Ақтау портын солтүстiк бағытта одан әрi кеңейтудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы N 152 Қаулысы

      Ақтау портын солтүстiк бағытта одан әрi кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына су қоры жерлерінен 49 (қырық тоғыз) жылға жалпы алаңы 34,2 гектар жер учаскесін уақытша өтемді жер пайдалануға мынадай шарттарда беруді қамтамасыз етсін:
      1) жер учаскесiн кепiлге беру және жалға алушының жер учаскесiн нақты иелiктен шығаруға әкеп соқтыратын кез келген шаралар мен шешiмдердi қабылдау құқығынсыз;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.06 № 1021 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Маңғыстау облысының әкiмi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Ақтау халықаралық теңiз сауда портының екiншi кезегi құрылысының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 13 қыркүйектегi N 916 қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 13 қыркүйектегi N 916 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 маусымдағы N 573 қаулысы .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О некоторых вопросах дальнейшего расширения порта Актау в северном направлении

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2007 года N 152

      В целях дальнейшего расширения порта Актау в северном направлении Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Акиму Мангыстауской области по согласованию с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить предоставление Республиканскому государственному предприятию "Актауский международный морской торговый порт" во временное возмездное землепользование сроком на 49 (сорок девять) лет земельного участка из земель водного фонда общей площадью 34,2 гектаров на следующих условиях:
      1) без права передачи земельного участка в залог и принятия нанимателем любых мер и решений, влекущих за собой фактическое отчуждение земельного участка;
      2) обеспечения охраны природных ресурсов и окружающей среды в соответствии с действующим законодательством.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 06.09.2011 № 1021.

      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, акиму Мангистауской области принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Признать утратившим силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2005 года N 916 "Некоторые вопросы строительства второй очереди Актауского международного морского торгового порта";
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2006 года N 573 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 
2005 года N 916".

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан