Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк мәселелер кешенiн жан-жақты пысықтау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Бәсекеев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Әдiлбек Әлiмжанұлы "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы
өкiлi, жетекшi (келiсiм бойынша)
Әбдиев - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Жазбек Ниетұлы халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Көшi-қон комитетiнiң төрағасы,
жетекшiнiң орынбасары
Бисембаев - "Байқоңырбаланс" мемлекеттiк
Серғожа Асанханұлы мекемесiнiң директоры
Жүкенов - "Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Жұмажан Қамкенұлы ғылым министрлiгiнiң Мектепке дейiнгi
және орта бiлiм департаментi
директорының орынбасары
Балапанов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Зейнелқабден бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң
Тәукенұлы Өңiрлiк саясат және бюджетаралық
қатынастар департаментi директорының
орынбасары
Төкежанов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Болат Тұрғанұлы сақтау министрлiгi Бiлiм, ғылым және
халықаралық ынтымақтастық
департаментiнiң басқарма бастығы
Маслов - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Василий Карлович сауда министрлiгiнiң Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
iстерi комитетi тұрғын үй құрылысы
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасының бастығы
Қасымбеков - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Нариман Бауыржанұлы министрлiгi халықаралық құқық
басқармасының бас маманы, хатшы
2. Жұмыс тобы 2006 жылғы 22 мамырға дейiнгi мерзiмде Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк мәселелер, оның iшiнде тұрғын үйiн жекешелендiру мүмкiндiгiнiң жоқтығына байланысты мәселелер кешенiн жан-жақты пысықтауды сол жерге барып жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар берсiн.
Премьер-Министр