Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.09. N 1331 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасындағы өткiзу пункттерi арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу кезiнде бiрлескен бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасындағы
өткiзу пункттерi арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк
құралдарын өткiзу кезiнде бiрлескен бақылауды
жүзеге асыру жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы (бұдан әрi - Тараптар):
Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасындағы (бұдан әрi - шекара) ынтымақтастықты нығайтуға және өзара тату көршiлiк қатынастарды дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
шекара арқылы өткiзу кезiнде бiрлескен бақылауды жүзеге асыру жолымен адамдарды, тауарларды, көлiк құралдарын бақылауды жетiлдiру мен тиiмділiгiн арттыруға ұмтыла отырып,
шекарада бақылау шараларын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әр түрлi бақылау органдары жүзеге асыратынын атап өте отырып,
бақылаудың бұл түрлерiн жүргiзу шарттары олардың мақсатына, олардың тиiсiнше жүргiзiлуiне залал келтiрместен және олардың тиiмдiлiгiн төмендетпестен айтарлықтай шамада келiсiлуi мүмкiн екендiгiн мойындай отырып,
1995 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Кеден қызметтерiн басқарудың бiртұтастығы туралы келiсiмнiң, 1999 жылғы 24 қыркүйектегi Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жеңілдетiлген тәртiбi туралы келiсiмнiң ережелерiн ескере отырып,
бақылаушы органдар арасындағы ынтымақтастық жолымен Тараптар арасында жолаушылар мен жүк қатынастарын дамытуға және жеделдетуге ықпал етуге ұмтыла отырып,
ресмиліктi, сондай-ақ бiрлескен бақылауды жүргiзу жолымен бақылаудың түрлерi мен ұзақтығын қысқартуға ұмтыла отырып,
бiрлескен бақылауды жүргiзудiң шарттарын келiсу көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн маңызды құралдардың бiрi болып табылатындығына көз жеткiзе отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмдегi мына ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
бақылаушы органдар - Тараптардың ұлттық заңнамаларына және осы Келiсiмге сәйкес өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк бақылау функциялары жүктелген Тараптардың шекаралық және кеден органдары;
өзге де бақылаушы органдар - Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк бақылау функцияларын жүзеге асыратын Тараптардың басқа да мемлекеттiк органдары немесе қызметтерi;
бiрлескен бақылау - бiрлескен өткiзу пункттерi арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу кезiнде Тараптардың бақылаушы және өзге де бақылаушы органдары бiрлесiп қолданатын және жүзеге асыратын iс-әрекеттердiң, шаралардың, әдiстердiң, құралдар мен нысандардың жиынтығы;
тұлға - кез келген заңды немесе жеке тұлға;
бiрлескен өткiзу пунктi - бiр немесе екiншi Тарап мемлекетiнiң бiрлескен бақылау жүзеге асырылатын өткiзу пунктiнiң аумағы;
лауазымды тұлғалар - бiрлескен бақылауды жүзеге асыратын бақылаушы және өзге де бақылаушы органдардың қызметкерлерi;
бақылау аймағының шегi - бiрлескен өткiзу пунктiнiң аумағы және бiрлескен өткiзу пунктi шекарасының сызығынан Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасының нақты сызығынан өткенге дейiнгi аумақ.
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн адамдардың мемлекеттiк шекарадан өтетiн жерi, сондай-ақ Тараптардың кедендiк аумағынан/аумағына тауарлар мен көлiк құралдары әкетiлетiн және әкелiнетiн жер бiрлескен өткiзу пунктiнiң аумағы болып табылады.
2. Осы Келiсiмге сәйкес Тараптардың бiрiнiң ұлттық заңнамасы екiншi Тараптың аумағында орналасқан бiрлескен өткiзу пунктiнiң аумағында өз Тарапының аумағындағы сияқты, бақылау аймағының шегiнде қолданылады.
Бiрлескен өткiзу пунктiнiң аумағында осы заңнаманы бұзу, өз Тарапының аумағында орын алған осы тектес бұзушылықтар сияқты нақ сондай құқықтық салдарларға әкеп соқтырады.
1. Бiрлескен бақылауды бақылаушы органдар, ал қажет болған кезде бiрлескен өткiзу пункттерi аумақтарының шегiнде Тараптардың өзге де бақылаушы органдары жүзеге асырады.
2. Шекара арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу Тараптардың ұлттық заңнамаларына және олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бiрлескен өткiзу пункттерi тиiстi түрде жұмыс iстеу үшiн:
бiрлескен өткiзу пункттерiнiң жұмыс iстеу қажеттіліктерi ескерiле отырып, жеткiлiктi мөлшердегi бiлiктi персоналмен;
бақылауға жататын көлiк пен тауарлардың түрлерi ескерiле отырып, бiрлескен бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi ғимараттар, құрылыстар кешенiмен, жабдықпен, қондырғылармен және техникалық бақылау құралдарымен;
олар осы Келiсiмге және Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес әрекет ету үшiн лауазымды тұлғаларға арналған ресми нұсқаулықтармен;
кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзу үдерiстерiн автоматтандыруды, оның iшiнде алдын ала хабардар етудi және тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалану негiзiнде қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйелермен және кешендермен қамтамасыз етiледi.
Тараптардың бақылаушы және өзге де бақылаушы органдары осы Келiсiмде қамтылатын мәселелер бойынша бiрлескен бақылау жүргiзудiң тиiмділігiн қамтамасыз ету мақсатында тиiстi ақпаратпен жедел алмасады.
1. Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес бақылаушы органдар олардың жүргiзiлуi yшiн жауапкершiлiк өздерiне жүктелген бақылаудың өзге де түрлерiн жүргiзе алады.
2. Бірлескен өткiзу пунктiнде бақылаудың бiрнеше түрлерi жүргiзілген жағдайда бақылаушы органдар оларды бiр мезгiлде немесе қысқа уақытта жүргiзу үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдайды.
3. Бақылаудың жекелеген түрлерiн бiрлескен өткiзу пункттерiнен тыс жерлерде жүргiзу қажет болған жағдайда оларды Тараптардың аумақтарында ұлттық заңнамаларға сәйкес жүргiзуге жол берiледi.
1. Тараптар дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен Тараптардың бiрiнiң бақылаушы және өзге де бақылаушы органдары бақылауды екiншi Тараптың аумағында жүзеге асыратын бiрлескен өткiзу пункттерiн айқындайды.
2. Бақылаушы және өзге де бақылаушы органдар бақылауды бiрлескен өткiзу пункттерiнiң аумақтары шегiнде жүзеге асырады.
1. Тараптардың бақылаушы органдары бiрлескен өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыруға байланысты iс-шараларды үйлестiредi.
2. Тараптардың бақылаушы және өзге де бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларын ауыстыру бiрлескен бақылау үдерiсi тоқталмайтындай етiп жүргiзіледi.
Осы Келiсiмнiң бiр де бiр ережесi Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес қоғамдық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, мәдени мұра және зияткерлiк меншiк пайымдаулары бойынша адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзуге қатысты тыйымдар немесе шектеулер енгiзуге кедергi жасамайды.
Тараптардың бақылаушы және өзге де бақылаушы органдары қажет болған кезде (бiрлескен бақылауды жүргiзуге кедергi келтiретiн эпидемиялар, эпизоотиялар, дүлей зiлзалалар немесе өзге де төтенше жағдайлар) белгiленбеген мерзiмге бақылауды өз мемлекеттерiнiң аумақтарында жүзеге асыруға оралуы мүмкiн. Бұл ретте екiншi мемлекеттiң бақылаушы органдары бұл туралы жедел хабардар етiледi.
Тараптардың бақылаушы органдары сәйкестендiру құралдарын, сондай-ақ бақылау мақсаттары үшiн пайдаланылатын құжаттарды өзара негiзде таниды.
1. Адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын бiрiншi болып бақылауды көрсетiлген адамдар, тауарлар мен көлiк құралдары аумағынан кететiнi Тараптың лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
Осы Тарап заңнамасының бақылауды жүзеге асыруға байланысты ережелерi оның лауазымды адамдары бақылауды жүзеге асыруды аяқтаған сәттен бастап қолданысын тоқтатады.
2. Тексерудiң нәтижелерiн растайтын құжаттарды екiншi Тарап бақылау мақсаттары үшiн пайдаланылатын құжат ретiнде тануы мүмкiн.
Жеткiлiктi негiздемелер болған кезде аумағына адамдар, тауарлар мен көлiк құралдары өтетiн Тараптың тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдауға құқығы бар.
3. Тараптардың екiншi Тараптың аумағында бақылауды жүзеге асыратын бақылаушы органдарының лауазымды тұлғалары адамдардың, сондай-ақ өз мемлекетiнiң аумағынан әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының өткiзiлуiн тоқтатуы және оларды өз мемлекетiнiң аумағына қайтаруы мүмкiн.
4. Тараптар Тараптардың ұлттық заңнамаларын бұзудың немесе бұзуға әрекет жасаудың дәлелдемелерiн жинауды қамтамасыз ету мақсатында бiр-бiрiне қажеттi көмек бередi.
Тараптардың шекара қызметтерi бiрлескен өткiзу пункттерiнде Тараптардың бiрiнiң аумағында тұрақты тұратын және шекарадан өту ережелерiн бұзғаны үшiн ұсталған жеке тұлғаларды қабылдап алуды-берудi ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдайды.
1. Аумағында бақылау жүзеге асырылатын Тарап екiншi Тараптың бақылаушы және өзге де бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына бақылау әрекеттерiн жүзеге асыруға, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiнде көмек алуға және құқықтық қорғалуға мүмкiндiк бередi.
2. Тараптардың бiрiнiң бақылаушы және өзге де бақылаушы органдарының бақылау әрекеттерiн орындауға байланысты екiншi Тараптың аумағында болатын лауазымды тұлғалары, егер осы Келiсiмде өзгеше көзделмесе, аумағында болатын Тараптың заңнамасын сақтауға мiндеттi.
3. Тараптардың бiрiнiң екiншi Тараптың аумағында бақылауды жүзеге асыратын бақылаушы және өзге де бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларын орналастыру және өткiзу Тараптар мемлекеттерiнiң бақылаушы органдары арасындағы уағдаластықтар негiзiнде жүргiзiледi.
4. Тараптардың бiрiнiң осы Келiсiмге сәйкес екiншi Тараптың аумағындағы бiрлескен өткiзу пунктi аумағының шегiнде бақылауды жүзеге асыратын бақылаушы және өзге де бақылаушы органдарының лауазымды тұлғалары өз мемлекетi белгiлеген нысанды киiм киедi, қызметтiк айырым белгiлерiн тағады, өздерiмен бiрге қызметтiк куәлiктерi болады және арнайы құралдары мен қызметтiк жануарлары, сондай-ақ бақылау және байланыс техникалық құралдары болуы мүмкiн.
5. Тараптардың бiрiнiң лауазымды тұлғалары екiншi Тараптың аумағында келтiрген залалдарды өтеуге байланысты кiнараттар болатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады.
Тараптардың бiрiнiң екiншi Тараптың аумағында бақылауды жүзеге асыратын бақылаушы органдарының лауазымды тұлғалары осы Келiсiмнiң 3-бабында айқындалған шарттарда өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамаларына және осы Келiсiмнiң нормаларына сәйкес бақылау әрекеттерiн жүзеге асырады.
1. Бiрлескен өткiзу пункттерiнiң объектiлерiн, сондай-ақ адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын күзетудi аумағында бақылау жүзеге асырылатын Тарап қамтамасыз етедi.
2. Аумағында бiрлескен өткiзу пунктi орналасқан Тараптың шекаралық органдары шекара мен бiрлескен өткiзу пункттерiнiң арасындағы жолдағы қозғалыстарды бақылауды қамтамасыз етедi.
1. Тараптардың бiрiнiң бақылаушы және өзге бақылаушы органдарының екiншi Тараптың аумағында бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi қызметтiк құжаттары осы Тараптың бақылаушы органдарының тарапынан бақылауға жатпайды.
2. Тараптардың бақылаушы органдары лауазымды тұлғаларының өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланатын қызметтiк көлiк құралдары, заттары және жеке заттары оларды керi әкету шартымен кедендiк баждар, салықтар және басқа да алымдар төлеуден босатылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген көлiк құралдары бiрлескен өткiзу пункттерiндегi арнайы белгiленген орындарда болады.
1. Болатын Тараптың аумағындағы тиiстi органдар байланыс арналарын ұйымдастырады, оларды тиiстi жағдайда ұстайды және екiншi Тараптың бақылаушы органдарын байланыс құралдарымен және деректердi электронды өңдеуге арналған жабдықпен қамтамасыз етедi.
2. Тараптардың бiрiнiң екiншi Тараптың аумағында бақылау әрекеттерiн орындайтын бақылаушы органдары екiншi Тараптың радиобайланысы жұмысына кедергi келтiрмес үшiн радиобайланыс құралдарын пайдалануды келiседi.
1. Бақылаушы және өзге де бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары екiншi Тараптың бiрлескен өткiзу пункттерiнде мiндеттерiн орындау үшiн болатын Тараптың шекара органдары беретiн рұқсаттамаларының негiзiнде шекарадан өтедi.
2. Тараптардың шекара қызметтерi рұқсаттамаларының үлгiлерiмен алмасады және бiр немесе екiншi Тараптың аумағында орналасқан бiрлескен өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру үшiн лауазымды тұлғаларды шекара арқылы өткiзудiң тәртiбiн келiседi және бекiтедi.
1. Бiрлескен өткiзу пункттерiн салу және оларды жабдықпен, құрылғылармен және техникалық бақылау құралдарымен жарақтандыру, сондай-ақ оларды пайдалану мен iске қосу Тараптар арасындағы уағдаластықтар жолымен айқындалады.
2. Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру барысында туындайтын шығыстарды Тараптар, егер өзгеше тәртiп келiсiлмесе, Тараптардың ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегiнде дербес көтередi.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында бақылаушы және өзге де бақылаушы органдардың өкiлдерiнiң қатарынан бiрлескен өткiзу пункттерiнiң жұмыс iстеуi мәселелерi жөнiндегi қазақстан-ресей комиссиясы құрылады.
Тараптардың осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға жауапты бақылаушы органдары бiрлескен бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тiзiмдерiмен алмасады.
Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап алты айдың iшiнде Тараптардың бақылаушы органдары бiрлескен өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асырудың үлгi технологиялық схемасын әзiрлейдi және бекiтедi.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар жолымен және дипломатиялық арналарды пайдалана отырып шешетiн болады.
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 26-бабының 1-тармағына сәйкес күшiне енетiн хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
1. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастан күшіне енедi.
2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бipeyi де кезектi бесжылдық кезең аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын дипломатиялық арналар бойынша өзiнiң оның қолдануын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабардар етпесе, ол одан кейiнгi бесжылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
2006 жылғы "__" _____ әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, әрi екi мәтiннiң бiрдей күшi бар.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшiн