"Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 мамырдағы N 388 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. Қоса беріліп отырған бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттаманың (бұдан әрі - хаттама) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Васильевич Жигаловқа Қазақстан
Республикасының атынан хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттама

      Бұдан әрі осы хаттама мақсаттары үшін "Тараптар" деп аталатын,
      бір тараптан Қазақстан Республикасы
      және екінші тараптан,
      бұдан әрі "мүше мемлекеттер" деп аталатын Еуропалық Одақ Кеңесі ұсынған
      Бельгия Корольдігі,
      Болгария Республикасы,
      Чех Республикасы,
      Дания Корольдігі,
      Германия Федеративтік Республикасы,
      Эстон Республикасы,
      Грек Республикасы,
      Испания Корольдігі,
      Француз Республикасы,
      Ирландия,
      Италия Республикасы,
      Кипр Республикасы,
      Латыш Республикасы,
      Литва Республикасы,
      Люксембург ұлы Герцогтігі,
      Венгрия Республикасы,
      Мальта Республикасы,
      Нидерланд Корольдігі,
      Австрия Республикасы,
      Польша Республикасы,
      Португалия Республикасы,
      Румыния,
      Словения Республикасы,
      Словак Республикасы,
      Финляндия Республикасы,
      Швеция Корольдігі,
      Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі,
      және бұдан әрі "Қоғамдастықтар" деп аталатын, Еуропалық Одақ Кеңесі мен Еуропалық Комиссия ұсынған
      Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық және атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық
      2005 жылғы 25 сәуірде Люксембургте қол қойылған және 2007 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Бельгия Корольдігі, Чех Республикасы, Дания Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдігі, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдігі, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Корольдігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі (Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер) және Болгария Республикасы мен Румыния арасындағы Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа кіруі туралы шарт талаптарын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
      ЕО-ға екі жаңа мүше мемлекеттің кіруі нәтижесінде пайда болатын, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер мен міндеттерді көздейтін Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың жаңа сипатын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
      Тараптардың әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің міндеттері мен қағидаттарына қол жеткізу мен орындауды қамтамасыз ету ниетіне ОРАЙ,
      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:

1-бап

      Болгария Республикасы мен Румыния 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енген, бір тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер және Қазақстан Республикасы екінші тараптан арасындағы ынтымақтастық орнататын Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - "Келісім") қосылады және сол күні қол қойылған қорытынды актіге және 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге хаттамаға қоса берілетін Келісімнің, бірлескен мәлімдемелердің, хат алмасулардың және Қазақстан Республикасы декларациясының мазмұнын басқа да мүше мемлекеттер сияқты тиісінше бекітеді және назарға алады.

2-бап

      Осы хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

3-бап

      1. Осы хаттаманы мүше мемлекеттер және Қазақстан Республикасы атынан қоғамдастықтар, Еуропалық Одақ Кеңесі өздерінің ішкі рәсімдеріне сәйкес бекітуі тиіс.
      2. Тараптар алдыңғы тармақта аталған тиісті рәсімдердің аяқталғаны туралы бір-бірін хабардар етуге міндеттенеді. Мақұлдаудың құралдары Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас Хатшылығының жанында сақталатын болады.

4-бап

      1. Осы хаттама көрсетілген күнге дейін осы хаттаманы мақұлдаудың барлық құралдары ұсынылатын болса, ЕО-ға кіру туралы шартпен бір мезгілде күшіне енеді.
      2. Егер көрсетілген күнге дейін барлық мақұлдау құралдары ұсынылмаған жағдайда осы хаттама соңғы мақұлдау құралы ұсынылған күннен кейінгі бірінші айдың алғашқы күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Егер барлық мақұлдау құралдары 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылмаса, осы хаттама 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады.

5-бап

      Келісімнің, қорытынды актінің және оларға қоса берілетін барлық құжаттардың мәтіндері, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге хаттамалар болгар және румын тілдерінде жасалады.
      Олар осы хаттамаға қоса берілген және олардың басқа тілдерде орындалған Келісімнің, қорытынды актінің және оларға қоса беріліп отырған құжаттардың, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге хаттамалардың мәтіндерімен бірдей күші бар.

6-бап

      Осы хаттама қазақ, болгар, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, латыш, литва, мальта, поляк, португал, румын, словян, словак, испан және швед тілдерінде екі данада жасалды, олардың әрқайсысы бірдей болып табылады.

200_ жылғы _____________ _____________________ қаласында жасалды.

Қазақстан Республикасы үшін
Мүше мемлекеттер үшін
Еуропалық Қоғамдастықтар үшін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛIСІМ

      Бір жағынан,
      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
      екінші жағынан,
      БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ,
      ДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ,
      ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ГРЕК РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ИСПАНИЯ КОРОЛЬДІГІ,
      ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ИРЛАНДИЯ,
      ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ЛЮКСЕМБУРГ ҰЛЫ ГЕРЦОГТІГІ,
      НИДЕРЛАНДЫ КОРОЛЬДІГІ,
      Австрия Республикасы
      ПОРТУГАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      Финляндия Республикасы,
      Швеция Корольдігі,
      ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯНЫҢ ҚҰРАМА КОРОЛЬДІГІ,
      және Көмір мен болаттың Еуропалық Бірлестігін құру туралы Шартқа, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық құру туралы Шартқа қол қойған,
      бұдан былай "Мүше мемлекеттер" деп аталатын тараптар және, екінші жағынан,
      бұдан былай "ҚОҒАМДАСТЫҚ" деп аталатын
      ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ, КӨМІР МЕН БОЛАТТЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ,
      Қазақстан Республикасы мен Мүше мемлекеттер арасындағы қазіргі орныққан байланыстарды және оларда бар ортақ құндылықтарды НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
      Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық осы байланыстарды нығайтуға және бұрынғы кезде, атап айтқанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Еуропалық Экономикалық Қоғамдастықтың және Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық арасында 1989 жылы желтоқсан айында қол қойылған Келісімнің шеңберінде жасалған қарым-қатынасты нығайта түсетін әріптестік пен ынтымақтастықты орнықтыруға ұмтылатынын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,
      Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың және оған Мүше мемлекеттердің осы әріптестіктің бастау негізгі болып табылатын саяси және экономикалық еркіндікті нығайту жөніндегі міндеттемелерін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
      Тараптардың бүкіл дүние жүзінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ жанжалдарды бейбіт жолмен шешуде жәрдемдесуге және осы мақсатта Біріккен Ұлттар Ұйымының және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастығы жөніндегі Кеңестің ауқымында ынтымақтасуға батыл қадам жасағанын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
      Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың және оған Мүше мемлекеттердің Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің /ЕҚЫК/ қорытынды құжатында, бұдан кейінгі Мадрид пен Венадағы кездесулерде, ЕҚЫК-тің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бонн Конференциясының, Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясы Құжатында сондай-ақ ЕҚЫК-тің 1992 жылғы "Өзгерістер шақыруының" Хельсинкілік Құжатында қабылданған Қорытынды құжаттарында баяндалатын барлық қағидаттар мен ережелерді толық жүзеге асыруға қол жеткізу жөніндегі нық табандылығын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
      Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың және оған Мүше мемлекеттердің Еуропалық Энергетикалық Хартияның жолын ұстанатындығын ДӘЛЕЛДЕЙ ОТЫРЫП,
      Заң билігі мен адам құқықтарын, әсіресе азшылықтың құқықтарын, құрметтеудің, еркін және демократиялық сайлаулары мен нарықтық экономика құруға бағытталған экономикалық ырықтандыру сипатты болып отырған, көппартиялық жүйені орнықтырудың бірінші кезектегі маңызы туралы сенімді НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП,
      Әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімді толық жүзеге асыру сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасындағы саяси, экономикалық және құқықтық реформаларды одан әрі жалғастыруға және іске асыру деңгейіне, сондай-ақ ынтымақтастық үшін әсіресе, ЕҚЫК-тің Бонн Конференциясы қорытындыларына сай қажетті факторларды жасау және осы үрдістерге өз үлесін қосуға байланысты болатынына СЕНІМ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП,
      Осы Келісім қамтитын салаларда көрші елдермен аймақтағы жақсы тұрмысты және тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты реттеу үрдісіне көмек көрсетуге НИЕТ ЕТЕ ОТЫРЫП,
      Өзара мүдделі болатын екі жақты және халықаралық мәселелер жөніндегі ұдайы саяси пікір алысуды орнықтыруға және дамытуға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП,
      Қоғамдастықтың экономикалық ынтымақтастықты және тиісті техникалық көмекті қамтамасыз етуге ұмтылысын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
      Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық және оған Мүше мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік айырмашылықтарын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
      Осы Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі Қоғамдастықтың жәрдемі арқылы аталған айырмашылықтарды Қазақстан экономикасын дамыту мен оның құрылымын қайта құру арқылы жойылуға тиіс екенін ТАНИ ОТЫРЫП,
      Осы Келісімнің Қазақстан Республикасының және Еуропа мен көршілес аймақтар ынтымақтастығының неғұрлым кең салалары арасындағы біртіндеп жақындасудың қолайлы жағдайлар жасау үшін пайдалығын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
      Тараптардың Сауда және тарифтер туралы Бас Келісімде мазмұндалатын қағидаттарын ала отырып, сауданы ырықтандыруға батыл ұйғарым жасағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
      Кәсіпкерлік қызметке, инвестициялауға ықпал ететін жағдайларды және кәсіпорындар құру, еңбек ресурстары, қызмет көрсету мен капитал қозғалысы, компаниялардың бір-біріне барынша қолайлы режим беру жолымен жүруіне ұмтылу сияқты салаларда жағдайларды жақсартудың қажеттілігін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,
      Осы Келісім Тараптардың арасындағы экономикалық қатынастар үшін, әсіресе, экономикалық құрылымдарды қайта құру мен технологиялық жаңғырту үшін соншалықты маңызды сауда мен инвестицияны дамыту үшін жаңа ахуал жасайды деген сенімді НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП,
      Айналадағы ортаны қорғау саласындағы тараптар арасында қазіргі бар өзара тәуелділікті ескеріп, тығыз ынтымақтастықты орнықтыруға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП,
      Энергетика мен ядролық қауіпсіздік саласындағы тығыз ынтымақтастықты орнықтыруға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП,
      Тараптардың ғарышты зерттеу саласында, осы саладағы олардың өзара қызметін толықтыруына орай, ынтымақтастықты дамыту ниетін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
      Мәдени ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды жақсартуын жолға қоюға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП,
      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ:

1-БАП

      Осы Келісіммен, бір жағынан Қазақстан Республикасы мен, екінші жағынан Қоғамдастықтың және оған Мүше-мемлекеттердің арасында әріптестік орнатылады. Бұл әріптестіктің мақсаты:
      - Тараптардың арасында саяси қатынастарды дамытуға жәрдемдесетін саяси пікір алысу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету;
      - Тараптардың арасындағы саудаға, инвестициялауға және
үйлесімді экономикалық қатынастарға ықпал ету, сол арқылы
олардың тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу;
      - бейбіт мақсаттағы ғылыми зерттеулер саласында құқықтық,
экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, мәдени ынтымақтастыққа,
және технологиялық ынтымақтастыққа негіз жасау;
      - нарықтық экономикаға өтуді аяқтау мақсатында республикада
демократияны нығайту мен оның экономикасын дамыту жөнінде
Қазақстан қолданып жатқан шараларды қолдау болып табылады.

I-БӨЛІМ
ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАР
2-БАП

      Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Хартиясында, Хельсинки Қорытынды Құжатында және Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында белгіленген демократияны, халықаралық құқық пен адам құқығы қағидаттарын, сондай-ақ бұған қоса ЕҚЫК-нің Бонн конференциясы құжаттарында тұжырымдалған нарықтық экономика қағидаттарын құрметтеу Тараптардың ішкі және сыртқы саясатының негізіне алынады және әріптестік пен осы Келісімнің аса маңызды бөлігін құрайды.

3-БАП

      Тараптар болашақта бұрынғы Кеңестер Одағы аймағында игілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауы нәтижесінде пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер, бұдан былай "Тәуелсіз Мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттер, Хельсинки Қорытынды Құжатындағы қағидаттарына, халықаралық құқықтық қалыптарына сәйкес және тату көршілестік рухында өзара ынтымақтастықты қолдауы және дамытуы әрі осы үрдіске барынша жәрдемдесу үшін барлық күш-жігерді жұмсауы аса маңызды деп есептейді.

II-БӨЛІМ
САЯСИ ПІКІР АЛЫСУ
4-БАП

      Тараптардың арасында өздері өрістетуге және тереңдетуге ниет еткен ұдайы саяси пікір алысу орнығады. Саяси пікір алысу Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық арасындағы жақындасу үрдісін демеуге және нығайтуға, республикада жүзеге асырылатын саяси және экономикалық өзгерістерді қолдауға, ынтымақтастықтың жаңа нысандарын жасауға жәрдемдесуге тиіс.
      Саяси пікір алысу:
      - Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың және оған Мүше мемлекеттердің арасындағы және де сол арқылы тұтастай алғанда демократиялық ұлттардың Қоғамдастығымен байланысты нығайтады. Осы Келісімнің арқасында қол жеткен экономикалық конвергенция неғұрлым тығыз саяси қатынастарға әкеледі;
      - өзара алаңдаушылық туғызатын халықаралық мәселелер бойынша айқындамалар барған сайын үйлесім тауып сол арқылы қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттырып отырады.

5-БАП

      Министрлер деңгейіндегі саяси пікір алысу 77-Бапқа сәйкес құрылатын Ынтымақтастық Кеңесінің ауқымында, ал басқа жағдайларда өзара келісім бойынша жүргізілетін болады.

6-БАП

      Саяси пікір алысуға арналған басқа рәсімдер мен тетіктерді Тараптар, атап айтқанда, төмендегідей нысандарда:
      - бір жағынан, Қазақстан Республикасы, және екінші жағынан,
Қоғамдастықпен оған мүше Мемлекеттер өкілдерінің арасында жоғары
лауазымды адамдар деңгейіндегі ұдайы кездесулермен;
      - тиісті екі жақты байланыстарды, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫК және
тағы сол сияқтылар ауқымындағы көпжақты кездесулерді қоса алғанда,
Тараптар арасындағы дипломатиялық арналарды толық дәрежеде
пайдаланумен;
      - осы пікір алысуды нығайтуға және дамытуға жәрдемдесетін
сарапшылар кеңесін ұйымдастыру мүмкіндігін қоса алғанда, кез келген
басқа да жолдармен белгіленуге тиіс.

7-БАП

      Парламенттік деңгейдегі өзара саяси пікірлесу осы Келісімнің 82-бабына сәйкес бекітілсін. Парламенттік ынтымақтастық комитетінің шеңберінде жүргізілетін болады.

III-БӨЛІМ
ТАУАРЛАР САУДАСЫ
8-БАП

      1. Тараптар мына төмендегілерге қатысты барлық салаларда:
      - баж салығы мен алымдарды алудың тәсілін қоса алғанда
импортталатын және экспортталатын тауарларға салынатын кедендік
баж салығы мен алымдарға;
      - кедендік тазартуға, транзитке, қоймалар мен жүктерді қайта
тиеуге қатысты ережелерге;
      - импортталатын тауарларға тікелей немесе жанама салынатын
салықтарға және басқа да ішкі алымдардың кез келген түріне;
      - төлем әдістеріне және мұндай төлемдерді аударуға;
      - ішкі нарықтағы тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға бөлуге және пайдалануға қатысты ережелерге қатысты бір-біріне неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін береді.
      2. 1-тармақтың ережелері:
      а/ кедендік одақ немесе еркін сауда аймағын құру мақсатында немесе осындай одақ немесе аймақ құрылуы себепті берілетін артықшылықтарға;
      в/ ТСБК-ге және өзге де халықаралық келісімдерге сәйкес дамушы елдердің пайдасы үшін жекелеген елдерге берілетін артықшылықтарға;
      с/ шекаралық саудаға жәрдемдесу мақсатында көршілес елдерге берілетін артықшылықтарға қолданылмайды.
      3. Қазақстанның ТСБК-не мүше болған күні аяқталатын өтпелі
кезең ішінде немесе қайсысы бұрын болатынына байланысты 1998
жылғы 31 желтоқсанға дейін КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде пайда
болған басқа да мемлекеттерге Қазақстан Республикасы беретін N 1
Қосымшада белгіленетін артықшылықтарға қатысты I параграфтың
ережелері қолданылмайтын болады.

9-БАП

      1. Тараптар осы Келісім мақсаттарына қол жеткізудің негізгі шарты еркін транзиттік қағидаты болып табылады деп келісті. Осыған байланысты әр Тарап кедендік аумақта өндірілген немесе екінші Тараптың кедендік аумағы үшін бағытталған тауарлардың өз аумақтары арқылы шектеусіз транзиттік өтуін қамтамасыз ететін болады.
      2. ТСБК-нің 5-Бабының 2, 3, 4 және 5-параграфтарында жазылатын ережелер екі Тараптың арасында қолданылады.
      3. Осы Келісімде мазмұндалған ережелер, белгілі бір салаларға, әсіресе, Тараптар арасында келісілген көлік немесе өнім сияқты салаларға қатысты ешқандай да ерекше ережелерге шектеу жасамайды.

10-БАП

      Тараптар байланысты болатын тауарларды уақытша жеткізу жөніндегі халықаралық конвенциялардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді шектеместен, Тараптардың әрқайсысы бұдан басқа екінші Тарапқа, олармен байланысты осы тұрғысындағы кез келген халықаралық конвенцияда ескертілген жағдайда және ондағы рәсімдерге сәйкес, оның заңдарына сәйкес уақытша әкелетін тауарлар импорттық алымдар мен баж салығынан босатылады. Осындай конвенциядан туындайтын міндеттемелер негізгі болып табылатын шарттар назарға алынып, тиісті Тарап бұл мәселе бойынша осы міндеттемелерді қабылдауы керек.

11-БАП

      1. Қазақстан Республикасының шығарылатын тауарлар сандық тұрғыда шек қойылмастан, осы Келісімнің 13, 16 және 17-Баптарының ережелеріне және Испания мен Португалияның Еуропалық Қоғамдастыққа енуі туралы құжаттарының 77, 81, 244, 249 және 280-Баптарының ережелеріне ескеріліп Қоғамдастыққа импортталады.
      2. Қоғамдастықтан шығарылатын тауарлар Қазақстанға еркін, мөлшері жағынан қандай да болсын шек қоймастан немесе бірдей дәрежеде әсер ететін шараларсыз, осы Келісімнің 13, 16 және 17-баптарының ережелеріне нұқсан келтірместен импортталатын болады.

12-БАП

      Тауарлар Тараптар арасында рынокпен белгіленетін бағалар бойынша сатылады.

13-БАП

      1. Егер қандай да болсын өнім мейлінше өскелең мөлшерде және жергілікті өндірісшілердің осыған ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларына залал келтіретін немесе сондай қауіпті бар шарттармен Тараптардың бірінің аумағына әкелінетін болса, қайсысының мүдделеріне қатысты болуына байланысты Қазақстан Республикасы немесе Қоғамдастық төмендегі рәсімдерге және шарттарға сәйкес тиісті шаралар қабылдай алады.
      2. Қандай да болсын шаралар қабылдамас бұрын немесе 4-параграфтың қолданылуы жағдайында, қалыптасқан ахуалға
байланысты Қазақстан Республикасы немесе Қоғамдастық осыған
кейінгі мейлінше қысқа мерзімде IX бөлімде осы үшін көзделгеніндей,
екі Тарапқа да оңтайлы шешім іздестіру мақсатында Ынтымақтастық
Кеңесі билігіне бүкіл қажетті ақпаратты береді.
      3. Егер осы консультациялардың нәтижесінде ынтымақтастық
Кеңесіне өтініш жасаған күннен бастап 30 күн ішінде ахуалды реттеу
жөніндегі іс-әрекетке қатысты Тараптар келісімге келе алмаса,
консультация туралы өтініш білдірген Тарап зиянды болдырмау немесе
жою үшін қажетті болатындай деңгей мен мерзімде тиісті тауарлар
импортын шектеу немесе басқа да тиісті шараларды қабылдау
құқығына ие болады.
      4. Кідірту орны толмас зиянға ұшырататындай қиын
жағдайларда, Тараптар мұндай іс-әрекет жүзеге асырылғаннан кейін
дереу консультация өткізу ұсынылатын жағдайда осы консультациялар
өткізілгенге дейін-ақ шаралар қабылдауы мүмкін.
      5. Осы Бапта ескерілетін шараларды таңдау кезінде Уағдаласушы
Тараптар осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізуде мейлінше аз
зиян келтіретін шараларға артықшылық беретін болады.
      6. СТБК-нің VІ Бабына, СТБК-нің - VІ бабын қолдану туралы
Келісімге, СТБК-нің VІ, ХVІ және ХХIII - баптарын қолдану мен
түсіндіру туралы Келісімге немесе тиісті ішкі заңдарға сәйкес
Тараптардың кез-келгенінің демпингке қарсы шараларды немесе өтем
төлеу шараларын қабылдауына осы Келісімдегі ештеңе де зиянын
келтірмеуге немесе қандай да болсын түрде ықпал етпеуге тиіс.

14-БАП

      Тараптар, Қазақстан Республикасының Сауда және тарифтер туралы Бас Келісімге қосылуы нәтижесінде пайда болатын ахуалды қоса алғанда, жағдайдың мүмкіндік беруіне қарай, олардың арасындағы тауарлар саудасына қатысты осы Келісімнің ережелерін өзгерту мүмкіндігін қарауға міндеттенеді. 77-Бапта сөз болатын Ынтымақтастық Кеңесі мұндай өзгерістерге қатысты Тараптарға ұсынымдар бере алады, өзгерістер, бұл ұсынымдар оңтайлы болған жағдайларда Тараптардың арасындағы келісім арқылы, олардың әрқайсысы қолданып жүрген рәсімдерге сәйкес күшіне енгізілуі мүмкін.

15-БАП

      Келісім қоғамдық имандылық, қоғамдық тәртіп немесе қоғамдық қауіпсіздік; адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау; табиғи ресурстарды қорғау; ұлттық көркем, тарихи және археологиялық құндылықтарды немесе санаткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық меншікті немесе алтын мен күміске қатысты ережелерді қорғау тұрғысынан өздерін ақтайтын импортталатын, экспортталатын немесе транзитпен өтетін тауарларға тыйым сатуларды не шектеулерді жоққа шығармайды. Алайда мұндай тыйым салулар немесе шектеулер Тараптар арасындағы көрінеу кемсітушіліктің немесе сауданы жасырып шектеудің құралы болуға тиіс емес.

16-БАП

      Осы Бөлім Аралас номенклатураның 50 тарауын қоса алғанда 63 тарауына жататын тоқыма тауарлары саудасына қолданылмайды. Бұл тауарлармен сауда жасау 1993 жылғы 15 қазанда алдын ала қол қойылған, 1993 жылдың 1 қаңтарынан шартты түрде қолданылатын жеке келісіммен реттелуге тиіс.

17-БАП

      1. Көмір мен Болаттың Еуропалық Бірлестігін құру туралы Шарт қолданылатын тауарлармен сауда жасау ІІ-Бапты қоспағанда, осы III Бөлімнің ережелерімен және күшіне енуіне орай болаттан жасалатын өнімдер айырбасына қатысты КБЕБ-тінің сандық уағдаластығы жөніндегі Келісімнің Ережелерімен реттелетін болады.
      2. Бір жағынан Қазақстан Республикасының өкілдерінен және, екінші жағынан, Қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын көмір мен болат мәселелері жөніндегі байланыс тобы құрылатын болады.
      Байланыс тобы көмір мен болатқа қатысты және Тараптар үшін мүдделілік білдірілетін барлық мәселелер бойынша ұдайы негізде ақпарат алмасатын болады.

18-БАП

      Ядролық материалдармен сауда жасау Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық пен Қазақстан Республикасы арасында жасалуға тиісті Келісімнің ережелерімен белгіленетін болады.

ІV БӨЛІМ
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР
I ТАРАУ
Еңбек шарттары
19-БАП

      1. Қоғамдастыққа енетін мемлекеттердің әрқайсысында қолданылып жүрген заңдары, шарттар мен рәсімдерді сақтаған жағдайда, Қоғамдастық пен Мүше мемлекеттер өздерінің аумағында заңды негізде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбек шарттарына, алатын сыйақысына немесе жұмыстан босануына қатысты, олардың өз азаматтарымен салыстырғанда, ұлттық белгісі бойынша кемсітушіліктен азат режим беруді қамтамасыз етуге ұмтылатын болады.
      2. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарды, шарттар мен рәсімдерді сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде жұмыс істейтін Мүше мемлекеттердің азаматтарына олардың еңбек шарттарына, алатын сыйақысына немесе қызметтен босауына қатысты олардың өз азаматтарымен салыстырғанда, ұлттық белгісі бойынша кемсітушіліктен азат режим беруді қамтамасыз етуге ұмтылатын болады.

20-БАП

      Ынтымақтастық Кеңесі қайта келу құқығын берудің үрдісі мен тәжірибесін ескеріп, жасырын көші-қонды бақылау мақсатында қандай бірлескен іс-қимыл жасау мүмкіндігі туралы мәселені зерттейді.

21-БАП

      Ынтымақтастық Кеңесі Тараптардың халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, оның ішінде ЕҚЫК-нің Бонн Конференциясы құжатында мазмұндалғандарын қоса алғанда, кәсіпкерлер қызметінің жағдайларын жақсарту туралы мәселені қарайды.

22-БАП

      Ынтымақтастық Кеңесі 19, 20, 21-Баптардың қолдану мәселелері бойынша ұсынымдар беретін болады.

II ТАРАУ
Компаниялар құру мен қызметіне қатысты шарттар
23-БАП

      1. а/ Қоғамдастық пен оған Мүше мемлекеттер өздерінің аумағында Қазақстан компанияларын құру үшін кез келген үшінші елдердің компанияларына олардың заңдары мен қалыптық-құқықтық құжаттарына сәйкес берілетін қолайлы режиммен кем емес режим береді.
      ә/ Қоғамдастық пен оның Мүше мемлекеттері II Қосымшада аталған ерекшеліктерге зиян келтірместен олардың аумағында құрылған Қазақстан компанияларының еншілес компанияларына Қоғамдастықтың кез келген компаниясы қызметіне және оның заңдары мен қалыптық-құқықтық құжаттарына сәйкес берілетін қолайлы режимнен кем емес режим береді.
      б/ Қоғамдастық пен оның Мүше мемлекеттері олардың аумағында құрылған Қазақстан компанияларының филиалдарына кез келген үшінші ел компаниялары филиалдарына, олардың қызметіне қатысты және олардың заңдары мен қалыптық-құқықтық құжаттарына сәйкес берілетін қолайлы режимнен кем емес режим береді.
      2. 34 және 85-Баптардың ережелеріне зиян келтірместен Қазақстан Республикасы Қоғамдастықтың компанияларына және олардың филиалдарына өзінің аумағындағы заңдары мен қалыптық-құқықтық құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының компанияларына және олардың филиалдарына немесе кез келген үшінші елдердің компанияларына және олардың филиалдарына 25-бапта белгіленгеніндей, оларды құру мен қызметтеріне қатысты ненің дұрыс екеніне байланысты берілетін қолайлы режимнен кем емес режим береді.

24-БАП

      1. 23-Баптың ережелері әуе көліктеріне, ішкі су жолдары мен теңіз көліктеріне қолданылмайды.
      2. Соған қарамастан, теңіз жолдары бойынша ішкі тасымалдауды қоса алғанда, көлік агенттіктерінің халықаралық теңіз көлігі қызметін қамтамасыз ету үшін жасайтын қызметіне қатысты әрбір Тарап екінші Тараптың компанияларының еншілес компаниялар немесе филиалдар нысанында олардың өз аумағында коммерциямен айналысуына меншікті компанияларына немесе елшілес компанияларына немесе кез келген үшінші елдің компанияларының филиалдарына ненің дұрыс екеніне байланысты берілетіннен кем емес құру мен қызметтің қолайлы шарттары бойынша рұқсат береді.
      Мұндай қызмет құрамына мыналар енеді, бірақ тек мұнымен ғана шектеліп қалмайды:
      а/ маркетинг және теңіз көлігін сату, клиенттермен тікелей байланыс арқылы жүзеге асырылып, бағасын ұсынудан бастап есепшотын жазып беруге дейінгі осылармен байланысты қызметтер көрсету, бұл қызметтер көрсетушінің өзі немесе қызметті сатушылар тұрақты іскерлік келісім жасасатын қызмет көрсетушілер арқылы көрсетіледі немесе ұсынылады.
      б/ Біртұтас қызметтерді көрсету үшін қажетті ішкі кез келген көлік қызметтері түрін әсіресе ішкі су жолдарын автомобиль жолдарын теміржолды қоса алғанда, кез келген көлік және онымен байланысты қызметтерді сатып алу және өзінің есебінен немесе клиенттердің тапсырмасы бойынша пайдалану /және өз клиенттеріне қайталап сату/;
      в/ көлік, кеден құжаттарына немесе тасымалданатын тауарлардың шығу тегі мен сипатына қатысты басқа да құжаттарға қатысты құжаттамаларды әзірлеу;
      г/ Компьютерлік ақпарат жүйелерін және мәліметтерді электрондық алмасуды /телекоммуникацияға қатысты кез келген кемсітушіліксіз шектеулерге тап болатынын қоса отырып, іскерлік ақпаратты кез келген құралдар арқылы берді;
      д/ Компания капиталына қатысуды және жергілікті жерде іріктелген /немесе осы Келісімнің тиісті ережелеріне сәйкес шетелдік қызметкерлер жағдайында/ қызметкерлерді тағайындауды қоса алғанда, жергілікті жерде құрылған кез келген көлік агенттігімен кез келген іскерлік келісім жасасу;
      е/ кемелердің келіп кіруін немесе қажет болған жағдайда қосымша жүктердің қабылдануын ұйымдастыратын компаниялар тапсырмасы бойынша іс-қимыл жасау жатады.

25-БАП

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      1. а/ "Қазақстан компаниясы" немесе тиісінше "Қоғамдастық компаниясы" Қазақстан Республикасының немесе, тиісінше, Мүше мемлекеттердің заңдарына сәйкес құрылған және, Қазақстан Республикасының немесе Қоғамдастықтың аумағында өзінің тіркелген кеңсесі немесе орталық басқармасы немесе негізгі бөлімі бар компания дегенді білдіреді. Алайда егер, Қазақстан Республикасының немесе тиісті Мүше мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания Қазақстан Республикасының немесе, тиісінше, Қоғамдастықтың аумағында өзінің тіркелген кеңсесін ғана иемденетін болса, егер ол нақты қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының немесе тиісінше Мүше мемлекеттердің бірінің экономикасымен тұрақты байланысты болса, онда бұл компания Қазақстан компаниясы немесе тиісінше Қоғамдастық компаниясы деп есептеледі;
      б/ "Еншілес компания" іс жүзінде енші берген компания бақылауындағы компания дегенді білдіреді;
      в/ Компания "филиалы" өзінің басқарма қызметкерлері бар орталық компания қызметінің ұлғаюының нәтижесінде көрінетін тұрақтылық белгісіне, заңды тұлға болып табылмайтын оқшау бөлімше дегенді білдіреді. Оның үшінші тараптармен іскерлік келіссөздер жүргізу үшін материалдық жарақтары болады және тараптар қажет болған жағдайда енші берген компаниямен, шетелде тұратын бас кеңесімен заңды байланыс орната алатынын біле отырып, осы енші берген компанияға тікелей өтініш жасамауға тиіс, өйткені олар енші берген компанияның бір тармағы ретінде құрылған осы бөлімшеде іскерлік операцияларды жүргізе алады;
      г/ "Құру" деген сөз Қазақстан компанияларының немесе Қоғамдастық компанияларының, олар а-тармағында белгіленгеніндей, тиісінше Қазақстан Республикасында немесе Қоғамдастықта еншілес компаниялар мен филиалдар құру арқылы экономикалық қызмет жүргізу құқығын білдіреді;
      д/ "іс-қимыл" деген сөз экономикалық қызметті жүзеге асыруды білдіреді;
      е/ "Экономикалық қызмет" деген сөз өнеркәсіптік, коммерциялық және кәсіби сипаттағы қызметті білдіретін болады;
      ж/ Теңіз жолдары арқылы ішкі тасымалдауды қоса алғанда, халықаралық теңіз көлігіне қатысты Қазақстан Республикасына немесе тиісінше, Қоғамдастықтан тысқары қоныс тепкен Қазақстан Республикасының немесе Мүше мемлекеттердің азаматтары және қазақстандық бодандар немесе тиісінше Мүше мемлекеттер бодандары бақылай Қазақстан Республикасынан немесе Қоғамдастықтан тыс құрылған кем қатынасы компанияларында, егер олардың кемелері Қазақстан Республикасында немесе Мүше мемлекетте тиісінше әрбір Тараптың заңдарына сәйкес тіркелсе, осы Тарауда және ІІІ Тарауда көзделген құқықтарды пайдаланатын болады.

26-БАП

      1. Осы Келісімнің басқа да кез келген ережелеріне қарамастан, парасаттылық пайымы инвесторларды, салымшыларды, сақтандыру құжаттары иелерін немесе оларға қатысты қаржылық қызметтер көрсетуші фидуциарлық міндеттер орындайтын адамдарды қорғау орайында және қаржылық жүйенің тұтастығын сондай-ақ тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Тараптың шаралар қабылдауына тыйым салынбайды. Бұл шаралар Келісімнің ережелеріне сәйкес келмеген жағдайларда, олар Тараптың осы Келісімде көзделген міндеттерінен жалтаруына мүмкіндік беретін құралдар ретінде пайдаланылмайтын болады.
      2. Осы Келісімде ештеңе де Тарапқа жеке тұлғалардың істері мен есеп-шоттарына қатысты ақпаратты немесе заңды тұлғаларға тиесілі қандай да бір құпия немесе патенттелген ақпаратты ашуына талап қою ретінде түсіндірілмейтін болады.

27-БАП

      Осы Келісімнің ережелері әрбір Тараптың осы келісім ережелерінің негізінде оның нарығына үшінші елдің енуіне қатысты ол қабылдаған шараларды айналып өтуін болдырмау үшін кез келген қажетті шараны қолдануына кедергі жасамайтын болады.

28-БАП

      1. Осы Бөлімнің І Тарауының ережелеріне қарамастан, тиісінше
Қазақстан Республикасының немесе Қоғамдастықтың аумағында
құрылған Қазақстан компаниясы немесе Қоғамдастық компаниясы,
тиісінше, Қазақстан Республикасының немесе Қоғамдастықтың
аумағындағы өзінің кез келген еншілес компанияларында немесе
фирмаларында, олар құрылған елдердің қолданылып жүрген заңдарын
сақтай отырып, тиісінше, Қазақстан Республикасының және
Қоғамдастықтың Мүше мемлекеттерінің азаматтары болып табылатын
жалдамалы қызметкерлерді қабылдауына немесе ұстауына, мұндай
жалдамалы қызметкерлер бұл ұғымнан 2-параграфта белгіленгеніндей,
жетекші мамандар болып табылған жағдайда, сондай-ақ олар өнебойы
осындай компанияларда жалданып жұмыс істеген жағдайда құқығы
бар. Мұндай қызметкерлер немесе жалданып жұмыс істейтіндер үшін
қоныстануға арналған ықтиярхат пен жұмыс істеу құқығына рұқсат
беру жалданып жұмыс істеу мерзіміне сәйкес болуға тиіс.
      2. Жоғарыда аталған осы жерде және бұдан былай "ұйымдар" деп
аталатын компаниялардың жетекші мамандары, бұл ұжымның 2/с/ -
тармағындағы төмендегідей санаттарда анықталғанындай, ұйым заңды
тұлға болып табылған жағдайда, ал қаралып отырған адамдар онда
жалданып жұмыс істесе немесе тікелей орын ауыстырудың сәтіне дейін
кем дегенде бір жыл бойы оның иелерінің /акциялардың бақылау
пакеті иелерінен басқасы/ бірі болса, "фирманың өз ішіндегі жұмыстар
бойынша орын ауыстыруға жататын адамдар" болып табылады. Олар
мыналар:
      а/ Бақылауда болатын және директорлар немесе акционерлер басқармасынан, немесе соңғыларына ұқсас органнан тікелей нұсқаулар алатын, компанияны негізгі басқаруды жүзеге асыратын ұйымда басшы қызметтерде жұмыс істейтін адамдар. Оларға:
      - Мекеменің, мекеменің ішіндегі бөлімдердің немесе секторлардың басшылары;
      - басқа да басшы, кәсіби және басқару кадрларының қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асыратын адамдар;
      - жеке өзі жұмысқа қабылдауға және жұмыстан шығаруға, немесе жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару және қызметкерлерге байланысты басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға өкілеттігі бар адамдар;
      б/ ұйымда жұмыс істейтін және қызмет көрсету, зерттеу приборларымен жұмыс істеу үшін маңызы бар сирек кездесетін білімге ие зерттеу және басқару әдістеріне ие адамдар жатады. Мұндай таным-білімді бағалау осы мекемеге тән арнайы біліммен қатар, ресми танылған кәсіпке тәнтілігін қоса алғанда, арнайы техникалық білімдерді қажет ететін жұмыстың немесе кәсіптің түріне қатысты біліктіліктің жоғары дәрежесін көрсете алады;
      в/ Жұмысы бойынша фирманың өз ішінде орны ауысатын адам Тараптың аумағындағы ұйымда жұмыс істейтін және екінші Тараптың аумағында экономикалық қызметін жалғастыру ауқымында уақытша орны ауыстырылатын жеке тұлға ретінде белгіленеді; бұл орайда қаралып отырған ұйымның Тараптың аумағында негізгі қызмет орны болуға тиіс, ал орын ауыстыру екінші Тараптың аумағында шын мәнінде ұқсас экономикалық қызметті жүзеге асырушы осы ұйымның мекемесіне /еншілес компаниясына, филиалына/ қатысты жүзеге асырылуы тиіс.

29-БАП

      1. Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннің алдындағы күнгі жағдаймен салыстырғанда бір-бірінің мекемесі мен компаниясы қызметінің шарттарын анағұрлым шектейтіндей кез келген шаралар қабылдаудан және әрекет жасаудан аулақ болу үшін өздерінің бүкіл мүмкіндіктерін пайдаланады.
      2. Осы Баптың ережелері 37-Баптың ережелеріне зиян келтірмейтін болады. 37-Бап қолданылатын жағдайлар басқа кез келген баптарды қолданбастан, 37-баптың ережелерімен ғана реттеледі.
      3. Әріптестік пен ынтымақтастық рухында және 43-Бапта
мазмұндалатын ережелерге сәйкес іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан
Республикасының Үкіметі осы, Келісімге қол қойылған күннің
алдындағы күнгі жағдаймен салыстырғанда Қоғамдастықтың Қазақстан
Республикасындағы еншілес компанияларын және компания филиалдарын құруға және олардың жұмыс істеуіне шектеулі жағдайлар жасай алатын жаңа заңдарды қарауға беретін немесе жаңа ережелер қабылдайтын өзінің ниеті туралы Қоғамдастықты хабардар етеді. Қоғамдастық мұндай заңдардың немесе мұндай құжаттардың жобаларын беру туралы Қазақстан Республикасынан сұрауы және осы жобалар бойынша консультациялар өткізу мүмкін.
      4. Қазақстан Республикасының жаңа заңдарды немесе жаңа
құжаттарды енгізуі Қоғамдастықтың Қазақстан Республикасында
құрылған еншілес компанияларының және компаниялары филиалдарының жұмыс істеу жағдайлары осы Келісімге қол қойған күннің алдындағы күнгі жағдаймен салыстырғанда анағұрлым шектеулі жағдайларға әкеліп соқтырған ретте, мұндай заңдар немесе құжаттар тиісті құжаттың күшіне енген кезінде Қазақстан Республикасында құрылған еншілес компаниялар мен филиалдарына үш жыл бойы қолданылмайды.

III ТАРАУ
Қазақстан Республикасы мен Қауымдастық арасында шекарадан тыс шекте қызметтер көрсету
30-БАП

      1. Тараптар осы Тараудың ережелеріне сәйкес Тараптардың қызметтер көрсету секторларының дамуын ескере отырып, осы қызметтер көрсетілетін адамдардың тарабы емес Тараптың аумағында құрылған Қазақстан компанияларының немесе Қоғамдастық компанияларының қызметтерін өскелең көлемде көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдар жасауға міндеттенеді.
      2. Ынтымақтастық Кеңесі осы баптың І-параграфын қолдану жөнінде ұсынымдар беретін болады.

31-БАП

      Тараптар Қазақстан Республикасында нарыққа бағытталған қызметтер көрсету секторын құру мақсатында ынтымақтасатын болады.

32-БАП

      1. Тараптар халықаралық теңіз нарығына және коммерциялық
негізіндегі теңіз тасымалдарына шектеусіз кіру үрдісін тиімді
пайдалануға міндеттенеді:
      а/ Жоғарыда аталған ереже осы Келісімді Тараптардың біріне немесе екіншісіне қолдануда Лайнерлік картелдер басқармасының кодексі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясынан туындайтын құқықтар мен міндеттерге нұқсан келтірмейді. Картелдік емес бағыттар Коммерциялық негізде адал бәсекелестік қағидатын ұстаған жағдайда картелдік бағыттармен бәсекелесе алады.
      б/ Тараптар үйінді және сұйық жүктермен сауданың негізгі бір шарты ретіндегі еркін бәсекелестік үрдісін өздерінің ұстанатындығын қуаттайды.
      2. 1-параграфта баяндалған үрдістерді қолдану кезінде Тараптар:
      а/ осы Келісім күшіне енген кезден бастап бұрынғы Кеңестер Одағы мен Қоғамдастықтың кез келген Мүше мемлекеттері арасында кез келген жүкті тасымалдағаны үшін жауапкершілікті бөлісуге қатысты екіжақты келісім ережелерінің ешқайсысын қолданбайды;
      в/ Осы Келісімге қатысушы белгілі бір Тараптың лайнерлік жүк компанияларының халықаралық өзен қызметтері еркін түрде көрсетілетін болады немесе керісінше;
      с/ салынатын және құйылатын жүктердің саудасы жөнінде болашақта кез келген екі жақты келісімдерді жасаған кезде жүктерді тасымалдау үшін жауапкершілікті бөлісу туралы уағдаластықтарға тыйым салады;
      д/ осы Келісім күшіне енген сәттен бастап барлық біржақты шараларды алып тастайды және әкімшілік, техникалық және жасырын шектеулерді білдіруі мүмкін немесе халықаралық теңіз тасымалдаулары саласында еркін қызмет көрсетулерге қысым жасайтын басқа да кедергілерді жояды.
      Әрбір Тарап екінші Тараптың азаматтары немесе компаниялары пайдаланатын кемелерге, бұдан басқа, халықаралық сауда үшін ашық порттарға кіруде, порттардағы инфрақұрылымды және қосымша теңіз қызметтерін пайдалануға рұқсатқа, сондай-ақ осыған байланысты төлемдер мен алымдарға, кедендік қызмет көрсетулерге, айлақтарды және тиеу-тасымалдау жабдықтарына қатысты Тараптың өзінің меншікті кемелеріне жасалатын режимнен қолайлығы кем емес режим жасайды.
      3. Қоғамдастықтың халықаралық теңіз қызметтерін қамтамасыз ететін жеке тұлғалары мен компаниялары Қазақстан Республикасының ішкі суларында халықаралық өзен қызметтерін еркін көрсететін болады және керісінше.

33-БАП

      Тараптардың арасында олардың коммерциялық қажеттеріне жауап беретін көлік тасымалдарын үйлестіріп дамытуды қамтамасыз ету үшін нарыққа өзара еркін кірудің шарттары және автомобиль, теміржол, ішкі су жолдары, егер бұл қолданылатын болса, әуе тасымалы салаларында қызметтер көрсету осы Келісім күшіне енгеннен кейін Тараптардың тиісті келіссөздерді өткізуі нәтижесінде жасасқан арнайы келісімдерінде ескерілетін болады.

IV ТАРАУ
Жалпы ережелер
34-БАП

      1. Осы Бөлімнің ережелері мемлекеттік саясат, қоғамдық
қауіпсіздік және қоғамдық денсаулық қорғау ұғымдарымен негізделген
шектеулерді ескере отырып қолданылады.
      2. Олар кез келген Тараптың аумағында өкіметтің ресми
органдарының өз міндетін орындау қызметіне тіпті кездейсоқ
байланысты болса да қолданылмайды.

35-БАП

      Бұл Бөлімнің мақсаттары үшін жеке тұлғалардың келуіне және келіп-кетуіне, жұмысына, еңбек жағдайы мен жұмысқа орналасуына және қызмет көрсетуге қатысты, бұл орайда, олар мұны сондай тәсіл арқылы қолданып, Келісімнің нақты ережелерінің талаптары бойынша кез келген Тарапқа берілген артықшылықтарды жоятын немесе шектейтін тәсілмен қолданбайтын жағдайда, осы Келісімдегі ештеңе де Тараптардың өз заңдары мен ережелерінің қолдануына кедергі келтірмейді. Аталған ережелер 34-Бапты қолдануға кедергі жасамайды.

36-БАП

      Қазақстан компаниялары мен Қоғамдастық компанияларының бақылауында болатын және тек қана бірлескен иелігіндегі компаниялар, сондай-ақ II, III, ІV Тарауларында көрсетілетін артықшылықтарды пайдаланады.

37-БАП

      Осы Келісімге сәйкес ГАТС қамтитын салалар мен шараларға қатысты Қызметтер көрсету Саудасы жөніндегі Бас Келісімдегі тиісті міндеттемелердің күшіне енуіне бір ай қалған кезден бастап, Тараптардың бір-біріне беретін режимі ГАТС ережелеріне сәйкес алғашқы Тарап ұсынатын режимге қарағанда еш жағдайда да аса қолайлы болмайды және бұл әрбір салаға, қосымша салаларға және қызметтер көрсету тәсілдеріне де қатысты болады.

38-БАП

      Осы Бөлімнің ІІ, ІІ, ІV Тарауларының мақсаттары үшін ГАТС-тің V Бабының қағидаттарына сәйкес экономикалық интеграция туралы келісім ауқымында қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы, Қоғамдастық немесе Мүше мемлекеттер беретін режим назарға алынбайтын болады.

39-БАП

      1. Осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес берілетін барынша
қолайлылық режимі екі мәрте салық салуды болдырмау туралы
келісімдердің немесе салық мәселелері жөніндегі басқа да
келісімдердің негізінде Тараптар берген немесе болашақта беретін
салық жеңілдіктеріне қолданылмайтын болады.
      2. Осы Бөлімдегі ештеңе де екі мәрте салық салуды болдырмау
туралы келісімдердің салық ережелерін, немесе салық мәселелері
жөніндегі басқа да келісімдерге, немесе ішкі қаржы заңдарына сәйкес
салық төлеуден бас тартуды немесе одан жалтаруды болдырмау
мақсатын көздейтін Тараптардың кез келген шараны қабылдауына
немесе жүзеге асыруына кедергі келтіретіндей жолмен түсіндірілмейтін
болады.
      3. Осы Бөлімдегі ештеңе де Қазақстан Республикасына немесе
Мүше мемлекеттерге, олардың қаржы заңдарының тиісті ережелерін
қолданған кезде, бірдей жағдайда болмайтын, атап айтқанда, тұрған
жеріне қатысты салық төлеушілерді алалап, кедергі келтіретіндей
ыңғайда түсіндірілмейтін болады.

40-БАП

      28 және 33-Баптарға нұқсан келтірмей II, III және ІV Тараулардың бірде-бір ережесі:
      - тиісінше Қазақстан Республикасының немесе Мүше мемлекеттердің азаматтарына, кез келген тұлға ретінде, атап айтқанда, компания акционері немесе әріптесі, оның менеджері немесе қызметшісі немесе қызмет көрсетушісі немесе оны алушы ретінде, тиісінше, Қоғамдастықтың немесе Қазақстан Республикасының аумағына келуіне немесе жүріп-тұруына;
      - Қоғамдастықтың еншілес компанияларына немесе Қазақстан компанияларының Қоғамдастықтағы филиалдарына Қоғамдастық аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарын жалдауға;
      - Қазақстанның еншілес компанияларына немесе Қоғамдастық
компанияларының Қазақстандағы филиалдарына Қазақстан Республикасының аумағында Мүше мемлекеттердің азаматтарын
жалдауға;
      - Қазақстан компанияларына немесе Қоғамдастықтың еншілес
компанияларына немесе Қазақстан компанияларының Қоғамдастықтағы филиалдарына уақытша жұмысқа орналастыру келісім-шарттары бойынша адамдардың бақылауымен Қазақстан азаматтарының қызметке жіберуге;
      - Қоғамдастық компанияларына немесе Қазақстанның еншілес
компанияларына немесе Қоғамдастық компанияларының филиалдарына жалдау туралы келісім-шарттар бойынша Мүше мемлекеттердің азаматтары болып жұмысшыларды жіберуіне құқық беретіндей етіп түсіндірілмейтін болады.

V ТАРАУ
Ағымдағы төлемдер мен капиталдар
41-БАП

      1. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық
резиденттерінің арасындағы тауарлар қозғалысына, қызметтер
көрсетуге немесе осы Келісімнің ережелеріне байланысты тұлғалардың
төлем балансының ағымдағы есеп-шоты бойынша еркін өтімді
валютамен төлемдерге рұқсат етуге міндеттенеді.
      2. Төлем балансының капиталдық есеп-шоты операцияларды
алатын болсақ, онда осы Келісім күшіне кірген сәттен бастап
қабылдаушы тараптың заңдарына сәйкес негізделген тікелей
инвестицияларға және II Тарауының ережелеріне сәйкес жасалған
инвестицияларға байланысты капиталдың еркін қозғалуына кепілдік
берілуге тиіс, және де бұл инвестициялар мен олардан алынған кез
келген пайда жойылуы немесе аударылуы тиіс.
      3. 2-параграфқа немесе 5-параграфқа нұқсан келтірілмей, осы
Келісім күшіне кірген сәттен бастап капитал қозғалысына және
Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық резиденттері арасындағы
оған байланысты ағымдағы төлемдерге қатысты шетелдік айырбасқа жаңадан ешқандай валюталық шектеулер енгізілмейді, сол сияқты қазір қолданылып жүрген шарттарға да шектеу қойылмайды.
      4. Осы Келісімнің мақсаттарына жетуге атсалысу үшін Қазақстан
Республикасы мен Қоғамдастық арасында 2-параграфта айтылған
нысандардан ерекше капитал қозғалысына жәрдемдесу жөнінде
Тараптар бір-бірімен ақылдасып кеңесетін болады.
      5. Осы заңның ережелеріне сілтеме жасай отырып, әзірге Қазақстан валютасының толық айырбасталуы енгізілмей отырғанда Халықаралық Валюта Қоры келісімі баптарының VII-Бабы мәніне сәйкес Қазақстан Республикасы, ерекше жағдайларда, қысқа немесе қабылдаумен байланысты валюта шектеулерін қолдана алады, мұның өзі Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорындағы Қазақстанның мәртебесі ауқымында рұқсат етілген осы несиелерді берумен байланысты Қазақстан Республикасына шектеулер деңгейінде қолданылады. Қазақстан Республикасы мұндай шектеулер кемсітпеушілік негізде қолданатын болады. Олар осы Келісімнен аздап ықтимал ауытқитындай болып қолданылуға тиіс. Қазақстан Республикасы Ынтымақтастық Кеңесін осындай шараларды енгізген туралы және оларды кез келген өзгерістер туралы дереу хабардар ететін болады.
      6. 1 және 2-параграфтарға нұқсан келтірместен, Қазақстан
Республикасы мен Қоғамдастық арасындағы капиталдың қозғалысы
ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасындағы немесе Қоғамдастықтағы валюта айырбасы немесе ақша саясаты саласындағы
саясатты жүзеге асыру үшін елеулі қиындықтар туғызады не туғызу
қатерін төндіреді, Қазақстан Республикасы немесе Қоғамдастық
тиісінше, Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық арасындағы капиталдың қозғалысына қатысты, егер бұл шаралар қатаң түрде қажет
болған жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге алдын ала сақтану
шараларын қолдана алады.

VI ТАРАУ
Санаткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық меншікті қорғау
42-БАП

      1. Осы Баптың ережелерін және осы Келісімге тіркелген Қосымшаны ескере отырып, Қазақстан Республикасы осы Келісім күшіне енгеннен кейінгі бесінші жылдың аяғында осындай құқықтарды қолдануды күшейтудің пәрменді құралдарын қоса Қоғамдастықтағыға ұқсас қорғау деңгейін қамтамасыз ету мақсатында санаткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық меншік құқықтарын қорғауды жетілдіре беретін болады.
      2. Осы Келісім күшіне енгеннен кейінгі бесінші жылдың аяғына
таман Қазақстан Республикасы осы Келісімге тіркелген III Қосымшаның І-параграфында көрсетілген санаткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық құқықтар жөніндегі көпжақты конвенцияларға қосылуға тиіс, Қоғамдастықтың Мүше мемлекеттері қатысушылар болып табылады, немесе оларды іс жүзінде осы конвенцияларда мазмұндалатын тиісті ережелерге сәйкес Мүше мемлекеттер қолданады.

V  БӨЛІМ
ЗАҢ ШЫҒАРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
43-БАП

      1. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызды шарты Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың қолданылып жүрген және болашақ заңдарын жақындастыру болып табылады деп біледі. Қазақстан Республикасы өз заңдарының Қоғамдасты заңдарымен біртіндеп жақындасуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
      2. Заңдардың жақындасу үрдісі, атап айтқанда, мына салаларға
қолданылады: кеден заңына; кәсіпорындар туралы заңға; банк заңына;
компаниялар есеп шоттары мен салықтарға, санаткерлік меншікке;
еңбекті қорғауға; қаржы қызметтеріне; саудаға ықпал ететін кез келген мәселелерді немесе нақты іс-қимылдарды қоса алғанда бәсеке ережелеріне; мемлекеттік сатып алуға; адамдардың денсаулығы мен өмірін, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға; айналадағы ортаны қорғауға; тұтынушылардың құқықтарын қорғауға; жанама салық салуға; техникалық қалыптар мен стандарттарға; ядролық саладағы заңдар мен қалыптарға; көлікке қолданылады.
      3. Қоғамдастық Қазақстан Республикасына осы шараларды жүзеге асыруға техникалық көмек көрсетеді, оларға мыналар жатады:
      - сарапшылар алмасу;
      - әсіресе тиісті заңдарға қатысты алдын ала ақпараттар беру;
      - семинарлар ұйымдастыру;
      - кадрлар даярлау;
      - тиісті секторларда Қоғамдастық заңдары текстерін аударуға
көмек.
      4. Тараптар өздерінің арасындағы саудаға қатысты болған жағдайда келісілген негізде өздерінің бәсеке туралы тиісті заңдарын қолдану жолдарын зерттеуге келісті.

VI БӨЛІМ
Экономикалық ынтымақтастық
44-БАП

      1. Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық экономикалық реформа үрдісіне жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасын қалпына келтіру мен оның тұрақты өркендеуіне бағытталған экономикалық ынтымақтастықты дамытатын болады. Бұл ынтымақтастық Екі жақтың игілігі үшін қазіргі экономикалық байланыстарды нығайтады.
      2. Саясат пен басқа да шаралар Қазақстан Республикасында экономикалық және әлеуметтік реформаларды, құрылымдарды, құрылымдарды қайта құруды жүргізу мақсатында жасалады және тұрақты даму мен үйлесімді әлеуметтік қорғау талаптары басшылыққа алынады. Сондай-ақ олар экологиялық қисындарды да толық дәрежеде ескеретін болады.
      3. Осы мақсатта ынтымақтастық, атап айтқанда, экономикалық және әлеуметтік даму, кадрлар даярлау, кәсіпорындарға /жекешелендіруді, инвестициялауды және қаржы қызметтерін дамытуды қоса/ көмек, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін өндіру, энергетика және азаматтық ядролық қауіпсіздік, көлік, туризм, айналадағы ортаны қорғау және аймақтық ынтымақтастық сияқты салаларға шоғырландырылатын болады.
      4. Аймақтың үйлесімді дамуын ынталандыру мақсатында Тәуелсіз
Мемлекеттер арасындағы дамытуға жәрдемдесетін шараларға ерекше
назар аударылады.
      5. Осы Келісімде айтылып отырған экономикалық ынтымақтастық пен ынтымақтастықтың басқа да нысандары, мұның өзі тиімді болып отырған жерлерде, Қоғамдастық тарапынан техникалық көмектесу есебінен қолдау табуы мүмкін, бұл орайда Қазақстан Республикасына Еуропалық Қоғамдастықтың техникалық көмегіне және үйлестіру мен іске асыру жөніндегі оларда белгіленген рәсімдерге қатысты индикативті бағдарламаларда келісілген басым бағыттарда Тәуелсіз Мемлекеттер техникалық көмекке қолданатын Қоғамдастық Кеңесінің тиісті регламенті ескеріледі.

45-БАП
Өнеркәсіп ынтымақтастығы

      1. Ынтымақтастық, атап айтқанда, жәрдемдесуге:
      - екі жақтың шаруашылық, жүргізуші субъектілері арасындағы
іскерлік байланыстарын дамытуға;
      - Қоғамдастықтың Қазақстан өнеркәсібін қайта құру ісіне
қатысуға;
      - басқаруды жетілдіруге;
      - өнеркәсіп өнімінің сапасын жақсартуға;
      - шикізат өндіретін және өңдейтін тиімді өндірістерді дамытуға;
      - өнім маркетингін қоса оңтайлы коммерциялық қалыптар мен
тәжірибені дамытуға;
      - айналадағы ортаны қорғауға;
      - қорғаныс өнеркәсібін конверсиялауға бағытталады.
      2. Бұл баптың ережелері Қоғамдастық кәсіпорындарына арналған
бәсеке ережелерін қолдануға ықпал етпейді.

46-БАП
Инвестицияларды қолдау мен қорғау

      1. Қоғамдастық пен Мүше-мемлекеттердің тиісті өкілеттіктері мен құзыреттерін ескере отырып ынтымақтастық, бірінші кезекте, отандық та, сондай-ақ шетелдік те инвестицияларды қорғау шарттарын жақсарту капиталды аудару мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат алмасу есебінен жеке инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталады.
      2. Бұл ынтымақтастықтың мақсаттары, атап айтқанда, мыналар:
      - егер қажет болса, Тараптар арасында инвестицияларға жәрдемдесу мен оларды қорғау туралы келісімдер жасау;
      - Тараптардың арасында, егер қажет болса, қос салық салуды
болдырмау туралы келісімдерді жасау;
      - Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту үшін
қолайлы жағдайлар тұғызу;
      - іскерлік белсенділік жөнінде тұрақты әрі толық сәйкес келетін заңдар жасау, инвестициялар саласында кәсіпкерлікті дамыту және заңдар, қалыпты құжаттамалар мен әкімшілік тәжірибесі бойынша
ақпарат алмасу үшін жағдайлар туғызу;
      - инвестициялық мүмкіндіктер, атап айтқанда, сауда жәрмеңкелері, көрмелер, сауда апталығы нысанында және басқа шаралар туралы ақпарат алмасу.

47-БАП
Мемлекеттік жеткізілімдер

      Тараптар тауарлар мен қызметтер жөнінде, атап айтқанда, тендерлер жариялау арқылы ашық және бәсеке қағидаттары негізінде келісім-шарттар беру үшін жағдайлар жасауға қызмет атқаратын болады.

48-БАП
Стандарттау мен сапа сәйкестігін бағалау саласындағы ынтымақтастық

      1. Тараптар арасындағы ынтымақтастық стандарттарды бүкіл
дүние жүзінде сақталатын сапа саласындағы өлшемдерге, қағидаттар
мен нұсқауларға сәйкес келтіруге жәрдемдеседі. Осы бағытта
қолданған шаралар сапа сәйкестігі саласында өзара түсіністікке жету,
сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілетін өнім сапасын жақсарту жолындағы оң табыстарды қамтамасыз етеді.
      2. Осы мақсатта Тараптар жобаларды, техникалық көмекті жүзеге
асыруда ынтымақтастыққа ұмтылады, олар:
      - осы салада мамандандырылған мекемелер мен ұйымдар арасындағы кооперацияны дамытуға жәрдемдесетін болады;
      - Қоғамдастықтың техникалық ережелерін пайдалануға және
еуропалық стандарттарды және сапа сәйкестігін бағалау рәсімдерін
қолдануға жәрдемдеседі;
      - сапаны басқару саласында тәжірибе мен техникалық ақпарат
алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

49-БАП
Тау-кен өнеркәсібі және шикізат материалдары

      1. Тараптар өздерінің алдына тау-кен өнеркәсібінде
инвестицияларды көбейту мен шикізат материалдарымен сауда жасау
мақсатын қояды.
      2. Ынтымақтастық, атап айтқанда, мыналарға шоғырландырылады:
      - тау-кен өндіру секторы мен түсті металдар секторын дамыту
болашағы жөнінде ақпарат алмасуға;
      - ынтымақтастық үшін құқықтық шеңберлер құруға;
      - сауда мәселелеріне;
      - табиғат қорғау заңдарын қабылдауға және орындауға;
      - кәсіби даярлыққа;
      - тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі қауіпсіздікке шоғырландырылады.

50-БАП
Ғылыми-технологиялық саладағы ынтымақтастық

      1. Тараптар ресурстарға қол жеткізуді, тиісті бағдарламаларға толық қол жетуін ескере отырып өзара тиімді негізде және санаткерлік, өнеркәсіптік әрі коммерциялық меншік құқықтарын тиімді қорғаудың тиісті дәрежесін қамтамасыз ету шарттары негізінде ғылыми зерттеулер мен технологиялық талдамалар (ЗТТ) саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
      2. Ғылыми және технологиялық ынтымақтастық:
      - ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды;
      - ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық талдамалар саласындағы бірлескен қызметті;
      - екі жақтан да кәсіби даярлық жөніндегі шараларды және
зерттеулер мен талдамаларға қатысатын ғалымдар, зерттеушілер мен
технологтар үшін алмасу бағдарламаларын қамтиды.
      Мұндай ынтымақтастыққа білім берумен немесе кадрлар даярлаумен байланысты шараларды жүргізу жатқан жағдайда, ол осы Келісімнің 51-Бабының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Тараптар өзара келісім негізінде ғылыми-технологиялық саладағы ынтымақтастықтың басқа да нысандарын жүзеге асыра алады.
      Ынтымақтастықтың осы саласындағы шараларды жүргізген кезде жаппай қырып-жоятын қаруларды жасауға немесе шығаруға қатысатын ғалымдарды, зерттеушілер мен технологтарды біліктілік жағынан қайта даярлауға ерекше назар аударылатын болады.
      3. Осы Бапта көзделген ынтымақтастық нақты келісімдер негізінде жүзеге асырылатын болады, осы келісімдер бойынша келіссөздер мен олардың қорытындысы әр Тарап қабылдаған рәсімдерге сәйкес жүргізіледі және, атап айтқанда, санаткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық меншік құқықтарын қорғау жөніндегі қажетті ережелерді көздейді.

51-БАП
Білім беру және кәсіби даярлық

      1. Тараптар Қазақстан Республикасында халықтың жалпы білімі мен кәсіби біліктілігі дәрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік те сондай-ақ жеке секторда да қатыса алады.
      2. Бұл ынтымақтастық, атап айтқанда, мына салаларда шоғырландырылады:
      - Қазақстан Республикасында жоғары білім беру мен кадрлар
даярлау жүйелерін жетілдіру; бұған жоғары оқу орындарының
аттестациялау жүйесі мен жоғары білім туралы дипломдарды қоса;
      - Ынтымақтастық Кеңесі анықтайтын басым салалардағы мемлекеттік және жеке секторлар үшін басшы кадрларды даярлау;
      - жоғары оқу орындары арасындағы, сондай-ақ жоғары оқу
орындары мен фирмалар арасындағы ынтымақтастық;
      - оқытушылар, оқу орнын бітірушілер, әкімшілік басшылары,
жас ғалымдар мен зерттеушілер, жастар үшін бір жерден екіншісіне
бару еркіндігін қамтамасыз ету;
      - тиісті мекемелерде Еуропа зерттеулері саласында оқытуды
дамыту;
      - Қоғамдастық тілдерін оқып-үйрену;
      - ілеспе аударма саласындағы аспирантура;
      - журналистер даярлау;
      - оқытушы кадрларын даярлау.
      3. Білім беру мен кәсіби даярлық саласындағы тиісті бағдарламаларға Тараптардың бірінің қатысу мүмкіндігін екінші бір жақ тиісті рәсімдер ауқымында қарауы ықтимал және, бұл қажет болған жерде, жиынтық құрылымдар құрылуы мүмкін және Қоғамдастықтың ТЕМРUS бағдарламасына Қазақстан Республикасының қатысуына негізделген ынтымақтастық жоспарлары жасалуы мүмкін.

52-БАП
Ауылшаруашылығы және аграрлық-өнеркәсіптік сектор

      Аграрлық реформаны жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын, аграрлық-өнеркәсіптік секторды жаңғырту, жекешелендіру, жаңа құрылымдарын құру, азық-түлікпен жабдықтаудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ аграрлық бизнесті дамытуды және ауыл шаруашылығы өнімін ұқсату мен бөлуді ескере отырып Қазақстан өнімдері үшін жергілікті және шетелдік өткізу нарықтарын дамыту осы саладағы ынтымақтастықтың мақсаты болып табылады. Тараптар санитарлық және фитосанитарлық стандарттарды қоса, Қазақстан стандарттары мен Қоғамдастықтың техникалық регламенттерін біртіндеп жақындастыруды көздейді.

53-БАП
Энергетика

      1. Ынтымақтастық экономика нарығы мен Еуропа Энергетика
Хартиясы қағидаттары ауқымында, Еуропаның энергетика нарықтарын
өскелең интеграциялау негізінде дамитын болады.
      2. Ынтымақтастыққа, басқаларымен катар, мына салалар жатады:
      - энергия өндірудің, энергиямен жабдықтаудың және энергия
тұтынудың айналадағы ортаға ықпалы, айналадағы ортаға қызметтің
осы түрлерінің жағымсыз әсерін болдырмауды немесе мейлінше
азайтуды көздеу;
      - экономиялық және экологиялық тұрғыда оңтайлы өндіріс
түрлерінде энергия жеткізушілер топтарын ұлғайтуды қоса, энергиямен
жабдықтау сапасы мен қауіпсіздігін арттыру;
      - нарықтық экономика рухында энергетикалық секторды басқару
мен реттеуді жетілдіру;
      - энергетикалық саясатты қалыптастыру;
      - энергетикалық салада сауда мен инвестицияны көтермелеу үшін
қажетті жиынтық, құқықтық, салықтық және басқа толып жатқан жағдайлар жасау;
      - энергиямен жабдықтауды дамыту және энергия пайдалану
тиімділігін арттыру;
      - энергетиканың инфрақұрылымын жаңғырту;
      - энергиямен жабдықтау технологияларын және энергияның
әралуан түрлерін түпкі энергиялық тұтынылуын жетілдіру;
      - энергетикалық секторда кадрларды басқару және техникалық
жағынан даярлау;
      - жабдықтаудағы, энергия мен энергетикалық материалдарды
тасымалдау, олардың транзитіндегі қауіпсіздік жатады.

54-БАП
Айналадағы орта

      1. Еуропа Энергетикалық Хартиясының ережелерін ескере отырып, Тараптар айналадағы орта мен денсаулық сақтау мәселелерінде өзінің ынтымақтастығын дамытып, нығайтатын болады.
      2. Осы саладағы ынтымақтастық айналадағы орта жай-күйінің нашарлауына қарсы күресті көздейді және, атап айтқанда, оған мына бағыттар жатады:
      - ластану дәрежесінің тиімді мониторингі және айналадағы
ортаның жай-күйін бағалау; айналадағы ортаның жай-күйіне қатысты
Тараптардың ақпараттық экологиялық жүйелерінің өзара іс-қимылы;
      - су және әуе ортасының жергілікті, аймақтық және ұлттық
шеңберден тыс ластануына қарсы күрес;
      - экологиялық қайта қалпына келтіру;
      - энергияны тұрақты, тиімді экологиялық жағынан қауіпсіз
өндіру мен пайдалану;
      - өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі;
      - химиялық дәрі-дәрмектерді топтастыру және оларды қауіпсіз
жұмсау;
      - су ортасының сапасын бақылау;
      - қалдықтар мөлшерін азайту, оларды ұқсату мен қауіпсіз сақтау, Базель конвенциясын қолдану;
      - ауыл шаруашылығының, топырақ эрозиясы мен химиялық ластанудың экологиялық ластануы;
      - ормандарды қорғау;
      - қорғалатын аймақтардың биологиялық әралуандығын сақтау,
биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану және оларды басқару;
      - өнеркәсіптік және азаматтық құрылысты қоса жер пайдалануды
жоспарлау;
      - экономикалық және қаржылық тетіктерді пайдалану;
      - ауа райының ғаламдық өзгеруі;
      - экологиялық құрылым және хабардылық;
      - Ұлттық шеңберден тыс ауқымда айналадағы ортаға экологиялық әсерді бағалау туралы Еsро Конвенциясы ережелерін ұлттық шеңберден тыс ауқымда қолдану жатады.
      3. Тараптардың ынтымақтастығы, атап айтқанда, мыналар арқылы жүзеге асырылады:
      - апаттарды жоспарлау, олардың алдын алу, сақтандыру және
оларды болдырмау;
      - технологияларды беру, биологиялық технологияларды қауіпсіз
әрі экологиялық жағынан негізді пайдалану мәселелерін қоса консультациялар өткізу;
      - бірлескен зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру;
      - заң шығару негізін жетілдіру (Қоғамдастық стандарттары);
      - аймақтық деңгейдегі (оны Еуропалық Экологиялық агенттік
шеңберінде жүзеге асыруды қоса отырып), сондай-ақ халықаралық
деңгейдегі ынтымақтастық;
      - атап айтқанда, ғаламдық ауа райы проблемаларына қатысты
стратегияларды дамыту және тұрақты дамытуды қамтамасыз ету
тұрғысында;
      - айналадағы ортаға әсер ететін факторларды зерттеу арқылы
жүзеге асырылады.

55-БАП
Көлік

      Тараптар көлік саласында өзара қатынастарды дамытып, нығайтатын болады.
      Бұл ынтымақтастық, басқалармен қатар, Қазақстан Республикасындағы көлік жүйелері мен тораптарын құрылымдық қайта құрулар мен жаңғыртуды жүргізуге, сондай-ақ тиісті жағдайларда, неғұрлым ғаламдық көлік жүйесін құру жиынтығында Тараптар көлік жүйелерінің үйлесіміне жетуге және оларды қамтамасыз етуге бағытталған.
      Ынтымақтастыққа, атап айтқанда, мыналар жатады:
      - автомобиль көлігін, темір жолдары, кемежайлар мен әуежайларды басқару мен олардың қызметін жаңғырту;
      - жоғарыда көрсетілген секторларда еуропалық шектен тыс
байланыстар үшін де өзара мүдделі болып табылатын темір жолдарды,
су жолдарын, автомобиль жолдарын, теңіз кемежайларын, әуежайлар
мен аэронавигациялық инфрақұрылымды жаңғырту мен дамыту;
      - аралас тасымалдар жүйелеріне жәрдемдесу және оларды
дамыту;
      - бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын және дамыту
бағдарламаларын жүргізуге жәрдемдесу;
      - көлік секторын жекешелендіру мәселелерін қоса көлік саясатын
және оны іске асыру тетіктерін жетілдіру үшін заң шығару және
институттық шеңберлерді әзірлеу жатады.

56-БАП
Ғарыш

      Қоғамдастықтың, оның Мүше мемлекеттері мен Еуропалық Ғарыш Агенттігінің құзыреттері тиісті салаларын еске ала отырып, Тараптар, мүмкін болған жерлерде, азаматтық зерттеулер саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты, ғарыш кеңістігін игеру мен коммерциялық пайдалануды дамытуға жәрдемдесуді ниет етеді. Олар, атап айтқанда, осы саладағы өздерінің бағдарламалары мен шараларын өзара молықтыруын неғұрлым толық пайдалануға негізделген бастамаларына айрықша назар аударады.

57-БАП
Почта қызметтері мен телекоммуникациялар

      Тараптар өздерінің тиісті өкілеттіктері мен құзыреттері шегінде мына салалардағы ынтымақтастығын өрістетіп, нығайтады:
      - телекоммуникациялар мен почта қызметтері секторын дамыту жөніндегі саясат пен бағыттарды белгілеу;
      - телекоммуникациялар мен почта қызметтері саласында тариф
саясаты мен маркетинг қағидаттарын жасау;
      - телекоммуникациялар мен почта қызметтері саласындағы
жобаларды дамыту мен күрделі қаржыны қатыстыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу;
      - телекоммуникациялық және почта қызметтерін, соның ішінде
қосымша салалар қызметтерін ырықтандыру арқылы көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру;
      - телекоммуникацияларды, әсіресе ақша қаражаттарын электронды жолмен беру саласында оңды технологиялық қолдану;
      - телекоммуникациялық жүйелерді басқару және олардың
"мәртебесін көтеру";
      - телекоммуникациялық және почта қызметтерін көрсету,
радиожиілік спектрін пайдалану үшін тиісті қалыптық-құқықтық база құру;
      - нарықтық жағдайларда жұмыс істеу үшін телекоммуникациялар
мен почта қызметтері саласындағы кәсіби даярлық.

58-БАП
Қаржы қызметтері

      Ынтымақтастық, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасын жалпы жұрт таныған өзара есеп айырысулар жүйесіне қосу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады. Техникалық көмек мыналарға шоғырландырылады:
      - банк және қаржы қызметтерін дамытуға, несие ресурстарының жалпы жұрт таныған жүйелеріне тартуға;
      - Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін және мекемелерді дамытуға, салық-қаржы мәселелері жөніндегі тәжірибе алмасуға және кадрлар алмасуға;
      - Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында бірлескен кәсіпорындар құру ісінде Қоғамдастықтар компанияларының қатысуы, сондай-ақ экспорттық несиелердің сақтандыру жүйесін дамыту үшін, басқалары мен қатар, қолайлы негіз жасайтын сақтандыру қызметтерін дамытуға шоғырландырылады.
      Бұл ынтымақтастық, әсіресе Қазақстан Республикасы мен Мүше мемлекеттер арасындағы қаржы қызметтері секторындағы байланыстарды жедел дамытуға жәрдемдесуге тиіс.

59-БАП
Ақша қаражаттарын көлденең табыс көзіне айналдыру

      1. Тараптар өздерінің қаржы жүйелерін тұтас алғанда қылмыстық
қызметтен, атап айтқанда, есірткілермен сауда жасау арқылы көлденең
табыс көзіне айналдыру үшін пайдалануды болдырмау мақсатында
күш-жігер жұмсау қажеттілігі факторымен және ынтымақтасу
қажеттілігімен келіседі.
      2. Бұл саладағы ынтымақтастыққа, осы салада Қоғамдастықта
және халықаралық дәрежеде, соның ішінде Арнаулы Жедел Қаржы
Тобы (ҒАТҒ) қабылдаған стандарттарға ұқсас ақшаны табыс көзіне
айналдыруға қарсы күрес жөніндегі оңтайлы стандарттарды жасау
мақсатында әкімшілік және техникалық көмек жатады.

60-БАП
Аймақтық ынтымақтастық

      1. Тараптар аймақтық дамыту мен жер пайдалануды жоспарлау саласында ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
      2. Осы мақсатта олар аймақтық дамыту мен жер пайдалану саясаты мәселелері жөнінде, сондай-ақ оны қалыптастыру әдісі жөнінде ұлттық, аймақтық және жергілікті өкімет орындары арасында ақпарат алмасуға көмектесетін болады, бұл орайда тиімсіз жағдайда орналасқан аудандар проблемаларына ерекше назар аударылады.
      Олар сондай-ақ, атап айтқанда, аймақтық дамудың әдістері мен нысандарын алмасуды жеделдетуді мақсат ете отырып аймақтық дамуды жоспарлауға жауапты тиісті аймақтар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы тікелей байланыстарды орнатуға және дамытуға жәрдемдесетін болады.

61-БАП
Әлеуметтік саладағы ынтымақтастық

      1. Денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты Тараптар жұмыс істеушілердің денсаулығы мен қауіпсіздігі дәрежесін жақсарту мақсатымен өзара ынтымақтастығын дамытуға келіскен.
      Бұл ынтымақтастыққа, атап айтқанда, мыналар жатады:
      - тәуекел ету дәрежесі жоғары қызмет салаларына ерекше назар
аудара отырып денсаулық пен еңбек қауіпсіздігі жөнінде білім беру
мен кадрлар даярлау;
      - кәсіби ауруларды және кәсіби қызметтің басқа да теріс
салдарларын болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу және оларды
жүргізуге жәрдемдесу;
      - төтенше жағдайлардың салдарларын болдырмау, улы химиялық
заттарды өндіру мен қолдануды басқару;
      - жұмыс орындары экологиясының, қызметкерлердің денсаулығы
мен қауіпсіздігін қорғаудың негізгі проблемалары бойынша зерттеулер
жатады.
      2. Халықты еңбекпен қалыптасу мәселелеріне қатысты Тараптардың ынтымақтастығы, атап айтқанда, мыналар үшін техникалық көмек көрсетуді қамтиды:
      - еңбек нарқын оңтайлау;
      - еңбекке орналастыру жөніндегі қызметтер және осы қызметтермен байланысты консультациялық қызметтер көрсету жүйелерін жаңғырту;
      - еңбекке орналастыру секторын қайта құруды жоспарлау мен
оның бағдарламаларын басқару;
      - жергілікті еңбекпен қамтуды дамытуды көтермелеу;
      - өзін-өзі еңбекпен қамтуды ынталандыру мен кәсіпкерлікті
дамыту мәселелерін қоса "икемді" еңбекпен қамту бағдарламалары
бойынша хабарлама алмасу үшін.
      3. Тараптар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударатын болады, оған, атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйелерінің реформаларын жоспарлау мен жүргізу мәселелері жатады.
      Бұл реформалар Қазақстан Республикасында нарықтық экономика талаптарына жауап беретін әлеуметтік қорғау тетіктерін дамытуға бағытталған және ол халықты әлеуметтік қорғау бағыттарын қамтиды.

62-БАП
Туризм

      Тараптар осы саладағы ынтымақтастықты өрістетіп, тереңдете түседі, ол, атап айтқанда мыналарды қамтиды:
      - туристік алмасуды оңайлатуды;
      - ақпарат алмасуды ұлғайтуды;
      - ноу-хау беруді;
      - бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерттеуді;
      - ресми туристік органдардың өзара іс-қимылын;
      - туризмді дамыту үшін кадрлар даярлауды қамтиды.

63-БАП
Шағын және орташа кәсіпорындар

      1. Тараптар өздерінің алдына шағын және орташа кәсіпорындарды (ШОК) дамытып, нығайтуды және Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты көтермелеуді мақсат етіп қояды.
      2. Ынтымақтастыққа атап айтқанда, мына салаларға жататын
техникалық көмек жатады:
      - ШОК үшін заңдылық негізін жасау;
      - тиісті инфрақұрылым (ШОК-ты, коммуникацияларды қолдау
жөніндегі агенттік, ШОК-ке арналған қорды құруға);
      - технологиялық парктер құру жатады.

64-БАП
Ақпарат және коммуникация

      Тараптар ақпаратты беру құралдарын қоса оны өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін дамытуды қолдайтын және ақпаратты өзара тиімді алмасуды ынталандыратын болады. Мүмкіндігінше, санаткерлік меншік құқықтарын толық сақтаған жағдайда деректер негіздеріне қол жеткізуді қоса Қоғамдастық пен Қазақстан Республикасы туралы негізгі ақпаратпен жұртшылықты таныстыруға бағытталған бағдарламаларға басымдық беріледі.

65-БАП
Тұтынушылар құқықтарын қорғау

      Тараптар тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында өз жүйелерінің үйлесіміне қол жеткізуге бағытталған тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Бұл ынтымақтастыққа мыналар жата алады: заңдар мен институциялық реформалар саласындағы ақпарат алмасу; қауіпті азық-түліктер туралы өзара ақпараттар алмасудың тұрақты жүйесін құру; тұтынушыларға арналған, бірінші кезекте, бағалар және ұсынылатын тауарлар мен қызметтер сипаттамаларына қатысты ақпараттар беру тетігін жетілдіру; тұтынушылар мүдделерін қорғайтын ұйымдар арасындағы алмасуды дамыту, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы саясаттың үйлесімі мен оны үйлестіруді күшейту; семинарлар мен үйренулерді ұйымдастыру.

66-БАП
Кеден мәселелері

      1. Өзара тиімді сауданы дамытумен байланысты қабылдауға
белгіленген барлық ережелерді кепілді сақтау және Қоғамдастықтағы
тәріздес Тараптардың кеден жүйелерін жақындастыруға қол жеткізу
осы саладағы ынтымақтастықтың жақындастыруға қол жеткізу осы
саладағы ынтымақтастықтың мақсаты болып табылады.
      2. Осы саладағы ынтымақтастыққа, атап айтқанда, мыналар
жатады:
      - ақпарат алмасу;
      - жұмыс әдістерін жетілдіру;
      - Біріккен терминология мен бірыңғай әкімшілік құжатын енгізу;
      - Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың транзиттік
жүйелерінің өзара іс-қимылы;
      - жүк тасымалына қатысты тексерулер мен ресмиліктерді
жеңілдету;
      - кеден ақпаратының қазіргі заманғы жүйелерін енгізуге
жәрдемдесу;
      - семинарлар мен үйренулерді ұйымдастыру жатады.
      Қажет болған жағдайда ынтымақтастық техникалық көмек арқылы қолдау табады.
      3. Тараптардың бұдан былайғы ынтымақтастығына, атап айтқанда, 70-Бапқа қатысты осы Келісімнің ережелеріне нұқсан келтірмей, кеден мәселелері жөніндегі Тараптардың әкімшілік органдарына өзара көмек N 1 Хаттаманың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

67-БАП
Статистика саласындағы ынтымақтастық

      Бұл саладағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасындағы экономикалық қайта құрулар үрдістерін қолдау мен олардың мониторингі және жеке кәсіпорындарды дамыту үшін қажетті ақиқат статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында тиімді статистикалық жүйелерді одан әрі дамытуға бағытталған.
      Тараптар, атап айтқанда, мына сияқты салаларда қызмет атқаратын болады:
      - Қазақстан статистикалық жүйесін халықаралық әдістерге стандарттарға және топтастыруларға бейімдеу;
      - статистикалық ақпарат алмасу;
      - экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен басқару үшін қажетті статистикалық ауқымды және ықшам экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету.
      Осы мақсатта Қоғамдастық Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсетеді.

68-БАП
Жалпы экономикалық мәселелер

      Тараптар өздерінің экономикалық жүйелерінің іргелі қағидаттары мәселелері бойынша өзара түсіністікті жақсарту мақсатындағы ынтымақтастық, нарықтық экономика жағдайында экономикалық саясатты белгілеу мен іске асыру арқылы экономикалық реформа үрдістерін жүзеге асыруға және экономикалық саясатты үйлестіруге жәрдемдеседі. Осы мақсатта Тараптар ықшам экономикалық болжамдар жөнінде ақпарат алмасатын болады.
      Қоғамдастық мына мақсатта техникалық көмек береді:
      - Қазақстан Республикасына сараптамалық консультациялар мен
техникалық көмек арқылы экономикалық реформа үрдістерін жүзеге
асыруға жәрдемдесу;
      - экономикалық саясатты белгілеген кезде ақпарат пен ноу-хауды беруді оңайлату және тиісті зерттеулер нәтижелерін кеңінен тарату үшін экономистер арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында көмек береді.

69-БАП
Есірткілік заттар

      Тараптар өздерінің өкілеттіктері мен құзыреті шегінде есірткілік және психикаға әсер ететін заттарды, оларды әзірлеуге қажетті химиялық заттардың шығуын болдырмауды қоса, заңсыз өндіруге, жеткізуге және айналымға жіберуге қарсы күрес жөніндегі бағдарламалар мен шаралардың тиімділігін және пәрменділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ есірткіге сұранымды болдырмау мен қысқарту мақсатында қызмет атқаруға келісті. Бұл саладағы ынтымақтастық есірткілерді пайдаланумен байланысты әртүрлі салалардағы мақсаттары мен шараларына қатысты Тараптардың өзара консультациялар алысуы мен тығыз үйлестіруіне негізделеді.

70-БАП
Құқыққа қарсы қызметті болдырмау жөніндегі ынтымақтастық

      Тараптар құқыққа қарсы мына секілді қызметті болдырмауға бағытталған ынтымақтастықты қамтамасыз етеді:
      - заңнан тыс көшіп келу немесе жеке тұлғалардың заңсыз келуі,
жаңа азаматтық алудың қағидаттары мен тәжірибесін ескере отырып,
Тараптардың тиісті аумағында олардың азаматтығын;
      - жемқорлықты қоса экономикалық саладағы заңсыз қызмет;
      - өнеркәсіп қалдықтарымен мәміле жасасуды қоса әртүрлі
тауарлармен заңсыз операциялар жүргізу;
      - жалған ақша жасау немесе жасандылық;
      - тыйым салынған есірткілерді, психикаға әсер ететін заттар мен қаруды тасымалдау.
      Жоғарыда көрсетілген салалардағы ынтымақтастық Тараптардың өзара консультациялар алысуларына және тығыз өзара іс-қимыл жасауына негізделген, техникалық және әкімшілік көмек көрсетуді көздейді, оған мыналар жатады:
      - заңсыз қызметті болдырмау саласындағы ұлттық заңдар
жобаларын әзірлеу;
      - ақпарат орталықтарын құру;
      - заңнан тыс қызметі болдырмаумен айналысатын органдардың
жұмысы тиімділігін арттыру;
      - кадрлар даярлау мен зерттеушілік инфрақұрылымдарын дамыту;
      - заңға қарсы қызметті болдырмауға қарсы бағытталған оңтайлы
шараларды әзірлеу.

VII БӨЛІМ
МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
71-БАП

      Тараптар мәдени ынтымақтастыққа жәрдемдесуге және оны көтермелеуге міндеттенеді. Бұған мүмкіндік болған жерлерде мұндай ынтымақтастықтың негізі Қоғамдастықтың немесе оның қайсыбір Мүше мемлекеттері мәдени ынтымақтастығының бағдарламасы болуы мүмкін, ал кейіннен өзара мүдделі болатын басқа да шаралар жасалуы ықтимал.

VIII БӨЛІМ
ҚАРЖЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
72-БАП

      Осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізу үшін және 74, 75 және 76-Баптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоғамдастық тарапынан тегін техникалық көмек нысанында берілетін, Қазақстан Республикасындағы экономикалық қайта құруларды тездетуге бағытталған уақытша қаржы көмегін алады.

73-БАП

      Бұл қаржы көмегі Қоғамдастық Кеңесінің Регламентіне сәйкес белгіленген ТАСИС бағдарламасы ауқымында жүзеге асырылатын болады.

74-БАП

      Қоғамдастықтың қаржы көмегінің мақсаттары мен салалары Қазақстан Республикасы қажеттерін, Қазақстан экономикасының жекелеген секторларын қайта құруға және реформаның барысына түсіністікпен қарауын ескеретін, Тараптар арасындағы келісімге жататын, белгіленген басымдылықтарды белгілейтін нұсқамалы бағдарламада анықталған. Тараптар бұл жөнінде Ынтымақтастық Кеңесін хабардар ететін болады.

75-БАП

      Қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін Тараптар Қоғамдастықтың техникалық көмегінің Мүше мемлекеттер, басқа елдер сияқты, Халықаралық Қайта құру мен Дамыту Банкі және Еуропалық Қайта құру мен Дамыту Банкі сияқты басқа да көздерден босатылған көмекпен тығыз үйлестіру арқылы жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

IX БӨЛІМ
НҰСҚАУЛЫҚ, ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
76-БАП

      Осы арқылы Ынтымақтастық Кеңесі құрылады, ол осы Келісімнің орындалуын бақылайды. Ол министрлер дәрежесінде жылына бір рет мәжіліс құрады. Кеңес Келісім ауқымында туындайтын кез келген негізгі мәселелерді және осы Келісімнің мақсаттарына жетуі тұрғысында өзара мүдделі кез келген басқа да екі жақты немесе халықаралық мәселелерді зерттейтін болады. Ынтымақтастық Кеңесі сондай-ақ екі Тарап арасындағы келісім бойынша тиісті ұсыныстар бере алады.

77-БАП

      1. Ынтымақтастық Кеңесі құрамында, бір жағынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен Еуропа Қоғамдастықтар мүшелері және, екінші жағынан, Еуропа Қоғамдастықтар Комиссиясының мүшелері болады.
      2. Ынтымақтастық Кеңесі өзінің іс жүргізу қалыптарын белгілейді.
      3. Ынтымақтастық Кеңесі Төрағасының қызметін кезегімен Қазақстан Республикасы үкіметінің мүшесі және Қоғамдастық өкіл атқарады.

78-БАП

      1. Ынтымақтастық Кеңесіне өз міндеттерін орындау үшін, көмектесу мақсатында, бір жағынан, құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері және, екінші жағынан, Еуропа Қоғамдастықтары Кеңесінің мүшелері мен Еуропа Қоғамдастықтары Комиссиясының мүшелері бар, әдетте жоғары тұрған лауазымды адамдар дәрежесінде Ынтымақтастық Комитеті құрылатын болады. Ынтымақтастық Комитеті Төрағасының қызметін кезегімен Қазақстан Республикасының өкілі мен Қоғамдастық өкілі атқарады.
      Өзінің іс жүргізу қалыптарында Ынтымақтастық Кеңесі мәжілістерін әзірлеуді, сондай-ақ Комитетін қызмет атқару тәртібін қоса Ынтымақтастық Комитетінің міндеттерін анықтайды.
      2. Ынтымақтастық Кеңесі Ынтымақтастық Комитетіне өзінің кез келген өкілеттігін бере алады, ол Ынтымақтастық Кеңесі мәжілістегі
арасындағы іс-қимылдардың дәйектігін қамтамасыз етеді.

79-БАП

      Ынтымақтастық Кеңесі өз қызметтерін атқаруға жәрдемдесуге қажетті кез келген басқа арнаулы комитеті немесе органды құру туралы шешім қабылдай алады және осындай комитеттің немесе органның құрамы мен міндеттерін, сондай-ақ қызмет атқару тәртібін белгілейді.

80-БАП

      ГАТТ-тың бабына сілтеме жасайтын ережеге қатысты осы Келісім ауқымында туындайтын кез келген мәселені зерттеу барысында Ынтымақтастық Кеңесі барынша мүмкін болған дәрежеде Келіскен тараптар Бас Келісімнің осы ГАТТ бабында берілетін түсіндірмесін назарға алады.

81-БАП

      Осы арқылы Парламенттік Ынтымақтастық Комитеті құрылады. Ол кездесулер мен пікір алмасулар үшін шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті және Еуропа Парламенті мүшелерінің форумы болып табылады. Кездесулер үзілістермен болып тұрады, бұл үзілістерді Комитеттің өзі анықтайды.

82-БАП

      1. Парламент Ынтымақтастығы Комитетінің құрамында, бір жағынан, Қазақстан Республикасы Парламентінің мүшелері, екінші жағынан, Еуропа Парламентінің мүшелері болады.
      2. Парламент Ынтымақтастығы Комитеті өзінің іс жүргізу қалыптарын белгілейді.
      3. Парламент Ынтымақтастықты Комитетін кезегімен Қазақстан Республикасы Парламенті мен Еуропа Парламентінің мүшесі оның іс жүргізу қалыптарында баяндалған ережелеріне сәйкес басқарады.

83-БАП

      Парламент Ынтымақтастығы Комитеті Ынтымақтастық кеңесінде осы Келісімді қолдануға қатысты ақпаратты сұратып ала алады, Ынтымақтастық Кеңесі, өз кезегінде, Комитетті сұратып алынатын ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс.
      Парламент Ынтымақтастығы Комитеті Ынтымақтастық Кеңесінің ұсыныстары туралы ақпаратты алады.
      Парламент Ынтымақтастығы Комитеті Ынтымақтастық Кеңесіне ұсыныстар бере алады.

84-БАП

      1. Осы Келісім ауқымында әр Тарап өздерінің азаматтарына қатысты екінші Тараптың заңды және жеке тұлғаларының еш кемсітушіліксіз Тараптардың білікті сот және әкімшілік органдарына, санаткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық меншікке қатыстыларын қоса олардың жеке дара құқықтары мен меншік құқықтарын қорғау үшін емін-еркін бара алуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      2. Тараптар өздерінің тиісті өкілеттіктері шегінде:
      - Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында жасалатын коммерциялық мәмілелер мен ынтымақтастық бойынша жүргізілетін операцияларға байланысты туындайтын даудамайларды шешу үшін төрелік сотты пайдалануын көтермелейтін болады;
      - егер дау төрелік сотқа берілетін болса, тараптар сайлаған төрелік сот орталығының ережелерімен өзгеше көзделмеген болса, дауласушы әр тарап азаматтығына қарамастан өздерінің төрелік сотын тағайындауға келіседі, бұл жағдайда төрелік соттың төрағасы немесе төрешінің жеке өзі үшінші мемлекеттің азаматы болуы мүмкін;
      - өзара келісім бойынша өздерінің шаруашылық жүргізуші
субъектілеріне олардың келісім-шарттарына қолданылатын құқықтық қалыптарды анықтауын ұсынады;
      - Халықаралық сауда құқығы (UNCITRAL) жөніндегі БҰҰ Комиссиясы әзірлеген төрелік ережелерін және 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йоркте қол қойылған Шетелдік төрелік соттары шешімдерін тану мен құқық қолдану туралы конвенциясына қатысушы мемлекеттердің кез келген төрелігі орталығының төрелігін пайдалану көтермеленетін болады.

85-БАП

      Тараптардың кез келген шараларды қолдануына осы Келісімде ештеңе де кедергі келтіре алмайды:
      а) олардың түбегейлі мүдделеріне залалды сипаты болатын ақпаратты ашуды болдырмау үшін сөзсіз қажет деп санайтын шараларды;
      б) мұндай шаралар арнайы әскери мақсаттарға арналмаған тауарларға қатысты бәсеке шарттарын нашарлатпайтын болса, қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе әскери мақсаттағы тауарларды өндіруге не сатуға немесе қорғаныс мақсатындағы зерттеулерге, талдамаларға не өндіріске қатысты шараларды;
      в) олар заң мен тәртіптің қолдауын қажет ететін елеулі ішкі
тәртіп бұзулар жағдайында, соғыс кезінде немесе соғыс қатерін
төндіретін елеулі халықаралық шиеленіс жағдайында өзінің қауіпсіздігі үшін немесе бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау үшін немесе өзіне қабылдаған міндеттемелер мақсатында түбегейлі деп санайтын шараларды;
      г) екі жақ пайдаланатын өнеркәсіп тауарларын және технологияларды бақылау жөніндегі өздерінің халықаралық міндеттемелерін сақтау үшін қажет деп санайтын шараларды қолдануына кедергі келтіре алмайды.

86-БАП

      1. Осы Келісімде қамтылған салаларда және онда мазмұндалған
оның қайсыбір арнаулы ережелеріне зиян тигізбестен:
      - Қоғамдастыққа қатысты Қазақстан Республикасы қолданатын
келісімдер Мүше мемлекеттерге, олардың азаматтарына немесе
олардың компанияларына және фирмаларына қатысты кемсітушіліктің өршуіне әкеп соқтырмауға тиіс;
      - Қазақстан Республикасына қатысты Қоғамдастық қолданатын
келісімдер Қазақстан азаматтарына, олардың компаниялары мен
фирмаларына қатысты кемсітушіліктің өршуіне әкеліп соқтырмауға
тиіс.
      2. Өздерінің тұрғылықты жерлеріне қатысты бірдей жағдайда болатын салық төлеушілерге Тараптардың салық заңдарының тиісті ережелерін қолдануына 1-параграфтың ережелері олардың құқықтарына қысым жасамайды.

87-БАП

      1. Тараптардың әрқайсысы Ынтымақтастық Кеңесіне осы
Келісімді қолдану мен түсіндіруге қатысты кез келген дауды бере
алады.
      2. Ынтымақтастық Кеңесі дауды ұсыныстар арқылы шеше алады.
      3. Егер дауды осы Баптың 2-параграфына сәйкес шешу мүмкін болмаған жағдайда Тараптардың кез келгені бітістіруші делдалды тағайындау туралы екінші жақты хабардар етеді; бұл жағдайда екінші жақ екі ай ішінде басқа бітістіруші делдалды тағайындайды. Осы рәсім мақсаттары үшін Қоғамдастық пен Мүше мемлекеттер дау ісінде бір тарап болып саналады.
      Ынтымақтастық Кеңесі үшінші бітістіруші делдалды тағайындайды.
      Төрешілер ұсыныстары көпшілік дауыспен қабылданады. Мұндай ұсыныстар тараптар үшін міндетті болып табылмайды.

88-БАП

      Тараптар осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға не Тараптар арасындағы қатынастардың өзге жәйттеріне қатысты кез келген мәселені талқылау үшін Тараптардың бірінің сауал салуы бойынша тиісті арналар арқылы жедел түрде консультациялар алысуға келіседі.
      Бұл Баптың ережелері 13, 87 және 93-Баптарға ықпал етпейді, соңғыларға зияны тиместен қолданылады.

89-БАП

      Осы Келісім бойынша Қазақстан Республикасына берілетін режим Мүше-мемлекеттер бір-біріне беретін режимге қарағанда соншалықты қолайлы болып табылмайды.

90-БАП

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін "Тараптар" термині, бір жағынан, Қазақстан Республикасы, екінші жағынан, өздерінің тиісті өкілеттіктеріне сәйкес Қоғамдастық немесе Мүше-мемлекеттер деген сөз.

91-БАП

      Осы Келісімде қамтыған деңгейдегі мәселелер сондай-ақ Энергетикалық Хартия туралы шарт пен оның Хаттамаларында көзделгендіктен, осындай Шарт пен Хаттамаларды күшіне енгеннен кейін мұндай мәселелерге қолдану осы құжаттарда қандай дәрежеде қолданылуына қарай пайдаланылады.

92-БАП

      Бұл Келісім бастапқы 10 жыл мерзімге жасалған, ол мерзім өткеннен кейін оның мерзімі өтуінен алты ай бұрын Тараптардың бірі екіншісіне Келісімді бұзғаны туралы жазбаша хабар бергенге дейін Келісім жыл сайын өздігінен күшіне енеді.

93-БАП

      1. Тараптар осы келісім жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін
қажетті кез келген жалпы немесе арнаулы шараларды алдын ала
қолданады. Олар Келісімде мазмұндалған мақсаттарға жетуді
қадағалайтын болады.
      2. Егер Тараптардың бірі екінші Тарап келісім жөніндегі
міндеттемелерін орындамады деп санайтын болса, соңғысы алдын ала
тиісті шаралар қолдануға құқылы. Айрықша тезділік жағдайларынан
басқа реттерде, бұдан бұрын ол Ынтымақтастық Кеңесіне Тараптар
үшін қолайлы шешімді іздестіру мақсатында жағдайды мұқият зерттеу
үшін қажетті барлық тиісті ақпаратты береді.
      Осындай шараларды таңдаған кезде келісімнің күшін мейлінше аз бұзатын шараларға артықшылық беріледі.
      Егер екінші тарап талап ететін болса, Ынтымақтастық Кеңесі осы шаралар жөнінде дереу хабардар етіледі.

94-БАП

      I, II, III, Қосымша, N 1 Хаттамамен бірге осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

95-БАП

      Бұл Келісім, жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер осы Келісім ауқымында тең құқықтарға қол жеткізгенге дейін, Қоғамдастықтың құзыреті өрісіне жататын салаларды қоспағанда және Мүше мемлекеттердің құзыреті өрісіне жататын салаларда осы Келісімнен туындайтын олардың міндеттемелеріне зиян тигізбестен, бір жағынан, бір немесе бірнеше Мүше мемлекеттерді және, екінші жағынан, Қазақстан Республикасын байланыстыратын қазіргі уақытта осы келісімдермен берілген құқықтарды қозғамайтын болады.

96-БАП

      Осы Келісім, бір жағынан, Еуропалық Қоғамдастық, Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық және Көмір мен Темір жөніндегі Еуропалық Бірлестік құру туралы Шарттар қолданылатын аумақтар мен осы шарттар негізіне алынған талаптарда, екінші жағынан, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

97-БАП

      Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас Хатшысы осы Келісімнің сақтаушысы болып табылады.

98-БАП

      Осы Келісімнің түпнұсқалары қазақ, дат, голланд, ағылшын, фин, швед, француз, неміс, итальян, испан, грек, португал тілдерінде жасалған, барлық текстер бірдей дәрежеде түпнұсқаға сәйкес келеді.
      Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас Хатшысында сақталады.

99-БАП

      Бұл Келісім Тараптардың өздерінің рәсімдеріне сәйкес бекітуіне жатады.
      Осы Келісім Тараптар бірінші параграфта аталған рәсімдердің орындалуы туралы Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшысына хабардар еткен күннен кейінгі екінші айдың алғашқы күні күшіне енеді.
      Келісім күшіне енгеннен кейін және Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың қатынастарына қатысты, бұл Келісім Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық пен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық арасында Брюссельде 1989 жылғы 18 желтоқсанда қол қойылған Сауда туралы, коммерциялық және экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімді алмастырады.

100-БАП

      Осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді қарау аяқталу сәтінде немесе аяқталған жағдайда, бұл Келісімнің жекелеген бөлімдерінің Ережелері Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық арасындағы аралық келісімдер арқылы 1994 жылы күшіне енетін болады, Келісетін Тараптар мұндай жағдайларда "осы Келісімнің күшіне енетін күні" деген тіркес осындай Аралық келісімнің күшіне енетін күнін білдіретіні жөнінде келіседі.

Қосымшалар тізбегі

      І-қосымша Қазақстан Республикасының 8-бапқа (3)
                сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттерге беретін
                артықшылықтарының индикативті тізімі
      II-қосымша 23-Баптың 1в-параграфына сәйкес
                 Қоғамдастық ерекшеліктері
      III-қосымша Санаткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық
                  меншік құқықтарын қорғау жөніндегі конвенция
                  (42-бап)
      Кеден мәселелерінде өзара көмек туралы Хаттама

I ҚОСЫМША

8-баптың 3-параграфына сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттерге Қазақстан Республикасы беретін артықшылықтардың көрсеткіш тізімі

      1. Армения, Беларусь, Эстония, Грузия, Литва, Түрікменстан, Ресей.
      Кеден баж салығы қолданылмайды.
      Осы Келісімдерде ескертілген көлемдер шегінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар мен халықаралық келісімдер бойынша жеткізілетін тауарларға қатысты экспортқа баж салығы қолданылмайды.
      Экспортпен импортқа қосымша құн салығы салынбайды. Экспортқа қатысты акциздік алымдар қолданылмайды.
      Барлық Тәуелсіз Мемлекеттер - сауда және ынтымақтастық туралы жыл сайынғы мемлекетаралық келісімдер бойынша тауарлар жеткізуге арналған экспорттық квоталар мемлекеттік мұқтаждар үшін жеткізілімдер кезінде де ашылады.
      2. Армения, Беларусь, Эстония, Грузия, Литва, Молдова, Украина, Түрікменстан.
      Төлемдер соммен жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ресей:
      Төлемдер соммен және теңгемен жүзеге асырылуы мүмкін.
      Барлық Тәуелсіз Мемлекеттер:
      төлемдерді қоса осы операцияларға байланысты жүргізілетін коммерциялық емес операциялардың арнайы жүйесі.
      3. Барлық Тәуелсіз Мемлекеттер:
      Ағымдағы төлемдердің арнайы жүйесі.
      4. Барлық Тәуелсіз Мемлекеттер:
      Кейбір шикізат материалдары мен шалафабрикаттар
      саудасындағы бағалардың арнайы жүйесі.
      5. Барлық Тәуелсіз Мемлекеттер:
      Транзиттің арнайы шарттары.
      6. Барлық Тәуелсіз Мемлекеттер:
      Кеден рәсімдерінің арнайы шарттары.

II ҚОСЫМША

23-Баптың 1(в) параграфына сәйкес Қоғамдастықтың ерекшеліктері

      Тау-кен өндіру өнеркәсібі
      Кейбір Мүше мемлекеттерде Қоғамдастық бақылау жасамайтын компаниялар үшін ресурстар өндіру құқығын алуға концессиялар талап етілуі мүмкін.
      Балық аулау
      Қоғамдастықтың Мүше мемлекеттері егемендігіндегі және құқықтық өкілеттігіндегі биологиялық ресурстарға ие болу және оларды пайдалану, теңіз суларынан балық аулау, егер өзгеше ештеңе де көзделмесе Қоғамдастықтың Мүше мемлекеттері жалауымен және Қоғамдастық аумағында тіркелген балық аулау кемелері үшін шектеледі.
      Жылжымайтын мүлікті сатып алу
      Кейбір Мүше мемлекеттерде Еуропалық Қоғамдастықтың мүшесі емес елдер компанияларының жылжымайтын мүлікті сатып алуы шектеулер объектісі болып табылады.
      Радионы қоса дыбыс-бейнежазу қызметтері
      Радиохабары мен ақпарат беруді қоса оларды шығару мен таратуға қатысты ұлттық режим белгілі бір шығу өлшемдеріне байланысты дыбыс-бейнежазу жұмыстары үшін болмауы мүмкін.
      Жер серіктері мен жедел қызметтерді қоса телекоммуникациялық қызметтер
      Көрсетілмейтін қызметтер
      Кейбір Мүше мемлекеттерде қосымша қызметтер нарқына және инфрақұрылымға кіру шектелді.
      Кәсіби қызметтер
      Мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар ғана көрсететін қызметтер. Белгілі бір жағдайларда бұл адамдар компаниялар құра алады.
      Ауыл шаруашылығы
      Мүше мемлекеттердің кейбіреулерінде ұлттық режим ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құрғысы келетін, Еуропалық Қоғамдастық бақыламайтын компанияларға жүзімдіктерді сатып алуы хабардар етіледі, егер қажет болса, өкілеттіктер мен рұқсаттар беруге жатады.
      Жаңалықтар агенттіктерінің қызметтері
      Кейбір Мүше мемлекеттерде баспа және радиохабарлары компанияларында шетелдердің қатысуы шектелген.

III ҚОСЫМША

Санаткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық меншік (IPR) құқықтарын қорғау жөніндегі конвенциялар (42-бап)

      1. 42-баптың 2-параграфы мынадай көпжақты конвенцияларға қатысты болады:
      - Кескіндеме мен әдебиеттің шығармаларын қорғау туралы Берн
Конвенциясы (Париж, Акт, 1971 ж.);
      - Фонограммалар мен радиохабары ұйымдарының орындаушыларын, продюсерларды қорғау туралы Халықаралық Рим Конвенция (Рим, 1961 ж.);
      - Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне
хаттама (Мадрид, 1989 ж.);
      - Ниццеде қол қойылған, Таңбаларды тіркеу мақсатында тауарлар мен қызметтерді халықаралық топтастыру туралы келісім (Женева, 1977 ж., толықтыруларымен 1979 ж.);
      - Патент рәсімдері мақсаттары үшін микроорганизмдерді депозиттауды халықаралық тану туралы Будапешт Шарты (1977 ж., өзгерістерімен 1980 ж.);
      - Өсімдіктердің жаңа түрлерін қорғау туралы Халықаралық
Конвенция (UPOV) (Женева актісі, 1991 ж.).
      2. Ынтымақтастық Кеңесі 43-баптың 2-параграфын басқа да көп жақты конвенцияларға қолдануға ұсына алады. Егер санаткерлік өнеркәсіптік және коммерциялық меншік саласында сауда шартына қатысты проблемалар туындайтын болса, онда Тараптардың бірінің сұрау салуы бойынша өзара оңтайлы шешімдер қабылдау мақсатында алдын ала дереу консультациялар алысылуға тиіс.
      3. Келісуші Тараптар міндеттемелердің маңыздылығын растайды,
бұл міндеттемелер мынадай көпжақты конвенциялардан туындайды:
      - Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясы
(Стокгольм Актісі, 1967 ж., толықтыруларымен 1979 ж.).
      - Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі
(Стокгольм Актісі, 1967 ж., толықтыруларымен 1979 ж.);
      - Патент кооперациясы туралы шарт (Вашингтон, 1970 ж.,
толықтыруларымен 1979 ж. және өзгерістерімен 1984 ж.).
      4. Осы Келісім күшіне енгеннен бастап Қазақстан Республикасы Қоғамдастықтың компаниялары мен азаматтарына санаткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық меншікті тану мен қорғау жөнінде кез келген үшінші елге екі жақты келісімдер бойынша берілетін режимге қарағанда біршама қолайлы режим береді.
      5. 4-параграфтың ережелері Қазақстан Республикасы кез келген үшінші елге ықпалды, өзара негізде берілетін артықшылықтарға және Қазақстан Республикасы бұрынғы КСРО-ның басқа елдеріне беретін артықшылықтарына қолданылмайтын болады.

КЕДЕНДІК МӘСЕЛЕЛЕРДЕ ӘКІМШІЛІК ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЖӘРДЕМ ТУРАЛЫ ХАТТАМА 1-БАП
Анықтамалар

      Осы хаттама мақсатында:
      а) "Кедендік заңдар" сөзі Тараптардың аумақтарында импортқа,
экспортқа, тауарлардың транзиттік өтеуіне қатысты қолданылатын
ережелерді және осы айтылғандарға қатысты, Тараптар қабылдаған
тыйым салу, шектеу және бақылау жөніндегі шараларды қоса алғанда кез келген кедендік рәсімдерді қолдануды білдіреді;
      ә) "баж салықтары" барлық баж салықтарын, салықтарды және алымдарды немесе кедендік заңдарға сәйкес Тараптардың аумақтарында есептеліп қосылатын және алынатын кез келген басқа да міндетті төлемдерді білдіреді, бірақ көрсетілетін қызметтердің болжалды құнымен сандық тұрғыдан шектелетін алымдар мен төлемдер қосылмайды;
      б) "сұрау салатын орган" осы мақсаттар үшін Тарап тағайындаған
және кеден мәселелерінде жәрдем көрсету туралы ресми сұрау салатын
құзыретті әкімшілік органды білдіреді;
      в) "сұрау салынатын орган" осы мақсаттар үшін Тарап
тағайындаған және кеден мәселелерінде жәрдем көрсету туралы ресми
сұрау алатын құзыретті әкімшілік органды білдіреді;
      г) "бұзу" кедендік заңға кез келген бұзушылықты, сондай-ақ
мұндай заңдарды бұзуға деген кез келген әрекетті білдіреді.

2-БАП
Қолдану аясы

      1. Тараптар кеден заңдарын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуде, әсіресе осы заңдарды бұзатын жағдайлардан сақтандыру, оларды ашу мен тексеру негізінде бір-біріне осындай жолмен және осы хаттаманың негізіне қаланған шарттармен жәрдемдесетін болады.
      2. Кедендік мәселелерде, ол осы Хаттамада белгіленгені сияқты жәрдемдесу, Тараптардың осы Хаттаманы қолдану үшін құзыры бар кез келген әкімшілік органына қолданылады. Бұл қылмыспен күресу мәселелерінде өзара жәрдемдесуді реттейтін ережелерге нұқсан келтірмейді. Бұл сондай-ақ сот органдарының талап етуі бойынша пайдаланылатын өкілеттігіне қарай алынған ақпаратқа, мұндай органдар осымен келісетін жағдайларды есептемегенде, таратылмайды.

3-БАП
Сұрау салу бойынша жәрдемдесу

      1. Сұрау салушы органның талап-тілегі бойынша сұрау салынатын орган кедендік заңдардың тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін мұндай заңдарды бұзатын немесе бұзу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін өздері жоспарлаған немесе өткізетін шараларға қатысты ақпаратты қоса алғанда, оған барлық тиісті ақпаратты табыс етеді.
      2. Сұрау салушы органның талап-тілегі бойынша сұрау салынатын орган бір Тараптың аумағынан экспортталған тауарлар екінші Тараптың аумағына тиісті тәртіппен келіп түскен-түспегені жөнінде, қажет болған жағдайда, тауарларға қолданылған кедендік рәсімдерді көрсете отырып оны хабардар етеді.
      3. Сұрау салушы органның талап-тілегі бойынша сұрау салынатын орган:
      а) оларға қатысты, олар кедендік заңдарды бұзуды немесе бұзуда дейтіндей жеткілікті негіз бар деп ұйғарылған жеке тұлғаларға немесе заңды ұйымдарға;
      ә) екінші Тараптың кедендік заңдарын саналы түрде бұзуға дейтіндей күдік туғызатын тауарларды жинайтын орындарға;
      б) кеден заңдарын елеулі түрде бұзуы ықтимал болатындай
тауарлардың қозғалысына;
      в) оларға қатысты, олар кеден заңдарын бұзу арқылы пайдаланылды немесе пайдалануы мүмкін деп ұйғаруға негіз бар көлік құралдарына ұдайы бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолданады.

4-БАП
Сұрау салусыз жәрдемдесу

      Тараптар өздерінің заңдарына, ережелеріне және басқа да құқықтық актілеріне сәйкес, егер олар кедендік заңдарды тиісінше қолдану үшін мұны қажет деп санаған жағдайда, атап айтқанда, олар:
      - осы заңдарды бұзды, бұзуда немесе бұзуы мүмкін және Басқа Тараптардың мүдделілігі болуы мүмкін дейтіндей операцияларға;
      - мұндай операцияларды жүргізудің жаңа тәсілдеріне немесе әдістеріне;
      - олар кедендік заңдарды елеулі түрде бұзудың тақырыбы бола алатыны белгілі болған тауарларға қатысты ақпарат алған кезде алдын ала сұрау салусыз-ақ бір-біріне жәрдем көрсететін болады.

5-БАП
Жеткізу/Хабарлау

      Сұрау салушы органның талап-тілегі бойынша сұрау салынатын орган өзінің заңдарына сәйкес:
      - барлық құжаттарды жеткізу;
      - осы Хаттаманың қолданылу аясы тарайтын оның аумағында тұратын немесе құрылған мекен-жай иесіне барлық шешімдер туралы хабар жіберу үшін барлық қажетті шараларды қолданады.
      Бұл жағдайда 6-баптың 3-тармағы қолданылады.

6-БАП
Көмек туралы сұрау салудың нысаны мен мазмұны

      1. Осы Хаттаманың негізінде жасалған сұрау салу жазбаша түрде
табыс етілуге тиіс. Оны орындау үшін қажетті құжаттар сұрау салуға
қоса тіркелуі керек. Ауызша түрде сұрау салу, бұл өзі ахуалдың
қауырттығынан туындаған кезде, қабылдануы мүмкін, бірақ олар дереу
жазбаша түрде айғақталуға тиіс.
      2. Осы Баптың 1-тармағы негізінде жасалған сұрау салудың
мазмұнында төмендегідей ақпарат:
      а) сұрау салушы орган;
      ә) сұралып отырған іс-шара;
      б) сұрау салудың мәні мен негізі;
      в) сұрау салуға қатысты заңдар, ережелер және басқа да заңдық элементтер;
      г) тексерудің объектісі болып табылатын жеке тұлға немесе заңды ұйым туралы барынша дәл әрі толық мағлұматтар;
      д) 5-бапта көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, іске қатысты
фактілерді қысқаша баяндау және жүргізілген тексерулер туралы
ақпарат болуға тиіс.
      3. Сұрау салу салушы құзыретті органның ресми тілінде немесе
ол үшін қолайлы тілде табыс етіледі.
      4. Егер сұрау салу және кей талаптарға сәйкес келмесе, оны түзету немесе толықтыру талап қойылуы мүмкін, алайда, алдын ала шаралар қабылдау туралы өкіл де берілуі мүмкін.

7-БАП
Жәрдемдесу туралы сұрау салудың орындалуы

      1. Жәрдемдесу туралы сұрау салуды орындау мақсатында сұрау салынатын орган немесе соңғысы дербес түрде іс-әрекет жасай алмайтындай жағдайларда, осы сұрау салуды аталған орган мекен-жайына жіберген әкімшілік бөлім өз құзырының шеңберінде және оның билігінде бар қаржыны ескеріп, егер ол өзінің жеке атынан немесе осы Тараптың басқа органының сұрау салуы бойынша шыққан реттегідей қолында бар ақпаратты ұсынып, тиісті тексеру жүргізіп немесе оны басқалардың жүргізуін ұйымдастырып жұмыс істейді.
      2. Жәрдемдесу туралы сұрау салудың орындалуы сұрау салынатын Тараптың заңдарына, ережелеріне және басқа құқықтық тетіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Бір Тараптың тиісті түрде өкілеттік берілген ресми адамдары, екінші Тараптың келісімімен және соңғысы белгілеген шарттарға сәйкес осы Хаттаманың мақсаттары үшін сұрау салушы құзырлы органға қажетті, кедендік заңдары бұрмалауға қатысты ақпаратты сұрау салынған құзырлы органнан немесе оған есеп беруге міндетті өзге де органнан ала алады.
      4. Тараптың лауазымды адамдары екінші Тараптың келісімімен
және соңғысы белгілеген шарттарға сәйкес оның аумағында жүргізілген тексерістерге қатыса алады.

8-БАП
Ақпарат беру нысаны

      1. Сұрау салынатын орган сұрау салатын органға тексерістің
нәтижелерін құжаттар, құжаттардың куәландырылған көшірмелері,
есеп берулер нысанында және басқа нысанда хабарлайды.
      2. 1-тармақта көрсетілетін құжаттар осы тақылеттес мақсаттар
үшін кез келген нысанда берілетін компьютерлендірілген ақпаратпен
алмастырылуы мүмкін.

9-БАП
Көмек көрсету жөніндегі міндеттемедегі ерекшеліктер

      1. Осы хаттамада көрсетілгендей, егер бұл:
      а) егемендікке, ішкі саясатқа, қауіпсіздікке немесе басқа да
негізгі мүдделерге зиян келтіретін;
      немесе
      ә) баж салығына қатысты қалыптық-құқықтық құжаттардан ерекше валютаға немесе салық салуға байланысты мәселелерді реттейтін қалыптық-құқықтық құжаттарға әсері тиетін;
      немесе
      б) өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны бұзатын
болса, Тараптар жәрдем көрсетуден бас тарта алады.
      2. Егер сұрау салушы орган өзінен жәрдем көрсетуді өтіне қалған жағдайда, мұнысы өзі орындай алмайтындай жәрдем болса, ол өзінің сұрау салуында осы фактіге назар аударуға тиіс. Бұл жағдайда осы сұрау салуға қалай жауап беруді шешу құқығы сұрау салынатын органның өзінде қалады.
      3. Егер жәрдем толық көрсетілмесе немесе одан бас тартылса, мұндай шешім және оның себептері сұрау салушы органға жазбаша түрде кідіріссіз хабарлануға тиіс.

10-БАП
Құпиялықты сақтау міндеттемесі

      1. Осы хаттама негізінде хабарланатын кез келген нысандағы кез келген ақпараттың құпия сипаты болады. Оған, оны қабылдайтын елде осы тақылеттес ақпаратқа қатысты тиісті заңдар және Қоғамдастықтың ресми органдарына қатысты қолданатын тиісті ережелер шеңберінде болатын режимге ұқсас құпиялық пен оны қорғаудың ресми режимі қолданылуға тиіс.
      2. Егер берілген ақпаратты ұсыну немесе пайдалану Тараптардың
бірінің негізге алынатын құқықтық қағидаттарына қайшы келеді деп
есептеуге жеткілікті негіз болса және әсіресе егер аталған Тараптың
зиян шегуі мүмкін болса, тапсырылған мағлұматтар берілмейтін
болады. Ақпаратты алған Тарап оны берген Тарапқа ақпаратты
пайдаланғандығы мен алынған нәтижелері туралы хабарлайтын
болады.
      3. Берілген ақпарат, ол прокуратура, сот тергеуі және құқық
қорғау органдары үшін қажет болған жағдайда ғана кедендік өкімет
орындарына берілуі мүмкін. Өзге адамдар мен ресми органдар мұндай
ақпаратты беруші құзырлы орган алдын ала рұқсат бергеннен кейін
ғана ала алады.
      4. Ақпарат беруші Тарап оның дұрыстығын тексереді. Берілген ақпараттың дұрыс еместігі немесе оны жою қажеттігі анықталған жағдайда ақпарат алушы Тарап шұғыл түрде хабарлануға тиіс. Алатын Тарап түзету енгізуге немесе қажеттісін сызып тастауға міндетті болады.
      5. Мүдделі адам мемлекет мүддесінің басым жағдайлары үшін зиян келтірместен, тиісті сұрау салып, сақтаудағы мәліметтер мен оларды сақтаудың мақсаттары туралы ақпаратты ала алады.

11-БАП
Ақпаратты пайдалану

      1. Алынған ақпарат тек осы Хаттаманың мақсаттары үшін ғана пайдаланылуға тиіс және әрбір Тарап оны басқа мақсаттар үшін ақпарат беруші құзырлы орган алдын ала жазбаша келісім берген жағдайда ғана пайдалана алады, сөйтіп ақпарат аталған орган белгілейтін барлық шектеулерге бағынуы керек.
      2. 1-тармақ кеден заңдарының сақталмауына байланысты кез
келген сот немесе әкімшілік үрдістеріне ақпаратты пайдалануға кедергі болмауға тиіс.
      3. Тараптар тапсырылған айғақтамалардың хаттамалық жазбаларында, сот ісін жүргізу кезінде немесе сотқа дейін талап етілген есептер мен куәлардың жауаптарында алынған ақпарат пен құжаттарды осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес анықтама ретінде қабылдап, айғақтама ретінде пайдалана алады.

12-БАП
Сарапшылар мен куәлар

      Құзырлы органның ресми лауазымды адамына алынған өкілдіктер ауқымында осы Хаттама қамтитын және екінші Тараптың юрисдикциясына жататын мәселелер бойынша соттағы немесе әкімшілік процессуалдық іс-әрекеттер барысында сарапшы немесе куә болу және процесс үшін қажет болуы мүмкін бұйымдарды, құжаттарды немесе олардың куәландырылған көшірмелерін тапсыруға рұқсат етілуі мүмкін. Сотта сөз сөйлеуге немесе оның юрисдикцияға формальды түрде бағынуға қойылатын талапта аталған лауазымды адамнан қандай мәселе бойынша және қандай негізде немесе қандай жағдайға байланысты жауап алынатыны туралы арнаулы нұсқау болуға тиіс.

13-БАП
Жәрдем беруге жұмсалатын шығындар

      Тараптар осы Хаттаманың орындалуы кезінде жұмсалған шығындарды өтеу жөніндегі бір-біріне деген талаптардың бәрінен бас тартуға тиіс, бұларға қажет болған жағдайларда сарапшылар мен куәларға, сондай-ақ мемлекеттік қызметте тұрмайтын ауызша және жазбаша тәржіма жасаушы аудармашыларға жұмсалатын шығындар қосылмайды.

14-БАП
Жүзеге асыру

      1. Осы Хаттаманың орындалуы бойынша басшылық жасау, бір жағынан, Қазақстан Республикасының орталық кедендік органдарына және, екінші жағынан, Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясының құзырлы қызмет орындарына, ал орынды деп саналған жағдайда, Еуропалық одаққа Мүше мемлекеттердің кедендік органдарына жүктеледі. Олар ақпарат қорғау саласындағы ережелерді ескере отырып, Хаттаманың орындалуы үшін қажетті барлық іс-шаралар мен келісімдер бойынша шешімдер қабылдайды. Олар құзырлы ынтымақтастық кеңесіне осы Хаттамаға енгізу қажет деп санайтын өзгерістерін ұсына алады.
      2. Тараптар өзара консультациялар өткізеді және осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес қабылданған толық ережелерді іс жүзінде жүзеге асыру жөнінде бұдан былай бір-бірін хабардар етіп отырады.

15-БАП
Өзара толықтыру

      1. Аталған Хаттама Еуропалық Қоғамдастыққа мүше жекелеген немесе бірнеше мемлекеттер мен Қазақстан Республикасы арасында жасалған кез келген келісімді қиындатпайды қайта оны толықтыра түседі. Хаттама сондай-ақ осындай келісімдер ауқымында неғұрлым кең көлемді өзара көмек көрсетілуін де естен шығармайды.
      2. 11-баптың ережелеріне зиян тигізбей, бұл келісімдер Қоғамдастық үшін мүдделі болып табылатын кедендік мәселелер бойынша Комиссияның құзырлы қызмет орындары мен Мүше Мемлекеттердің кедендік органдары арасында алынған кез келген ақпардың берілуін реттейтін Қоғамдастық ережелеріне нұқсан келтірмейді.

Чех Республикасының, Эстония Республикасының, Кипр Республикасының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Венгрия Республикасының, Мальта Республикасының, Польша Республикасының, Словения Республикасының және Словак Республикасының Еуропалық Одаққа кіруін назарға ала отырып, бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік орнататын әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге хаттама

      Қазақстан Республикасы,
      бір тараптан,
      және
      бұдан әрі "мүше мемлекеттер" деп аталатын, Еуропалық Одақ Кеңесі ұсынған
      Бельгия Корольдігі,
      Чех Республикасы,
      Дания Корольдігі,
      Германия Федеративтік Республикасы,
      Эстон Республикасы,
      Грек Республикасы,
      Испания Корольдігі,
      Француз Республикасы,
      Ирландия,
      Итальян Республикасы,
      Кипр Республикасы,
      Латвия Республикасы,
      Литва Республикасы,
      Люксембург ұлы Герцогтігі,
      Венгрия Республикасы,
      Мальта Республикасы,
      Нидерланд Корольдігі,
      Австрия Республикасы,
      Польша Республикасы,
      Португалия Республикасы,
      Словения Республикасы,
      Словак Республикасы,
      Финляндия Республикасы,
      Швеция Корольдігі,
      Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі,
      және бұдан әрі "Қоғамдастықтар" деп аталатын, Еуропалық Одақ Кеңесі мен Еуропалық Комиссия ұсынған Еуропалық Қоғамдастық және Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қоғамдастық, екінші тараптан,
      2004 жылғы 1 мамырда Чех Республикасының, Эстонияның, Кипрдің, Латвияның, Литваның, Венгрияның, Мальтаның, Польшаның, Словенияның және Словакияның Еуропалық Одаққа кіруін назарға ала отырып,
      МЫНА ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:

1-бап

      Чех Республикасы, Эстония, Кипр, Латвия, Литва, Венгрия, Мальта, Польша, Словения және Словакия 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған, бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік орнататын Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) Тараптары болады және Келісім мен оған қоса берілген құжаттар мәтіндерін Қоғамдастықтың басқа да мүше мемлекеттері сияқты дәл осындай жолмен тиісті түрде назарға алады және мақұлдайды.

2-бап

      Еуропалық Одақта жақында болған институционалдық өзгерістерді ескере отырып, Тараптар Көмір мен болат жөніндегі Еуропалық Бірлестікті құру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, Көмір мен болат жөніндегі Еуропалық Бірлестікке қатысты Келісімде бар қазіргі ережелер Көмір мен болат жөніндегі Еуропалық Бірлестіктің барлық құқықтары мен міндеттемелерін мұрагерлікке алған Еуропалық Қоғамдастыққа қатысты ретінде қарастырылатынымен келіседі.

3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

4-бап

      1. Осы Хаттаманы Қазақстан Республикасы және Қоғамдастықтар, Еуропалық Одақ Кеңесі мүше мемлекеттердің атынан өздерінің рәсімдеріне сәйкес мақұлдайтын болады.
      2. Тараптар осының алдында аталған параграфтағы тиісті рәсімдердің аяқталғаны туралы бір-бірін хабардар етеді. Мақұлдаудың құралдары Еуропалық Одақ Кеңесі Бас Хатшылығының жанында сақталатын болады.

5-бап

      1. Осы Хаттама 2003 жылғы Кіру туралы шартпен бір күнде, бұл күннің басталуына дейін осы Хаттаманы мақұлдаудың барлық құралдары сақтауға өткізілген кезде күшіне енеді.
      2. Егер осы күн басталғанға дейін мақұлдаудың барлық құралдары сақтауға өткізілмесе, осы Хаттама соңғы мақұлдау құралы сақтауға өткізілген күннен кейінгі бірінші айдың бірінші күні күшіне енеді.
      3. Егер осы Хаттаманы мақұлдаудың барлық құралдары 2004 жылғы 1 мамырға дейін сақтауға өткізілмесе, осы Хаттама 2004 жылғы 1 мамырдан бастап уақытша қолданылатын болады.

6-бап

      Келісім мәтіндері, Қорытынды акт және оларға қоса беріліп отырған барлық құжаттар чех, эстон, венгр, латыш, литван, мальта, поляк, словен және словак тілдерінде жасалды.
      Бұл мәтіндер осы Хаттамаға тіркелген және Келісім, Қорытынды акт және оларға қосымшалар болып табылатын құжаттар жасалған басқа тілдердегі мәтіндермен бірдей болады.

7-бап

      Осы Хаттама қазақ, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, латыш, литван, мальта, поляк, португал, словен, словак, испан және швед тілдерінде екі данада жасалды, бұлардың әрқайсысы теңтүпнұсқа мәтіндер болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады