Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
"Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; М 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 102-құжат):
1) 313-баптың бiрiншi абзацындағы "мемлекеттiк өрт қадағалау" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 334-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацында "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтi" деген сөздер "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 355-баптың тақырыбы және мәтiнiнде "төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары мен қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 544-бапта:
тақырыбында "Өртке қарсы күрес қызметi" деген сөздер "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiкте:
"Өртке қарсы күрес қызметi" деген сөздер "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
"осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "231 (бiрiншi бөлiгiнде), 235 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте:
бiрiншi, екiншi және үшiншi абзацтарда "өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер тиiсiнше, "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацта "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 553-бапта:
тақырыпта және бiрiншi бөлiкте "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:";
1) тармақшада "өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының" деген сөздер "қауiптi өндiрiстiк объектілердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын органның және оның аумақтық органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының" деген сөздер "қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздер "қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiкте:
1) тармақшада "өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздер "қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының" деген сөздер "қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын органның (229, 314, 356-баптар);";
он сегiзiншi абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының (231 (бiрiншi бөлiгi), 233, 235 (екiншi бөлiгi), 356-баптар;";
отыз бесiншi абзацта "223-225" деген сандардан кейiн ", 225-1" деген сандармен толықтырылсын.
2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
кодексiне
(Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24; 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар):
144-баптың 6) тармақшасында "мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат, N 11, 55-құжат; N 12, 79-құжат):
14-баптың 1-тармағының 13) тармақшасында "төтенше жағдайлар жөнiндегi" деген сөздер "төтенше жағдайлар" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат):
1) 32-баптың 2-тармағында "саласындағы, төтенше жағдайлар және өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегi" деген сөздер ", төтенше жағдайлар және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 54-баптың 5-тармағында "өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдар және қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 72-баптың 16-тармақшасында "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 104-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдармен және қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 116-баптың 2-тармағында, 122-баптың 1-тармағында және 125-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органымен" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 79-құжат; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат):
50-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының он үшiншi абзацында, 6) тармақшасының оныншы абзацында "мемлекеттiк өртке қарсы күрес қызметiнiң" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызметi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 21-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша:
"Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органына", "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi органның", "Уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өкiлеттiгi" деген сөз "құзыретi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мен қадағалау", "мен қадағалаудың" деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi орган - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган.";
3) 10-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"- уәкiлеттi орган туралы ереженi бекiтедi;";
4) 11-бапта:
бiрiншi бөлiк алып тасталсын;
екiншi бөлiкте:
бесiншi абзацта "мемлекеттiк өртке қарсы қызметке" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы және он екiншi абзацтар алып тасталсын;
5) 30-бапта "Бақылау мен қадағалаудың мiндетi" деген сөздер "Бақылаудың мiндетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы
мемлекеттiк бақылау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттiк бақылауды қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын орган жүзеге асырады.".
7. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; N 24, 177-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
1) барлық мәтiн бойынша "өртке қарсы қызмет органдарының", "Өртке қарсы қызмет органдарының", "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органының", "өртке қарсы қызмет органы", "өртке қарсы қызмет органдарында", "өртке қарсы қызмет органдарындағы", "өртке қарсы қызмет органына", "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет органдарын", "өртке қарсы қызмет органдарымен" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органы", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органына", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органға", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органымен", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органына" деген сөздер "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органы", "уәкiлеттi органымен", "уәкiлеттi органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау - өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауды бақылау мақсатында мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыратын қызмет түрi;";
тоғызыншы абзацта:
"өрт сөндiру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының" деген сөздер "облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өртке қарсы құрылымдардың" деген сөздер "мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"олармен байланысты" деген сөздер алып тасталсын;
он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкiлеттi орган - өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын мемлекеттiк орган.";
3) 4-баптың екiншi бөлiгiнде "салалық өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-бапта:
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"- мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының штат саны лимитiн белгiлейдi;";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- мiндеттi тәртiппен өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлерде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары өрт сөндiру кезiнде шығындардың орнын толтыру тәртiбiн анықтайды.";
5) 6-бапта:
1) тармақшада "үйлестiру мен мемлекеттiк бақылауды" деген сөздер "үйлестiрудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) өртке қарсы қызметтер үшiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды арнайы даярлау бойынша бағдарламаны, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;";
мынадай мазмұндағы 9-1) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1) осы Заңның 10-6-бабының төртiншi абзацта көзделген жағдайда мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қаражатты өндiрiп алу тәртiбiн анықтайды;
12) өрт қауiпсiздiгi ережесiн әзiрлейдi және бекiтедi.";
6) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Өртке қарсы қызметтердiң түрлерi мен мәртебесi";
7) 9-бапта:
тақырыпта "және олардың мiндеттерi" деген сөздер алып тасталсын;
бiрiншi бөлiкте "жағдайын" деген сөз "саласындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк алып тасталсын;
8) 9-1-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды жүзеге асырады;";
2) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қоныстану аумақтарын және мемлекеттiк меншiктегi стратегиялық және аса маңызды объектiлердi өрттен қорғауды қамтамасыз етедi.";
"облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы)" деген сөздерден кейiн ", облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi бөлiк алып тасталсын;
9) 9-4-бапта:
бiрiншi бөлiкте "қызметкерлерiне" деген сөздер "қызметкерлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң 1) тармақшасында "өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң жетiлуiне" деген сөздер "қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 9-5-бапта:
мәтiнде "кәсiпкерлiк" деген сөздiң алдынан "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiкте "уәкiлеттi орган" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
"басқа да" деген сөздер алып тасталсын;
"нұсқама" деген сөз "акт" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi және алтыншы бөлiктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасы талаптарының айқындалған бұзушылықтарына байланысты жүргiзiлген мемлекеттiк бақылаудың нәтижелерi бойынша мемлекеттiк инспекторлар мынадай актiлер шығарады:
1) тексерiс жүргізу нәтижелерi бойынша акт;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарым;
4) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;
сот шешiмi шыққанға дейiн үш күннен аспайтын мерзiмге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн немесе жекелеген түрлерiн тоқтату немесе тыйым салу туралы қаулы.
Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары ұлттық қауiпсiздiк, қорғаныс органдарының объектiлерiнде, сондай-ақ шахталардың, кен орындарының, қазындылардың, ашық көмiр тiлiктерiнiң жер асты құрылыстарында, орман және тоғай алқаптарының аумақтарында, сондай-ақ әуе, темiржол, теңiз және iшкi су көлiгiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi өкiлдiктерiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiлуiн бақылау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
11) 9-6-бапта:
тақырыпта "нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуын" деген сөздер алып тасталсын;
мәтiнде "кешендi", "кешендi тексерулердi" деген сөздер тиiсiнше "жоспарлы", "жоспарлы тексерудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "Жоспардан тыс, қарсы, рейдтiк тексерулер жүргiзу кезiнде" деген сөздер "Тексерiстер жүргiзудi бастауға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс, ерекше жағдайларда арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының басшысы (не оның орнын ауыстыратын адам) тексерiсiнiң елеулi көлемiне байланысты тексерiс жүргiзу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Тексерiс мерзiмдерi ұзартылған жағдайда мiндеттi түрде құқықтық статистика жөнiндегi органда тiркей отырып, тексерiс тағайындау және ұзарту себебi туралы бұған дейiнгi актiнiң тiркеу нөмiрi мен күнi көрсетiлетiн тексерiстi ұзарту туралы қосымша акт ресiмделедi.";
7-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "түтiн тарту жүйесi көзделген тұрғын үйлер" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiкте "бiр рет" деген сөздер "кемiнде бiр рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "оқшау тұрған, дара және топтастырылған үйлер;" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары осы топтың объектiлерiн қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша тексередi";
9-тармақта "кем" деген сөз "артық" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
"10. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi объектiлер тобына байланысты кезең-кезеңмен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жүргiзедi.
11. Мемлекеттiк өpткe қарсы қызмет органы кемiнде жылына бiр рет, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтiнiшi бойынша кезең-кезеңмен:
қоныстану аумақтарында - өртке қарсы айырылыстардың, кiреберiстердiң, кiретiн жолдардың, жолдар мен өртке қарсы сумен жабдықтаудың бар-жоқтығын және олардың жай-күйiн;
көп пәтерлi тұрғын үйлерде - өрт қауiпсiздiгiнiң, түтiндi жою жүйесiнiң, өрттi анықтау және сөндiру, ғимараттар мен құрылыстарда өрттi сөндiру үшiн баратын жолдардың өртке қарсы жай-күйiн, сондай-ақ жалпы пайдаланылатын үй-жайлардың өртке қарсы жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
жеке тұрғын үйлер мен адам тұрмайтын құрылыстарда - өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерiнiң сақталуын бақылау тек заңды және жеке тұлғалардың өтiнiшi бойынша ғана жүзеге асырылады.";
12) 9-7-бап алып тасталсын;
13) 10-2-бапта:
екiншi бөлiкте:
"мерзiмдерi" деген сөз "тәртiбi" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Казарма жағдайындағы оқу орындарының курсанттары Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледі.";
төртiншi бөлiкте:
"қырық" деген сөз "отыз бec" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Кiшi және орта басшы құрам лауазымдарына қызмет саласы бойынша жоғары кәсiптiк немесе орта кәсiптiк бiлiмi бар адамдар, аға басшы құрам лауазымына қызмет саласы бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмi бар адамдар тағайындалады.";
мынадай мазмұндағы он бiрiншi, он екiншi және он үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Өрт-техникалық оқу орындарының күндiзгi бөлiмiн бiтiрген мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi өрт-техникалық оқу орнын бiтiргеннен кейiн одан әрi бес жыл iшiнде қызметiн өткеруден бас тартқан, не осы Заңның 10-4-бабы екiншi бөлiгiнiң 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда, оның оқу кезеңiндегi стипендия, тамақ, киiм-кешегiн төлеуге жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке төлеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома келiсiм-шарт мерзiмi бiткенге дейiн әрбiр толық қызмет атқармаған айы үшiн үйлесiмдi есептеледi.
Өрт техникалық оқу орны күндiзгi бөлiмiнiң әскерге шақырылу жасына жеткен және сабақ үлгерiмi, тәртiбi үшiн, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған тыңдаушылары, егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермесе, тұратын жерi бойынша арнайы есептен шығу үшiн әскери басқарманың жергiлiктi органдарына жiберiледі.";
14) 10-3-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
2) тармақшада "елу жас" деген сөздер "елу үш жас" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "бec" деген сөз "сегiз" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметтегi жағдайы шектi жасқа жеткен кезде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызмет ету мерзiмi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органы басшысының шешiмiмен кемiнде бес жылдық кезеңге ұзартылуы мүмкiн.";
15) 10-5-бапта "iшкi" деген сөз "өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 10-6-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының қызметкерi аттестациялық тәртiппен белгiленген атқарған қызметiне сай келмеуi бойынша жұмыстан шығарылған жағдайда беделiн түсiретiн терiс қылық жасаған кезде немесе қызметтiк тәртiптi жүйелi түрде бұзғаны үшiн олар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өздерiне берiлген және белгіленген мерзiм бойынша пайдаланылмаған нысанды киiмнiң құнын, оның тозуын есепке ала отырып өтеуге мiндеттi.";
17) 10-8-бапта:
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Өрт-техникалық оқу орнының күндiзгi нысаны бойынша оқитын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға:
1) қысқы каникулдық демалыс - ұзақтығы 14 тәулiк;
2) жазғы каникулдық демалыс - ұзақтығы 30 тәулiк;
3) оқу орынын аяқтауына байланысты - ұзақтығы 30 тәулiк демалыс берiледi.
Оқуға берешегi бар тыңдаушыларға каникулдық демалыс оны өтегеннен кейiн берiледi.";
18) 10-10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-10-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";
19) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет
1. Меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар өрттiң алдын алу ведомстволық бағынысты объектiлер мен ұйымдарда өрт қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ өрт сөндiрудi ұйымдастыру мақсатында мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құруы мүмкiн.
Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген объектiлер мен ұйымдарда мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құралды.
2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерiне:
1) тиiстi объектiлерде өрттiң алдын алу және сөндiру;
2) тиiстi объектiлерде өрт сөндiрумен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық құтқару жұмыстарын жүргiзу жатады.
3. Өртке қарсы қызмет мiндеттi түрде құрылатын ұйымдар мен объектiлерде өрт қауiпсiздiгi мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет өз қызметiн осы Заңға және өртке қарсы қызмет жұмысын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленетiн олардың бейнесiн жасайтын актiлер негiзiнде жүзеге асырады.
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет субъектiлерi өрт қауiпсiздiгi саласындағы мiндеттердi орындауда мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет осы Заңда және өрт қауiпсiздiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң барлық заңды талаптарын орындауға мiндеттi.
5. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметi жұмыскерiнiң лауазымына кәмелеттiк жасқа жеткен және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдануы мүмкiн.
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметiнiң жұмыскерi лауазымына жүйке ауруына байланысты, денсаулығының шектi жай-күйi, маскүнемдiк немесе нашақорлық бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұрған, сондай-ақ мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметi жұмысына келген уақытқа дейiн соттылығы бар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны өтемеген немесе есептен алынбаған адамдар қабылданбайды.
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметi мемлекеттiк өртке қарсы қызметi органы үшiн белгiленген нормалар бойынша өз жұмыскерлерiн арнайы киiм-кешектермен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметi мемлекеттiк өртке қарсы қызметi органдары үшiн белгiленген өрт техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша тиiстi нормаларға сәйкес келуi тиiс.";
20) 16-бапта:
екiншi және үшiншi бөлiктер мынандай редакцияда жазылсын:
"Қоныстану аумақтарында және мемлекет меншiгiндегi стратегиялық және аса маңызды объектiлерде өрт сөндiрудi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.
Басқа объектiлердегi өрт сөндiрудi меншiк нысанына қарамастан мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлерде өрт сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын тартқан жағдайда шығынның орнын толтыру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жүргiзiледi. Шығын сомасы республикалық бюджетке аударылады.";
төртiншi бөлiкте:
"Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi" деген сөздер "Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салалық" деген сөз алып тасталсын;
сегiзiншi бөлiкте "өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызметi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөлiкте "өртке қарсы қызмет органдарының басшыларына" деген сөздер "нысанына қарамастан барлық өртке қарсы қызметтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi аумақтық органдарының басшылары меншiк нысанына қарамастан, тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан барлық өртке қарсы қызметке қатысты аға жедел бастық болып табылады.";
он екiншi бөлiкте:
"авиация" деген сөз "әуе" деген сөзбен ауыстырылсын;
"өзен" деген сөз "iшкi cу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызметi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 18-баптың екiншi абзацы алып тасталсын;
22) 24-баптың екiншi бөлiгiнiң жетiншi абзацында "өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бepмeу" деген сөздер "өрт қауiпсiздiгi саласын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 25-бапта:
екiншi бөлiкте:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"- өз қаражаты есебiнен ұстайтын мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi осы Заңда белгiленген тәртiппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға; шарттар жасасу негiзiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi тартуға;";
алтыншы абзацта "өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiнен" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктiң бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдарда және объектiлерде, соның iшiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негiзiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi құруға және ұстауға;".
8. "Авариялық құтқару қызметтерi және құтқарушылар мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
1) барлық мәтiн бойынша "төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы орган", "төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар орталық атқарушы органға" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"уәкiлеттi орган - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган.";
3) 6-бапта "тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысымен толықтырылуы мүмкiн төтенше және авариялық жағдайларда жүргiзiлетiн басқа да арнайы жұмыстар" деген сөздер "төтенше жағдайларды жою кезiндегi басқа да шұғыл жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
2-тармақта "кәмелетке толған", "белгiленген талаптарға, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Авариялық құтқару қызметтерi мен құрамаларының орта, аға және жоғары басшы құрамы жоғары техникалық бiлiмi бар және арнайы дайындықтан өткен адамдардан жинақталады.";
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Аталған адамдар дербес жұмысқа кәсiби авариялық құтқару қызметтерiнде және құрамаларында үш ай iшiнде тағылымдамадан өткеннен соң және құтқарушының бiлiктiлiгiн алғаннан кейiн жiберiледi.";
5) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аттестаттаудан өткен авариялық құтқару қызметтерi мен құрамаларына тиiстi аттестаттау комиссияларының шешiмi (аттестаттау туралы) негiзiнде авариялық құтқару жұмысының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына белгiленген үлгiдегi куәлiгi, ал құтқарушыларға - құтқарушының куәлiгi берiледi.";
6) 16-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң бесiншi абзацында "соған уәкiлеттi" деген сөздер алып тасталынсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Суда құтқару қызметтерiн төтенше жағдайларды жоюға тартуды төтенше жағдайларды жою басшылары жүзеге асырады.";
7) 25-бапта:
4-тармақта "ұзақтығы өзгеруi мүмкiн; оларды" деген сөздер "ұзақтығын" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Әрбiр үш жыл стаж үшiн ақысы төленетiн қосымша бiр күн, бiрақ 15 күнтізбе күнiнен аспайтын демалыс берiледi.";
8) 26-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде "бөлеуге" деген сөзден кейiн "және осы Заңның 25-бабының 5-тармағында көзделген қосымша ақысы төленетiн демалыс беруге" деген сөздермен толықтырылсын.
9. "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 16, 104-құжат):
1) барлық мәтiн бойынша:
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органын", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органымен" деген сөздерi тиiсiнше "Уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын";
22-баптың бiрiншi бөлігiн қоспағанда, "өкiлеттiгі" деген сөз "құзыретi" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"уәкiлеттi орган - азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган.";
3) 13-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының құрамында" деген сөздер "Уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-тарауда:
тақырып мынадай мазмұнда жазылсын:
"4-тарау. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтерi, Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау";
16-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерi лауазымдарының бiр бөлiгi әскери қызметшiлерден, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардан ауыстырылған (қызмет бабымен жiберiлген) әскери қызметшiлерден жасақталады.";
мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау
Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуына мемлекеттiк бақылауды қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын орган орындайды.";
5) 19-баптың он екiншi абзацы алып тасталсын;
6) 20-баптың екiншi абзацында "төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармаларды" деген сөздер "уәкiлеттi органның аумақтық органдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуiрдегі
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 7-8, 77-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
1) 1-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) уәкiлеттi орган - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) мемлекеттiк инспектор - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам.";
2) 4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында "талаптарының сақталуын" деген сөздер "саласын" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 7-бапта:
тақырып мынадай мазмұнда жазылсын:
"7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi";
2), 5) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) мемлекеттiк инспекторға бiрыңғай үлгiдегi куәлiктер беру, нөмiрленген мөртабан мен пломба беру тәртiбiн анықтайды;
18) мемлекеттiк инспекторлардың акт нысандарын бекiтедi.";
4) 4-тарауда:
тақырыпта "және олардың себептерiн тексеру" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-баптармен толықтырылсын:
"13-1-бап. Аварияларды жою жоспары
Қауiптi өндiрiстiк объектiде аварияларды жою жоспары әзiрленедi.
Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша iс-шаралар, персонал мен авариялық құтқару қызметтерiнiң iс-қимылдары көзделедi.
Аварияларды жою жоспары:
1) жедел бөлiктен;
2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында мiндеттердi бөлу, олардың iс-қимылдарының дәйектiлiгiнен;
3) авария туындаған жағдайда хабарланатын лауазымды адамдар мен мекемелердiң және оны жоюға қатысушылардың тiзiмдерiнен тұрады.
Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекiтедi және авариялық құтқару қызметтерi мен құрамаларымен келiсiледi.
13-2-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекiткен және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлген жоспар бойынша жүргiзiледi.
Оқу дабылын ұйым басшысы уәкiлеттi аумақтық бөлiмшелерi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласын бақылауды жүзеге асыратын органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және авариялық құтқару қызметтерiнiң өкiлдерiмен бiрлесе отырып жүргiзедi.
Оқу дабылының нәтижелерi актiмен ресiмделедi. Актiде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.";
5) 14-бап алып тасталсын;
6) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылауды жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында уәкiлеттi органның қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласына бақылауды жүзеге асыратын органы жүзеге асырады.
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылауды жүзеге асыратын органның бiрiншi басшысы;
Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегі Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылауды жүзеге асыратын органның бiрiншi басшысының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылауды жүзеге асыратын органның барлық санаттағы мамандары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегі бас мемлекеттiк инспекторлары - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлiмшелерi басшыларының орынбасарлары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлiмшелерiнiң мамандары жатады.
2. Мемлекеттiк инспекторға бiрыңғай үлгiдегi куәлiк берiледi, нөмiрленген мөртабан мен пломба уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiледi.";
7) мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-баптармен толықтырылсын:
"15-1-бап. Мемлекеттiк инспектордың құқықтары
Мемлекеттiк инспектор:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйiн тексерудi жүргiзу мақсатында қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерге белгiленген тәртiптi сақтай отырып, кедергiсiз кiруге;
2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының орындалуын тексеру үшiн қажеттi құжаттармен танысуға;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңдарын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым акт беруге, бұзушылықтарға кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасында белгiленген әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға құқылы.
15-2-бап. Мемлекеттiк инспектордың мiндеттерi
Мемлекеттiк инспектор мiндеттi:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында бақылауды жүзеге асыруға;
2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларын ұйымдардың сақтау жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштердi жинау, қорытындылау, жүйелеу және талдау жүргiзуге;
3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалары мәселелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу.
15-3-бап. Мемлекеттiк инспектордың актiлерi
1. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамалары талаптарының белгiленген бұзушылықтарына байланысты өткiзiлген мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша Мемлекеттiк инспекторлар мынадай актiлердi енгiзедi:
1) тексеру жүргiзудiң нәтижелерi жөнiндегi актiлер;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым;
4) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңдарының бұзылуы жағдайында кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы қаулы.
2. Акт нысандарын уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Мемлекеттiк инспекторлардың актiлерiн лауазымды, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
15-4-бап. Мемлекеттiк инспектордың әлеуметтiк қамсыздандырылуы
Мемлекеттiк инспекторлардың сақтандырылуы сақтандырудың мiндеттi түрлерi туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Асыраушысын жоғалтқан жағдайда мемлекеттiк инспекторлар отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк қамсыздандырылуы мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
15-5-бап. Мемлекеттiк инспекторға қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi жасау
Өз қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк инспекторға кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.";
8) 16-бапта:
тақырып және барлық мәтiн бойынша "бақылау", "бақылаудың" деген сөздер сәйкесiнше "қадағалау", "қадағалаудың" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат; 2006 ж., N 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасында, 11-баптың 2-тармағында "Жарлығымен" деген сөз "актiсiмен" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 13-бапта:
1-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Комендант - Қазақстан Республикасының Президентiне, ал Мемлекеттiк комиссия құрылған кезде - Қазақстан Республикасының Президентi мен Мемлекеттiк комиссия төрағасына бағынады.";
2-тармақтың 1-тармақшасында "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 18-баптың 1-тармағында:
"жұмысқа орналасуына көмек көрсетiледi және" деген сөздер алып тасталсын;
"тәртiппен" деген сөзден кейiн "және шекте" деген сөздермен толықтырылсын.
12. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 102-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат; N 4, 25-құжат):
13-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында "өртке қарсы" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 104-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат; N 4, 25-құжат):
16-баптың 2-тармағының 6) тармақшасында "өртке қарсы" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 1-2, 1-құжат):
1) 1-баптың 17) тармақшасында, 19-баптың екiншi бөлiгiнде, 29-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 27-тармақшасы "өрттi оқшаулау және жою" деген сөздермен толықтырылсын.
15. "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 ақпандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 5, 4-құжат):
7-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы орталық атқарушы органының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 14, 60-құжат):
1) 4-баптың 4-тармағында, 16-баптың 4-тармағында "өртке қарсы" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 4-тармағында "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. "Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы
Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 23, 90-құжат):
11-баптың 2-тармағын 5) тармақшасында "өртке қарсы" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi