Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 қыркүйектегi N 969 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 406 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 30 қыркүйектегi N 969  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 36, 502-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары" бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттарының бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 10-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 16-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жыл сайын, 25 ақпан";
      реттiк нөмiрi 22-жолда:
      2-бағандағы "бағалау" деген сөз "бағалаудың рейтингiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-баған "мүдделi мемлекеттiк органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-бағандағы "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 26-жолда:
      2, 3-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк қаржылық қолдау тетiгi жөнiнде ұсыныстар енгiзу
      ЭБЖМ-ге ұсыныс";
      4-бағандағы "ЭБЖМ," деген аббревиатура алынып тасталсын;
      5-бағандағы "2005 жыл IV тоқсан" деген сөздер "2006 жыл II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 39-жолдың 3, 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үкiметке ұсыныс
      2006 жыл II тоқсан";
      реттiк нөмiрi 46-жолда:
      4-баған "мүдделi мемлекеттiк органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жыл сайын, 25 ақпан".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады