Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 450 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 572 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысына сәйкес және шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.»"Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 450  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 20, 243-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған  бағдарламасында :
      "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын қолдау жөніндегі жеделдетілген шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      "Экономиканы төрешілдіктен арылтудың тиімді тетіктерін әзірлеу және әкімшілік кедергілерді жою" деген 2-кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 13-жолдың 6-бағаны»"2007 жыл - 4,0 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;

      реттік нөмірі 15-жолдың 6-бағаны»"2007 жыл - 4,4 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;

      реттік нөмірі 17-жолда:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2007 жыл - 9,4 млн. теңге";

      7-баған мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджет";

      реттік нөмірі 18-жолдың 6-бағаны»"2007 жыл - 28,9 млн. теңге. МАМ: 2007 жыл - 28,2 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Кластерлік-желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйелерді құруды қамтамасыз ету" деген 5-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағанындағы»"2007 жыл - 10000 млн. теңге**" деген сөздер»"2007 жыл - 9000 млн. теңге**" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 24-жолдың 6-бағаны»"2007 жыл - 13,4 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Жиынтығы (МБ іс-шараларын ескергенде)" деген жолдың 6-бағанындағы»"10000," деген сандар»"9088,3" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады