"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 167
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 9, 81-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"015 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";";
4-тармақта:
"кабинеттерді" деген сөзден кейін ", физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын" деген сөздермен толықтырылсын;
"конкурсты" деген сөз "конкурстарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
5 және 6-тармақтардағы "кабинеттердің" деген сөзден кейін ", физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарының" деген сөздермен толықтырылсын;