"Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы N 393 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ереже бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссия екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
            Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
2007 жылғы               
N    Жарлығымен        
БЕКІТІЛГЕН        

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық
инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Кеңес қызметінің құқықтық негізін құрайды.
      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Инвестиция комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) іске асыру саланың түпкілікті кеңеюіне немесе елеулі мультипликативті әсерлері бар жаңа салалар мен кіші салаларды қалыптастыруға әкелетін экономиканы жаңғыртуға және құрылымдық қайта құруға байланысты инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      3) инвестициялық саясаттың маңызды мәселелерін қарау және талқылау болып табылады.

3. Кеңестің құрамы

      6. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.
      7. Лауазымдары бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы,»"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы,»"Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.
      8. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Президенті
айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды тұлғалары кіруі мүмкін.
      9. Кеңестің құрамы Ұлттық инвесторлардан Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымдары негізінде қазақстандық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қаржы ұйымдарының бірінші басшылары қатарынан қалыптасады.
      10. Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

4. Кеңестің жұмыс тәртібі

      11.Кеңестің жалпы отырыстары Кеңестің төрағасы айқындайтын
мерзімде жылына кемінде бір рет өткізіледі.
      12. Кеңестің жалпы отырыстарының арасындағы кезеңде Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Кеңестің аралық
отырыстары өткізіледі.
      Аралық отырыстарда соңғы жалпы отырыстың шешімдерін орындау қорытындылары, келесі жалпы отырысқа дайындық, Кеңеске мүше компаниялардың инвестициялық қызметті іске асыруына байланысты ағымдағы мәселелер талқыланады.
      13. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама қабылданады.
      14. Жекелеген мәселелерді шешу мақсатында Кеңестің шешімдерімен Кеңестің жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

5. Кеңестің жұмыс органы

      15. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның Кеңестің құрамы жөніндегі ұсыныстарын дайындау және енгізу;
      2) Кеңестің жалпы және аралық отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
      3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізу;
      4) Кеңестің қызметіне, Кеңестің қызметін талдауға және оның қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды іске асыруға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі функцияларды орындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады