Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Хорватия Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Хорватия
Республикасының Yкiметi арасындағы Инвестицияларды
көтермелеу және өзара қорғау туралы
келiсiм
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасының Үкiметi
кемсiтушiлiк емес негiзде бiр Тарап инвесторларының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы инвестицияларын қорғау қажеттiлiгiн тани отырып;
бiр Тараптың екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы жеке және заңды тұлғаларының инвестициялар саласындағы экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге жәрдемдесуге ниет бiлдiре отырып;
осы Келiсiмнiң шеңберiнде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау осы саладағы iскерлiк бастамаларды ынталандыратынын мойындай отырып;
инвестициялар үшiн тұрақты негiз экономикалық ресурстарды барынша тиiмдi пайдалануды ұлғайтуға және өмiр деңгейiн жақсартуға үлес қосатынына келiсе отырып;
бұл мақсаттарға денсаулықты, қауiпсiздiктi және қоршаған ортаны қорғауды әлсiрететiн жалпы қолдану шараларынсыз қол жеткiзуге болатынын тани отырып;
мына төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмде пайдаланылатын терминдер мыналарды бiлдiредi:
1. "Инвестициялар" - бiр Тарап инвесторының екiншi Тараптың аумағында соңғысының мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес экономикалық қызметiне байланысты инвестицияланатын активтердiң барлық түрлерi және ол атап айтқанда, бiрақ айрықша емес мыналарды:
(а) жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi немесе жалға алу, ипотека, кепiлдiк құқық және салымдар сияқты кез келген мүлiктiк құқықтарды;
(b) үлестер, акциялар, борыштық мiндеттемелер және компаниялардағы қатысудың кез келген басқа да нысандарын;
(с) ақша талаптарын немесе келiсiм-шартқа сәйкес инвестициялармен немесе қайта инвестициялау кiрiстерiмен байланысты орындау талаптарын;
(d) авторлық құқықтарды, сауда маркаларын, патенттердi, өнеркәсiптiк үлгiлер мен техникалық үдерiстердi, ноу-хауды, сауда атауларын және гуд-виллдi қоса алғанда, зияткерлiк меншiк құқығын;
(е) табиғи ресурстарды iздеуге, игеруге, алуға немесе пайдалануға арналған концессияны қоса алғанда, заңға сәйкес немесе шартқа сай берiлген iскерлiк концессияларды қамтуы мүмкiн.
Өз аумағында инвестицияларды қабылдайтын мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүргiзiлген инвестициялар нысанының кез келген өзгерiсi оларды инвестициялар ретiнде айқындауға әсер етпейдi.
2. "Инвестор" - бiр Тараптың екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды соңғы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына және осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асыратын субъектiсi, және мыналарды қамтиды:
(а) кез келген Тараптың азаматы болып табылатын кез келген жеке тұлға;
(b) өз Тарабы мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес құрылған және тiркелген әрi инвестицияларды жүзеге асыруға өкiлетті кез келген заңды тұлға;
3. "Кiрiстер" - пайданы, пайыздарды, дивидендтердi, роялтидi, лицензиялық сыйақыларды және басқа да төлемдердi қоса алғанда, инвестицияларды жүзеге асырудың нәтижесiнде алынған қаражат.
4. "Аумақ" - тиiстi Тарап мемлекетiнiң халықаралық құқық нормаларына сәйкес егемендiгiн жүзеге асыратын және өзiнiң заңи құқығын тарататын құрлықты, суды, жер қойнауын және әуе кеңiстiгiн қоса алғанда, құрлықтағы, теңiздегi және әуе шекаралары шегiндегi Тараптардың бiрi мемлекетiнiң аумағы.
5. "Гуд-вилл" - компаниялардың, фирмалардың материалдық өлшемге жатпайтын активтерiн бiлдiредi, мысалы, бедел, ықпал, байланыстар және өзгелерi.
6. "Реституция" - шартты жарамсыз деп таныған жағдайда шарт бойынша алынған мүлiктi екiншi тарапқа қайтару құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қолданылған ереженi қалпына келтiру.
2-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау
1. Әрбiр Тарап өз аумағында екiншi Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейдi және олар үшiн қолайлы жағдайлар туғызады, әрi өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес, мұндай инвестицияларға рұқсат бередi.
2. Әрбiр Тарап өз мемлекетiнiң аумағында екiншi Тараптың инвесторларының инвестицияларына және инвестициядан түсетiн табыстарын әдiл және тең құқықты айналымды, сондай-ақ толық, тұрақты қорғау мен қауiпсiздiктi ұсынатын болады.
3. Тараптардың бiрде бiрi өз мемлекетiнiң аумағында негiзсiз және кемсiтушiлiк немесе еркiн шаралармен екiншi Тараптың инвесторларына инвестицияларды ұлғайтуға, басқаруға сақтауға пайдалануға, иелiк етуге, сатуға немесе басқаша билiк етуге кедергi жасамайды.
1. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың инвесторлары мен олардың инвестицияларына және инвестициядан түсетiн кірістеріне ұлттық инвесторларға не үшiншi тараптың инвесторларына және олардың инвестицияларына оны кеңейтуге, басқаруға, қолдауға, пайдалануға, иеленуге, сатуға немесе инвестицияларға басқадай етуге қатысты, ұсынатын режимiнен қолайлылығы кем емес режим ұсынады.
2. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың инвесторлары мен олардың инвестицияларына және инвестициядан түсетiн кiрiстерiне осы баптың 1-тармағында ескерiлгеннен барынша қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
3. Осы Келiсiмнiң әрбiр Тарабы мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес инвесторлардың қызметi шектелетiн немесе жоққа шығарылатын қызмет саласын, аясын және түрлер белгiлеу, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында құқығын өзiне қалдырады.
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тарапта екiншi Тараптың инвесторларына және олардың инвестициялары мен инвестициядан түсетiн кірістерiне мыналардың нәтижесi болып табылатын кез келген режимнiң, преференцияның немесе артықшылықтың қазiргi немесе болашақтағы пайдасын беруге мiндеттейтiн ретiнде түсiндiрiлуге тиiс емес:
(а) еркiн сауда, кеден одағы, валюталық одақ, ортақ нарық және кез келген Тараптың мемлекетi қатысушысы болып табылатын және осындай одақтар мен ұқсас ұйымдарға әкелетiн кез келген халықаралық келiсiм аймағындағы мүшелiк;
(b) кез келген халықаралық келiсiм немесе Тарап мемлекетiнiң салық салуға толық немесе басты түрде қатысы бар ұлттық заңнамалары.
1. Кез келген Тарап екiншi Тарап инвесторының инвестицияларын тiкелей немесе жанама экспроприациялауға немесе мемлекет иелiгiне алуға немесе:
(а) мемлекеттiк және қоғамдық мақсаттарда;
(b) кемсiтпеушiлiк тәсiлiмен;
(с) тиiстi заң рәсiмдерiне сәйкес;
(d) осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес тез, бара бар және тиiмдi өтем төлеумен қабылданғандарды қоспағанда, кез келген осындай шараларды (бұдан әрi - экспроприация) қабылдамауға тиiс.
2. Өтем:
(а) кiдiрiссiз төленуге тиiс. Кiдiрiс жағдайында осы кiдiрiстiң нәтижесi болып табылатын валюталық бағаммен байланысты кез келген залалды қабылдаушы Тарап көтередi;
(b) экспроприацияны жүзеге асыру күнiнiң алдындағы күнге экспроприацияланған инвестициялардың әдiл нарықтық құнына тең болуға тиiс. Әдiл нарықтық құн экспроприация туралы бұрын көпшiлiкке жария түрде белгiлi болу салдарынан құндағы қандай да бiр өзгерiстi көрсетуi тиiс емес;
(с) толық iске асырылуға және еркiн аударылуға тиiс;
(d) экспроприация күнiнен нақты төлем күнiне дейiн валюта төлемi үшiн нарықтық негiзде белгiленген коммерциялық ставка бойынша пайызды қамтуға тиiс.
3. Екiншi Тараптың экспроприациясынан зардап шеккенi туралы мәлiмдеген кез келген Тараптың инвесторы осы баптың ережелерiне сәйкес сот органы немесе соңғы Тараптың басқа құзыреттi органы және тәуелсiз органы оның инвестицияларын және өтемақы төлеудi бағалауын қоса алғанда, оның iсiн жедел қарауға құқығы бар.
1. Бiр Тараптың екiншi Тараптың аумағындағы инвестициялары соңғы Тараптың аумағында соғыстың немесе басқа да қарулы қақтығыстардың, бүлiктiң, көтерiлiстiң, бүлiншiлiктiң салдарынан шығынға ұшыраған инвесторларына соңғы Тарап өз инвесторлары мен инвестор үшiн неғұрлым қолайлы болып табылатын кез-келген үшiншi мемлекеттiң инвесторларына соңғы Тарап беретiнге қарағанда, қолайлырақ режимiн реституцияға, өтеуге немесе басқа да реттеуге қатысты бередi.
2. 1-тармақта аталған жағдайдың кез келгенiнде:
(а) екiншi Тараптың күштерiмен немесе билiгiмен оның инвестициясын немесе оның бөлiктерiн тәркiлеу, немесе
(b) екiншi Тараптың күштерiмен немесе билiгiмен инвестицияларды немесе оның бөлiгiн жағдайдың қажеттiлiгiмен талап етiлмеген бұзу салдарынан шығынға ұшыраған Тараптың кез келген инвесторына соңғы Тарап кез келген жағдайда жедел, барабар және тиiмдi болуы тиiс реституция немесе өтемақы беруi тиiс. Бұл ретте өтем 5-баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
1. Әрбiр Тарап өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес екiншi Тараптың инвесторларына олардың инвестицияларын және инвестицияларға жатқызылған аударылатын төлемдердi ез аумағына және одан аударуды қамтамасыз етуге тиiс. Мұндай төлемдер атап айтқанда, бiрақ айрықша емес, мыналарды:
(а) салымды қолдау немесе ұлғайту үшiн бастапқы капитал және қосымша соманы;
(b) кiрiстердi;
(с) инвестицияларды толық немесе iшiнара сатудан түскен түсiмдi;
(d) несие төлемiн қоса алғанда, келiсiм-шартқа сәйкес жүзеге асырылатын төлемдердi;
(e) 5 және 6-баптарға сәйкес төленетiн өтемақыны;
(f) даулардан туындайтын төлемдердi;
(g) шетелден жалға алынған және инвестициялармен байланысты жұмыс iстейтiн персоналдың жалақысы мен басқа да сыйақыларын қамтуға тиiс.
2. Әрбiр Тарап осы баптың 1-тармағында аталған аударымды мемлекеттiң аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Тараптың аудару күнiнде қолданыстағы нарықтық валюталық бағамы бойынша еркiн айырбасталатын валютада жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi.
3. Шетел валютасы үшiн айырбастау нарығы болмаған кезде қолданылатын болған Халықаралық валюта қорының Арнайы қарыз алу құқықтарына валюта аударуға арналған соңғы айырбас бағамы болуға тиiс.
4. Кез келген Тарап осы баптың 1, 2 және 3-тармақтары үшiн залалсыз мыналарға:
(а) банкроттыққа, төлем қабiлетсiздiгiне немесе кредиторлардың құқығын қорғауға;
(b) бағалы қағаздарды және туынды қаржы құралдарын шығаруға, саудалауға және олармен жасалатын операцияларға;
(с) құқық бұзушылықтарға;
(d) заңды жүзеге асыруға немесе қаржылық бақылау органына жәрдемдесу қажет болғанда қаржылық есептiлiк немесе аударымдардың есебiн жүргiзуге;
(е) сот немесе әкiмшiлiк процестерде бұйрықтарды немесе сот шешiмдерiн орындауды қамтамасыз етуге;
(f) салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi төлемеуге қатысты өз мемлекетiнiң заңнамасын әдiл, кемсiтушiлiксiз және адал қолдану арқылы аударымды шектей алады.
Егер Тарап немесе оның уәкiлеттi органы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы инвестордың инвестицияларына қатысты орнын толтыру, кепiлдiк немесе сақтандыру келiсiм-шартына сәйкес төлемдердi жүзеге асыратын болса, соңғы Тарап осындай шарада және олардың алғы бастаушысы сияқты кез келген құқықтар мен талаптар суброгацияларға байланысты жүзеге асыру үшiн бiрiншi Тарапқа мұндай инвестордың кез келген құқықтары мен талаптарына көшуiн тануы тиiс.
9-бап
Инвестор мен Тарап арасындағы даулар
1. Бiр Тарап және екiншi Тараптың инвесторлары арасындағы тiкелей инвестициялардан туындаған кез келген дау мүмкiндiгi бойынша екi тарап арасында достық рәмiзде шешiлуi тиiс.
2. Егep дау ол жазбаша нысанда туындаған күнiнен бастап 3 ай iшiнде шешiлмесе, дау инвестордың немесе тараптардың бiрiнiң таңдауы бойынша мыналардың қарауына жiберiлуi мүмкiн:
(а) мемлекетiнiң аумағында инвестиция жүзеге асырылатын Тараптардың құзыретті соттарының, немесе
(b) егер бұған қол жетерлiк болса, Вашингтон қаласында 1965 жылғы 18 наурызда қол қою үшiн ашылған Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғалары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияға (бұдан әрi - Конвенция) сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталықтың (бұдан әрi - Халықаралық Орталық) төрелiгiне, немесе
с) eгep тек бiр Тарап осы тармақтың b) тармақшасында көрсетiлген Конвенцияға қатысушы тарап болып табылса, Халықаралық Орталықтың қосымша қызмет көрсетуiне сай төрелiкке; немесе
(d) дауда тараптармен өзгедей келiсiлмесе, кез-келген "ad hoc" төрелiк соты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының төрелiк (ЮНСИТРАЛ) ережелерiне сәйкес құрылады.
3. Дауды ұлттық соттың қарауына жiберген инвестор, егер ұлттық соттың қарау мәнi бойынша шешiм шығарғанға дейiн инвестор ұлттық сот рәсiмдерi баптың 2-тармағы (b) тармақшасында немесе 2-тармақтың (с) тармақшасында айтылған төрелiк трибуналдардың бiрiне жүгiне алады.
4. Кез келген Төрелiк осы бапқа сәйкес дауда кез келген Тараптың өтiнiшi бойынша Нью-Йоркте 1958 жылғы 10 маусымда қабылдаған шетел төрелiк шешiмдерiн тану және орындауға келтiру туралы конвенция (бұдан әрi - Нью-Йорк конвенциясы) тарапы болып табылатын мемлекетте жүргізілу тиіс. Осы бапқа сай төрелiкте ұсынылған талаптар Нью-Йорк конвенциясының 1-бабының мақсаттары үшiн коммерциялық (сауда) қатынастарынан немесе шарттардан туындаған ретiнде қарастыруы тиiс.
5. Әрбiр Тарап осы бапқа сәйкес төрелiкте олар және басқа Тараптың инвесторы арасындағы дауларды ұсынуға өздерiнiң сөзсiз келiсiмдерiн бередi.
6. Даудың қатысушысы болып табылатын Тараптардың бiрде бiрi төрелiк рәсiмнiң кез келген сатысына немесе төрелiк шешiмдердi орындауға қарсылық бiлдiре алмайды немесе дауда тарап болып табылатын инвестор сақтандыру күшiнiң бөлiгiн немесе барлық шығындарын жабатын өтемдi алған фактiсiн көрсете алмайды.
7. Шешiм даудағы тараптар үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болуы тиiс және сол шешiм Тараптардың құзыреттi органы жүзеге асырылатын аумақтағы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес орындалуы тиiс.
10-бап
Тараптар арасындағы дауларды шешу
1. Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мүмкiндiгiнше келiссөздер және консультациялар жолымен шешiледi.
2. Егер дау мұндай келiссөздердi кез келген Тарап жазбаша нысанда сұратқан күннен бастап алты (6) ай iшiнде осындай түрде шешiлмесе, ол кез келген Тараптың өтiнiшi бойынша төрелiк соттың қарауына ұсынылуы тиiс.
3. Төрелiк сот әрбiр жеке iс үшiн мынадай түрде құрылуы тиiс. Төрелiк туралы өтiнiштi алғаннан кейiн екi (2) ай iшiнде әрбiр Тарап Соттың бiр мүшесiн тағайындайды. Содан соң осы екi мүше үшiншi елдiң азаматы болып табылатын Төрағаны сайлауы тиiс, олар Тараптар мақұлдағаннан кейiн екi басқа мүшенi тағайындаған күннен бастап төрт (4) ай iшiнде тағайындалуы тиiс.
4. Егер қажеттi тағайындалулар осы баптың 3-тармағында айқындалған кезең iшiнде жасалмаса, кез келген Тарап БҰҰ-ның Халықаралық сот төрағасын қажеттi тағайындау жасауға шақырады. Егер Төраға кез келген Тараптың азаматы болып табылса немесе өзге де мiндеттер көрсетiлген функцияны орындауға кедергi болса, онда кез келген Тараптың азаматы болып табылмайтын немесе өзге де мiндеттер көрсетiлген функцияны орындауға кедергi келтiрмесе БҰҰ-ның Халықаралық сотының үлкендiк реттегi мүшесi қажеттi тағайындау жасауға шақыртылуы тиiс.
5. Төрелiк сот көпшiлiк дауыспен өз шешiмiне қол жеткiзедi. Сот шешiмi екi Тарап үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болуы тиiс. Әрбiр Тарап өзi тағайындаған мүшелер мен төрелiк үдерiстегi өзi өкiлдiгiнiң шығыстарын өтейдi. Екi Тарап та Төрағаның шығыстарын, сондай-ақ басқа да шығыстарды тең үлесте мойнына алады. Сот шығыстарды бөлуге қатысты басқа да шешiм қабылдауы мүмкiн. Төрелiк сот барлық қалған қатынастарда өз тәртiбiнiң рәсiмдерiн айқындайды.
6. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген дауларға қатысты даулы мәселелер осы Келiсiмнiң ережелерiне және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттарына сәйкес шешiлуi тиiс.
Тараптар олар осы Келiсiмдi орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбiр нақты жағдайда өзге тәртiп келiсiлмеген болса, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасында көзделген қаражат шегiнде жеке көтередi.
12-бап
Басқа да ережелердi және арнайы мiндеттердi қолдану
1. Егер құқықтық қатынастар бiр мезгiлде осы және Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық келiсiмдермен реттелетiн болса, ештеңе Тарапқа да, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды жүзеге асырылатын оның кез келген инвесторына да оның жағдайы бойынша барынша қолайлы ережелердi өз мүдделерiне пайдалануға кедергi болмауы тиiс.
2. Егер бiр Тараптың инвесторларына екiншi Тараптың өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына немесе басқа да келiсiм-шарттардың арнайы талаптарына сәйкес ұсынылатын режим осы Келiсiмге сәйкес ұсынылатыннан барынша қолайлы болса, онда соңғы Тарап инвесторларына барынша қолайлы режим ұсынылады.
13-бап
Осы Келiсiмдi қолданушылық
Осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн және одан кейiн екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында кез келген Тараптың инвесторлары жүзеге асыратын барлық инвестицияларға қолданылады, бiрақ осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн туындаған және (немесе) реттелген инвестицияларға қатысты кез келген дау немесе талапқа қолданылмауы тиiс.
1. Осы Келiсiмде ештеңе де Тараптардың бiрi соғыс немесе әскери қақтығыстар кезiнде немесе басқа да халықаралық қатынастарда ең қажеттi басқа да жағдайларда өзiнiң негiзгi қауiпсiздiк мүддесiн қорғау үшiн қажеттi кез келген әрекеттердi қабылдауға кедергi келтiру ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
2. Тараптың өз бетiнше немесе ақталмайтын кемсiтушілігiн не инвесторлардың жасырын шектеуiн бiлдiретiн мұндай шаралар осылайша қолданылмайтын жағдайда осы Келiсiмде ештеңе де Тараптың жария тәртiптi қолдау үшiн қажеттi кез келген шараларын қабылдауға кедергi ретiнде түсiндiрiлуi тиiс емес.
3. Осы баптың ережесi осы Келiсiмнiң 7-бабы 1-тармағының (е) тармақшасына қолданылмауы тиiс.
1. Әрбiр Тарап өзiнiң заңдарын, ережелерiн, рәсiмдерi мен әкiмшiлiк ұйғарымдарын және жалпы қолданыстағы сот шешiмдерiн, сондай-ақ реципиент-мемлекет аумағындағы екiншi Тарап инвесторларының инвестицияларына қатысы болуы мүмкiн халықаралық келiсiмдердi дереу жариялауға немесе өзгеше түрде жалпыға қол жетерлiк етуi тиiс.
2. Ашылуы құқық қолдануды немесе құпиялықты қорғау құқығына кедергі немесе жекелеген инвесторлардың заңды мүдделерiне зиян келтiрудi қоса алғанда, осы Келiсiмде ештеңе де Тараптардан кез келген құпия немесе меншiктi ақпаратты құрайтын қол жеткiзудi ұсынуға немесе рұқсат берудi талап етпеуi тиiс.
Тараптар кез келген Тараптың өтiнiшi бойынша осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулы мәселе бойынша консультациялар жүргiзедi. Консультациялар өткiзудiң уақыты мен орны дипломатиялық арналар бойынша Тараптардың құзыреттi органдарымен келiсiледi.
17-бап
Өзгерiстер енгiзу, күшiне енуi және
қолданысын тоқтату
1. Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
2. Осы Келiсiм Тараптар күшiне ену үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап екiншi айдың бiрiншi күнiнен күшiне енедi.
3. Осы Келiсiм 10 жыл мерзiмге жасалады және ол өткен соң автоматты түрде кейiнгi ондаған жылдар кезеңiне ұзартылады және бiр Тараптың осы Келiсiмдi тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастан он екi ай өткенге дейiн әрекет етедi.
4. Осы Келiсiмдi тоқтату күнiне дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты ереженiң 1-15-баптары осы Келiсiмнiң тоқтатылған күнiнен бастап одан әрi ондаған жылдар кезеңiне күшiнде қалады.
Осыны растау үшiн тиiстi түрде оған төменде қол қоюшы уәкiлеттi адамдар осы келiсiмге қол қойды.
__________________"___"_________________________қаласында екi данада әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды, барлық мәтiндер тең, дәлме дәл болып табылады. Осы Келiсiмнiң ережелерiн әр алуан түсiндiру жағдайында, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан
Республикасының
Үкiметi үшiн
Хорватия
Республикасының
Үкiметi үшiн