Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 167 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 892 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының  20-бабын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 167  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 9, 81-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "015 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";";

      4-тармақта:
      "кабинеттерді" деген сөзден кейін ", физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "конкурсты" деген сөз "конкурстарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5 және 6-тармақтардағы "кабинеттердің" деген сөзден кейін ", физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтың 1) тармақшасындағы "кабинеттерді құруға" деген сөздерден кейін ", физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады