"1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1267 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 3AҢЫ

1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

      Мәскеуде 2005 жылғы 25 қарашада қол қойылған 1996 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
            Президентi

1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      төмендегiлер туралы келiстi:
      1. 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Полигон - жер учаскелерiн және онда орналасқан мүлiктi қамтитын бiртұтас кешен.
      Полигонды жалдау объектiсiнiң бiр бiрлiгi үшiн ставка, яғни Полигонның жалға берiлген жер учаскелерiн, оның iшiнде оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен қоса жер учаскелерiнің аудан (гектар) бiрлiктерiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы 2,33 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленедi.";
      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Шарттың 3-бабымен белгiленген Полигонды жалдау объектiсінің бiр бiрлiгiне ставканы негiзге ала отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 18,932 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте жалдау ақысының көрсетiлген мөлшерi осы Шартқа қол қойылған күнi болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында осы күннен кейiн енгiзiлген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердiң барлық түрiн ескередi.
      Полигонның жалға берiлетiн жер учаскелерiнiң, сондай-ақ оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен қоса жер учаскелерiнiң құрамы өзгерген кезде, жалдау ақысы Полигонды жалдау объектiсiнiң бiр бiрлiгiне белгiленген ставканы ескере отырып, жер учаскелерінің жалға берiлетiн ауданының өзгеруiне тепе-тең өзгередi.
      Полигонды пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы өзгерген жағдайда осы Шартқа Тараптардың өзара келiсуi бойынша жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
      Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстауға Ресей Тарапының үлестiк қатысу мөлшерi Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету туралы жеке хаттамамен айқындалады және Полигонды пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының құрамына кiредi.";
      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Шарттың 4-бабында белгiленген жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚШ долларымен алынады.
      Жалдау төлемдерiн аудару жыл сайын әрқайсысы екi тең бөлiкпен жылдың екiншi және төртiншi тоқсанының соңғы айының 5 күнiне дейiн жүзеге асырылады.
      Қазақстан Тарабының уәкiлеттi органы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiне қаражатты аудару үшiн төлем алушыны және қаржы деректемелерiн көрсете отырып хабарлама жiбередi және көрсетiлген қаражатты алғаны туралы оны хабардар етедi.
      Төлем алушы және (немесе) оның қаржы деректемелерi өзгерген жағдайда Қазақстан Тарабының уәкiлеттi органы кезектi төлем мерзiмi өткенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiне бұл туралы хабардар етуге мiндеттi.".
      2. Осы Хаттама ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
      Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешіктiрмей жазбаша хабардар етедi.
      3. Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнiнен бастап күшiне енедi.

      2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей.

       Қазақстан Республикасының           Ресей
            Үкімет үшін               Федерациясының
                                       Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады