Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 82 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 395 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.22. N 407 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 82  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 3, 43-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      тақырыбында және мәтiнде "және демография" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссияның құрамында:
      тақырыбында "және демография" деген сөздер алынып тасталсын;
      Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Қарақұсова               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейiсқызы        халықты әлеуметтiк қорғау министрi,
                           төрайым

Әбдиев                   - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Жазбек Ниетұлы             әлеуметтiк қорғау министрлiгi Көшi-қон
                           комитетiнiң төрағасы, төрайымның
                           орынбасары

Бисембаева               - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Бағила Мүбәракқызы         әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң
                           Көшi-қон комитетi төрағасының орынбасары,
                           хатшы

Досжан                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы          ақпарат және спорт вице-министрi

Тұңғышбеков              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы         министрлiгi Ауылдық аумақтар iстерi
                           комитетiнiң төрағасы

Сизов                    - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Александр Павлович         басқару агенттiгi төрағасының бiрiншi
                           орынбасары

Ысқақов                  - Қазақстан Республикасы
Ержан Сағиұлы              Премьер-Министрiнің Кеңсесi
                           Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмiнiң бас
                           сарапшысы

Пiстаев                  - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Марат Құрманәлиұлы         министрлігі Көшi-қон полициясы
                           департаментінiң бастығы;

      мына:

"Қалетаев                - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Дархан Аманұлы             Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
                           меңгерушiсi (келiсiм бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қалетаев                - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Дархан Аманұлы             Әкiмшілiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
                           меңгерушiсi (келiсiм бойынша)";

      көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Әбдiмомынов Азамат Құрманбекұлы, Жағанова Алтыншаш Қайыржанқызы, Қаржаубаев Аслан Жұмағалиұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Әшiтов Батыржан Зайырқанұлы, Жампейiсов Амангелдi Сүйiмбайұлы, Мусина Лилия Сәкенқызы, Отто Иван Иванович, Рябченко Олег Григорьевич шығарылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
      тақырыбында және мәтiнде "және демография" деген сөздер алынып тасталсын;
      8-тармақта "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi" деген cөздeр "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің
Көшi-қон комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Mинистрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады