Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бiлiм беруге бөлiнетiн 2006 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 167 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының  20-бабын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бiлiм беруге бөлiнетiн 2006 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекiтiлген сомасын аударуды қамтамасыз етсiн.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
      2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасының пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 15 наурыздағы
N 167 қаулысымен  
бекiтiлген     

  Бiлiм беруге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне бөлiнетiн 2006 жылға арналған
республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн
пайдалану ережесi

      1. Осы Ереже республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi мынадай республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша пайдалану тәртiбiн айқындайды:
      015 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      026 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне арнайы (түзету) бiлiм беру ұйымдарын арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң бiрүлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге берiлген ағымдағы нысаналы трансферттер";
      029 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан пайдалануға берiлетiн бiлiм беру объектiлерiн ұстауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      033 "Облыстық бюджеттерге балалардың тамақтану, өмiр сүру және тест пункттерiне жеткiзiлуiн ұйымдастыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      034 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердi Интернетке қосуға және трафигiне ақы төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      035 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуға және жеткiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      036 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"; 
      037 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бастауыш кәсiби бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарының педагог қызметкерлерiн қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      039 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер".
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N  892  қаулысымен.

      2. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi 2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарында бекiтiлген сандық көрсеткiштерге сәйкес:
      1) техникалық ерекшелiктерiн көрсете отырып, арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарының;
      2) оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердiң;
      3) бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған жабдықтардың;
      4) облыстық (қалалық) педагог кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған жабдықтардың;
      5) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi жүргiзу пункттерiнiң;
      6) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау курстары тақырыптарының тiзбесiн айқындайды.

      4. Лингафондық және мультимедиалық кабинеттердi, физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстарды бiрыңғай ұйымдастырушы болып Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi танылады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N  892  қаулысымен.

      5. Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi (басқармалары), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бiлiм бөлiмдерi лингафондық және мультимедиалық кабинеттердiң, физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарының соңғы алушыларын заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмде анықтайды және оларды пайдалану мониторингiн жүзеге асырады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N  892  қаулысымен.

      6. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi (басқармалары) әрбiр тоқсан сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiлеген нысан бойынша лингафондық және мультимедиалық кабинеттердi, физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарының мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептердi ұсынады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N  892  қаулысымен.

      7. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:
      1) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң, кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуға, ұлттық бiрыңғай тестiлеудi жүргiзуге, педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, лингафондық және мультимедиалық кабинеттердi құруға, физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттер қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады;
      2) үлгiлiк штаттарға сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын жинақтауға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттер әкiмдiктердiң бiлiм беру ұйымдарын жете жинақтау туралы қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады;
      3) интернет желiсiне қосуға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттер әкiмдiктердiң Интернет желiсiне қосуға жататын мектептердiң тiзбесiн бекiту туралы қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады;
      4) жаңадан iске қосылған бiлiм беру объектiлерiн ұстауға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттер әкiмдiктiң қаулысымен бекiтiлген пайдалануға берiлген бiлiм беру объектiлерiн iске қосу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделi сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан iске қосылған бiлiм беру объектiлерiн ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға бөлiнедi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N  892  қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады