Ақтау портын солтүстiк бағытта одан әрi кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына су қоры жерлерінен 49 (қырық тоғыз) жылға жалпы алаңы 34,2 гектар жер учаскесін уақытша өтемді жер пайдалануға мынадай шарттарда беруді қамтамасыз етсін:
1) жер учаскесiн кепiлге беру және жалға алушының жер учаскесiн нақты иелiктен шығаруға әкеп соқтыратын кез келген шаралар мен шешiмдердi қабылдау құқығынсыз;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.06 № 1021 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Маңғыстау облысының әкiмi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Ақтау халықаралық теңiз сауда портының екiншi кезегi құрылысының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 13 қыркүйектегi N 916 қаулысы ;
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 13 қыркүйектегi N 916 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 маусымдағы N 573 қаулысы .
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі