1992 жылғы 26 маусымда Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң басшылары қол қойған Мемлекетаралық ғылыми-техникалық ақпарат алмасу туралы келiсiмнiң 2 және 6-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының бас директоры Ербол Зинаддинүлы Сүлейменов Ғылыми-техникалық ақпарат жөнiндегi мемлекетаралық үйлестiру кеңесіндегi Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi болып тағайындалсын.
2. Бекет Арапбайұлы Кембаев Ғылыми-техникалық ақпарат жөнiндегi мемлекетаралық үйлестiру кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi мiндетiнен босатылсын.
3. "Ғылыми-техникалық ақпарат жөнiндегi мемлекетаралық үйлестiру кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 мамырдағы N 822 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі