Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 801 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 259 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 176-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
      тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8, 9, 10 және 11 -тармақтармен толықтырылсын:
      «8. Заңда көзделген мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін, өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке алынады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмсалады.
      9. Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
      2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлy);
      4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;
      5) кітап қорын, оку әлеуметтанымын сақтау мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға;
      6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
      7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге,
      8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар);
      9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және тираждауға, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге;
      10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге;
      11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге;
      12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың  және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;
      13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге жұмсалады.
      10. Мемлекеттік мұражай мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
      2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлу);
      4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға жұмсалады.
      11. Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатты есепке алу, оның есептілігі және жұмсалуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 121-құжат);
      2) «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 176-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады