Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 555 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 259 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 70-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен. 
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 20 сәуірдегі
       N 555 қаулысымен   
бекітілген     

Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Осы Ереже мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың ақылы қызметтер көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін анықтайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелер (мемлекеттік
кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар) заңды және
жеке тұлғаларға өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ ақылы қызметтер көрсетеді.
      Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің (мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың) ақылы негізде тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) ұсынуы сатып алынатын тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) құны және/немесе көлемі көрсетілген растаушы құжаттар (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар және басқалар) бойынша жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік кітапханалар ақылы қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:
      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
      2) мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;
      3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау;
      4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру;
      5) көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;
      6) білім беру және аударма қызметтерін көрсету;
      7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;
      8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
      9) құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіру және құрастыру;
      10) экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу;
      11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.
      4. Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар ақылы қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:
      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
      2) байланыс оператормен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
      3) фото және бейне түсірілімдер жүргізу;
      4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізу;
      5) мұражайлар мен мұражай-қорықтар шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.
      5. Осы Ереженің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалады.
      6. Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің (мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың) ақылы негізде ұсынылатын тауарларының (жұмыстарының және қызметтерінің) бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуі тиіс.
      7. Ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
      8. Заңда көзделген мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін, өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке алынады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмсалады.
      Ескерту. Ереже 8-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      9. Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
      2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлy);
      4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;
      5) кітап қорын, оку әлеуметтанымын сақтау мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға;
      6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
      7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге,
      8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар);
      9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және тираждауға, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге;
      10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге;
      11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге;
      12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың  және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;
      13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге жұмсалады.
      Ескерту. Ереже 9-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      10. Мемлекеттік мұражай мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
      2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлу);
      4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға жұмсалады.
      Ескерту. Ереже 10-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      11. Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатты есепке алу, оның есептілігі және жұмсалуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 11-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады