Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 262 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 тамыздағы N 801 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен. 

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 555 Қаулысымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) (алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 555 Қаулысымен;
      2) Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесі бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 555 Қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Мемлекеттік кітапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 26, 285-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы N 182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 820 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 34, 335-құжат).

       3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 4 сәуірдегі
N 262 қаулысымен 
бекітілген 

Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесі

      1. Осы Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесі»"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 24 және 25-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану тәртібін анықтайды.

      2. Заңда көзделген мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатты есепке алу үшін ашылған шотына есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмсалады.

      3. Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:
      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
      2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);
      4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;
      5) кітап қорының, оқу әлеуметтанымының сақталуы мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға;
      6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
      7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдер);
      9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және олардың таралымын көбейтуге, мұқабаларды басып шығаруға, тарақты түптеуге;
      10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбалар, бейнефильмдер, фонограммалар көшірмелерін өткізуге;
      11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге;
      12) фото, кино, бейне түсірімдеріне, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;
      13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге.

      4. Мемлекеттік мұражай мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:
      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
      2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);
      4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алу және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға.

      5. Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатты есепке алу, оның есептілігі және жұмсалуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2007 жылғы 4 сәуірдегі 
N 262 қаулысымен  
бекітілген  

Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 555 Қаулысымен.

Об утверждении Правил поступления и использования средств от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2007 года N 262. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2010 года N 801

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 05.08.2010 N 801 (порядок введения в действие см. п. 3).

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 20.04.2009 № 555 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) исключен постановлением Правительства РК от 20.04.2009 № 555 (порядок введения в действие см. п. 3 );
      2) Правила поступления и использования средств от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников.

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 8 августа 2002 года N 884 "Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых государственными библиотеками и государственными музеями-заповедниками" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 26, ст. 285);
      2) подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 августа 2003 года N 820 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2001 года N 182 и от 8 августа 2002 года N 884" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 34, ст. 335).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
    Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 4 апреля 2007 года N 262

Правила
поступления и использования средств от реализации товаров
(работ, услуг), не относящихся к основной деятельности
государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников

      1. Настоящие Правила поступления и использования средств от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников, разработаны в соответствии со статьями 24 и 25 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" (далее - Закон) и определяют порядок поступления и использования средств от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников.

      2. Средства, поступающие от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников, предусмотренных Законом, зачисляются на их счет, открытый для учета денег от реализации товаров (работ, услуг) и расходуются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      3. Средства, поступающие от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, используются по следующим направлениям, на:
      1) укрепление материально-технической базы;
      2) оплату труда специалистов, привлекаемых для оказания услуг;
      3) хозяйственные расходы (оплата услуг связи, оплата транспортных услуг, оплата за электроэнергию, отопление, водоснабжение и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих целей);
      4) приобретение литературы, электронных коллекций и баз данных для пополнения библиотечных фондов;
      5) издание научной и методической литературы по вопросам сохранности книжного фонда, социологии чтения;
      6) приобретение учебных пособий, наглядных материалов для проведения обучения по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц;
      7) проведение обучающих тренингов, семинаров, конференций по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц;
      8) проведение массовых мероприятий (литературные вечера, выставки, презентации, конкурсы, дни книги, фестивали);
      9) изготовление и тиражирование бланочной продукции, брошюр, авторефератов, читательских билетов, листков требований, печатание обложки, гребешковый переплет;
      10) реализацию изданий библиотек, копий звукозаписей, видеофильмов, фонограмм;
      11) ремонт, реставрацию и переплет книг, журналов;
      12) фото-, кино-, видеосъемку, микрокопирование отдельных статей, материалов из книг и периодических печатных изданий;
      13) реставрацию культурных ценностей и памятников истории и культуры.

      4. Средства, поступающие от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных музеев и музеев-заповедников, используются по следующим направлениям, на:
      1) укрепление материально-технической базы;
      2) оплату труда специалистов, привлекаемых для оказания платных услуг;
      3) хозяйственные расходы (оплата услуг связи, оплата транспортных услуг, оплата за электроэнергию, отопление, водоснабжение и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих целей);
      4) аренду помещений и приобретение учебных пособий, наглядных материалов для проведения обучения по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц.

      5. Учет, отчетность и расходование средств, поступающих от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников, осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 4 апреля 2007 года N 262

Правила
оказания платных услуг государственными учреждениями
в области культуры

       Сноска. Правила исключены постановлением Правительства РК от 20.04.2009 № 555 (порядок введения в действие см. п. 3 ).