалы көлеңкелi тетiктерi ("демеушiлерге" ақы төлеу, өз функцияларын орындағаны үшiн шенеунiктерге тiкелей төлемдер және т.т.) ресми салық салуды ығыстырған балама болып шықты.
Екiншіден, көлеңкелi қызмет ресми экономика шеңберiндегі өндiрiстік процеске ірiткi салушы әсер етеді, жағдайды нашарлатады және қалыпты жұмыс iстейтiн, "адал" экономикалық ұйымдарды құруға кедергі келтiредi. Ол қызметкерлердiң басқарылуын төмендетедi, олардың еңбекке деген ниетiн әлсiретедi, кейде олардың бiлiктiлiгiнiң жойылуына алып келедi, көбінесе нормативтерден тыс еңбек күшiн талап ететiн инновацияларды игеруде қиындық туғызады және сайып келгенде, ұжым мен кәсіпорынның ыдырауына алып келуi мүмкiн.
Yшiншiден, көбiнесе криминалдық iс-әрекетпен байланысты көлеңкелi экономика көптеген жанжалды туындатады, олардың бір бөлiгі күш қолдану арқылы шешiледi.
Төртiншіден, көлеңкелі экономика - іскерлік этиканы және оның үстіне, тұтастай әлеуметтiк нормаларды қалыптастырудың аса маңызды факторы. Көлеңкелi экономиканың өрiстеуi мен нығаюы әлеуметтік-этикалық нормалардың "бұлыңғырлануына" алып келуге қабiлеттi. Адамдар шаруашылық тұрмыста неге рұқсат етiлгенiн, неге рұқсат етiлмегенiн, қандай да бiр шаруашылық іс-әрекетті бағалау өлшемдері қандай екенiн ажыратуды қояды. Мысалы, шаруашылық басшыларының басым көпшілігі қолда жоқ ақшаны қолма-қол ақшаға аударуды жалған келiсiм-шарттарды пайдалана отырып жүзеге асырады ("қолма-қол ақшаға айналдыру" д.а.). Негiзiнде - бұл заңсыз операция, оның қатысушылары жазалануға тиiс. Алайда мұндай операция жасағаны үшін жазалаған жағдайлар өте аз.
Көлеңкелi экономика мөлшерiн қысқарту саласындағы елеулi прогреске қарамастан, ол қоғамның дамуына іріткі әсер етуiн жалғастыруда, билік пен қолданыстағы заңнаманың беделiне әсер етуде.
ЖIӨ құрамындағы үлесi 1998 жылғы 19,1%-дан 2004 жылы 11,3%-ға дейiн азайған формальды емес экономика сегментiндегі қадағаланбайтын экономика мөлшерiнiң қысқаруы неғұрлым жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Мұның себептерi экономиканың жоғары даму қарқыны, инфляцияның, жұмыссыздықтың азаюы және ел халқы кiрiстерiнiң нақты өсуі болды.
Сонымен қатар жасырын экономикалық қызмет үлесi неғұрлым бәсең қарқынмен азайды (11,1-ден 10%-ға дейiн). Бұл жасырын экономикалық қызметтi анықтау жөнiндегi проблемалардың неғұрлым бәсең қарқынмен шешiлуiнiң айғағы.
Сарапшылардың бағалаулары бойынша Қазақстан рыногына 850-900 млн. АҚШ доллары сомасына жалған, оның iшiнде 25-30% контрафактілік өнім түседi. Бұл жалған өнiмнiң шамамен 450-500 млн. АҚШ долларын ТМД елдерiнен, шамамен 300-350 млн. АҚШ долларын Ресейден әкелiнетiн импорт құрайды.
Есептен жасырылатын кiрiстердiң үштен бiр бөлігi жыл қорытындысы бойынша статистика және салық органдары алдында есеп бермеген кәсіпорындардың үлесiне тиедi. Бұған қылмыстық ақшаны "қолма-қол ақшаға айналдырумен" және оны көлеңкелі айналымға шығарумен байланысты қаржылық алаяқтық фактілерi ("бiр күндiк фирмалар" құру) ықпал етедi. Бұл фактілер бюджеттiң кiрiс бөлiгінiң толығуына керi әсерiн тигiзедi.
Параграф 2. Қазақстандағы көлеңкелi экономиканың даму себептерiн талдау
Экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының деңгейі
Соңғы төрт жылда Қазақстанда экономикалық өсудiң жоғары қарқынының тұрақты үрдiсi қалыптасты. Экономика дамуының соңғы төрт жылдағы орташа жылдық даму қарқыны 10,4%-ды, халықтың ақшалай кiрiстерiнiң нақты өсуі - 6%-ды құрайды.
Түбегейлi рыноктық реформалар жүргiзу нәтижесiнде қаржылық және фискалдық жүйелер ресурстарды нығайту және теңгерiмдеу бөлiгінде де, техникалық жаңару бөлiгiнде де дамытылды. Халықаралық ұйымдар елдің заңнамасын және инвестициялық ахуалды экономиканы дамытуға капитал салу үшiн тартымды деп таныды.
Алайда, бұл жетістіктерге қарамастан, экономиканың шамамен 21%-ы көлеңкеде жатыр. Дамыған елдермен және дамушы елдердiң едәуiр санымен салыстырғандағы ел экономикасы дамуының және тиiсінше халықтың әл-ауқатының төмен деңгейі осы процестегі басты фактор болып қалуда.
Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖIӨ-сi
басқа елдердiң осындай көрсеткіштеріне %-бен
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
|
АҚШ |
4,7 |
3,4 |
3,6 |
4,2 |
4,5 |
5,2 |
Германия |
5,6 |
4,4 |
5,4 |
6,6 |
6,8 |
6,7 |
Жапония |
4,7 |
3,2 |
3,3 |
4,6 |
5,3 |
5,8 |
Корей |
19,8 |
11,9 |
11,4 |
14,6 |
14,4 |
15,7 |
Малайзия |
45,4 |
32,7 |
32,2 |
40,7 |
42,4 |
47,7 |
Ресей |
80,1 |
84,9 |
69,5 |
70,6 |
68,6 |
64,9 |
Көзi: Халықаралық валюта қоры (XBҚ)
Қазақстандық экономиканың әлеуеті дамыған елдерден және бiрқатар дамушы елдерден әлi де едәуір артта. Мысалы, 2003 жылы Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖIӨ-ci Жапонияның осындай көрсеткiшiне тек 5,8%-ды, AҚШ-тікіне - 5,2%-ды, Германиянiкiне - 6,7%-ды, Корейдiкiне - 15,7%-ды, Малайзиянікіне - 47,7%-ды, Ресейдiкiне - 64,9%-ды құрады.
Келтiрiлген көрсеткiштер тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң даму деңгейi, еңбек өнiмдiлігі, материалдық және табиғи ресурстарды пайдалану жағынан Қазақстан дамыған елдерден және бірқатар дамушы елдерден әлі де едәуір артта екендiгінiң айғағы.
2004 жылы кiрiсi ең төменгi күнкөріс шегінен төмен халықтың үлесi тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша 16,1%-ды, ауылдық жерде 24,1%-ды құрады. 2003 жылы жұмыссыздық деңгейi 8,4%-ды құрады. Кедейшілік пен жұмыссыздықтың болуы халықтың өмiр сүруге деген ниетiн туындатады, бұл формальды емес экономиканың жоғары деңгейiне алып келедi.
2004 жылы формальды емес экономика сегментiндегi қосылған құн шамамен 642,9 млрд. теңгеге бағаланды, оның ЖIӨ құрамындағы үлесi заңды тұлғалардың қызметi саласындағы жасырын экономиканың мөлшерiнен 1,3 пайыздық пунктке асып түседi.
2004 жылғы формальды емес экономиканың салалық құрылымы
млрд. |
Формальды емес экономика көлемiнiң бағасына %-бен |
|
Барлығы |
642,9 |
100 |
ауыл шаруашылығы |
236,6 |
36,8 |
өнеркәсiп |
109,3 |
17,0 |
көлiк |
98,4 |
15,3 |
сауда |
63,6 |
9,9 |
құрылыс |
36 |
5,6 |
өзге салалар |
99 |
15,4 |
Көзi: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Үй қожалықтары алған кiрiстi жасыруға негiз болатын ниет мыналардан көрiнедi:
мемлекет тарапынан қандай да бiр қолдаусыз алынған аз ғана кiрісті онымен бөлiскiсi келмеу ниетi;
объективтi статистикалық ақпарат беру бөлiгiнде билiкке деген сенiмсiздiктiң он жылдықтар бойы орнығып қалуы (өнiмдi қайтарымсыз алып қою, салық салу, айыппұлдар мен басқа да алып қоюлар қаупi).
Талдау экономиканың жоғары емес даму деңгейiне байланысты себептер көлеңкелi экономиканың әрекет етуiндегi басты рөлдi атқаруын жалғастырып отырғанын көрсетедi.
Қазақстанда iрi және шағын кәсiпорындар арасындағы өндiрiстiк кооперация немесе аутсорсинг жеткiлiктi дамымаған. Дамыған экономикаларда iрi бизнеспен ынтымақтастық шағын және орта кәсiпорындар үшiн аса маңызды кiрiс көздерiнiң бiрiн бiлдiредi. Iрi кәсiпорын жинақтауыштарға тапсырыстарды көптеген ұсақ кәсiпорындарға орналастырып, өзiнiң күш-жiгерiн неғұрлым жауапты әрi күрделi операциялар мен технологиялық процестерге шоғырландыратын кластерлеу деп аталатын процестер кеңiнен тарады. Қазақстан үшiн iрi және шағын бизнестің өзара әрекет ету процестерi iрi бизнеске де, шағын бизнеске де тән тұрақсыздық жағдайында кәсiпорындар арасындағы ресурстардың әр қилы түрлерiнiң өзара тоғысу процестерi оны пайдаланудың тиiмділiгiн арттыруға алып келуге тиістігімен де өзектi.
Әкiмшiлiк кедергілер және олардың экономиканың көлеңкеге
кетуiне әсерi
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекет жасаған кезде мемлекеттік қызметтердi тұтынушыларда туындайтын әкiмшiлiк кедергi проблемаларын зерделеу жөнiнде зерттеулер жүргіздi.
Жасанды түрде жасалатын кедергілердiң пайда болуы, бiрiншi кезекте, мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiн регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк-құқықтық базаның жетiлмеуiмен негiзделген. Заңдар мен заңи кесiмдердiң едәуiр бөлiгі ведомстволық өзгешелiгiмен, күрделiлiгiмен ерекшеленедi және нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң авторларына ғана қолайлы қосымша түсiндiрулердi талап етедi. Бұл, әсiресе лицензиялау, сертификаттау және стандарттау, салық салу және т.б. процестерде кәсiпкерлердiң мемлекеттiк органдармен өзара әрекет етуi кезiнде көрiнедi.
Жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау саласында коммуналдық қызметтер көрсететiн табиғи монополиялармен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда өздерiнiң заңды құқықтарын қорғау кезiнде кәсiпкерлер мен өңiрлердiң халқы айтарлықтай қиындық шегедi.
Қызметтер көрсеткен кезде қызметтiк жағдайын бопсалау нысанында терiс пайдалану көптеген органдардың қызметкерлерiне тән. Тұтынушылардың пiкiрi бойынша, бұл әсiресе, фискалдық органдарда (салық және кеден қызметтерi), әкiмдiктер мен өрттен қорғау қызметкерлерi арасында көп кездеседi. Әкiмдiктердiң қызметкерлерi үшiн әсiресе, кәсiпорындарды қайырымдылық, сондай-ақ бизнеске тән емес басқа да төлемақылар жасауға мәжбүрлеу тән.
Қажет болған жағдайда мемлекеттiк қызметшiлердiң iс-әрекетiмен дауласу мүмкiндiгінiң болмауына байланысты халық пен кәсiпкерлер жойылуы қиын кедергiлерге тап болады. Сұралғандар санының тек 4%-ы ғана қызметтердi алмағаны үшiн және тек 1,5%-ы ғана шенеунiктер тарапынан өздерiне дұрыс көңiл бөлiнбегенi үшiн шағым берген фактiсi бұл туралы жанама айғақтайды. Iстiң жай-күйiн жақсартуға бағытталған Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң қабылдануы әзiрге тиiстi нәтиже берген жоқ. Қызметтердi тұтынушылардың мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекет жасаған кездегі негізгi қиындықтары 1-суретте көрсетiлген.
Кәсiпкерлер мен халықтың пiкiрi бойынша мемлекеттiк қызмет өкiлдерiнiң талаптары көбiнесе субъективтi сипатта болады. Бұл олардың маңызын айқындауы тиiс нұсқаулықтар мен нормативтердiң жетiлмегендiгінен болады. Бұл ретте тұтынушының жоғарыда аталған органдардың қызметiн, олардың өкiлеттiгі мен жауапкершілігін, мемлекеттiк органдардың да, тұтынушылардың да құқықтары мен мiндеттерiн регламенттейтiн тиiстi ережелермен, нормативтермен, нұсқаулықтармен және басқа да құжаттармен танысуға мүмкiндiгi жоқ.
1-сурет
Атқарушы органдармен өзара іс-әрекет жасаған кездегі негізгі
қиындықтар
(Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Көзi: "Экономикалық зерттеулер институты" РМК-ның сауалнамалық зерттеу материалдары
Бұл проблема Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тұрақты әрi қатаң қадағалауында екенiн атап өткен жөн. Оны шешу үшiн қазiргі уақытта микродеңгейдегi нақты жағдайларға бейiмделуi тиiс белгiлi бiр институционалдық-құқықтық негіз құрылған. Әкiмшiлiк кедергiлердi, соның iшiнде жасанды түрде жасалатын кедергiлердi жоюға ерекше назар аударылады.
Көлеңкелi экономиканың мөлшерiн есепке алу мен бағалау
жүйесiнің жетiлмеуі
Елдегі көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаудың сапасы экономиканың дамуы, статистикалық есептілік саласында бiр жыл iшiнде анықталған бұзушылықтар, жасырын өндiрiстер, өнiм мен кiрiстiң бiр бөлiгін жасыру фактілерi, оның сапасы мен даму көрсеткiштерiнiң логикалық байланысы туралы толыққанды әрi объективтi ақпараттың болуына тәуелдi.
Халықаралық практиканы зерделеу көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалау әртүрлi тәсiлдер арқылы жүзеге асырылатынын көрсетті, мыналар оның негiзгілерi болып табылады:
1) өткен кезеңмен салыстырғанда ресми тiркелген субъектiлердiң ресми статистикалық есептілікті табыс етпеуi салдарынан көлеңкелi экономикалық қатынастарды бөлiп көрсету негiзгi өлшем болып табылатын есептiк-статистикалық тәсіл;
2) көлеңкелi экономикалық құбылыстарды олардың нормативтiк реттеу жүйесiне қатысы бойынша бөлiп көрсету негiзгi өлшем болып табылатын формальды-құқықтық тәсiл.
Мыналар: экономикалық ақпаратты ашық бақылау әдiстерi арқылы алудың мүмкiн еместігі, жасырын өндiрiс және кәсiпорындардың ресми тiркелуден жалтаруы, мәмiлелердi мемлекеттік тiркеудiң болмауы, экономикалық агенттердiң ережелер мен заңдарға бағынбайтын немесе қандай да бiр түрде мемлекеттiк басқару және бақылау органдарынан жасырылған қызметi бұл тәсiлдiң айрықша ерекшелігі болып табылады;
3) алғашқы екi тәсiлдiң өлшемдерi бiрiктiрiлген кешендi тәсiл.
Кешендi тәсiл мынадай зерттеу әдiстерiн жүргiзудi талап етедi:
Микроәдiстер (тiкелей әдiстер): халыққа және сарапшыларға сұрау жүргiзу; iрiктеп зерттеулер; салық кiтаптарындағы жазбаларды талдау; мемлекеттiк бақылау деректерi;
Макроәдістер (жанама әдiстер): алшақтықтар әдiсi: өзара байланысты көрсеткiштердi салыстыру; жұмыспен қамту көрсеткiштерi жөнiндегi әдiс: жұмыс уақытының шығындарын зерделеу; монетарлық әдiс: қолма-қол ақшаға сұранысты талдау; құрылымдық әдiс: экономика салалары бойынша талдау; нақты шығындар әдiсi: электр энергиясын тұтынуды және өнiм шығару көлемiн салыстыру.
Қазақстандағы көлеңкелi экономиканың ауқымын бағалау практикасында көлеңкелi экономиканың ауқымы туралы толық ақпарат бермейтiн есептiк-статистикалық тәсiл ғана пайдаланылады, бұл көлеңкелi экономикаға қарсы, әсiресе жасырын өндiрiстiк қызмет пен ресми тiркелген кәсiпорындарда кiрiстiң бiр бөлiгiн әдейi жасыру саласындағы күрес жөнiнде тиiмдi шараларды тұжырымдауға мүмкiндiк бермейдi.
Бұдан басқа, есепке алу сапасы өндiрiс және өндiрiстiк мұқтаждарға электр энергиясын тұтыну серпiнi жөнiндегi деректердi салыстыру сияқты көрсеткiштер бойынша жанама талдаудың өзiн жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
Төменде келтiрiлген диаграммада өнеркәсiптiк өндiрiс пен өндiрiстiк мұқтаждарға электр энергиясын тұтынудың өсу қарқынының логикалық сәйкессiздігі көрсетiлген. Экономикалық теория бойынша өндiрiстiң жоғары өсу қарқыны электр энергиясын тұтынудың бара бар дерлiк өсуiмен сүйемелденуге тиiс. Шетелдер практикасында экономикалық өсу қарқынын электр энергиясын тұтынумен логикалық салыстыру қолданылады. Егер диаграммада келтiрiлген логиканы ұстанатын болсақ, онда өнеркәсiптегi өнiм өндiрудiң өсуi қол еңбегін пайдалану жолымен қамтамасыз етiлген.
2000-2004 жылдарда өнеркәсiптiк өнiм өндiру және электр
энергиясын тұтыну серпiнi, өткен жылға %-бен
(Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Көзi: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Қызмет салалары мен түрлерi бөлiнiсiндегі елдiң энергиялық теңгерiмi бойынша электр энергиясын тұтыну жөнiндегi деректер көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалауды жүргiзуге және оны қысқарту жөнiндегi тиiмдi шараларды тұжырымдауға мүмкiндiк бермейдi.
Салық салу жүйесi
Халықаралық практикада түскен салықтар сомасының елдiң жалпы iшке өнiмiне қатынасы экономиканың салықтық жүктемесiн көрсететiн негiзгi өлшем деп есептеу қабылданған. Бұл көрсеткiш мемлекет өз функцияларын iске асыру үшiн елде өндiрiлген жалпы кiрiстiң қандай бөлiгiн пайдаланатынын айқын көрсетедi. Дамыған экономика үшiн оңтайлы сома шамамен ЖIӨ-нiң 35%-ын құрайды. Экономикалық өсудiң жоғары қарқыны мен елге тiкелей инвестициялар ағыны саясатын басымдық ретiнде алға қойған елдер үшiн салықтық жүктеме едәуiр төмен және 20%-дан 26%-ға дейiнгі аралықта ауытқиды.
"Қазақстан - 2030" даму стратегиясының басты экономикалық басымдылығы елге тiкелей шетелдiк инвестициялар мен технологияларды тарту есебiнен экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз ету болып табылады. Осының нәтижесiнде Салық кодексiн қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттік шығындардың жоғары тиiмдiлігін қамтамасыз етудi өзiнiң фискалдық саясатының басты басымдылығы ретiнде айқындады, бұл дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн салық салу ставкасын белгiлеуге мүмкiндiк бердi.
2004 жылғы салықтық жүктеменiң деңгейi басқа елдермен
салыстырғандағы ЖIӨ-ге %-бен мөлшерi
Салық- |
Жеке |
Пайда салығы |
Әлеуметтiк сақтанды- |
Тауар- |
|||
барлы- |
жұмыс- |
жұмыс |
|||||
Қазақстан |
21,4* |
1,8 |
6,9 |
3,0 |
0 |
3,0 |
7,8 |
Ресей |
34,2 |
3,3 |
4,3 |
7,5 |
0 |
7,5 |
12,8 |
АҚШ |
28,9 |
11,8 |
2,4 |
6,6 |
3 |
3,5 |
4,7 |
Ұлыбрита- |
36,3 |
10,5 |
3,8 |
6,2 |
2,6 |
3,5 |
11,7 |
Германия |
37,7 |
9,5 |
1,8 |
13,8 |
6,5 |
7,3 |
10,6 |
Франция |
45,8 |
8,1 |
2,9 |
15,5 |
4 |
11,5 |
12,3 |
Италия |
43,3 |
11,4 |
3,3 |
11 |
2,4 |
8,7 |
11,9 |
Канада |
38,2 |
14,6 |
3,7 |
5,1 |
2 |
3,1 |
9,4 |
Жапония |
26,2 |
4,8 |
3,4 |
8,8 |
3,8 |
5,0 |
5,3 |
Венгрия |
39,2 |
6,8 |
2,3 |
12,9 |
2,2 |
10,7 |
15,8 |
Словакия |
35,3 |
4,4 |
2,8 |
11,5 |
2,8 |
8,7 |
12 |
Польша |
35,2 |
8,1 |
2,6 |
9,9 |
0 |
9,9 |
13,2 |
Чехия |
40,4 |
5,2 |
3,8 |
15,2 |
4 |
11,3 |
13,1 |
ЭЫДҰ елдері |
41,6 |
10,9 |
3,7 |
9,2 |
3 |
6,2 |
13,2 |
Еуроаймақ |
37,3 |
9,5 |
3,2 |
8,9 |
3,1 |
5,8 |
11,3 |
Көзi: Еуростат, ХВҚ, Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі
* - Ұлттық қор ескерiлмеген
Өндiрiстiк қызметтiң тиiмдiлігін айқындау өлшемi салалар мен қызмет түрлері рентабельдiлiгiнiң көрсеткiшi болып табылады. Бұл өлшемнiң ерекшелiгi оның нақты ел кәсiпорындарының орташа техникалық және ұйымдық деңгейiне бейімделгенінде. Бұл көрсеткіш экономиканың қандай да бiр саласы қаншалықты тиiмдi жұмыс істейтiнiн және оның салықтарды төлеу қабiлетiн көрсетедi.
Салалар бөлiнiсiндегi рентабельдiлiктің деңгейiн 2003 жылғы талдау тұтастай экономика бойынша оның деңгейi (19,7%) экономиканың дамуына және салық төлеуге мүмкiндiк беретiнiн көрсетедi. Кейбiр салаларда, әсiресе табыстарды жымқыруға неғұрлым қолайлы жағдайлары бар жерлерде, сондай-ақ табиғи монополиялар жұмыс iстейтiн салаларда оның деңгейi не жоғары емес не терiс.
Электр энергиясын, газ бен суды өндiру және бөлу саласында, сондай-ақ коммуналдық шаруашылықта рентабельділіктiң терiс мөлшерi табиғи монополияларға халықтың және үй қожалықтарының бір бөлiгiнiң төлем қабiлеттiлігінiң қолданыстағы мүмкiндіктеріне есептелген тарифтердi белгiлеу (тұтынушылардың санаттарына қарай тарифтердi күрт сараландыру), ескiрген технологиялар мен жабдықты пайдалану және қолдану, сондай-ақ бөлу тұтынушыларға (тұрғындар мен ұйымдарға) дейiн жеткiзу кезiндегі едәуiр шығындар салдарынан болады.
2004 жылғы негізгі қызметтен алынған рентабельділік және
қызмет түрлері бойынша өндіріс рентабельділігі
Негiзгі қызметтен алынған рентабель- |
Өндiрiс рентабел- |
|
Барлығы |
23,1 |
25,7 |
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы |
0,2 |
1,7 |
Өнеркәсiп |
40,3 |
41,6 |
тау-кен өнеркәсібі |
67,2 |
67,5 |
өңдеу өнеркәсібi |
21,3 |
22,8 |
электр энергиясын, газ бен суды |
-2,8 |
2,6 |
Құрылыс |
2,6 |
3,4 |
Сауда-саттық, автомобильдерді, тұрмыс бұйымдары мен жеке қолданатын заттарды жөндеу |
2,7 |
4,9 |
Қонақүйлер мен мейрамханалар |
6,7 |
19,1 |
Көлік және байланыс |
10,5 |
18,9 |
Қаржылық қызмет |
1,7 |
11,2 |
Жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызмет көрсету |
6,7 |
8,3 |
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету |
2,0 |
5,4 |
Көзi: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және төлем
карточкаларын қабылдау желілері дамуының әлсіз деңгейі
Соңғы жылдары Қазақстандағы экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар айналыстағы ақша көлемінің ұлғаюына да ықпал етті.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ақша массасы 70%-ға өсті және 1650 млрд. теңгені құрады.
Көрсеткіштер |
2002 |
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
ЖІӨ, млрд. теңге |
3776 |
4612 |
5542 |
||
нақты өзгеру |
109,8 |
109,3 |
109,4 |
||
Ақша базасы, |
208 |
317 |
578 |
152,4 |
182,3 |
Ақша массасы, |
765 |
972 |
1650 |
127,1 |
169,8 |
Ақша айналысының жылдамдығы |
4,9 |
4,7 |
2,9 |
95,9 |
70,2 |
Тұтыну бағаларының индексі, жылына орта есеппен %-бен |
5,9 |
6,4 |
6,9 |
||
Нақты жалақы, өткен жылға %-бен (шағын кәсіпорындарды ескере отырып) |
110,9 |
107 |
114,6 |
||
Орташа зейнетақы мөлшерi, теңге |
5818 |
8198 |
8553 |
140,9 |
104,3 |
2003 жылы ақша массасының құрылымында айналыстағы қолма-қол ақшаның үлесі 21,1%-дан 24,5%-ға өсті, бірақ 2004 жылы 1,5 пунктке азайды да 23%-ды құрады.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы айналыстағы қолма-қол ақша көлемi 59%-ға ұлғайды.
Бұл ретте, 2004 жылы аударылатын және басқа да депозиттердің үлесi керісiнше 1,5 пунктке ұлғайды және ақша массасының 77%-ын құрады.
Ақша агрегаттарының 2004 жылғы жай-күйi*
Атауы |
2002 жыл |
2003 жыл |
2004 жыл |
2003 |
2004 |
|||
млрд.теңге |
үлес |
млрд.теңге |
үлес |
млрд. |
үлес |
|||
Ақша базасы |
208,2 |
100 |
317 |
100 |
577,8 |
100 |
152,3 |
182,3 |
ҚҰБ-тан тыс қолма-қол ақша |
177,9 |
85,4 |
262,1 |
82,7 |
410,9 |
71,1 |
147,3 |
156,8 |
ақша базасына енгiзiлетiн депозиттер |
30,3 |
14,6 |
54,9 |
17,3 |
166,9 |
28,9 |
181,2 |
3 есе |
Ақша массасы (М3) |
765 |
100 |
971,7 |
100 |
1650,1 |
100 |
127,0 |
169,8 |
айналыстағы қолма-қол ақша, млрд. теңге (М0) |
161,7 |
21,1 |
238,5 |
24,5 |
1270,8 |
23 |
147,5 |
159 |
резиденттер- |
603,3 |
78,9 |
733,2 |
75,5 |
1270,8 |
77 |
121,5 |
173,3 |
Айналыстағы қолма-қол ақша серпінін салыстырмалы талдау 2004 жылғы үрдіс 2002-2003 жылдары болғанын көрсетеді.
2004 жылы айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 59%-ға немесе 140,8 млрд. теңгеге, ал 2003 жылы 47,5 пайызға және тиiсiнше 76,8 млрд. теңгеге ұлғайды.
2002-2004 жылдары айналыстағы ақшаның өсуiне шығыстардың ұлғаюы мен тұтастай экономиканың өсуi ықпал еттi.
2002-2004 жылдардағы түсімдер және екiншi деңгейдегі
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың кассаларынан қолма-қол ақша беру
млрд.теңге
Банктердiң кассалары арқылы өтетiн қолма-қол ақша ағыны |
2002 жыл |
2003 жыл |
2004 жыл |
Кассаларға кiрiс |
1662,9 |
2279,1 |
3138,0 |
тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткiзуден түсетiн |
563,2 |
744 |
959,7 |
коммуналдық төлемдерден түсетiн |
52,9 |
59,3 |
67,8 |
көлiк кәсіпорындарынан түсетiн |
31,8 |
31,5 |
41,6 |
байланыс кәсiпорындарынан түсетін |
32,6 |
45,7 |
60,9 |
қонақүй, ойын және шоу бизнесi кәсiпорындарынан түсетiн |
3,3 |
3,2 |
4,5 |
сақтандыру ұйымдарынан түсетiн |
0,6 |
2,3 |
2,4 |
шетел валютасын сатудан түсетін |
475,7 |
572,9 |
691 |
жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттарға түсетiн |
117 |
173,5 |
345,7 |
салықтар, алымдар және кедендiк төлемдер түсiмдерi |
41 |
51 |
74,7 |
қарыздарды өтеу |
19,2 |
31,5 |
52,8 |
банкоматтардан алынған |
54,4 |
62,3 |
90,5 |
өзге де түсiмдер |
271,2 |
501,8 |
746,4 |
Кассалардан беру |
1652,4 |
2339,1 |
3350,6 |
тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге |
398,7 |
543,6 |
728,7 |
еңбекке ақы төлеуге |
217,6 |
227,7 |
263,6 |
ауыл шаруашылығы өнiмдерiне ақы төлеуге |
103,6 |
120,1 |
88,3 |
көлiк пен байланыс кәсiпорындарына |
3,7 |
7,6 |
3,1 |
сақтандыру ұйымдарына |
0,5 |
0,6 |
0,5 |
шетел валютасын сатып алуға |
162,4 |
254,7 |
346,4 |
жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан |
209,6 |
290,6 |
517 |
жеке және заңды тұлғаларға қарыздардан |
6,6 |
13,1 |
33,1 |
зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге |
124,5 |
138,3 |
198,4 |
банкоматтарды нығайтуға |
214,1 |
320,8 |
459,5 |
өзге де берулер |
211,1 |
421,9 |
712,0 |
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы Қазақстан Республикасының екiнші деңгейдегі банктерiнiң және есеп айырысу операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарының қолма-қол ақша айналымы 40,4%-ға өсiп (2002 жылмен салыстырғанда екi есе дерлiк - 95,5%-ға өстi), шамамен 6483 млрд. теңгенi құрады.
Екiншi деңгейдегi банктердiң және есеп айырысу-касса операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларынан қолма-қол ақша беру көлемi 2004 жылы олардың кiрiсiнен 212,6 млрд. теңгеге асып түстi және 3350,6 млрд. теңгенi құрады, бұл 2003 жылдың деңгейiнен 43,2%-ға жоғары.
2004 жылы кассалардан қолма-қол ақша берудiң ең жоғарғы өсуi тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу бойынша байқалды, көрсетілген кезеңде олардың көлемi 728,7 млрд. теңгенi құрады, бұл 2003 жылдың деңгейiнен 34,1%-ға немесе 185,1 млрд. теңгеге жоғары. Осы бап бойынша шығыстардың осылай өсуi 2002 - 2003 жылдары байқалды (бұл бекiту шындыққа сәйкес келмейдi, өйткенi 2003 жылы өсу 36,3% немесе 144,9 млрд. теңгенi құрады, бұл 2004 жылдағы саннан ерекшеленедi, яғни оларға ұқсамайды).
Банкоматтарды нығайтуды ескере отырып жалақы беру көлемi шамамен 723 млрд. теңгенi (үлесi - 21,6%) құрады, қазiргі уақытта жалақы ағымдағы шот бойынша ғана емес, банкоматтардан да берiлетiнiне байланысты бұл сома екi бапты (кесте бойынша) бiрiктiру арқылы алынды. 2002-2004 жылдары бұл көрсеткiштiң өсуi байқалды, мысалы, 2003 жылмен салыстырғанда өткен 2004 жылы ол 31,8%-ға, ал 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы 27,1%-ға ұлғайды.
Өткен 2004 жылы екiншi деңгейдегi банктердiң және есеп айырысу-касса операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларынан 198,4 млрд. теңге сомасына зейнетақылар мен жәрдемақылар төлендi, бұл есеп айырысу-касса бөлiмдері 2004 жылы берген барлық қолма-қол ақшаның шамамен 5,9%-ын құрады.
Берулердің жалпы өсiмiне банктер кассаларының қолма-қол ақша шығысы баптарының қатысу дәрежесiн есептеу мынадай нәтижелердi көрсеттi.
2003-2004 жылдары екiншi деңгейдегi банктер және банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар
кассаларының шығыс бөлiгiнiң жалпы өсiмiне қолма-қол ақша
беру баптарының үлесi
Факторлар |
2003 жыл |
2004 жыл |
Барлық өсім |
141,6 |
143,2 |
тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге берудің өсімі |
8,8 |
7,9 |
банкоматтарды нығайтуды ескере отырып еңбекке ақы төлеуге берудiң және жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан берудің өсімі |
12 |
17,1 |
шетелдік валютаны сатып алуға берудiң өсiмі |
5,6 |
3,9 |
зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге берудiң өсiмі |
0,8 |
2,6 |
жеке және заңды тұлғаларға қарыз берудiң өсiмi |
0,4 |
0,9 |
ауыл шаруашылығы өнiмдерiне ақы төлеуге берудің өсiмi |
1 |
-1,4 |
көлiк және байланыс кәсiпорындарына берудiң өсiмi |
0,2 |
-0,2 |
сақтандыру ұйымдарына берудің өсiмi |
0,01 |
-0,002 |
өзге де төлемдердiң өсiмi |
12,8 |
12,4 |
2004 жылы банктердің кассаларынан берілген қолма-қол ақшаның жиынтық шығыстарының 43,2% өсiмiнiң 17,1%-ы банкоматтарды нығайтуды ескере отырып, еңбекке ақы төлеуге берудiң және жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан берудiң өсуiмен негізделген.
Ұлттық Банктен тыс қолма-қол ақшаның өсуіне ықпал еткен басқа факторлар тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге берудiң өсуі (7,9%), шетелдік валютаны сатып алуға берудiң өсуi (3,9%), зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге берудiң өсуi (2,6%) болып табылады және 12,4%-i өзге төлемдерге келедi.
Қалған факторлар банктердің кассаларынан берiлген қолма-қол ақшаның өсуiне ықпал еткен жоқ, өйткенi, олардың көлемi өткен жылдардағыдай деңгейде болды және төмендедi.
2003 жылы банктердiң кассаларынан берілген қолма-қол ақшаның жиынтық шығыстарының 41,6% өсiмi 2004 жылы да орын алған факторлардың өсуi:
банкоматтарды нығайтуды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан берудi ескере отырып, еңбекке ақы төлеуге берудiң 12% өсуі;
тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстардың 8,8% ұлғаюы;
шетелдiк валютаны сатып алуға берудiң 5,6% өсуі;
өзге төлемдердiң 12,8% өсуі;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiне ақы төлеуге арналған шығыстардың 1% ұлғаюы;
зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудің 0,8% өсуі салдарынан болды.
Жоғарыда келтiрілген есептердiң негiзiнде 2003-2004 жылдары екіншi деңгейдегі банктердiң және есеп айырысу операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларынан берiлген шығыстардың өсуі негізiнен, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi жалақысының, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдердiң, сондай-ақ тұтастай кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң іскерлік белсендiлігінiң ұлғаюы нәтижесiнде болғандығын атап өту қажет.
Қазiргі жағдайларда Қазақстанда экономикалық қызмет субъектілерiне төлем құралдарын кеңiнен ауқымын таңдауға мүмкiндiк беріледі. Олардың орындалу мерзiмдерi, банк қызметтерінің құны жағынан және нақты шаруашылық операцияларын ескере отырып өздерiнiң сұраныстарына барынша сай келетiн құралды таңдау мүмкіндігі бap. Тұтастай алғанда, республикада түрлi төлем құралдарын пайдаланудың жыл сайын ұлғайып бара жатқаны байқалады.
Дегенмен, тұтыну мәмілелері саласындағы қолма-қол емес есеп айырысулардың жай-күйін талдау оның даму деңгейi әлемдiк көpсеткiштерден әлдеқайда төмен екендiгін көрсетті. Осы салада қолма-қол төлем нысандары кеңінен қолданылатыны байқалып отыр. Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемiндегi қолма-қол емес есеп айырысулардың үлес салмағының төмен болуы (3%-дан аспайды) осы саладағы төлемдердiң негiзгi массасы банк жүйесiнен тыс жүзеге асырылатын жағдайға әкеп тiрейдi, бұл ақша айналысын басқару проблемасын күрделендiредi және көлеңкелi экономиканың өсуiне ықпал етедi.
Қолма-қол айналым үстем рыноктарда ақша ағынын iс жүзiнде қадағалау және бақылау мүмкiн емес.
Елдiң ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесiнiң салыстырмалы түрде мол болуы (23%) негізiнен қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсетiлетiн көлеңкелi экономика Қазақстанда таралып отырғанын айғақтайды. Екiншi жағынан, бұл көрсеткiштi Қазақстанда қолма-қол ақша айналымы басым бөлшек сауда айналымында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын қолма-қол емес төлемдер әзiрге жете дами қоймағандығымен түсiндiруге болады.
Қазақстан Республикасында қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналымының сандық арақатынасына көптеген факторлар, тiптi халық менталитетiнiң ерекшелiктерi де әсер етедi. Бүгінде халық төлем карточкасына төлемдердi жүзеге асыру үшiн ыңғайлы төлем құралы ретiнде қарамайды және бұл құралдың мүмкiндiктерiн түсiнбейдi. Практика көрсеткендей, төлем карточкаларын ұстаушылар өздерiнiң карт-шоттарына жалақы (зейнетақы немесе басқа да аударымдар) есептелгеннен кейiн оны тез арада қолма-қол ақшаға айналдыруға тырысады. Сонымен қатар, Қазақстанда санаулы ғана сауда және сервис кәсiпорындары тауарлар мен қызметтерге қолма қол емес ақы төлеу үшiн төлем карточкаларын қабылдайды, оның үстiне олардың басым бөлiгін ауқатты клиенттерге бағдарланған iрi сауда ұйымдары құрайды. Республикада төлем карточкаларын қабылдаудың дамыған желiсiнiң болмауы оларды қызметтер мен бөлшек сауда саласында қолма-қол емес төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдалану мүмкiндiгiн бiршама шектейдi.
Дегенмен, Қазақстанда төлем карточкалары базасында төлем жүйелерiнiң дамуында бiрқатар оң үрдiстер байқалуда. Соңғы уақытта қолма-қол ақша алу жөнiндегi операциялардың өсуiмен салыстырғанда қолма-қол емес төлемдердiң басып оза өсуi байқалып отыр. Мысалы, 2005 жылдың бiрiншi жарты жылдығында төлем карточкалары пайдаланылған қолма-қол емес төлемдер саны 29 млрд. теңге сомасына 2,4 млн. транзакцияны құрады, 2004 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда тиiсiнше 3,2 есе және 3,1 есе өстi. 2005 жылдың бiрiншi жарты жылдығында қолма-қол ақша алу жөнiндегi операциялар саны 351,6 млрд. теңге сомасына 20,4 млн. транзакцияны құрады, бұл ретте, 2004 жылдың бiрiншi жарты жылдығымен салыстырғанда өсу сан жағынан 30,1%-ды және сомасы жағынан 49%-ды құрады.
Бүгінгі таңда Республикада орта есеппен 5 адамға бiр төлем карточкасынан келедi. 2005 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша айналыста 276 млн. төлем карточкасы бар, ал төлем карточкаларын ұстаушылар саны 2,63 млн. адамды құрады.
2005 жылдың бiрiншi жарты жылдығында қазақстандық эмитенттердiң төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізiлген транзакцияларының көлемi 380,6 млрд. теңгенi құрады.
Сондай-ақ, қызмет көрсетiлетін төлем карточкалары желiсiнiң одан әрi кеңеюi байқалып отыр. 2005 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Қазақстанда ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 2387 сауда кәсіпорны жұмыс iстейді. Бұл ретте, 2005 жылғы 1 шiлдедегі жағдай бойынша банкоматтар саны 1432 бiрлiктi, сауда терминалдарының саны 5152 бiрлiкті ал импринтерлер саны 1414 бiрлiктi құрады.
Әлемдiк үрдістерді ескере отырып, түрлi инновациялық төлем құралдарын енгiзу перспективаларын нақты бағалай келiп, төлем карточкаларын төлем құралы ретiнде пайдалануды одан әрі кеңейту есебінен бөлшек сауда айналымындағы қолма-қол емес төлемдер үлесiн ұлғайтуда маңызды iлгерiлеудi қамтамасыз етуге болады деген тұжырым жасауға болады.
Параграф 3. Қорытындылар
Экономикалық өсудiң жоғарғы қарқыны экономиканың формальды емес секторындағы iстердiң жай-күйін айтарлықтай жақсартты деуге болады, бiрақ көлеңкеге кетуге түрткi болатын себептер әлі де бар.
Себептердi ранжирлеу және Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканы қысқарту жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын тұжырымдау мақсатында көлеңкелі экономиканы ынталандырушы себептердiң әр блогының рейтингі айқындалды (10 баллдық жүйе бойынша, бұл ретте 10 балл неғұрлым өткiр, ал 0 балл мардымсыз себептердi көрсетедi).
Көлеңкелi экономиканы ынталандырушы себептер блоктары және
олардың маңыздылық рейтингтерi
Себептер блогының атауы |
Себептер маңыздылы- |
Экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейi |
9 |
Бизнестi ашу және жүргiзу рәсiмдерiнiң реттелмелiгi, бұл сыбайлас жемқорлықты туындатады |
8 |
Мемлекеттiк органдар арасында ақпарат алмасу арқылы көлеңкелі экономика мөлшерiн бағалау әдістерінің жетiлмеуi |
7 |
Әкiмшiлендiру және экономикалық қылмысқа қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткiлiктi дамымауы |
6 |
Кiрiстің мемлекет пен қалған экономика арасында бөлiнуiн регламенттейтiн заңнаманың жетілмеуі, сондай-ақ жоғары кедендік тарифтер |
5 |
Қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және төлем карточкаларын қабылдау желiсін дамытудың төменгі деңгейi |
4 |
Осылайша, қазақстандық экономиканың соңғы төрт жылдағы дамуының жоғары қарқынына қарамастан, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң оның ауқымын қысқарту жөнiндегi 2010 жылға дейінгі жұмысының басты бағыты:
экономикалық дамудың жоғары қарқыны және халықтың әл-ауқатын арттыру үшiн жағдайлар жасау;
әкiмшiлiк басқару жүйесін жетiлдiру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
көлеңкелі экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың осы проблема бойынша ақпарат алмасу саласында өзара іс-қимыл жасауы;
салықтар мен төлемдер жинау, экономикадағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерiмен айналысатын органдардың материалдық базасын одан әрі нығайту;
банк карточкалары арқылы тауарлар мен қызметтер үшiн электронды есеп айырысу жүйесiн одан әрi жаппай енгiзу және қолма-қол ақшасыз айналым жүйесiнде жеке және заңды тұлғалар үшiн тартымды жағдайлар жасау болуға тиiс.
Осымен бір мезгiлде кiрiстерді мемлекет пен қалған экономика арасында бөлу тетiктерi жетілдiрiлуге тиiс.
6. Көлеңкелі экономика мөлшерін қысқартудың мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның 2010 жылға дейiнгі кезеңге арналған негiзгі мақсаты кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiн мемлекеттiк реттеу мен бақылаудың экономикалық, заңнамалық және әкiмшiлiк әдiстерiн жетiлдiру жолымен экономиканың көлеңкеге кету себептерiн азайту жөнiнде жағдайлар жасау және елдегi бақыланбайтын экономиканың мөлшерiн қысқарту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшiн мынадай міндеттерді шешу көзделiп отыр:
экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру;
кәсiпкерлiкті дамыту жолындағы негізсiз кедергiлердi алып тастауға және сыбайлас жемқорлықты қысқартуға бағытталған әкімшілік реформа жүргізу;
мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу жолымен көлеңкелі экономиканың мөлшерiн бағалау әдістерiн жетiлдiрудi қамтамасыз ету;
бюджетке салықтар мен төлемдердi жинаумен, экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын органдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейiн көтеру;
кiрiстердi мемлекет пен қалған экономика арасында бөлу жүйесін жетілдiру жөніндегi жұмысты жалғастыру;
экономиканың қолма-қол ақы төлеу нысаны басым салаларында көлеңкелі айналымды қысқарту және өзара есеп айырысудың өркениеттi нысандарына көшу.
7. Мемлекеттiк саясаттың көлеңкелi экономиканың
мөлшерiн қысқартуды қамтамасыз ететін мiндеттердi
шешу жөнiндегi негiзгi бағыттары
Параграф 1. Экономиканың даму деңгейiн және халықтың
әл-ауқатын арттыру
Экономиканың дамуы деңгейі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұзақ мерзiмдi кешендi экономикалық және әлеуметтiк саясат Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығымен бекітiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудің мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы сияқты елдiң басты бағдарламалық құжаттарында айқындалған.
Бұл құжаттарды орындау Әлеуметтік-экономикалық дамудың және Фискалдық саясаттың орта мерзiмдi жоспарларын іске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарларының 2010 жылға дейiнгі кезеңге арналған негiзгi мiндеттері:
1) макроэкономикалық саясат саласында:
2004-2010 жылдары экономиканың кемінде 8% орташа жылдық даму қарқынын қамтамасыз ету;
халық кiрiстерiнiң жылына кемiнде 6% нақты өсуiн қамтамасыз ету;
орташа жылдық инфляция деңгейiн 10%-дан аспайтын деңгейде қамтамасыз ету;
теңгенің бәсекеге қабілетті нақты айырбас бағамын қамтамасыз ету;
елдің төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
негiзгi капиталдың жалпы жинақтау нормасын 30%-дан аспайтын деңгейде қамтамасыз ету.
2) экономиканың бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру саласында:
еңбек өнiмдiлігін өсiру және материалдар мен энергияның үлес шығыстарын азайту есебiнен тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайту үшiн ынталандырушы жағдайлар жасау;
экономиканың өндiрiстiк құрылымын әртараптандыру үшiн ынталандырушы жағдайлар жасау;
инновацияларды дамыту есебiнен қазақстандық экономиканың бәсекелiк артықшылықтарын қамтамасыз ету;
жалақының өсуiмен салыстырғанда еңбек өнiмдiлігінiң басып озуын қамтамасыз ету;
ауылдық кредиттік серiктестiктердi одан әрi дамыту жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
ауылдық жерлердегi өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ұйымдастыру нысандарын дамыту;
аутсорсингтi кеңiнен енгiзу немесе өндiрiстік кооперацияны дамыту үшiн жағдайлар мен ынталандырулар жасау;
микрокредит беру жүйесiн дамыту болуға тиiс.
3) халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтiк саланы дамыту саласында:
кедейшiлiк коэффициентiн 16,1%-дан 2010 жылы 12%-ға дейiн қысқарту үшiн жағдайлар жасау;
2004 жылмен салыстырғанда зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақылардың орташа жылдық мөлшерiнің жылына кемiнде 4 % нақты өсуiн қамтамасыз ету;
ең төменгi жалақы мен базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң негізiнде айқындау;
еңбекке қабiлеттi халықтың үй шаруашылығы қызметi саласынан өндiрiстi ұйымдастырудың неғұрлым жоғарғы нысанына көшуi үшiн ынталандырушы жағдайлар жасау;
халықты өндiрiстiк кооперативтерге, серiктестiктерге, шаруа қожалықтарына, қызметтер көрсету жөнiндегi бюроға және т.б. бiрiктiру мақсатында оларға топтық микрокредиттер берудi қолдану саласын кеңейту;
кәсiби жұмысшы кадрларды экономиканың өскелең қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн мөлшерде даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз ету, жұмыссыздарды бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және оларға психологиялық қолдау көрсету үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті органдардың жанынан кәсiптiк бағдар беру және қайта даярлау жөнiндегі жұмысты жандандыру.
Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттерді шешу экономикалық өсу қарқынын сақтауға және ұлғайтуға, халықтың кiрiсiн және жұмыспен қамтылуын арттыруға, экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтерудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, бұл елдегi көлеңкелi экономиканың мөлшерiн азайтуға оң әсерiн тигізедi.
Құрылыстағы көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi негізгi бағыттар мыналар:
1) құрылыс стандарттарын және жол салу мен жол жабындыларын жөндеу жөніндегі стандарттарды (құрылыс жұмыстарының немесе оған жұмсалған шығындардың көлемiн шамадан тыс көбейту, негізсiз алшақтықтарға жол беру) сақтамағаны үшiн құрылысшыларға және бақылаушы органдарға қатысты бақылау мен тәртiптi күшейту (материалдық және қылмыстық жауапкершiлiк жазалары түрiнде);
2) өңiрлер (құрылыс жүретiн жер) үшiн белгiленген түзету коэффициенттерiн ескере отырып, құрылыстың, еңбектi қажетсiнудiң, негізгi құрылыс материалдары шығысының сметалық құнының нормативтiк үлес көрсеткiштерiне сәйкес келетiн негiзгі техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бар жобалар бойынша қуаты (сыйымдылығы, өткiзу қабiлетi) аз мемлекеттiк әлеуметтiк тұрғын үй, мемлекеттiк жалпы білiм беру, денсаулық сақтау және халықтың бұқаралық дене тәрбиесi объектілерiн салуды жүзеге асыру;
3) өнеркәсiптік және азаматтық құрылыс объектiлерiнiң қауiпсiздiгi бойынша мемлекеттiк қадағалауды күшейту.
Сауда саласы статистикалық қадағалаудан және салықтық әкiмшiлендiруден жасырылған өнiмдер мен кiрiстердi қолма-қол ақшаға айналдыру көзi болып табылады.
Еркiн бәсекелестiк жағдайларында елде сауданың әртүрлi нысандары бар: көшедегi; базардағы; ұсақ сауда орындары; мамандандырылған орташа дүкендер, супер- және гипермаркеттер. Көбiнесе, жасырылған экономика көшедегi ұсақ және бөлшек сауда жүйелерiнде көрiнiс бередi, өйткенi бұл құрылымдарды кiрiстердi "жасыру" үшiн пайдалану оңай.
"Қапшықтық сауда" жүйесi сауда саласындағы көлеңкелi экономика құрамының маңызды бөлiгін құрайды, ол жалған және контрафактiлiк өнiм өндiрудiң дәстүрлi түрде дамыған жүйесi бар елдерден сапасы күмән туғызатын тауарларды әкелу мен сатуды, сондай-ақ отандық осыған ұқсас өнiм өндiрушiлердiң өнiмдерiн сатуды қамтиды.
Сауда саласындағы көлеңкелi экономиканы азайту жөнiндегi негiзгi бағыттар мыналар:
Қазақстан Республикасында арнайы бажсыз сауда аймағын құру, ол өндiрiлуi мен сапасы күмән туғызатын тауарлар үшiн шетелдiк сапарлар жасауды орынсыз еткен болар едi;
қоғамда танымал сауда белгiсi бар тауарларды сатудың бәсекеге қабiлетті отандық жүйесiн дамытуды ынталандыру;
тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi институтты нығайту.
Параграф 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесiн және
басқарудың әкiмшiлiк жүйесiн жетiлдiру
Қазiргі уақытта Қазақстан Республикасында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мемлекеттiң экономикалық негiзiн нығайту, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау және сайып келгенде, мемлекеттiк қауiпсiздiктi нығайту арнасында жүргізілiп отыр.
Алайда экономикалық қызметтiң жүзеге асырылуын мемлекеттiк реттеу мәселесi негiзгі проблема болып табылады.
Салықтық әкімшiлендiруді жетілдiру
Көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөніндегі жұмыстың жемiстi болуы көп жағдайда салықтық әкiмшiлендiрудi жетiлдiру жөніндегі шаралардың пәрмендiлiгiне байланысты болады. Бұл бағыттағы iс-шараларды iске асыруға арналған шығындар қаржылық жағынан өтелмейтiн болса да, оларды iске асыру қажет. Бұл жағдайда, халықтың жалпы тәртiптiлiгiнiң артуы ұзақ мерзiмдi перспективада көлеңкелi экономика мөлшерiн қысқартудың ұзақ мерзiмдi және ең тиiмдi тәсiлiне айналады.
Мыналар:
жеке тұлғалардың кiрiстерiн жаппай декларациялауға кезең-кезеңмен көшу;
салық төлеушiлермен жұмыс істейтін бiрыңғай орталықтар салу;
"Акциз" ақпараттық жүйесiн енгiзу;
ақпараттық жүйелер арасында экспорт-импорт операцияларын бақылау жөнiндегi электронды деректермен алмасуды қамтамасыз ету;
желiлiк маркетингпен айналысатын тұлғаларды салықтық әкiмшiлендiрудi күшейту;
салық есептiлігінiң нысандарын оңтайландыру жөнiндегi жұмысты одан әрi жалғастыру салықтық әкiмшiлендiрудi жетiлдiру саласындағы негiзгi iс-шаралар болып табылады.
Кедендiк рәсiмдерден өту процесiн жетiлдiру саласында
Бұл үшiн:
республиканың кеден шекарасында кешендi бақылауды жүзеге асыруға қабiлетті бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн салуды, кеден бекеттерi пункттерiн халықаралық талаптарға сәйкес қайта жаңғыртуды жүзеге асыру;
кедендiк төлемдердi жедел жүргiзу және оларды төлеу тәсiлдерiн оңайлату мақсатында тауарларды Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң шекаралары арқылы алып өту кезiнде микропроцессорлық пластикалық карталарды пайдалану;
тәуекелдердi (тәуекелдер көрсеткiштерi, оларды пайдалану өлшемдерi) бағалау шаралары жүйесiн негізге ала отырып, кедендiк бақылау стратегиясын әзiрлеумен "Электрондық кеден" ақпараттық жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
кеден iсiн жетілдiру және кеден брокерiнiң қызметiн "қосарланған лицензиялауды" жою мақсатында кеден брокерiн лицензиялауды алып тастау;
халықаралық стандарттарға жақындату үшiн кеден iсi саласындағы нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;
кедендік әкiмшілендiрудi жетiлдiру, кедендiк рәсімдердi оңайлата отырып, оларды сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшiн неғұрлым ашық әрi түсiнiкті ете отырып, кедендiк бақылау әдiстерi мен нысандарының тиiмдiлiгін арттыру, бұл өз кезегiнде олар үшiн қолайлы жағдайлар жасайды;
өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiнде шекаралас мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара iс-қимылды жандандыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажет.
Әкiмшілiк заңнаманы және экономикалық қызметтi
жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк
рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру
Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың нормаларын қолдану мазмұны жағынан неғұрлым көлемдi әкiмшілiк кедергілердiң бiрi болып табылады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қабылдау әкiмшiлiк заңнаманы ырықтандыру фактiсi болған жоқ, керiсiнше, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде туындайтын қоғамдық-құқықтық қатынастар жағдайларының барынша қатаюына алып келдi және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жаңа нысандарын туындатты, бұл, сондай-ақ кәсiпкерлерге тәрбиелiк әсер етудiң төмендеуiне әкеп соқты.
Соңғы уақытта кәсiпкерлiкті бақылау-қадағалаулық реттеу жүйесiнде ведомстволық және өңiрлiк деңгейлерде Әкiмшілiк кодекс нормаларын өзгеше түсіндiру және негізсiз жоғарылатылған айыппұл санкцияларын қолдану жағдайлары орын алып отыр.
Республикадағы кәсiпкерлiктiң дамуына кедергi келтiретiн және сыбайлас жемқорлық деңгейiн жоғарылататын мұндай жағдаяттар "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу қажеттiгін негіздейдi.
Құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершiлiк шарасының тиiмділігі мен объективтiлiгін арттыру үшiн әкiмшiлiк басқаруды жетiлдiру жөніндегі жұмыс шеңберiнде әкiмшiлiк заңнаманы және кәсiпкерлiктi мемлекеттік реттеу жүйесiн қайта қарауды жүзеге асыру, бұзушылықтардың түрлерiне қарай айыппұл мөлшерiн бiрдей мөлшерде бөлу қағидаты бойынша дәл ажырату және айқындау қажет.
2005 жылы "Жеке кәсiпкерлiк туралы" заң жобасын қабылдау және сонымен бiр мезгiлде кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі қолданыстағы заңнамалық актiлердi жаңа заңға сәйкес келтiру, сондай-ақ Әкiмшiлiк кодексiнде мынадай ережелердi бекiту және көздеу:
айыппұлдар мөлшерiн (жаза түрлерiн) кәсiпкерлiк субъектілерiнiң шағын, орта және iрi бизнес санатына жататынына, бизнес ауқымына, бұзушылықтардың сипатына және оны жасаған кездегі жағдаяттарға қарай белгілеу;
әкiмшілік айыппұлдар мөлшерiнiң диапазондарын қысқарту;
әрекеттердi (құқық бұзушылықтарды) бiрiншi рет жасаған адамдар үшiн ең төменгі айыппұл мөлшерiн және алғашқы жазаны ecкepту түрiнде белгілеу;
мемлекеттiк органдардың шаруашылық субъектілерiн бақылау-қадағалау қызметi жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны мемлекеттік бақылаушы органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi тек заңнамалық актiлерге сәйкес жүзеге асыруы қағидаты бойынша қайта қарау және жүйелендiру;
бақылау-қадағалау органдарының шаруашылық субъектiлерiне тексерiс белгiлеу негіздемелерiнiң толық тiзбесiн және превентивтiк жазалау шараларының дәйектiлiгін заңнамамен бекiту жоспарланып отыр.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кoдeкcкe бақылау-қадағалау жүйесiн, сондай-ақ шағын, орта және iрi бизнес үшiн айыппұлдар салу және оның мөлшерiн айқындау тәртібiн қайта қарау мен жетiлдiруге қатысты мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу әкiмшiлiк кедергiлердi жоюға, жасалатын бұзушылықтар санын азайтуға және сыбайлас жемқорлықты қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Кәсiпкерлiк үшiн рұқсат беру рәсiмдерi жүйесiн жетiлдiру көлеңкелi экономиканың мөлшерiн азайтудағы маңызды фактор болып табылады.
Бұл ретте, рынок субъектiлерi экономикалық қызметтi жүзеге асыруы үшiн мемлекеттiк реттеу түрлерiн - бiржолғы лицензиялар берудi (рұқсат алудың оңайлатылған рәсiмi), лицензиялауды, мемлекеттiк монополияны, сертификаттауды, стандарттауды, аккредиттеудi айрықша бөлiп көрсеткен жөн.
Мемлекеттік реттеудiң бұл секторында (рұқсат беру жүйесiнде) рұқсат беру рәсiмдерiнiң бұлыңғырлығы, заңнамалық және заңға тәуелдi актілердiң күрделi және кейде шатастырылған нормалары байқалады.
Мемлекеттiк монополия
Мемлекеттiк монополия саласы бүгiнгі таңда 7 заңмен реттеледi, бұл ретте заңнамада бекiтiлген "мемлекеттiк монополия" ұғымын заңнамалық тұрғыдан бекiту болмай отыр. Осы заңнамалық актiлерге сәйкес, мысалы, ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау, жекелеген тауарларды әкету және (немесе) әкелу және т.б. сияқты 8 қызмет түрi ғана мемлекеттiк монополияның айрықша саласына жатқызылған. Егер жекелеген түрлер бойынша мемлекеттiк монополияның қажеттiгі айқын болса, мысалы, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн күзету сияқты жекелеген түрлер бойынша ол күмән туғызады. Сондай-ақ, мемлекеттiк органдар деңгейiндегі жекелеген қызмет түрлерi бойынша мемлекеттiк монополизмнiң ұлғайып отырғанын және мемлекеттік тапсырысты ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындар ғана орындайтынын атап өту қажет.
Мемлекеттiк монополия саласында қандай да бiр қызмет түрiн мемлекеттiк монополияға жатқызуды заңнамалық түрде айқындау қажет.
Лицензиялау
Лицензиялау жүйесiндегi негізгi проблемалар:
заңға тәуелдi актілер деңгейiнде жұмыстар мен қызметтердiң лицензияланатын түрлерiнiң көлемдi тiзбесi және олардың едәуiр кеңейтiлуi, ол iскерлiк белсендiлiк пен кәсiпкерлiк бастаманың өсуiне кедергi келтiредi;
лицензиялауға жататын жұмыстар мен қызметтердiң барлық дерлiк түрлерiн (89%) лицензиялауды орталық органдар жүзеге асырады;
заңға тәуелдi актілер деңгейiнде лицензиялар берудiң тәртiбi мен рәсiмдерiн күрделендiру фактілерiнiң орын алуы, лицензиялаудан кейiнгi бақылаудың реттелмеуi;
лицензия берудi де, кейiнгi лицензиялық қызметтi де негіздейтiн қосымша рұқсат беру жүйесiнiң (рұқсаттар, қорытындылар және келiсулер) болуы.
Лицензиялау саласында тура әрекеттегі заңнамалық акт болатын "Лицензиялау туралы" сапалы жаңа Заң әзiрлеу қажет, оның шеңберiнде лицензияланатын қызмет түрлерiнiң салалық заңнамалық актілерде қамтылу және қайталану мүмкiндiгін болдырмайтын, лицензиялау саласындағы заңнаманы бiрыңғай түсiндiрудi және бiрiздендiрудi қамтамасыз ететiн толық тiзбесi беріледi.
Онда:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік функцияларды дәл регламенттеу;
2) "Шағын кәсiпкерлiкті мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын ескере отырып, лицензиар органдардың лицензиаттарға тексеру жүргiзу мәселесi бойынша преференциялар құру;
3) "жалғыз терезе" қағидатын енгізу көзделедi.
Бұл ретте, қаржы рыногындағы қаржы ұйымдарының қызметiн лицензиялау тәртібi, банк, сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар рыногындағы қызмет және зейнетақы қызметтерi туралы заңнамалармен реттеледi.
Бейресми еңбекпен қамтылуды төмендету жөнiндегі бағыттар
Қазiргi уақытта экономиканың құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты кейбiр салаларында тiркеу, тұру және азаматтық ережелерiн бұза отырып, шетелдiк жұмыс күшiн заңсыз пайдалану кең етек алып отырғандығын атап өткен жөн.
Бұл жұмыс берушілердi салық төлемеуге, көлеңкелi кiрiстер алуға, еңбек жағдайлары мен қауiпсiздігі туралы ереженi сақтамауға итермелейдi және отандық бiлiктi кадрлар даярлауға алғы шарттар жасалмайды.
Қазақстан Республикасы экономикасының салаларында пайда болған білiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi елдiң индустриялық-инновациялық дамуына кедергі келтiретiн факторға айналуы мүмкiн.
Оның үстiне, ел экономикасының жоғары даму қарқыны жағдайында Қазақстандағы қазiргi демографиялық ахуал да салаларды еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiнiн ескеру қажет.
Осыған байланысты, сондай-ақ формальды емес жұмыспен қамтуды және заңсыз көшi-қонды анықтау үшін 2005-2006 жылдары осы Бағдарлама шеңберiнде:
Еңбек кодексiн қабылдау;
Қытаймен, сондай-ақ Тәуелсiз мемлекеттер достастығы шеңберiнде еңбек көшi-қонын peттeу жөнiндегі халықаралық шарттарға қол қою;
еңбекке сағат бойынша ақы төлеудi, жеке және сараланған жалақы мүмкiндiгін енгiзу;
еңбек жағдайларының (жұмыс ұзақтығы мен уақытының, қоса атқаруға қосымша жұмыс алу мүмкiндiгінiң және т.б.) икемдi режимiн ұсыну ұсынылып отыр.
Сондай-ақ:
қолданыстағы мемлекеттiк бақылау-қадағалау функцияларын қайта қарау және оңтайландыру әрi заңды бизнес жүргiзудiң барынша оңайлатылған рәсiмдерiн жасау;
автомобиль тасымалдарын бақылау жөнiндегi "бiрыңғай аялдама" қағидатын iске асыру үшiн шекарадағы өткiзу пункттерiндегi бақылаушы органдарды көшiру;
негiзгi көлiк бағыттарындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнiң оңтайлы санын айқындай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль тасымалдарын бақылау жүйесiн жетiлдiру.
Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi бағыттар
Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызметтерге еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, халықтың шенеунiктермен байланысын азайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында "Электронды үкiмет" қалыптастыру жүзеге асырылады. Жүйенi енгізу ұйымдар мен халықтың шенеунiктермен байланыс жасауын оңайлатады және сыбайлас жемқорлық мөлшерiн азайтады.
Жақын арадағы перспективада мемлекеттік-әкiмшiлiк басқару жүйесiн жетiлдiруге және мемлекеттік органдардың жауапкершiлігін арттыруға, оның iшiнде:
мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджет саласының қызметкерлерi жалақысының басқа салалардағы жалақымен бәсекелесу қабiлетiн қамтамасыз етуге;
мемлекеттiк қызметтердiң сапасын жақсарту үшiн орталық және жергілiктi билiк органдарының функциялары мен өкiлеттiктерiнiң аражiгiн нақты ажыратуға;
мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлігі мен сапасын бағалау жүйесiн әзiрлеуге;
экономика салалары мен ел кәсiпкерлерiнiң бiрлескен пiкiрi мен ұстанымдарын бiлдiретiн үкiметтiк емес қоғамдық бірлестiктердiң құқықтылығын күшейтуге және арттыруға бағытталған бiрқатар шараларды жүзеге асырған орынды. Алайда, бұл ретте, қоғамдық бiрлестiктер қандай да бiр сала кәсiпорындарының мүдделерiн олармен нақты жұмыс iстеудiң айқын және негізделген схемасын иелене отырып бiлдiруi тиiс. Мұндай бiрлестiктердiң бағдарламасы оған кiретiн кәсiпорындар өкiлдерiнiң арасынан құрылған қоғам мүшелерiнiң жалпы жиналысында мақұлданған ұсыныстарды бiлдiруге тиiс.
"Мемлекеттiк сектордан - қоғамдық, жеке меншiк секторға" қағидатын iске асыру мемлекет пен Қазақстанның қоғамдық бiрлестiктерi арасындағы әрiптестiк байланыстарды дамытудың және нығайтудың бастамасы болады.
Параграф 3. Көлеңкелi қолма-қол ақша қаражаты айналымының мөлшерiн қысқарту жөнiндегi бағыттар
Төлемдердi бөлшек сауданың кез келген саласында жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін төлем карточкасы тұтынушылардың түрлi бөлшек рыноктарында айналыстағы қолма қол ақша массасының елеулi көлемiн қолма-қол емес нысанға ауыстыру үшiн барынша шынайы төлем құралы болып табылады. Қолма-қол ақшамен операция жасауды бақылаудың тиiмділiгі аз болса, төлем карточкаларымен жасалатын барлық операциялар тiркеледi және банк жүйесiндегі карт-шоттарда көрсетiледi.
Қазiргi уақытта қолма-қол ақша айналысының ауқымды көлемi және қолма-қол ақшамен жасалатын ұсақ төлемдердiң негізгi ағыны сауда мен қызметтер саласына келедi. Сауда мен қызметтер саласында төлем карточкалары кеңiнен пайдаланыла бастауы үшiн оларды қабылдаудың сауда мен сервистiң әр қилы пункттерiн қамтитын әр жердегi және қол жетiмдi желiсiн құру қажет. Алайда, практика көрсеткендей, барлық сауда және сервис (әсiресе шағын) кәсiпорындарында карточкаларды қабылдауды ынталандыру - бiрнеше банктiң өзi шеше алмайтын мiндет. Оны тиiмдi шешу үшiн ынталандыру шараларының кешендi бағдарламасын жүзеге асыру жолымен қолма-қол емес төлемдер жүйесiн төлем карточкаларын пайдалана отырып дамытудың алғышарттарын мемлекет қана қамтамасыз ете алады.
Қазақстандағы сауда, көлiк, қызметтер саласының төлем карточкалары жүйесiнiң негізгі қатысушылары бола алатын ұйымдары шағын және орта бизнестiң айналасына шоғырланған. Бұл ұйымдардың тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) төлем карточкалары арқылы қолма-қол емес есеп айырысу жолымен сатуға көшуi үшiн жеңiлдiктер беру, көтермелеу шаралары және қолайлы жағдайлар жасау түрiндегi мемлекеттің белгілі бiр ынталандыру шаралары қажет. Сауда мен сервис кәсiпорындарын төлем карточкаларын қабылдауға тарту және оларға қызмет көрсетудiң тармақталған инфрақұрылымын құру халық үшiн төлем карточкаларының тартымдылығын қамтамасыз етедi және оларды күнделiктi тұрмыста кеңiнен пайдалануға қажеттi жағдайлар жасайды.
Көрсетілетiн қызметтердiң сапасын арттыру, автоматтандырылған қолма-қол емес есеп айырысу жүйелерiн - электронды төлемдердiң "бөлшек" жүйелерiн одан әрi дамыту мақсатында:
төлем карточкаларын қабылдау желiлерiн (банкоматтар мен РОS-терминалдарды) кеңейту;
ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын сауда және сервис кәсiпорындары желiсiн елдiң барлық өңiрлерiнде қатар дамыту;
төлем карточкалары бойынша дәстүрлi банктiк, сондай-ақ қосымша қызметтердiң барынша көп санын көрсету;
төлем құралдарының жаңа тиiмдi түрлерiн енгiзу және дамыту;
банктердiң электронды банктiк қызметтердiң жаңа түрлерiн көрсетуiн одан әрi дамытуға жәрдемдесу;
телекоммуникациялық қызметтердi дамыту: байланыс желiсiнiң тұрақтылығы мен сенiмдiлiгін арттыру, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтердiң құнын төмендету қажет.
Қолма-қол емес айналым жүйесiн дамыта отырып, бiз жаңа тұтыну мәдениетін және экономикалық өмiрдiң жаңа стандарттарын қалыптастыруға ықпал етiп қана қоймай, елдiң қаржы жүйесiн жетiлдiруге белсендi түрде көмектесемiз, оны әлемдiк жеделдiк пен ашықтық стандарттарына сәйкес келтiруге жәрдемдесемiз.
Параграф 4. Көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру
Экономикалық саясаттың көлеңкелi экономиканы есепке алу әдiстерiн жетiлдiру саласындағы басты бағыттары:
экономикалық процестердi есепке алу мен бағалаудың тiкелей және жанама әдiстерiн жетiлдiру;
барлық макроэкономикалық көрсеткiштердiң өндiрiс және тауарлар мен қызметтердi тұтыну көрсеткiштерiмен қисынды байланысуына талдау жүргiзу;
көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаған кезде салықтар мен төлемдердi жинаумен, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылыққа қарсы күреспен айналысатын ведомстволардың ақпаратын ескере отырып, кешендi тәсiлдi пайдалану;
көлеңкелi экономиканың ауқымын есепке алудың және бағалаудың халықаралық практикада қолданылатын қазiргі заманғы техникалық құралдары мен әдiстерiн пайдалану;
құқық белгілейтiн және құқық растайтын құжаттарға сәйкес жерлердiң мәртебесiн белгiлеу мақсатында оларға түгендеу жүргiзу және заңсыз пайдаланылатын жерлердi алып қою жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
рыноктық айналымға тартылған жердi бағалаудың бiрыңғай стандарттарын әзiрлеу;
өнiмнiң ұтымды пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында көмiрсутек шикiзатын өндiру және қайта өңдеу саласында минералдық ресурстарды бастапқы кезеңнен тұтынушыға дейiн есепке алу және мониторингтеу жөнiндегi ұйымдастыру шараларын жетiлдiру;
орман және балық ресурстарын пайдалануды есепке алуды жетiлдiру;
мал шаруашылығы саласындағы және ауыл шаруашылығы шикiзатын өңдеу саласындағы есепке алуды жетiлдiру;
экономиканың қолма-қол есеп айырысу басым салаларындағы есепке алуды жетiлдiру;
ауылдық статистиктер институтын күшейту және оларды техникалық қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және жүргiзу болып табылады.
Жұмыстың осы бағыттарының бәрi Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру бағдарламасында көрiнiс табуға тиiс.
Параграф 5. Салық пен бюджетке төленетiн төлемдердi жинаумен,
экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын органдардың
материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейiн арттыру
және жұмысын жетілдiру
Экономика саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы тиiмдi әрекет ету шараларының жүйесiн одан әрi қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1401 қаулысымен Қазақстан Республикасында экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және
оларды ашу жөнiндегi жұмыс әдiстерiн жетiлдiру
2005-2007 жылдары экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды ашу жөніндегі жұмыс әдiстерiн жетiлдiру жөнiндегi, сондай-ақ елдегі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған шаралар мен iс-шараларды, сондай-ақ көрсетілген бағыттағы практикалық қызметтi iске асыру қабылданған Қазақстан Республикасында экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Бұл Бағдарлама экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тиiмдi күрес жүргізуге арналған нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық базаны жетiлдiруге, экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жүргiзетiн органдар қызметiнiң тиiмдiлігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көрiнiстерi мен өзге де бұзушылық түрлерiн азайту жөнiндегi жұмысты одан әрi жалғастыруға және осы бағытта бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге бағытталған.
Қазақстанның қаржы жүйесiн қылмыстан түсетiн кiрiстердi жылыстататын тұлғалардың пайдалануын болдырмау, сондай-ақ көрсетiлген бағыттағы оқиғалар мен олардан туындайтын салдарлардың алдын алу мақсатында 2005-2006 жылдары ақшаны жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы әрекет ету жүйесiн құру көзделiп отыр.
Алға қойылған мiндеттi iске асыру үшiн:
заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы әрекет ету туралы заң жобасын әзiрлеу және қабылдау;
қаржы мониторингiн жүргізуге уәкiлеттi мемлекеттік орган құру жоспарланып отыр.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыру
Әлемдiк тәжiрибе салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердi жинаумен, экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын органдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн нығайту Yкiметтiң басым мiндеттерiнiң бiрi болып табылатынын көрсетедi. Аумақтары ауқымды, халық тығыздығы төмен, кейбiр өңiрлерiнде қатты жабын төселген жолдары жоқ Қазақстанда бұл проблема аталған органдардың өз қызметтiк функцияларын қамтамасыз етуiндегі басты проблемалардың бiрi болып табылады.
Қазiргі уақытта салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердi жинаумен, экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын әрбiр орган өзiнiң материалдық-техникалық базасын салалық және бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес нығайту үстiнде. Бюджеттік өтiнiмдердi ұсыну процесiнде осындай мемлекеттiк мекемелердiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейi егжейлi-тегжейлi зерделенедi. Әдетте, кеден бекеттерiн дамыту, шекараны жайластыру, компьютерлендiру мәселелерi басымдылық тәртiбiмен шешiледi.
Су, орман ресурстарын қорғаумен айналысатын табиғат қорғау бөлiмшелерiн, сондай-ақ мемлекеттiк шекараның жайластырылмаған учаскелерiнен тауарлар контрабандасының және заңмен тыйым салынған есiрткi мен қару-жарақтың өткiзiлуi нысанасына бақылау жасайтын бөлiмшелердi материалдық-техникалық қамтамасыз етудi күшейту қажет екендiгi даусыз.
Параграф 6. Салық салу жүйесiн жетiлдiру
Салықтық режимдi жетiлдiрудiң негiзгі бағыттары мыналар:
амортизациялық саясатты жетiлдiру;
шағын бизнес субъектiлерi үшiн оңайлатылған декларация негізiнде арнайы салықтық режимдi қолдану аясын кеңейту;
сату жөнiндегi ең төменгi айналым мөлшерiн ұлғайту, одан асып кеткен жағдайда салық төлеушi қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға мiндеттi.
Елдегi ескiрген негізгi қорларды жаңартуды ынталандыру қажеттігін ескере отырып, 2006 жылдан бастап амортизациялық аударымдарды есептеудiң және жөндеуге арналған шығыстарды шегерiмдерге жатқызудың жаңа әдiсiне көшу ұсынылып отыр.
Ұсынылып отырған тәртiп тiркелген активтердi жiктеудi оңайлатады, соның нәтижесiнде амортизациялық аударымдарды есептеу және есепке алу тетiгi жеңiлдейдi. Сондай-ақ, амортизацияның шектi нормалары мен жөндеуге арналған нормалар ұлғаяды, бұл амортизациялық аударымдар мен жөндеуге арналған шегерiмдердi ұлғайтуға алып келедi.
Тiркелген активтер амортизациясы тетігiндегі бұл өзгерiстер оларды жаңғыртуды жеделдетуге мүмкiндiк бередi және өз кезегiнде корпорациялық табыс салығы бойынша мiндеттемелердi азайтуға ықпал етедi.
Шағын бизнес субъектiлерi үшiн оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салықтық режимдi қолдану аясын кеңейту мақсатында:
жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн мүмкiн болатын жалдамалы жұмыскерлердiң санын ұлғайту;
жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн шектi кiрiс сомасын ұлғайту көзделедi.
Бұдан басқа, сату жөніндегі ең төменгi айналым мөлшерiн 12000 есе айлық есептiк көрсеткiштен 15000 есеге дейiн ұлғайту да көзделедi, одан асып кеткен жағдайда салық төлеушi қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға мiндетті.
Көлеңкелi экономиканы қысқарту процесi мемлекет пен бизнестiң бiрлескен iс-қимылын талап етедi. Салықтық жүктеменi азайтуға жауап ретiнде "көлеңкеден" едәуiр шығу ғана салық салу деңгейiн азайту жөнiнде келесi қадамдар жасауға мүмкiндiк бередi. Салықтық жүктеменi бизнестің реакциясынсыз бiржақты тәртiппен азайту бюджет тапшылығының ұлғаюына әкеп соғады.
Соңғы жылдары Қазақстанда салық ставкаларын азайтудың мақсатты саясаты жүргізiлуде, дегенмен, көлеңкелi өндiрiсті қоса алғанда, салықтарды төлемегенi үшiн жауапкершілiк жеткілiктi түрде қатаң емес, ең қатаң шара айыппұл төлеу болып табылады. Осыған байланысты, жақын арада кiрiстердi салық салудан жасыруға қарсы шараларды қатаңдату қажет.
Салықтық жүктеменi азайту, салықтық әкiмшiлендiрудiң рөлiн күшейту саясатын жүргiзумен бiр мезгілде үкiметтiк емес ұйымдар жүйесi арқылы салық төлеушiлердiң мемлекеттiк шығыстарды қалыптастыруға белсендi түрде қатысу үшiн кеңiнен тартылуын қамтамасыз ету қажет. Сол арқылы, қоғамдық ұйымдар өздерiнiң мемлекеттiң фискалдық шығыстарын қалыптастыруға қатысуымен, өздерi төлеп отырған салықтардың ел пайдасына, оның iшiнде инфрақұрылым объектілерi, олардың рентабельдi қызметі үшiн тарифтерді қолдау арқылы өздерiнiң негізгі қызметінiң жұмыс iстеу жағдайларын жақсарту үшiн қалай жұмыс iстеп жатқанын сезiне алады.
8. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бұл Бағдарлама iске асыру үшiн қаржы ресурстарын көздемейдi, өйткенi олар қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық және бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде қалыптастырылатын болады.
9. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаның негiзгі бағыты экономиканың бiр бөлiгін заңдастыру мен заңды және жеке тұлғалардың "көлеңкеге" кету дәлелдерiн азайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында барлық бағыттар бойынша жұмыстарды үйлестiрудi қамтамасыз етуден тұрады.
Көлеңкелi экономиканы қысқарту жөніндегі көптеген мiндеттердi шешу Қазақстан Республикасының Президентi мен ел Үкiметi қабылдап қойған мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда белгiленген iс-шаралардың пәрмендiлігімен айқындалатын болады. Бiр мезгілде салааралық және өңiраралық сипаты бар осы Бағдарламаның айрықша ерекшелiгі нақ осыда.
Бағдарламаны iске асыру:
қазақстандық экономиканың даму деңгейiн және халықтың әл-ауқатын арттыруға;
экономиканың өсуi үшiн, көлеңкелi экономиканың мөлшерiн азайтуға, адал кәсiпкерлiкті дамытуға, салықтық, кедендiк төлемдердi жинаудың ұлғаюына, сондай-ақ ел экономикасына инвестициялардың ағылуына алғышарттар жасауға қолайлы үшiн;
бәсекелi ортаны жақсартуға;
экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тиiмдi күресу үшiн нормативтiк-құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық базаны жетiлдiруге;
сыбайлас жемқорлық үшiн мүмкiндiктердi азайтуға;
экономикалық құқық бұзушылықтарға көлеңкелi экономикаға, экономика саласындағы сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыруға;
халықтың экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзетiн мемлекеттiк органдармен өзара түсiнiстiгін арттыруға;
көлеңкелi экономиканың мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiруге алып келедi.
10. Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың
мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен
ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған
негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 10-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2006.05.16 N 406, 2008.10.14 N 942, 2008.12.26 N 1267, 2009.11.10 N 1803 Қаулыларымен.
Р/с |
Iс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындауға |
Орындау мерзімі |
Болжамды |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Лицензиялау | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Тiкелей әрекет олардың салалық заңнамалық кесiмдерде қамтылу және қайталану мүмкiндігін болдырмайтын, |
"Лицензиялау |
ЭБЖМ (жинақ- |
2005 |
||
Сәйкестікті растау | ||||||
2 |
Құрылыс стандарттарын және жол салу мен жол жабынды- |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ККМ |
Жыл |
||
3 |
Өңiрлер (құрылыс |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҚІжТКША, мүдделi мемле- |
Жыл |
||
4 |
Тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi институтты нығайту |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ИСМ, мүдделi мемлекет- |
Жыл |
||
5 |
(алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.14 N 942 Қаулысымен) |
|||||
Кедендiк әкiмшілендірудi жетілдiру | ||||||
6 |
Республиканың кеден шекарасын- |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Қаржы- |
2006 |
||
7 |
Тәуекелдердi (тәуекелдер көрсеткiштерi, оларды қолдану өлшемдерi) бағалау шаралары жүйесiн негiзге ала отырып, кедендiк бақылау стратегиясын әзiрлеумен "Электрондық кеден" ақпараттық жүйесiн құру және енгiзу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Қаржы- |
Жыл |
||
Салықтық әкімшiлендiрудi жетiлдiру | ||||||
8 |
Жеке тұлғалар- |
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК-қа ұсыныстар |
ЭБЖМ (жинақ- |
2010 |
||
9 |
"Салық және |
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республи- |
ЭБЖМ (жинақ- |
2005 жыл IV тоқсан |
||
10 |
Желілiк маркетингпен айналысатын тұлғаларды салықтық әкiмшілендiрудi күшейту |
Қазақстан Республи- |
Қаржыминi |
2006 жыл IV тоқсан |
||
11 |
Амортизациялық саясатты жетiлдiру |
"Қазақстан Республи- |
ЭБЖМ (жинақ- |
2005 жыл IV тоқсан |
||
12 |
Ақпараттық жүйелер арасында экспорт-импорт операцияларына бақылау жасау бойынша электронды дерек алмасуды қамтамасыз ету |
Бiрлескен бұйрық |
Қаржымині |
2006 |
||
13 |
Салық төлеуші- |
Қазақстан Республи- |
Қаржымині |
2006 |
||
14 |
"Акциз" ақпараттық жүйесiн енгiзу |
Қазақстан Республи- |
Қаржымині |
2005 |
||
15 |
Еркiн (бажсыз) сауда аймақтарын |
Қазақстан Республи- |
ИСМ |
2005 |
||
16 |
Экономика салаларындағы көлеңкелi экономикалық қызмет түрлерiн айқындау жөнiнде |
Қазақстан Республи- |
ЭБЖМ (жи- |
Жыл |
||
Экономикалық қызметті жүзеге асыруды регламенттейтiн |
||||||
17 |
Негiзгi көлiк бағыттарындағы көлiктiк бақылау |
Қазақстан Республи- |
ККМ |
2005 |
||
18 |
Қытаймен, сондай-ақ ТМД шеңберiнде еңбек |
Халықара- |
Еңбекмині |
2006 жыл |
||
19 |
Шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң кооперациясын дамыту |
"Жеке қосалқы шаруашылық туралы" Қазақстан Республи- |
АШМ |
2005 |
||
20 |
Ауылдық кредиттiк серiктестіктердi одан әрi дамыту |
"Республи- |
АШМ |
2006- |
||
Мемлекеттiк басқару органдарының кәсiпқойлығы мен |
||||||
21 |
Қазақстан Республикасында "Электрондық үкiмет" құру |
"Электрон- |
АБА (жинақ- |
2005- |
||
22 |
Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмділiгi мен сапасын бағалаудың рейтингілік жүйесiн әзiрлеу |
Қазақстан Республи- |
ЭБЖМ |
2006 |
||
23 |
Экономика салаларының және ел кәсiпкерлерiнiң бiрлескен пікірi мен ұстанымдарын бiлдiретiн үкiметтік емес қоғамдық бiрлестіктердiң құқықтылығын арттыру |
Қазақстан Республи- |
ИСМ |
2005 |
||
24 |
Өңiрлердегi кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында түсiндiру, насихат-ақпарат- |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ИСМ (жи- |
Жыл сайын, 5 қаңтар, 5 шiлде |
||
Мемлекеттiк шығыстарды әкiмшiлендіруді жетілдiру | ||||||
25 |
Жергiлiктi бюджеттерде ТМККК (тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн) көрсетуге қажеттi қаражат көлемiн белгiлеу |
"Республи- |
ЭБЖМ |
2006- |
||
26 |
Мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік қаржылық қолдау тетiгi жөнінде |
ЭБЖМ-ге |
Қаржымині |
2006 |
||
27 |
Мемлекеттiк сатып алудың электронды жүйесiн енгiзу |
Норматив- |
Қаржымині |
2005 |
||
28 |
Республикалық және жергіліктi бюджеттер есебiнен сатып алынатын дәрілік |
Бұйрық |
ДСМ |
2006 |
||
Қаржылық реттеу тетіктерiн жетілдіру | ||||||
29 |
Биржалық сауданы дамыту |
Қазақстан Республика |
ИСМ |
2006 |
||
30 |
Санаттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiле- |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Қаржы- |
Жыл |
||
30-1 |
Сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарын тарту және халық пен бизнес орта арасында ұйымдастыру-түсіндіру іс-шараларын жүргізу жолымен ірі қалаларда оларды сату кезінде төлем карточкаларын қолдануды кеңінен енгізуді қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Облыстар- |
Жыл |
||
Бастапқы және статистикалық есепке алуды жетілдіру | ||||||
31 |
Көлеңкелi эконо- |
Бұйрық |
СА |
2006 |
||
32 |
Статистикалық органдардың әкiмшілiк көздеріне қол жетiмділігін қамтамасыз ету |
Норматив- |
СА |
2006 |
||
33 |
Құқық белгілей- |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ЖРА |
Жыл сайын, |
||
34 |
Рыноктық айналымға тартылған жерді бағалаудың бiрыңғай стандарттарын әзірлеу |
Қазақстан |
ИСМ |
2005 |
||
35 |
Орман және балық ресурста- |
Норматив- |
СА |
2005 |
||
36 |
Экономиканың қолма-қол есеп айырысу басым салаларындағы eceпкe алуды жетiлдiру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Қаржы- |
Жыл сайын, |
||
37 |
Ауылдық статистиктер институтын күшейту және оларды техникалық қамтамасыз ету |
"2007 жылға арналған |
СА |
2006 |
||
38 |
Ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және жүргiзу |
Норматив- |
СА |
2006 жыл |
||
39 |
Жылжымайтын мүлiкпен операцияларды, жалдауды, дербес, |
Үкіметке |
Қаржыминi (жинақ- |
2006 жыл II тоқсан |
||
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
||||||
40 |
Қаржы |
Қазақстан Республи- |
БП (келiсiм бойынша), ЭБЖМ, Қаржы- |
2005 |
||
41 |
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi |
"Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдасты- |
БП (келiсiм бойынша), |
2005 жыл III тоқсан |
||
42 |
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшілiк рәсiмдердi жетiлдiру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ЭҚСЖҚА (жинақ- |
2006 |
||
43 |
Орманды заңсыз шабудың және жануарлар әлемiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзудың, сондай-ақ орман материалдары мен жануарлар әлемi өнiмдерiн Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге контрабандалық жолмен шығарудың |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
АШМ, мүдделі мемлекет- |
Жыл сайын, 5 қаңтар, 5 шiлде |
||
44 |
Астық, ұн, терi шикiзаты мен жүн экспортын бақылауды күшейту және ауыл шаруашылығы |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
АШМ (жинақ- |
Жыл сайын, 5 қаңтар, 5 шiлде |
||
45 |
Заңды тұлға мәртебесi бар балық қорғау инспекциялары- |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
АШМ, мүдделі мемлекет- |
Жыл сайын, 5 қаңтар, 5 шiлде |
||
Бағдарламаның нәтижелiлігiн бағалау жөнiндегi жұмыс | ||||||
46 |
Бағдарламаның нәтижелiлiгiне жыл сайын бағалауды жүргiзу (көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiнде Бағдарламада қабылданған шаралар мен iс-шараларды iске асырудан қадағаланбайтын экономиканың өзгеру деңгейiн айқындау) |
Қазақстан Республи- |
ЭБЖМ (жи- |
Жыл сайын, 25 ақпан |
Ескертпе:
Әріптік аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс aгенттігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару aгенттігі
ЭҚСЖҚА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
ҚРКҰРҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу жәнe қадағалау агенттігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратура
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
"MTЗO" АҚ - "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы
BAК - Ведомствоаралық комиссия
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
"ЭЗИ" АҚ - "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы
ҚІжТКША" - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі