Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 504 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.04 № 511 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы, "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесі ;
      2) Сот сараптамасы қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.04 № 514 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан
бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 18 маусымдағы
N 504 қаулысымен   
бекітілген     

Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы, "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібін айқындайды.

      2. Сот сараптамасы қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - лицензиар) осы қызмет түрін мемлекеттік реттеу мақсатында жүзеге асырады.

      3. Лицензия лицензиар бекіткен Сарапшы мамандықтары тізбесіне
сәйкес сот сараптамасы зерттеуінің белгілі бір түріне беріледі.

      4. Лицензиялық құжаттарды, берілген лицензиялардың көшірмелерін есепке алу мен сақтауды және оларды тіркеуді лицензиар жүзеге асырады.

      5. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған адамдар Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

2. Лицензияны беру тәртібі

      6. Сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензия біліктілік
талаптарына жауап беретін жеке тұлғаға беріледі.

      7. Лицензиат лицензия алар алдында біліктілік емтихандарын
тапсыруға міндетті.

      8. Біліктілік емтихандарын тапсыру тәртібі, сондай-ақ сарапшыларды аттестаттаудан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Ережемен айқындалады.

      9. Сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензия беру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот сараптамасы қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      10. Сот сараптамасы қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның құрамына лицензиардың және Қазақстан Республикасы сот сараптамасы органдарының өкілдері енгізіледі.

      11. Комиссияның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ережемен реттеледі.

      12. Лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      4) қызметтің осы түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке
лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      13. Лицензиар он күн мерзімде лицензияны береді не лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

      14. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
      2) Заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;
      3) лицензиялық алым енгізілмеген;
      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
      5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

      15. Егер:
      1) лицензия алып қойылғанда;
      2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда;
      3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
      4) осы қызмет түрі лицензияланатындардың тізбесінен алып
тасталғанда;
      5) заңнамада көзделген өзге де жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылады.

      16. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      17. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 18 маусымдағы
N 504 қаулысымен    
бекітілген       

Сот сараптамасы қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

      Сот сараптамасы қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары білімінің;
      2) кемінде бес жыл сарапшылық жұмыс өтілінің;
      3) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің;
      3) "Сот сараптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы N 1414 қаулысымен бекітілген Сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы болып табылады.

Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к судебно-экспертной деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2007 года N 504. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2010 года N 511

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.06.2010 № 511 (порядок введения в действие см. п. 3).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 11 января 2007 года "О лицензировании", от 12 ноября 1997 года "О судебной экспертизе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила лицензирования судебно-экспертной деятельности;
      2) квалификационные требования, предъявляемые к судебно-экспертной деятельности.

      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 04.06.2010 № 514.

      3. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 9 августа 2007 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 18 июня 2007 года N 504

Правила
лицензирования судебно-экспертной деятельности

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 11 января 2007 года " О лицензировании " (далее - Закон), от 12 ноября 1997 года "О судебной экспертизе" и определяют порядок выдачи лицензий на осуществление судебно-экспертной деятельности.

      2. Лицензирование судебно-экспертной деятельности осуществляется Министерством юстиции Республики Казахстан (далее - лицензиар) с целью государственного регулирования данного вида деятельности.

      3. Лицензия выдается на определенный вид судебно-экспертного исследования в соответствии с перечнем экспертных специальностей, утвержденным лицензиаром.

      4. Учет и хранение бланков лицензионных документов, копий выданных лицензий и их регистрация осуществляются лицензиаром.

      5. Лица, получившие лицензию на право осуществления судебно-экспертной деятельности, вносятся в Государственный реестр судебных экспертов.

2. Порядок выдачи лицензии

      6. Лицензия на осуществление судебно-экспертной деятельности выдается физическому лицу, отвечающему квалификационным требованиям.

      7. Лицензиат перед получением лицензии обязан сдать квалификационные экзамены.

      8. Порядок сдачи квалификационного экзамена, а также порядок прохождения аттестации экспертов определяется Положением, утвержденным приказом Министра юстиции Республики Казахстан .

      9. Выдача лицензии на осуществление судебно-экспертной деятельности осуществляется на основании решения комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности при Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      10. В состав комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности включаются представители лицензиара и органов судебной экспертизы Республики Казахстан.

      11. Порядок работы комиссии регулируется Положением о работе комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности, утвержденным приказом Министра юстиции Республики Казахстан.

      12. Для получения лицензии заявитель представляет следующие документы:
      1) заявление;
      2) копию документа, удостоверяющего личность - для физического лица;
      3) нотариально заверенную копию свидетельства о постановке заявителя на учет в налоговом органе;
      4) документ, подтверждающий уплату в бюджет лицензионного сбора за право занятия данным видом деятельности;
      5) сведения и документы в соответствии с квалификационными требованиями.

      13. Лицензиар в десятидневный срок выдает лицензию, либо дает мотивированный ответ в письменном виде о причинах отказа в выдаче лицензии.

      14. В выдаче лицензии отказывается в случаях, если:
      1) занятие видом деятельности запрещено законами Республики Казахстан для данной категории субъектов ;
      2) не представлены все документы, требуемые в соответствии с Законом. При устранении заявителем указанных препятствий заявление рассматривается на общих основаниях;
      3) не внесен лицензионный сбор;
      4) заявитель не соответствует квалификационным требованиям;
      5) в отношении заявителя имеется вступивший в законную силу приговор суда, запрещающий ему заниматься отдельным видом деятельности.

      15. Лицензия прекращает свое действие в случаях:
      1) лишения лицензии;
      2) прекращения деятельности физического лица;
      3) добровольного возврата лицензии к лицензиару;
      4) исключения данного вида деятельности из перечня лицензируемых;
      5) иных случаях, предусмотренных законодательством.

      16. При прекращении действия лицензии лицензиат обязан в течение десяти рабочих дней вернуть лицензию лицензиару.

      17. Приостановление действия, лишение лицензии осуществляются в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях .

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 18 июня 2007 года N 504

Квалификационные требования, предъявляемые
к судебно-экспертной деятельности

      Квалификационными требованиями к физическим лицам, обратившимся за выдачей лицензии на право занятия судебно-экспертной деятельностью, является наличие:
      1) высшего образования;
      2) стажа экспертной работы не менее пяти лет;
      3) квалификационного свидетельства, подтверждающего сдачу квалификационных экзаменов по следующим дисциплинам: основные положения уголовного, уголовно-процессуального, гражданского, гражданского процессуального законодательства, законодательства об административных правонарушениях; криминалистике; правовые, научные, организационные и методические основы судебной экспертизы; научно-методические основы конкретного вида экспертизы; основы информатизации судебно-экспертной деятельности;
      4) специального оборудования, предусмотренного Стандартами и требованиями к специально оснащенным помещениям, в которых осуществляется производство судебной экспертизы, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 ноября 2001 года N 1414 "Некоторые вопросы судебной экспертизы".