"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына сәйкес және шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.»"Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 450 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 20, 243-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында :
"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын қолдау жөніндегі жеделдетілген шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
"Экономиканы төрешілдіктен арылтудың тиімді тетіктерін әзірлеу және әкімшілік кедергілерді жою" деген 2-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 13-жолдың 6-бағаны»"2007 жыл - 4,0 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 15-жолдың 6-бағаны»"2007 жыл - 4,4 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 17-жолда:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2007 жыл - 9,4 млн. теңге";
7-баған мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"Республикалық бюджет";
реттік нөмірі 18-жолдың 6-бағаны»"2007 жыл - 28,9 млн. теңге. МАМ: 2007 жыл - 28,2 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;
"Кластерлік-желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйелерді құруды қамтамасыз ету" деген 5-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағанындағы»"2007 жыл - 10000 млн. теңге**" деген сөздер»"2007 жыл - 9000 млн. теңге**" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 24-жолдың 6-бағаны»"2007 жыл - 13,4 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;
"Жиынтығы (МБ іс-шараларын ескергенде)" деген жолдың 6-бағанындағы»"10000," деген сандар»"9088,3" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі