Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмге хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 29 сәуiрдегi N 1345 қаулысына мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Андар Мәулешұлы Шоқпытовқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмге хаттамаға қол қоюға өкілеттік берiлсiн".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы