Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 22 мамырдағы
N 407 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің күші жойылған өкімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көші-қон мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 82 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 3, 43-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 395 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 216-құжат).
3. "Ең төменгі тұтыну бюджеті және ең төмен еңбекақы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы N 17-ө өкімі.
4. "Ұжымдық шарт (келісім) туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы N 18-ө өкімі.
5. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасының жобасын аяқтау үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 4 наурыздағы N 59-ө өкімі.
6. "Әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің ата-аналарына жәрдемақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 5 маусымдағы N 165-ө өкімі.
7. "Зейнетақымен және еңбекақымен уақытылы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 8 шілдедегі N 219-ө өкімі.
8. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 1787 Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 15 шілдедегі N 233-ө өкімі.
9. "Заңдық актілерді одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 64 қаулысын іске асыру мақсатында жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 шілдедегі N 234-ө өкімі.
10. "Өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 10 қыркүйектегі N 300-ө өкімі.
11. "Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік және түзетушілік-педагогикалық қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 7 қаңтардағы N 3-ө өкімі .
12. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын пысықтау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 21 тамыздағы N 126-ө өкімі.
13. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 28 наурыздағы N 54-ө өкімі.
14. "Жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 6 сәуірдегі N 59-ө өкімі.
15. "Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 25-ө өкімі.
16. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 7 мамырдағы N 32-ө өкімінің 1) тармақшасы.
17. "Таратылған кәсіпорындардың бірінші кезектегі несие берушілеріне берешектерді өтеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 37-ө өкімі.
18. "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 8 тамыздағы N 63-ө өкімі.
19. "Зейнетке шығу жасын төмендету туралы мәселені қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 14 қазандағы N 159-ө өкімі .
20. "Ана мен баланың әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 181-ө өкімі .
21.«"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 185-ө өкімі .
22. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 185-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 1 қазандағы N 239-ө өкімі .
23. "Әлеуметтік-экономикалық саясаттың әлеуметтік аспектілерін қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 44-ө өкімі .
24. "Қазақстан Республикасының Көші-қон және демографиялық саясатын іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 10 желтоқсандағы 306-ө өкімі .
25. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 қазандағы N 305-ө өкімі .
26. "Көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 16 қарашадағы N 322-ө өкімі .
27. "Әлеуеттік құрылымдардың зейнеткерлеріне зейнетақы төлемдер жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 341-ө өкімі .
28. "Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік мәселелер кешенін жан-жақты пысықтау үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 78-ө өкімі .
29. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 қазандағы N 305-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 97-ө өкімі .
30. "Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың өлшемін айқындауға бірыңғай әдіснамалық тәсілдер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 139-ө өкімі .