Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.27. N 152 қаулысымен.
Ақтау халықаралық теңiз сауда портының (бұдан әрi - Ақтау порты) екiншi кезегiнің құрылысын салу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Моbilех Oil Terminal" жауапкершілігі шектеулi серiктестігі (бұдан әрi - Серiктестік) сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Ақтау портында мемлекеттiк инфрақұрылымдық құрылыстар (толқын тосқы, жағалаудағы толқын тосқы, басқа гидротехникалық құрылыстар) салу, теңiз түбiн тереңдету жұмыстарын жүргізу жөнiндегi жұмыстар мен қызметтердi атқарушы болып белгіленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсіпорын) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен Ақтау порты екiншi кезегінің құрылысы үшiн жалпы алаңы 22 га жер телiмiн 49 (қырық тоғыз) жыл мерзiмге мына шарттармен Серiктестiкке уақытша өтемдi пайдалануға берудi қамтамасыз етсiн:
1) жер телiмiн кепілге беру және жалға алушының жер телiмiн нақты иелiктен шығаруға әкеп соқтыратын кез келген шаралар мен шешімдердi қабылдау құқығынсыз;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.
3-1. Маңғыстау облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша Ақтау портын солтүстiк бағытта кеңейту және гидротехникалық құрылыстар салу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен су қоры жерiнен жалпы алаңы 35 гектар жер учаскесiн 49 (қырық тоғыз) жыл мерзiмге осы қаулының 3-тармағында көзделген шарттарда Серiктестiкке уақытша өтемдi жер пайдалануға берудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.22. N 573 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі