Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актiлеріне мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық
кодексіне
(Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138-құжат, 139; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат, N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар):
1) 806-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мiндеттi сақтандыру - егер өзгесi мiндеттi сақтандыру түрлерiн реттейтiн заң актiлерiмен белгiленбесе, шарттары тараптардың келiсiмiмен айқындалатын заң актiлерi талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.";
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "жазылған" деген сөз ", егер өзгесi белгiленбесе, тараптардың келiсiмiмен айқындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Тәртiбi мен шарттары мiндеттi сақтандыру түрiн реттейтін заң актілерімен белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.";
2) 807-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "сақтандырудың осы түрiн реттейтiн" деген сөздер алып тасталсын;
3) 815-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "Мiндеттi сақтандыру туралы" деген сөздер алып тасталсын;
4) 818-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "артық" деген сөзден кейiн "және кем" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат):
55-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында "мердiгерлер" деген сөзден кейiн "мiндеттi сақтандыру түрлерiн реттейтiн заң актерлерiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):
1) 30-баптың бiрiншi бөлiгiнде "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заң актiлерiнiң талаптарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 31-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) пайдаланушы Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заң актiлерiнiң талаптарына сәйкес сақтандыру шарасын жасамаса, жарамсыз деп танылады.".
4. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
1) 7-бапта:
алтыншы абзацта:
"мiндеттi мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандырылуға," деген сөздер алып тасталсын;
"орындау" деген сөз "орындау үшiн оларды тартқан" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацта:
"зейнетақымен" деген сөз "әлеуметтiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
"салдарынан болса," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 18-баптың екiншi бөлiгiнде "пайда болу қатерiне байланысты қызметi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заң актiлерiнiң талаптарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат, 2006 ж., N 1, 5-құжат):
1) 28-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құтқарушыларды сақтандыру мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша құтқарушылардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
2) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"30-бап. Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларының құтқарушыларын, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тартылған құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi.
Осы Заңның 28 және 29-баптарында көзделген құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер ерiктi авариялық-құтқару құрамаларының құтқарушыларына, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартылған құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға қолданылады.".
6. "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 83-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
18-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы алып тасталсын.
7. "Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 201-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат):
10-бапта:
атауы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Сот приставтарын әлеуметтiк қорғау шаралары
1. Сот приставтарын сақтандыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.";
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы "сақтандыру сомасы" деген сөздер "өтемақы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "сақтандыру сомалары" деген сөздер "өтемақылар" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл орайда осы баппен көзделген бiржолғы өтемақылар басқа төлемдерге қарамастан, соның iшiнде сақтандыру төлемдерi мен зиянды өтеу тәртiбiмен жасалатын төлемдерге қарамастан төленедi.";
6-тармақтағы "сақтандыру сомасы" деген сөздер "осы баппен көзделген бiржолғы өтемақылар" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат):
1) 27-2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларды сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.";
2) 83-баптың 1-тармағында "мiндеттi түрде сақтандырылуға тиiс" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заң актiлерiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
9. "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
6-бапта:
атауындағы "жеке" деген сөз алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрумен байланысты тәуекелдердi сақтандыру Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.".
10. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат, N 15, 139-құжат; 2004 ж. N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат; N 4, 25-құжат):
1) 6-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрiн айқындайтын заң актiсiмен айқындалатын мiндеттi сақтандырудың әрбiр түрi сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады.";
2) 11-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын;
"6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбiрленушiлердiң (пайда алушылардың) және олардың өкiлдерiнiң жазбаша және ауызша өтiнiштерiн, сондай-ақ сақтандыру жағдайларының мәселелерi бойынша келiп түскен өтiнiштер мен құжаттарды тiркеу тәртiбi;
7) сақтандыру жағдайлары мәселелерiнiң өтiнiштерi мен құжаттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбiрленушiлерге (пайда алушыларға) есептердi ұсыну және қарау тәртiбi;
8) сақтандыру төлемi туралы шешiмдi қабылдау рәсiмi.";
3) 32-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Қазақстан Республикасының резидентi - еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысы бойынша бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде рейтингтi агенттiктердiң бiреуiнiң ең аз талап етiлетiн рейтингi болған жағдайда Қазақстан Республикасының резидентi емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Ең аз рейтингiнi және рейтингтi агенттiктердiң тiзбесiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсi белгiлейдi.";
4) 37-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртiппен сақтандыру портфелiнiң берiлуiн растайтын құжаттарды табыс етедi.";
5) 43-баптың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттердi (шығындылық коэффициентi, жұмсалған қаражат коэффициентi, аралас коэффициент) есептеу тәртiбiн айқындайды;";
6) 46-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкiлеттi орган ипотекалық сақтандыру бойынша және көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына арналған төлем қабiлетi маржасының ең аз деңгейiне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы yшiн сақтандыру резервтерiн есептеу тәртiбiне қосымша талаптарды белгiлеуге құқылы.";
7) 48-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "тыйым салынады" деген сөздер алып тасталсын;
"." деген тыныс белгiсi ";" деген тыныс белгiмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдiк беретiн қор акцияларын сатып алуға тыйым салынады.";
8) 53-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "шығымдылық коэффициенттерi" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициентi, жұмсалған қаражат коэффициентi, аралас коэффициент)" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 54-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерiн қолдану, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан негізсіз бас тарту, сақтандыру төлемiн уақтылы жүзеге асырмау арқылы мiндеттi сақтандыру түрлерiн реттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiнiң бұзылу фактiлерi анықталған;";
9) тармақшада "төтенше жарналарды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қосымша жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) мiндеттi сақтандыру түрлерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiн бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзған;";
11) 75-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициентi, жұмсалған қаражат коэффициентi, аралас коэффициент)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары барлық не жекелеген сақтандыру сыныптарын (түрлерiн) жүргiзу кезiнде өз қызметiне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттердi (шығындылық коэффициентi, жұмсалған қаражат коэффициентi, аралас коэффициент) есептейдi.
2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициентi, жұмсалған қаражат коэффициентi, аралас коэффициент) - барлық не жекелеген сақтандыру сыныптарын (түрлерiн) жүзеге асыру кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қызметiнiң шығындылығын көрсететiн салыстырмалы көрсеткiштер.
Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттердi (шығындылық коэффициентi, жұмсалған қаражат коэффициентi, аралас коэффициент) есептеудiң тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.".
11. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 17-18, 76-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат):
9-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "заң актiлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 63-құжат; 2005 ж., N 4, 55-құжат; 2006 ж., N 4, 25-құжат):
1) кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының құқықтық жағдайын, оны құру және қызмет ету тәртiбiн, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысу шарттарын айқындайды.";
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиян мен жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерi - өмiрiне, денсаулығына осы Заңда көзделген жағдайларда өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген жәбiрленушiге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға төленетiн ақша сомасы;";
3) тармақшадағы "мiндеттi сақтандыру туралы" деген сөздер "мiндеттi сақтандыру түрiн реттейтiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) қосымша жарна - осы Заңда көзделген тәртiппен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына сақтандыру ұйымы төлейтiн, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлiгi түрiндегi ақша сомасы;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) жәбiрленушi - өзге тұлға көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген тұлға;";
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) зиянды өтеу резервi - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры бастапқы бiр жолғы жарналар мен осы Заңда көзделген жағдайларда тек қана жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшiн пайдаланылатын қосымша жарналар есебiнен қалыптастыратын ақша сомасы;";
11) тармақшада:
"тек қана кепiлдiк және" деген сөздер "кепiлдiк," деген сөзбен ауыстырылсын;
", және осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиян мен жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қордың акционерлерi болып табылады.";
4) 6-бапта:
1) тармақшада "мiндеттi және төтенше жарналарды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ осы Заңда көзделген қосымша жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиян мен жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мөлшерiн белгiлеу;";
5) 7-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қор осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиян мен жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру мiндеттемелерiн өзiне қабылдайды.";
6) 8-бапта:
атауындағы "негiзгi мiндетi" деген сөздер "негiзгi мiндеттерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қордың негiзгi мiндеттерi:
1) қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
2) өзге адам осы Заңда көзделген жағдайларда көлiк оқиғасы нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қор негiзгi мiндеттердi орындау үшiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) осы Заңға сәйкес кепiлдiк және өтемақы төлемдерiн жүзеге асыру;
2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының мiндеттi және төтенше жарналарын тарту;
3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қосымша жарналарын тарту;
4) осы Заңға сәйкес жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиян мен жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен инвестициялық қызмет.";
7) 10-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қатысушыда-сақтандыру ұйымында көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда қатысу шартына мынадай шарттар:
1) қосымша жарналарды төлеу тәртiбi;
2) тараптардың жауапкершiлiгi мiндеттi енгiзiлуге жатады.";
8) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы Заңда көзделген жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиян мен жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн зиянды өтеу резервi жеткiлiксiз болған жағдайда Қор ағымдағы тоқсанның аяғына дейiн Қордың директорлар кеңесi белгiлеген мөлшерде сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервiнiң қаражатын пайдалануға құқылы. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервiн қалпына келтiру үшiн Қор сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервiнiң пайдаланылған сомасы мөлшерiнде төтенше жарналарды тартады.".
9) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1-тарау. Жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиян мен жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша Қордың төлемдерi
17-1-бап. Жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиян мен жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi алу құқығы
1. Қор көлiк оқиғасы орнынан көрiнбей кеткен және жәбiрленушiге зиян келтiруге жауапты адам анықталмаған жағдайда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиян мен жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi (бұдан әрi - зиянды өтеу бойынша төлем) жасайды.
Жәбiрленушiнiң денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу бойынша төлемдердi Қор тек денсаулыққа ауыр зиян келтiрiлгенде ғана жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар зиянды өтеу бойынша төлемдердi алу құқығына ие болады.
3. Жәбiрленушiнiң не осы баптың 4-тармағында көрсетiлген адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi талабы, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетiлген адамдардың жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу туралы талабы Қорға осы баптың 1-тармағында көзделген жағдай басталған сәттен бастап бiр жыл iшiнде қойылады.
4. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сай жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар адамға (адамдарға) көшедi.
5. Жәбiрленушiнi жерлеген адамға Қор осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып жазбаша өтiнiштiң негiзiнде, Қордың директорлар кеңесi белгiлеген мөлшерден аспайтын жерлеуге шыққан нақты шығыстарды өтейдi.
17-2-бап. Қордың зиянды және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыруы
1. Жәбiрленушi не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген адамдар зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып өтiнiшпен тiкелей Қорға не қатысушы-сақтандыру ұйымына хабарласуға құқылы.
2. Зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса беріледi:
1) осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттың нотариатта куәландырылған көшірмесi;
2) денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының нотариатта куәландырылған көшiрмесi, әрi онда жәбiрленуші алған жарақат пен мертiгулердiң сипатын, диагнозын, уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңiн көрсете отырып, жәбiрленушiге көлiк оқиғасы нәтижесінде денсаулығына зиян келтiрумен байланысты көрсетiлген медициналық көмек болуы тиіс;
3) медико-әлеуметтiк немесе сот-медициналық сараптама мекемелерiнiң жұмыс iстеу қабiлетiн жоғалту дәрежесi туралы, сондай-ақ жәбiрленушi алған жарақаттар мен мертiгулердiң және көлiк оқиғасы арасындағы себеп-салдар байланысын растайтын қорытындының нотариатта куәландырылған көшiрмесi;
4) жәбiрленушiнiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариатта куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес зиянды өтеу құқығына ие адамның құқығын растайтын құжаттың нотариатта куәландырылған көшiрмесi (жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда);
6) жерлеуге нақты шыққан шығындарды растайтын құжаттар не олардың көшiрмелерi (жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда);
7) жеке басты куәландыратын куәлiктiң нотариатта куәландырылған көшiрмесi.
3. Жәбiрленушi не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдар не қатысушы-сақтандыру ұйымы зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар пакетiн ұсынғаннан кейiн Қор зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру туралы не оларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
4. Зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешiмдi Қор осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қабылдайды. Зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдi Қор зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешiмдi қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
5. Қор осы баптың 3-тармағында көзделген iс-шараларды жүзеге асырумен байланысты қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын нақты болған шығыстар мөлшерiнде, бiрақ бес айлық есептiк көрсеткiштен астам емес мөлшерде өтейдi.
6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу бойынша төлемдердiң шектi мөлшерi Қордың директорлар кеңесiмен айқындалады.
7. Зиянды өтеу бойынша төлем моральдық залалдың, мүлiкке келтiрiлген зиянның, жәбiрленушiнiң не осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағында көзделген адамдардың жiберiп алған пайдасының, қоршаған табиғи ортаға келтiрiлген залалдың орнын толтырмайды.
8. Зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi Қор тiкелей немесе агент-банк арқылы, сондай-ақ қатысушы-сақтандыру ұйымы жәбiрленушiнiң не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырады.
9. Қор зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерден мынадай жағдайларда:
1) көлiк оқиғасы қорғану қажеттілігі мен өте қажет болған жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, жәбірленушінің қасақана жасаған iс-әрекетiнiң не оның басталуына ықпал ететін іс-әрекетінің не оның басталуына ықпал ететін іс-әрекетінің салдарлары болып табылса;
2) жәбiрленушiнiң iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қасақана жасалған қылмыс немесе көлiк оқиғасымен себептi байланыстағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылса;
3) Қорға немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған сәттен бастап бiр жыл өтiп кеткеннен кейiн хабарласқан жағдайда;
4) көлiк оқиғасы тежеусiз күштiң салдарынан, яғни ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивтi улану, әскери iс-қимылдар, азаматтық соғыс, жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер мен бұқаралық шерулер, жаппай тәртiпсiздiк немесе ереуiл сияқты төтенше және осындай алдын алуға болмайтын жағдайларда болса бас тартуға құқылы.
Зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер болған жағдайда Қор құжаттардың толық пакетiн алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бас тартудың себептерiн дәлелдеп негiздей отырып жазбаша түрде хабарламаны жiберуге мiндеттi.
10. Осы Заңмен жүктелген функцияларды орындау үшiн Қор Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiмен тараптардың осы Заңға сәйкес Қордың төлемдердi жүзеге асыру үшiн негiз болған оқиғалармен байланысты ақпаратты ұсыну тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейтiн ақпаратпен алмасу туралы келiсiмдi жасасады.
17-3-бап. Зиян келтiрген адамға керi талап ету құқығы
Қор жәбiрленушiге зиян келтiрген тұлғаға Қор жәбiрленушiнің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi талабын қараумен байланысты шеккен шығыстарын ескере отырып, зиянды және/немесе жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер шегiнде керi талап ету құқығына ие болады.
17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру
1. Қор зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен зиянды және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу төлемдердi жүзеге асырады.
Зиянды және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін пайдаланады.
2. Уәкілетті орган белгіленген мөлшердегі бастапқы бір жолғы жарналар және сақтандырушы Қормен жасалған қатысу шартына сәйкес төлейтін қосымша жарналар зиянды өтеу резервiн қалыптастыру көздерi болып табылады.
Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдiстемесi, оларды төлеу тәртiбi мен мерзiмi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
3. Қосымша жарналардың мөлшерi қатысушы-сақтандыру ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақыларының және қосымша жарналар ставкаларының көлемiне сүйене отырып есептеледi.
4. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия қолданылуының тоқтата тұрылуы қатысушы-сақтандыру ұйымын қосымша жарналарды төлеуден босатпайды.
5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы оны мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап қосымша жарналарды төлеуден босатылады.
17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөнiндегi мiндеттердi ойдағыдай орындамау
1. Қор қосымша жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемде төлемеген жағдайда жеті жұмыс күнi iшiнде қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз мiндеттемелерiн ойдағыдай орындамауы туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
2. Уәкiлеттi орган қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу бойынша мiндеттемелердi ойдағыдай орындамауы туралы Қордың хабарламасын алған кезде ол мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.".
13. "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 104-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат; N 4, 25-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiкте "жол полициясының қызметкерлерiне" деген сөздерден кейiн "және көлiктi бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте "жол полициясы бөлiмшелерiнiң" деген сөздерден кейiн "және көлiктi бақылау органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:
"8-1-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша деректер базасы
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру құқығына лицензияны алғанға дейiн осы Заңмен айқындалған тәртiппен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша деректер базасының (бұдан әрi - деректер базасы) қатысушысы болуға мiндеттi.
2. Деректер базасы - сақтанушы, сақтандырылушы және сақтандырушы туралы ақпараттың жиынтығы.
Сақтандыру есебi - деректер базасындағы ақпаратты толық немесе iшiнара беру нысаны.
Сақтанушы мен сақтандырылушы деректер базасының субъектiлерi болып табылады.
3. Деректер базасын қалыптастыруды және жүргiзуде тек қатысушылары көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығы лицензиясына ие сақтандырушылардың жетпiс пайызынан кем емес болып табылатын ұйымға ғана жүзеге асыруға құқылы.
Ұйым Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес деректер базасын қалыптастыру мен жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.
4. Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйым Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және осы Заңмен көзделген талаптарды iске асыру функцияларын сапалы әрi уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан ақпаратты, оның iшiнде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпаратты алуға құқылы.
Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымның қызметкерлерi өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтiк, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.
5. Мыналар:
1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар;
2) ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шарттардың негiзiнде өзге де тұлғалар деректер базасын қалыптастыруға арналған ақпараттың жеткiзушiлерi болып табылады.
6. Ақпаратты жеткiзушi:
1) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан ұсынылатын ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды талап етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпаратты беру және (немесе) ақпаратты алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
7. Ақпаратты жеткiзушiлер:
1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартты жасасуға;
2) осы Заңмен және ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шарттармен айқындалған көлемде әрi тәртiппен деректер базасын қалыптастыру үшiн деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымға ақпарат ұсынуға;
3) деректер базасы субъектiсiнiң талабымен деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымға берiлген ақпаратқа түзетулер енгiзуге;
4) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымға деректер базасының субъектiсi туралы қолдағы мәлiметтерге дәл сәйкес келетiн ақпаратты ұсынуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi пайдалануға;
6) өз қаражаты есебiнен ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiстi жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Мыналар:
1) сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
2) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар;
3) деректер базасының субъектiлерi;
4) сақтандыру және актуарлық есеп айырысулар саласында консультациялық қызмет көрсететiн консалтингтiк және ғылыми-зерттеу ұйымдары сақтандыру есебiн алушылар;
5) көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау бойынша мiндеттерiн орындауына бақылау жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар болып табылады.
Осы тармақта көрсетiлмеген өзге тұлғаларға ақпаратты беруге рұқсат етiлмейдi.
9. Осы баптың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген сақтандыру есебiнiң алушылары сақтандыру есебiн тек қана өздерi ғана туралы алуға құқылы.
Осы баптың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген сақтандыру есебiнiң алушылары тек жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемi, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерiнiң сомалары бойынша жиынтық ақпараты бар сақтандыру есебiн ғана (мүлiк пен денсаулық бойынша төлемдер бөлiгiнде) алуға құқылы.
10. Ақпаратты алушы сақтандыру есебiн алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
Осы баптың 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген сақтандыру есебiн алушылар:
1) оларға ақпаратты алушылар ретiнде тiркелген кезде ұсынылған мәлiметтердегi өзгерiстер туралы хабардар етуге;
2) алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшiншi бiр тұлғаларға жария етпеуге;
3) алынған ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттар үшiн ғана пайдалануға;
4) деректер базасын субъектiнiң талабы бойынша оны ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ақпаратты алушының iшкi ережелерiне сәйкес оның көшiрмесiн беруге;
5) деректер базасынан ақпаратты беру қызметiн төлеуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi көтеруге мiндеттi.";
8-2-бап. Деректер базасын қалыптастыру үшiн ұсынылатын ақпарат
1. Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетiлген ақпаратты жеткiзушiлер және осы Заңның 8-1-бабының 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген сақтандыру есебiн алушылар ақпаратты беру және сақтандыру есептерiн алу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындау мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шарттарды жасасуға мiндеттi.
2. Сақтандырушылар ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шарттарда көзделген тәртiппен, мерзiмде және көлемде әрбiр жасалған сақтандыру шарты жөнiнде, сақтандыру сыйлықақыларының көлемi, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерiнiң сомалары (мүлiк пен денсаулық бойынша төлемдер бөлiгiнде) туралы ақпаратты ұсынады.
3. Осы баптың 2-тармағында санамаланған ақпарат тиiстi бағдарламалық қамтамасыз етумен бiрiккен ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық түрде ұсынылады.
4. Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйым сақтандырушылардың деректер базасының ақпараттық ресурстарын құру мен пайдалануға қатысудың тең шарттарын қамтамасыз етуге мiндеттi.";
4) 9-бапта:
1-тармақта:
"органдарының жол полициясы бөлiмшелерi" деген сөздер "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
"сақтандыру жағдайының" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан көрiнбей кеткен адам жәбiрленушiнің өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"органдарының жол полициясы бөлiмшелерi" деген сөздер "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
"сақтандырушы" деген сөзден кейiн "және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 16-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "сақтандыру жағдайының" деген сөздердiң алдынан "көлiк оқиғасының және" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 17-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "немесе оның өкiлiнiң" деген сөздер "(сақтандырылушының) не жәбiрленушiнiң (пайда алушының) немесе олардың өкiлдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 19, 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиiс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, әрi оған көлiк құралының типiне және көлiк құралының тiркелген жерiне қарай көлiк құралының типi мен тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылады.
Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайларда тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
2. Базалық сақтандыру сыйлықақылары мынадай мөлшерде белгiленедi (айлық есептiк көрсеткiштермен):
Ең аз базалық сақтандыру
|
Ең көп базалық сақтандыру
|
||
Жеке тұлға үшін |
заңды тұлға,
|
жеке тұлға үшін |
заңды тұлға,
|
5,5 |
9,2 |
8,3 |
14,0 |
3. Көлік құралының түрі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
N
|
Көлік құралының түрі |
жеке тұлға үшін |
заңды тұлға,
|
1 |
Қозғағыш көлемі мынадай жеңіл автомобильдер және олардың базасында жасалған көлік құралдары:
|
1,00
|
1,10
|
2 |
Автобустар, шағын автобустар және олардың базасында жасалған көлік құралдары:
|
|
|
3 |
Жүк көтергіштігі мынадай жүк автомобильдері және олардың базасында жасалған көлік құралдары:
|
|
|
4 |
Троллейбустар, трамвайлар |
- |
1,00 |
5 |
Мотокөлік |
0,48 |
0,14 |
6 |
Тіркемелер(жартылай тіркемелер) |
0,74 |
0,30 |
4. Көлік құралының тіркелген аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
N
|
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы |
жеке тұлға үшін |
заңды тұлға,
|
1. |
Алматы облысы |
0,73 |
0,83 |
2. |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
0,55 |
0,82 |
3. |
Шығыс Қазақстан облысы |
0,73 |
0,81 |
4. |
Қостанай |
0,82 |
0,78 |
5. |
Қарағанды |
0,59 |
0,82 |
6. |
Солтүстік Қазақстан облысы |
0,61 |
0,76 |
7. |
Ақмола облысы |
0,71 |
0,79 |
8. |
Павлодар облысы |
0,70 |
0,87 |
9. |
Жамбыл облысы |
0,60 |
0,76 |
10. |
Ақтөбе облысы |
0,63 |
0,71 |
11. |
Батыс Қазақстан облысы |
0,61 |
0,72 |
12. |
Қызылорда облысы |
0,60 |
0,67 |
13. |
Атырау облысы |
0,96 |
0,72 |
14. |
Маңғыстау облысы |
0,59 |
0,72 |
15. |
Алматы |
1,00 |
1,00 |
16. |
Астана |
0,87 |
0,97 |
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген облыстардағы өзге қалалар мен межелі жерлер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қосымша 0,8 мөлшерінде түзету коэффициенті қолданылады.
6. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын он екі айдан кем мерзімге жасасқан көлік құралының әр бірлігіне арналған сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшері белгіленеді:
N
|
Сақтандыру мерзімі |
Сақтандыру сыйлықақысының
|
|
5 күн |
10 |
|
6 күннен - 15 күнге дейін, қоса алғанда |
15 |
|
16 күннен - 1 айға дейін, қоса алғанда |
20 |
|
1 айдан - 2 айға дейін, қоса алғанда |
30 |
|
2 айдан - 3 айға дейін, қоса алғанда |
40 |
|
3 айдан - 4 айға дейін, қоса алғанда |
50 |
|
4 айдан - 5 айға дейін, қоса алғанда |
60 |
|
5 айдан - 6 айға дейін, қоса алғанда |
70 |
|
6 айдан - 7 айға дейін, қоса алғанда |
75 |
|
7 айдан - 8 айға дейін, қоса алғанда |
80 |
|
8 айдан - 9 айға дейін, қоса алғанда |
85 |
|
10 айдан - 11 айға дейін, қоса алғанда |
95 |
|
11 айдан жоғары |
100 |
7. Кешенді шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінен ең көп көлеміне теңімен айқындалады.
20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін азайту және көбейту
1. Көлік құралдарының иелері - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер стандартты шартты жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының елу процентi мөлшерiндегi сақтандыру сыйлықақысын төлейдi.
Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.
2. Сақтандырушы Сақтандыру ережесiне сәйкес мынадай критерийлерге қарай тәуекелдердiң жiктелуiн ескере отырып, осы Заңның 19-бабында белгiленген базалық сақтандыру сыйлықақысының ең аз және ең көп мәнi шегiнде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындайды:
1) сақтанушының (сақтандырылушының) апаттылық тарихына;
2) көлiк құралының пайдалануда болу мерзiмiне (көлiк құралын шығарған күнге);
3) өзге критерийлерге.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген критерийлердi сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiн есептеген кезде қолдануы сақтандыру полисi (оның телқұжаты) негiзiнде жүзеге асырылады. Сақтандыру полисi (оның телқұжаты) болмаған жағдайда сақтанушы (сақтандырылушы) алдындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыдан алған анықтаманы бередi.
4. Анықтамада мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1) сақтандырушының атауы және тұратын жерi;
2) тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) мен сақтанушының және сақтандырылушының (егер олар жеке тұлға болып табылса) тұрғылықты мекен-жайы немесе оның атауы, тұратын жерi мен банк деректемелерi (егер олар заңды тұлға болып табылса);
3) мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген көлiк құралдары туралы, оның iшiнде моделi, қозғағыш көлемi, мемлекеттiк нөмiрi, тiркелгендiгi туралы куәлiк нөмiрi;
4) сақтандыру төлемiнiң мөлшерi туралы (болған жағдайда) нұсқау;
5) мiндеттi сақтандыру шартын жасаған құн және қолданылу мерзiмi;
6) мiндеттi сақтандыру шартының (сақтандыру полисiнiң) нөмiрi, сериясы.
5. Сақтанушылар көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаған жағдайда бiрiншiден, сақтандырушы сақтанушыдан бұл туралы жазбаша нысандағы растауды талап етуге құқылы.
6. Алдындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы осы баптың 4-тармағында көзделген анықтаманы тегiн бередi.
7. Сақтандырушының осы бапта көзделгеннен өзге негiздер бойынша төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқығы жоқ.";
8) 22-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "немесе оның өкiлiнiң" деген сөздер "(сақтандырылушының) не жәбiрленушiнiң (пайда алушының) немесе олардың өкiлдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
"22-1-бап. Көлiк оқиғасы басталған кезде өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген жәбiрленушiлер болмаған жағдайдағы тұлғалардың iс-әрекетi
Көлiк оқиғасы болған кезде өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген жәбiрленушiлер болмаған жағдайда оның қатысушылары мүмкiндiгiнше болған көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуi тиiс.
Сақтандырушылар көлiк оқиғасы болған жерге өз өкiлдерiн жiберуге құқылы.
Көлiк оқиғасының қатысушылары өзара келiсiм бойынша болған оқиғаның жағдайларын және болжамды зиян мөлшерi елу айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мүлiкке келтiрiлген зиян мөлшерiн бағалаған кезде болған оқиғаның нобайын дербес жасап, оған қол қойып, оны ресiмдеу үшiн iшкi iстер органдарының жақын жердегi бекетiне немесе бөлiмшесiне барулары тиiс.";
10) 25-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң" деген сөздердiң алдынан "жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына зиян келтiру фактiсi болған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушi ұсынған құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып екi данада анықтама жасауға мiндеттi.
Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, екiншi данасы өтiнiш берушiнiң алғандығы жөнiндегi белгiсiмен сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың барлығын бермеген жағдайда, сақтандырушы үш жұмыс күнi iшiнде жетiспейтiн құжаттар туралы оларға жазбаша хабарлауға мiндеттi.";
11) 29-баптың 3-тармағындағы "сақтандырушы талап қойылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы талап қойған тұлғаға" деген сөздер "өтiнiштi және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы өтiнiш иесiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi
Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 102-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат; N 4, 25-құжат):
1) 7-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде "жол полициясы бөлiмшелерi" деген сөздерден кейiн "және көлiктi бақылау органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Тасымалдаушы жасаған көлiктегi сақтандыру жағдайы туралы актiде мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1) жәбiрленушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
2) көлiк түрi;
3) рейс нөмiрi, поезд нөмiрi, кеменiң аты т.б.;
4) сапар бағыты;
5) жәбiрленушiде болған жол жүру билетiнiң сериясы және нөмiрi;
6) сақтандыру жағдайының басталу орны, күнi және уақыты;
7) жәбiрленушiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зақымдардың сипаты;
8) жәбiрленушiнiң мүлкiне келтiрiлген зақымдардың сипаты;
9) сақтандыру жағдайының күйiне қысқаша сипаттама;
10) тергеудi жүзеге асыратын құзыреттi органның атауы;
11) жәбiрленушi жiберiлген медициналық мекеменiң атауы және тұратын жерi;
12) көлiк ұйымы не көлiк құралы басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы;
13) тергеудi жүзеге асыратын құзыреттi орган өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы;
14) тасымалдаушының мөрi.".
15. "Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 20-құжат):
мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға құқық беретiн лицензия алғанға дейiн Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiппен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қатысушысы болуға мiндеттi.
2. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырушы сақтандырушы өз қаржылық есеп беруiн жыл сайын Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын кем дегенде екi мерзiмдi баспасөз басылымында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жылдық қаржылық есептiлiктi жариялау тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген көлемде және мерзiмде жариялап отыруға мiндеттi.
3. Сақтандырушылар туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдерi, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.";
16. "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 3-4, 2-құжат):
1) 1-бапта:
6) тармақшада:
"еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiндегi жазатайым оқиға (бұдан әрi - жазатайым оқиға)" деген сөздер "қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру фактiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуға" деген сөздер "кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы "еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуына" деген сөздер "кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) сақтандыру жағдайы - оның басталуына қарай қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;";
2) 8-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) заңды тұлға және дербес кәсiпкер мемлекеттiк тiркеуге тұрған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде сақтандырушымен жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;";
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) персоналдың санаттары мен қызметкердiң (қызметкерлердiң) кәсiптiк тәуекелi өзгерген кезден он жұмыс күнi iшiнде бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға;";
4) тармақшадағы "сақтандыру жағдайының басталғаны" деген сөздер "қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру фактiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы "жазатайым оқиғалардың" деген сөздер "қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру фактiлерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
4) 11-бапта:
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
"Сақтандыру полисi" деген сөздер "Сақтандыру шарты" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Сақтандыру полисi бланкiсiн дайындауға және оның телнұсқасын ресiмдеуге" деген сөздер "Сақтандыру шартының телнұсқасын ресiмдеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) сақтандырушы сақтандыру шартымен белгiленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерiндегi сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) жүзеге асырған";
6) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Сақтандыру сомасы
1. Сақтандыру сомасы жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартымен айқындалады, бiрақ ол жұмыс берушiнiң мiндеттi сақтандыру шартын жасаған кезде барлық қызметкерлердiң еңбек ақысының жылдық қорынан кем болмауға тиiс.
2. Сақтандыру сомасы сақтандыру төлемi мөлшерiнiң сомасына кемидi.
3. Сақтандыру сомасы қызметкерлердiң еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда ғана өзгеруi мүмкiн.";
7) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы персоналдың тиiстi санаты бойынша еңбекақы төлеу қорына көбейтiлген, осы баптың 2-тармағында белгiленген сақтандыру тарифiнiң негiзiнде тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Алынған сомалар жинақталуға жатады.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi iшiнде еңбекақы төлеу қоры өсетiн болса, онда тараптардың келiсiмi бойынша сақтандыру шартына негiзгi шарттың қолданылу кезеңiнде қосымша келiсiм жасау арқылы өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi бөлiгiнде). Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қоры сомасының өзгеруi және негiзгi шарттың аяқталуына дейiн қалған мерзiм негiзiнде есептеледi. Сақтандыру тарифi сақтандыру шарты (негiзгi шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңiне теңбе-тең есептеледi.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Персоналдың санаттары мен қызметкердiң кәсiптiк тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы кезiнде сақтандыру сыйлықақысы жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi өткенге дейiн қалған мерзiмге теңбе-тең қайта есептеледi.";
8) 18-бапта:
1-тармақтағы "келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi" деген сөздер "зиян келтiргенi үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуына" деген сөздер "кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Зиян мөлшерiн анықтау тәртiбi. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемi
1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн алуына байланысты жалақыдан (кiрiстен) айрылуына қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.
2. Қызметкерге кемiнде бiр жыл немесе бiр жылдан астам мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстардың, сондай-ақ қызметкердi жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерiн сақтандырушы осы шығыстарды растайтын құжаттардың негiзiнде айқындайды.
Жерлеуге арналған шығыстарды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi 100 айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс.
3. Қызметкерге кемiнде бiр жыл немесе бiр жылға тең мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты қызметкердiң жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына байланысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалған мөлшерде жүзеге асырылады.
4. Қызметкерге кемiнде бiр жыл немесе бiр жылға тең мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты, сондай-ақ денсаулықтың зақымдануымен туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемiн сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген құжаттар негiзiнде кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеген кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жасайды.
Осы тармақта көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн алушы жәбiрленушi қызметкер болып табылады.
5. Қызметкердi жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемiн алушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен тұлға болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметкердiң не қызметкердi жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша сақтандырушы өтiнiш иесiнiң болашақта жұмсалатын шығыстар шотына сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi.
7. Қызметкерге бiр жылдан аспайтын мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалардың жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына байланысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiне тең мөлшерде жүзеге асырылады.
Қызметкерге бiр жылдан аспайтын мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес зиянды өтеу құқығын алған тұлғалардың жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына байланысты зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемi сақтанушы онымен аннуитет шартын жасасуға мiндеттi аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған пайда алушының таңдаған сақтандыру ұйымына аударылады.
8. Қызметкердiң қаза болуына немесе оның денсаулығының зақымдануына байланысты зиян үшiн сақтандыру төлемi нақты зиян мөлшерiнде, бiрақ жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген жалпы сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жүргiзiледi.
Егер осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалған сақтандыру төлемiнiң мөлшерi аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiнен аз болған жағдайда, көрсетiлген айырмашылық аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандыру ұйымына сақтанушының есебiнен төленедi.
9. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.";
10) 20-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"сақтандыру шартының көшiрмесi";
2) тармақшадағы "қызметкерге" деген сөздiң алдынан "жәбiрленушi" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы туралы аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандыру ұйымы қорытындысының көшiрмесi.";
11) 21-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "оның" деген сөз "қызметкердiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "сақтанушы" деген сөзден кейiн ", жәбiрленушi қызметкер" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызметкердiң бiр жылдан астам мерзiмге еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда жұмыс берушi осы Заңның 19-бабы 6-тармағының талаптарын есепке ала отырып, қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес зиянды өтетуге құқық алған тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.
13) 24-бапта:
1-тармақта "жазатайым оқиға" деген сөздер "қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру фактiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгiнде "жазатайым оқиға" деген сөздер "еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру фактiсi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде мiндеттi сақтандыру жөнiндегi деректер базасының қатысушылары болуға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының
Президентi