"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 мамырдағы N 389 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат):
      1) 48-бапта:
      үшінші бөлігіндегі "49-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздерден кейін ", 250-бабының төртінші бөлігінде, 259-бабының төртінші бөлігінде, 260-бабының төртінші бөлігінде, 261-бабының төртінші бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлігіндегі "ғана белгіленеді" деген сөздер "белгіленуі де мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 132-баптың бірінші бөлігінде:
      "есірткілік немесе басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
      "медициналық емес тұрғыда" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 250-бапта:
      бірінші бөліктегі екінші абзацта "немесе онсыз" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші бөлікте:
      мынадай мазмұндағы д) тармағымен толықтырылсын:
      "д) ірі мөлшердегі есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалса - ;";
      екінші абзацта "немесе онсыз" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған әрекеттер, -
      мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту.
      1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өз еркімен тапсырған, есірткі заттардың немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенді көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
      2. Осы бап бойынша ірі және аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды және психотроптық заттарды "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар және прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді.";
      4) 259-бапта:
      екінші бөлікте:
      "өте" деген сөз алынып тасталсын;
      "жеті" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "немесе онсыз" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші бөлікте:
      в) тармағы "қатысты" деген сөзден кейін "өте" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      г) лауазымды адам қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасаса, -";
      төртінші бөлікте:
      б) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) оку орындарында жасалса;"
      мынадай мазмұндағы в) тармағымен толықтырылсын:
      в) кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса -;";
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 260-бапта:
      екінші бөліктегі екінші абзацта "немесе онсыз" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші бөліктегі екінші абзацта "сегіз" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған әрекеттер, -
      мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      6) 261-бапта:
      екінші бөлікте в) және г) тармақтары алынып тасталсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:
      а) көрінеу кәмелетке толмағанға немесе екі немесе одан да көп адамдарға қатысты;
      б) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса, - жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
      мүлкі тәркіленіп, он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      7) 263-баптың төртінші бөлігіндегі "жеті жылдан он жылға" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 266-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "5. Есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе басқа да құжаттарды заңсыз беру, -
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжат; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжат, N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжат; N 13, 85, 86-құжат; N 15, 92, 95-құжат; N 16, 98, 102-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжат; N 3, 20, 23-құжат; N 4, 28, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат):
      1) 319-1 бапта:
      тақырып "өткізу мен" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац "өткізу мен" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "лауазымды адамдарға және (немесе) меншік иелеріне айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қызметі тоқтатыла тұрып, жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      екінші бөлікте:
      бірінші абзац "іс-әрекеттер" деген сөздерден кейін "(әрекетсіздік)" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "лауазымды адамдарға және (немесе) меншік иелеріне жеке кәсіпкерлік қызметіне тыйым салынып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым сала отырып - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым сала отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту: Осы бапта аталған ойын-сауық ұйымдары ұғымына, ойын-сауық орындары, түнгі клубтар, дискотекалар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары, кинотеатрлар, театр ойын-сауыққа арналған объектілер кіреді.";
      2) 320-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады