Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Көшi-қон мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 82 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.22. N 407 қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыбы және мәтініне өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.28.  N 395 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Көшi-қон мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссия құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Көшi-қон мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 26 қаңтардағы
N 82 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Үкіметi жанындағы Көшi-қон мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссияның құрамы 

       Ескерту. Тақырыбына, құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.28.  N 395 қаулысымен.

Қарақұсова               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейiсқызы        халықты әлеуметтiк қорғау министрi,
                           төрайым

Әбдиев                   - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Жазбек Ниетұлы             әлеуметтiк қорғау министрлiгi Көшi-қон
                           комитетiнiң төрағасы, төрайымның
                           орынбасары

Бисембаева               - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Бағила Мүбәракқызы         әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң
                           Көшi-қон комитетi төрағасының орынбасары,
                           хатшы

Досжан                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы          ақпарат және спорт вице-министрi

Тұңғышбеков              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы         министрлiгi Ауылдық аумақтар iстерi
                           комитетiнiң төрағасы

Сизов                    - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Александр Павлович         басқару агенттiгi төрағасының бiрiншi
                           орынбасары

Ысқақов                  - Қазақстан Республикасы
Ержан Сағиұлы              Премьер-Министрiнің Кеңсесi
                           Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмiнiң бас
                           сарапшысы

Пiстаев                  - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Марат Құрманәлиұлы         министрлігі Көшi-қон полициясы
                           департаментінiң бастығы

Қалетаев                 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Дархан Аманұлы             Әкiмшілiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
                           меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Диқанбаева               - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы            сақтау вице-министрi

Зверьков                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Вадим Павлович             вице-министрi

Исаев                    - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы        бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Нұриманов                - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы         қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                           орынбасары (келiсiм бойынша)

Ойнаров                  - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Азамат Рысқұлұлы           министрi

Шәмшидинова              - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Күләш Ноғатайқызы          ғылым вице-министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 26 қаңтардағы
N 82 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Көшi-қон мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссия туралы ереже 

       Ескерту. Тақырыбы және мәтініне өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.28.  N 395 қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметі жанындағы Көшi-қон мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негізгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) көшi-қон саласындағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiру;
      2) көшi-қон саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
      4. Комиссияның функциялары оған жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) көшi-қон саласындағы iстiң жай-күйiне талдау жасау;
      2) көшi-қон саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) көшi-қон мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктермен және халықаралық ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимыл және ынтымақтастық саласында жәрдемдесу;
      4) көшi-қон саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiн хабардар ету болып табылады.
      5. Комиссияның:
      1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      3) тиiсті мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдар өкілдерiнің қатысуымен отырыстар өткiзуге құқығы бар.

  3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды.
      7. Комиссияның құрамы мемлекеттік органдар өкiлдерiнен қалыптастырылады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi.
      8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Көшi-қон комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.28.  N 395 қаулысымен.
      9. Комиссияның жұмыс органы:
      1) Комиссия отырысының күн тәртібiн жасайды;
      2) Комиссия шешiмдерiнің орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
      3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметіне тартқан мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      10. Комиссия отырысында қаралатын мәселелер тiзбесi қажеттілiгіне қарай жасалады және оны төраға бекiтедi.
      11. Бекiтілген тізбе Комиссия мүшелерiне тізiм бойынша жiберiледi.
      12. Комиссия отырысы қажеттілiгіне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Отырысқа Комиссия мүшелерi жалпы санының кемінде үштен екiсі қатысқан жағдайда ол заңды деп есептеледi.
      13. Комиссияның шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшілiк даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
      14. Комиссияның шешімдері хаттамалармен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады