Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 мамырдағы N 383 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. 2005 жылғы 24 мамырда Баку қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы Терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де   қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі,
      терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу мақсатындағы ынтымақтастықтың маңызды мәні бар екеніне көз жеткізе отырып,
      есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының және оларды теріс пайдаланудың өсіп отырған үрдісіне алаңдаушылық білдіре отырып,
      терроризмге қарсы бірлесіп күрес жүргізудегі өздерінің ниеттерін растай отырып,
      заңсыз көші-қонға және экономика саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жөнінде тиімді шаралар қабылдауға ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

  1-бап

      Егер Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында қылмыс жасалатын немесе оларға дайындық жүргізілетін болса, Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, терроризмге қарсы күрес саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады.

  2-бап

      Терроризмнің кез келген көріністеріне қарсы күресу үшін Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес, сондай-ақ осы Келісімнің ережелеріне сәйкес:
      1) терроризмнің жоспарланып отырған және жасалған актілері туралы, террористік ұйымдар мен топтар, сондай-ақ осындай қылмыстарға қатысатын адамдар туралы, мұндай қылмыстарды жасаудың нысандары мен әдістері және пайдаланылатын құралдар туралы ақпаратпен, сондай-ақ терроризмге қарсы күресуге және Тараптардың қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздігіне қатер төндіретін қылмыстардың жолын кесуге қажетті мәліметтермен алмасады;
      2) террористік ұйымдар мен террористік қызметке қатысы бар адамдарға көрсетілетін қолдау туралы, оның ішінде қаржыландыру көздері туралы ақпаратпен алмасады;
      3) қару-жарақты, оқ-дәрілерді, әскери техниканы, жарылғыш және
улағыш заттарды, ядролық және радиоактивті материалдарды заңсыз
сатумен айналысатын адамдар мен ұйымдар туралы, сондай-ақ оларды
Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша өткізу арналары туралы
ақпаратпен алмасады;
      4) Тараптардың бірінің сұрау салуы бойынша террористік сипаттағы қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын өткізеді;
      5) терроризмге қарсы күрес, терроризм көріністеріне қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістеріне қатысты тәжірибе алмасу мәселелері бойынша бірлескен жұмыс кездесулері мен консультациялар өткізеді.

  3-бап

      Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, оларды дайындау үшін пайдаланылатын құралдардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымының жолын кесу үшін Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес:
      1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тартылған адамдар, осы адамдардың жасырын баспаналары, көлік құралдары және жұмыс әдістері, есірткі
құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың шыққан жері мен мақсаты туралы ақпаратпен, сондай-ақ есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен байланысты қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге қажетті өзге де ақпаратпен алмасады;
      2) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының әдістері туралы ақпаратпен алмасады;
      3) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды
заңсыз өткізудің бағыттары туралы ақпаратпен алмасады;
      4) бір-бірінің қарауына есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жекелеген түрлері бойынша химиялық сараптамалардың нәтижелерін ұсынады;
      5) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымын осы салада болуы мүмкін құқық бұзушылықтарға баса назар аудара отырып, бақылау жөнінде тәжірибе алмасады;
      6) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымын болдырмау жөнінде келісілген шаралар қабылдайды.

  4-бап

      Қылмысты, әсіресе ұйымдасқан қылмысты анықтауда, алдын алуда, жолын кесуде және оның деңгейін төмендетуде ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, Тараптар:
      1) ұйымдасқан қылмыстық қызметке тартылған адамдар,
қылмыскерлердің байланыстары, ұйымдасқан қылмыстық топтардың
құрылымы, жекелеген қылмыскерлер мен ұйымдасқан қылмыстық
топтардың қарым-қатынастары, қылмыстық істер бойынша фактілер
туралы (әсіресе, қылмыстың жасалған уақыты, орны және әдісі туралы),
қылмыстардың дәрежесі мен түрлері, қабылданған шаралар туралы,
сондай-ақ мұндай қылмыстардың алдын алу және жолын кесу үшін
қажетті дәрежедегі іске қатысты кез-келген басқа детальдар туралы
ақпаратпен алмасады;
      2) Тараптардың бірінің сұрау салуы бойынша сұрау салып отырған
Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында көзделген жедел іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;
      3) халықаралық қылмысты жасау әдістері мен оның жаңа нысандары
саласындағы ақпаратпен және тәжірибемен алмасады;
      4) өздерінің криминалистикалық, криминологиялық және басқа да
криминалдық зерттеулер ісіне қатысты нәтижелермен алмасады. Тергеу
және өздерінің жұмыс әдістері мен жабдықтарын қолдану жөніндегі
өздерінің тәжірибесі туралы оларды жетілдіру мақсатында бір-бірін өзара хабардар етеді;
      5) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнінде өзара іс-қимыл
жасасуды нығайту мақсатында мамандардың біліктілігін арттыру үшін
оларды өзара тағылымдамадан өткізеді, криминалистикалық,
криминологиялық және сот-медициналық сараптама саласындағы
тәжірибемен және ғылыми жетістіктермен алмасады;
      6) қажет болған жағдайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
жөнінде бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады, оларды дайындау және
іске асыру үшін жұмыс кездесулерін өткізеді.

  5-бап

      Сонымен қатар Тараптар ынтымақтастығы мыналарды:
      1) заңсыз алынған кірістерді немесе мүлікті заңдастыруға, сондай-ақ заңсыз қаржы операцияларына қарсы күрестегі ынтымақтастықты;
      2) осы Келісімде аталған қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық кесімдермен алмасуды;
      3) қылмыстық қызмет нәтижесінде пайда болған заңсыз кірістер туралы ақпаратпен алмасуды;
      4) заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы тәжірибемен және нормативтік құқықтық кесімдермен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумағында шетелдіктердің болу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық кесімдермен алмасуды;
      5) адамдар саудасына қарсы күресте екінші Тарап үшін қажетті, сондай-ақ заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар заңды тұлғалар мен жеке адамдарға және көшіп-қонушыларды ауыстырудың анықталған арналарына қатысты ақпаратпен алмасуды қамтиды.

  6-бап

      1. Осы Келісімнің ережелерін орындау мақсатында барлық
байланыстар тікелей Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті
органдары арасында жүзеге асырылатын болады.
      2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналар:
      1) Қазақстан тарапынан:
      Ішкі істер министрлігі,
      Бас прокуратура,
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті,
      Қаржы министрлігі,
      Әділет министрлігі,
      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);
      2) Әзірбайжан тарапынан:
      Ішкі істер министрлігі,
      Бас прокуратура,
      Әділет министрлігі,
      Ұлттық қауіпсіздік министрлігі,
      Әзірбайжан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы,
      Мемлекеттік Кеден комитеті,
      Мемлекеттік шекара қызметі Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары болып табылады.
      3. Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары шеңберінде бір-бірімен тікелей ынтымақтасады және жеке Хаттамаларда өз ынтымақтастығының жекелеген салалары мен нысандарын белгілеуі мүмкін.
      4. Тараптардың әрқайсысы орталық құзыретті органдар тізбесіндегі өзгерістер туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.

  7-бап

      1. Ақпаратпен алмасу және осы Келісімде көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы сұрау салулар Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдарына жазбаша нысанда жіберіледі. Сұрау салуда мыналар:
      сұрау салып отырған органды, сондай-ақ сұрау салу жіберілген органды айқындайтын дәлелденген тұжырым;
      оған байланысты көмек сұралған қылмыстық істің сипаттамасы;
      сұрау салудың мазмұны, сондай-ақ оның орындалуы үшін қажетті мәліметтер көрсетіледі.
      Шұғыл жағдайларда Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары ауызша сұрау салумен жүгінуге құқылы, олар 10 күн ішінде жазбаша расталуы тиіс.
      2. Егер сұрау салынып отырған Тарап сұрау салуда берілген
ақпаратты жеткіліксіз деп тапса, ол қосымша ақпарат сұрата алады.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары сұрау салуларды дереу
орындайды.
      3. Сұрау салуды орындау кезінде сұрау салынып отырған мемлекет
Тараптың заңнамасы қолданылады.

  8-бап

      Ынтымақтастық барысында ұсынылған дербес деректерді қорғау мақсатында Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес мынадай шарттарды сақтайды:
      1) сұрау салатын Тарап дербес деректерді тек сұрау салынатын Тарап белгілеген мақсаттарда және жағдайларда ғана пайдаланады;
      2) сұрау салынатын Тараптың сұрауы бойынша сұрау салатын Тарап
жеткізілген дербес деректерді пайдаланғаны және осы ретте алынған
нәтижелер туралы ақпарат ұсынады;
      3) дербес деректер осы Келісімнің 6-бабында айқындалған және осы Келісімде көзделген қылмыстарға қарсы күресті жүзеге асыратын орталық құзыретті органдарға ғана жіберілуі мүмкін. Дербес деректер басқа мемлекеттік органдарға тек сұрау салынатын органның жазбаша
келісімімен ғана берілуі мүмкін;
      4) сұрау салынатын Тарап берілуі тиіс дербес деректердің дәлдігіне, сондай-ақ мұндай берудің қажеттілігіне көз жеткізеді. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген дербес деректердің жеткізілуін шектеу сақталады. Егер дұрыс емес немесе шектеуге түсетін дербес деректер жіберілгені дәлелденсе, онда сұрау салып отырған Тарап дереу бұл туралы жедел хабардар етіледі. Ол қажетті түзетулер енгізеді немесе шектеуге түсетін дербес деректерді дереу жояды;
      5) мүдделі адамға оның өтініші бойынша сұрау салынатын Тарап
мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес оған қатысты берілген дербес
деректер және оларды пайдалану мақсаттары туралы анықтама берілуі
мүмкін;
      6) дербес деректерді жіберу кезінде сұрау салынатын Тарап өз
мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы дербес деректерді жою үшін шекті мерзімдер белгілейді. Осыған қарамастан жеткізілген дербес деректер оларға қажеттілік болмаған кезде жойылуы тиіс. Әрбір Тарап алынған дербес деректердің жойылғаны және мұндай жоюдың негіздемесі туралы дереу екінші Тарапқа хабарлайды. Алынған дербес деректер осы Келісімнің қолданылу мерзімі тоқтатылған кезде жойылады;
      7) әрбір Тарап дербес деректерді жөнелту, алу және жою тіркелімін жүргізеді;
      8) Тараптар алынған дербес деректерді рұқсатсыз қол жеткізуден, өзгертуден немесе жариялаудан қорғайды.

  9-бап

      1. Тараптар осы Келісімді орындау мақсатында алмасу нәтижесінде алынған барлық деректер мен ақпаратты Тараптар мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес қорғауға кепілдік береді. Беретін Тарап белгілеген қорғау дәрежесі өзгертілмеуі тиіс.
      2. Осы Келісімге сәйкес жеткізілген құжаттар, деректер мен
техникалық жабдық тек сұрау салынатын Тараптың жазбаша келісімімен
ғана үшінші мемлекетке берілуі мүмкін.

  10-бап

      1. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне зиян келтіретін болса немесе ұлттық заңнамасына қайшы келсе, Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін.
      2. Сұрау салуды орындаудан немесе оны ішінара орындаудан бас
тартылған жағдайда, бұл туралы бас тартудың немесе ішінара орындаудың себептерін көрсете отырып, сұрау салатын Тарап жазбаша түрде хабардар етіледі.

  11-бап

      1. Осы Келісімді орындау жөніндегі шығыстарды өздерінің ұлттық
заңнамаларына сәйкес Тараптар өздері көтереді.
      2. Қажет болған жағдайда Тараптар осы Келісімнен туындайтын іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін бірлескен шығыстарды көтереді, ол әрбір нақты жағдайда өзара тиімді уағдаластықпен ресімделеді.

  12-бап

      1. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар
Бірлескен Комиссия құруы мүмкін. Комиссияның құрамы туралы Тараптар
бір-бірін дипломатиялық арналар бойынша хабарландырады.
      2. Бірлескен Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында кезек-кезек өткізіледі.

  13-бап

      Осы Келісімнің шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

  14-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келіссөздер жолымен шешетін болады.

  15-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын хаттамалармен ресімделеді және 17-бапта көзделген ережелерге сәйкес күшіне енеді.

  16-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды

  17-бап

      1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік
рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама
алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі екінші Тараптың өзінің осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады.
      2005 жылғы»24 мамырда Баку қаласында әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдеріндегі екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

       Қазақстан Республикасының       Әзірбайжан Республикасының
          Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады