Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 599 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.02 № 54 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. "Жалпы сипаттағы ресми трансферттерді есептеу әдістемесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 916 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 31, 433-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы»16 шілдедегі
N 599 қаулысымен  
бекітілген     

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 42-бабына сәйкес әзірленді және үш жылдық кезеңге арналған және олар өзгерген жағдайда әрбір үш жыл сайын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде қолданылады.

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау

      2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес тиісті жергілікті бюджеттің кірістері мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және төмендегідей формулаға сәйкес есептеледі:
      ЖСТ і = КБК і - ШБК і ;
      мұнда ЖСТ і - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі;
      КБК і - і- облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кірістерінің болжамды көлемі;
      ШБК і - і-облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) шығындарының болжамды көлемі.
      Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТ і >0) жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді.
      Жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТ і <0) жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.

3. Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды
көлемін айқындау

      3. Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлемі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес және мыналардың негізінде есептеледі:
      1) түсімдерді бюджеттердің деңгейлері арасында бөлу;
      2) Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат;
      3) Республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары;
      4) жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді бюджетке есептеу тәртібі мен шарттарын, оның ішінде жоспарланатын кезеңде енгізілетін ережелерді регламенттейтін және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің қысқаруын немесе ұлғаюын көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы.

4. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды
көлемін айқындау

      4. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінде белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
      Бұл ретте тұрақты сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа жетуге, стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалар мен өңірді дамыту жоспарларының нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі мыналардан тұрады:
      - еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерді төлеу, азық-түлік пен дәрілік заттар сатып алуға жұмсалатын шығындар, жәрдемақылар төлеу және басқалары (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);
      - материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар және басқалары (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар).

4.1. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының
болжамды көлемін есептеу

      5. Осы әдістеменің көмегімен есептелген жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау үшін ғана пайдаланылады.

      6. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай жергілікті бюджеттер бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      7. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
      1) Орта мерзімді көлемін фискалдық саясатқа сәйкес жоспарланатын кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың (жалақыны қоспағанда) ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
      2) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
      3) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын, оның ішінде бюджет саласының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді жетілдіруді көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ережелері;
      4) бұрын қолданысқа енгізілген, алайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімдері негізінде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген, Қазақстан Республикасы заңдарының Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ережелері;
      5) ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар.

      8. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындаған кезде, сондай-ақ мыналар ескеріледі:
      1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері;
      2) ертеректе қолданысқа енгізілген, алайда облыстың бюджет комиссиясы шешімдерінің негізінде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

      9. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге , материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алынып тасталады және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолют сомалармен толықтырылады.

      10. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      11. Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды келемін есептеу осы әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтары бөлінісінде жүргізіледі.

      12. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау өңірлердің шығындары деңгейіндегі айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескере отырып, осы әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттер есебінен көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жоспарланатын кезеңдегі санына негізделіп жүзеге асырылады.

      13. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      АШ і j = Ш j * T i j * K ij 1 *K*K ij n ;
            --------------------
            n
            E i=1 T i j *K ij 1 *K*K ij n
      мұндағы АШ і j - j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары;
      Ш j - j функционалдық кіші тобы бойынша барлық облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;
      T - j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қызметтерін тұтынушылардың саны;
      K ij 1 ..., K ij n - j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орташа немесе облыстық орташа деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      14. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде қызмет көрсету құнының әр түрлілігін негіздейтін, объективті факторларды бейнелейтін мынадай коэффициенттер қолданылады:
      а) урбанизация коэффициенті:
      K i урб = 1+Хал і қала
             ----------;
                Хал і
      мұндағы Хал і қала - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстың немесе ауданның қала халқының саны;
      Хал і - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың саны.
      Урбанизация коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі қызмет көрсетулерге байланысты шығындардың республикалық орташа деңгейге қатысты неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;
      б) таратып орналастыру дисперсиялығының коэффициенті:
      К і дисп = 1+ Хал і ұсақ
                 ---------;
                    Хал і
      мұндағы Хал і ұсақ - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстың немесе ауданның халқының саны 500 адамнан аз елді мекендерінде тұратын халқының саны;
      Хал і - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы немесе аудандағы халықтың жалпы саны.
      Таратып орналастыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің көлеміне қарамастан, халықты бюджеттік қызметтердің айқындалған жиынтығымен, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген шығындардың орташа республикалық деңгеймен салыстырғандағы неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;
      в) ауқым коэффициенті:
                  ____
      К і ауқым =1+a Хал-Хал і
                  --------;
                    Хал і
      мұндағы а (альфа) - облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) халқы санының республикалық орташа деңгейден немесе аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) халқы санының облыстық орташа деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;
      ____
      Хал - Қазақстан Республикасы бойынша бір өңір халқының орташа саны;
      Хал і - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың саны;
      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен бір тұтынушыға шаққандағы қызмет көрсетулерге арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқым әсерін ескереді;
      г) халықтың жас мөлшері құрылымының коэффициенті:
            К і жас.құр = 1+Хал і топ
                          -------;
                          Хал і
      мұндағы Хал і топ - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) белгілі бір жас тобы бойынша халқының саны;
      Хал і - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың саны.
      Халықтың жас мөлшері құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты қызметтерге қойған жоғары сұранысын ескереді;
      д) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есептеу коэффициенті:
            К і үстj =1+25%*Хал і ауыл
                         ---------*б j ;
                         Хал і
      Хал і ауыл - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы немесе аудандағы ауыл халқының саны;
      б j - j-функционалдық кіші тобы бойынша (барлық өңірлер бойынша сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі. Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есептеу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша жергілікті жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
      е) тығыздық коэффициенті:
                           _
              К і тығыз =1+В р
                           --;
                           р і
                  _
        мұндағы р - Қазақстан Республикасы немесе тиісті облыс бойынша халықтың орташа тығыздығы;
      р і - і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың тығыздығы;
      В (бета) - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халқы тығыздығының республикалық орташа деңгейден немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) облыстық орташа деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
      Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты жергілікті бюджеттер шығындарының ұлғаюын ескереді;
      ж) жолдарды ұстау коэффициенті:
            К і жол = N і
                   ---;
                    -
                    N
      мұндағы N і - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті маңызы бар жолдарын ұстау нормативі;
      _
      N - республика бойынша орта есеппен жолдарды ұстау нормативі;
      з) кедейлікті есептеу коэффициенті (табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
            К і кедейл =1+b і
                       ---;
                       100
      мұндағы b і - і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
      Кедейлікті есепке алу коэффициенті жергілікті бюджеттердің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халқы үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
      и) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:                           _
                     d i - d
      К i жылыту = 1 + у -------;
                        _
                        d
      мұндағы d i - і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) жылыту маусымының кезеңі;
       _
       d - Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен жылыту маусымының кезеңі;
      у (гамма) - жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті жергілікті бюджеттердің жылытуға жұмсайтын шығындарының Қазақстан Республикасындағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      15. Алматы және Астана қалалары үшін ағымдағы шығындарды есептегенде, олардың ерекше мәртебесін ескере отырып, өлшемі Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленетін арттыру коэффициенттері қолданылады.

4.2 Жергілікті бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының
болжамды көлемін есептеу

      16. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарды қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөліп анықталады.
      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
            КШ і =k*ЕШ і ;
      мұндағы КШ і - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) күрделі сипаттағы есептік шығындары;
      ЕШ і - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары;
      k - күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.

      17. k коэффициентінің шамасы:
      республикалық бюджет пен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің келемін айқындау үшін - Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен;
      облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін - облыстың бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

4.3 Жергілікті бюджеттердің бюджеттік даму бағдарламалары
бойынша шығындардың болжамды келемін есептеу

      18. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды жалпы көлемі екі бөліктен тұрады:
      бірінші бөлік облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне пайыздық қатынаспен анықталады;
      екінші бөлік облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаспен анықталады.
      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

            БДШ і =r 1 *ЕШ і +r 2 *КБК і ;
      мұндағы ШБЕ і - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындар;
      ЕШ і - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша ағымдағы есептік шығындар;
      r 1 - бюджеттік даму бағдарламалары бойынша ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне шығындардың пайыздық қатынасының шамасы;
      КБК і - і-облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) кірістерінің болжамды көлемі;
      r 2 - бюджеттік даму бағдарламалары бойынша кірістердің болжамдық көлемінің пайыздық қатынасының шамасы.

      19. r 1 және r 2 коэффициенттерінің шамасы:
      республикалық бюджет пен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін - Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен;
      облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін - облыстың бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

5. Қорытынды ережелер

      20. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (жергілікті уәкілетті органдар) жергілікті бюджеттердің алдағы үш жылдық кезеңге болжамды көрсеткіштерін анықтау үшін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін анықтау есептерін белгіленген мерзімде Республикалық бюджет комиссиясының (облыстардың бюджет комиссияларының) қарауына енгізеді.

      21. Республикалық бюджет комиссиясында (облыстың бюджет комиссиясында) қарағаннан кейін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бөлінісінде жылдар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы тиісті заңда (мәслихат шешімінде) белгіленеді.
      Сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен (мәслихат шешімімен) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар салалар - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек бойынша жергілікті бюджеттер шығыстарында көзделуі қажет қаражаттың ең аз көлемі белгіленуі мүмкін.

Әдістемеге
1-қосымша

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті
бюджеттері ағымдағы шығындарының болжамды көлемін
айқындаған кезде қолданылатын жүзеге асырылатын
мемлекеттік функциялар функционалдық кіші топтарының
тізбесі

      1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
      Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар
      Қаржы қызметі
      Жоспарлау және статистикалық қызмет
      2. Қорғаныс
      Әскери мұқтаждар
      Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
      3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
      Құқық қорғау қызметі
      4. Білім беру
      Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
      Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беру
      Бастауыш кәсіптік білім беру
      Қосымша кәсіптік білім беру
      Білім беру саласындағы өзге де қызметтер
      5. Денсаулық сақтау
      Кең бейінді ауруханалар
      Халықтың денсаулығын сақтау
      Мамандандырылған медициналық көмек
      Емханалар
      Медициналық көмектің басқа түрлері
      Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер
      6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
      Әлеуметтік қамсыздандыру
      Әлеуметтік көмек
      Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер
      7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
      Тұрғын үй шаруашылығы
      Коммуналдық шаруашылық
      Елді мекендерді көркейту
      8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
      Мәдениет саласындағы қызмет
      Спорт
      Ақпараттық кеңістік
      Туризм
      Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер
      9. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
      Ауыл шаруашылығы
      Су шаруашылығы
      Орман шаруашылығы
      Қоршаған ортаны қорғау
      Жер қатынастары
      10. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
      Көлік және коммуникация
      Автомобиль көлігі
      Әуе көлігі
      Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер
      12. Басқалары
      Экономикалық қызметті реттеу
      Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау
      Басқалары

Әдістемеге
2-қосымша

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті
бюджеттері ағымдағы шығындарының болжамды көлемін
айқындаған кезде пайдаланылатын қызметтерді тұтынушылар
бойынша көрсеткіштердің тізбесі

      Тұрақты халық саны
      Қала халқының саны
      Елді мекендерде (<500 адам) тұратын халықтың саны
      6 жасқа дейінгі балалар саны
      1-5 жастағы балалар саны
      6-18 жастағы балалар саны
      Зейнеткерлік жастан жоғары халық саны
      21 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар
      14-тен 18-жасқа дейінгі адамдар
      18-ден 26-жасты қоса алғандағы ерлер
      Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің орташа тізімдік саны
      Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі
      Орман қоры
      Суды тұтыну
      Жергілікті маңызы бар автожолдардың ұзындығы
      Атмосфераға ластағыш заттар шығарындысы
      Туристердің болу мерзімінің ұзақтығы

О методике расчетов трансфертов общего характера

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2007 года N 599. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 февраля 2010 года N 54

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.02.2010 N 54 (порядок введения в действие см. п. 3).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года и в целях совершенствования межбюджетных отношений Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемую методику расчетов трансфертов общего характера.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2004 года N 916 "О Методике расчетов официальных трансфертов общего характера" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 31, ст. 433).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждена        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 16 июля 2007 года N 599

Методика расчетов трансфертов общего характера

1. Основные положения

      1. Настоящая методика расчетов трансфертов общего характера (далее - методика) разработана в соответствии со статьей 42 Бюджетного кодекса Республики Казахстан (далее - Бюджетный кодекс) и применяется при определении объемов трансфертов общего характера на трехлетний период и при их изменении через каждые три года.

2. Определение объемов трансфертов общего характера

      2. Объемы трансфертов общего характера определяются как разница между прогнозными объемами доходов и затрат соответствующего местного бюджета согласно Бюджетному кодексу и рассчитываются согласно следующей формуле:

          ТОХ і = ПОД і - ПОЗ і ;

      где ТОХ і - объемы трансфертов общего характера i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения);
      ПОД і - прогнозные объемы доходов i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения);
      ПОЗ і - прогнозные объемы затрат i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения).
      При превышении прогнозного объема доходов над прогнозным объемом затрат местного бюджета (ТOX і >0) устанавливаются бюджетные изъятия из местного бюджета в вышестоящий бюджет.
      При превышении прогнозного объема затрат над прогнозным объемом доходов местного бюджета (ТОХ і <0) устанавливаются бюджетные субвенции в местный бюджет из вышестоящего бюджета.

3. Определение прогнозных объемов доходов местных бюджетов

      3. Прогнозные объемы доходов местных бюджетов рассчитываются в соответствии с методикой прогнозирования поступлений бюджета , определяемой центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию, и на основе:
      1) распределения поступлений между уровнями бюджетов;
      2) Среднесрочной фискальной политики на предстоящий трехлетний период;
      3) Среднесрочного плана социально-экономического развития республики или региона;
      4) законодательства Республики Казахстан , регламентирующего порядок и условия зачисления в бюджет поступлений в местные бюджеты, в том числе положений, вводимых в планируемом периоде и предусматривающих сокращение или увеличение поступлений местных бюджетов.

4. Определение прогнозных объемов затрат местных бюджетов

      4. Прогнозные объемы затрат местных бюджетов рассчитываются как сумма прогнозных объемов затрат по текущим бюджетным программам и по бюджетным программам развития с учетом установленных Бюджетным кодексом направлений расходов по функциональному признаку.
      При этом прогнозные объемы затрат по текущим бюджетным программам, которые направлены на обеспечение деятельности администраторов бюджетных программ по выполнению функций государственного управления и обязательств государства в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан , имеющих постоянный характер, а также на достижение цели, решение конкретных задач и мероприятий стратегических, среднесрочных программ и планов развития региона, состоят из:
      - затрат на оплату труда, оплата коммунальных услуг, приобретение продуктов и лекарственных средств, выплата пособий и др. (далее - текущие затраты);
      - затрат на укрепление материально-технической базы, капитальный ремонт и др. (далее - затраты капитального характера).

4.1 Расчет прогнозных объемов текущих затрат
местных бюджетов

      5. Прогнозные объемы текущих затрат местных бюджетов, рассчитанные с помощью данной методики, используются только для определения размеров трансфертов общего характера.
      6. Для расчета текущих затрат определяется прогнозный объем текущих затрат в целом по местным бюджетам.
      7. При определении прогнозного объема текущих затрат местных бюджетов учитываются:
      1) совокупный объем текущих затрат с учетом увеличения текущих затрат на индекс потребительских цен в планируемом периоде в соответствии со Среднесрочной фискальной политикой (за исключением заработной платы);
      2) положения законов Республики Казахстан , предусматривающие увеличение или сокращение расходов местных бюджетов и вводимые в действие в планируемом периоде;
      3) положения указов Президента Республики Казахстан и постановлений Правительства Республики Казахстан, предусматривающие увеличение или сокращение расходов местных бюджетов, в том числе совершенствование оплаты труда работников бюджетной сферы, и вводимые в действие в планируемом периоде;
      4) положения законов Республики Казахстан, указов Президента Республики Казахстан и постановлений Правительства Республики Казахстан, ранее введенных в действие, однако не обеспеченных финансированием на основании решений Республиканской бюджетной комиссии;
      5) затраты постоянного характера, ранее финансировавшиеся за счет целевых текущих трансфертов.
      8. При определении прогнозного объема текущих затрат местных бюджетов районов (городов областного значения), также учитываются:
      1) положения решений областных представительных и исполнительных органов, предусматривающие увеличение или сокращение расходов районных (городов областного значения) бюджетов, и вводимых в действие в планируемом периоде;
      2) положения решений областных представительных и исполнительных органов, ранее введенных в действие, однако не обеспеченных финансированием, на основании решений бюджетной комиссии области.
      9. Из суммарного прогнозного объема текущих затрат местных бюджетов исключаются средства на выплату экологических надбавок , оказание материальной помощи и на дополнительные отпуска работникам государственных учреждений и казенных предприятий, в соответствии с законодательством Республики Казахстан , и добавляются абсолютными суммами после расчета прогнозных объемов текущих затрат по местным бюджетам областей (города республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения).
      10. За расчетную базу прогнозирования объема текущих затрат местных бюджетов принимаются объемы текущих затрат в соответствии с уточненным планом года, предшествующего планируемому периоду.
      11. Расчет прогнозного объема текущих затрат бюджетов областей (города республиканского значения, столицы) или районов (городов областного значения) производится в разрезе функциональных подгрупп осуществляемых государственных функций согласно приложению 1 к настоящей методике.
      12. Определение прогнозных объемов текущих затрат местных бюджетов осуществляется исходя из численности на планируемый период потребителей услуг согласно приложению 2 к настоящей методике, предоставляемых за счет местных бюджетов, с учетом объективных факторов, обусловливающих различия в уровне затрат регионов.
      13. Расчет текущих затрат отдельной области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения) по отдельной функциональной подгруппе производится по следующей формуле:

      где PЗ j i - расчетные текущие затраты i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения) по j-й функциональной подгруппе;
      З j - суммарный прогнозный объем текущих затрат по местным бюджетам всех областей (города республиканского значения, столицы) или районов (городов областного значения) по j-й функциональной подгруппе;
      П j i - количество потребителей услуг i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения) по j-й функциональной подгруппе;
      К 1 ij ,...,К n ij - коэффициенты, учитывающие объективные факторы, которые обусловливают отличия в стоимости предоставления услуг в i-й области (городе республиканского значения, столице) или районе (городе областного значения) по j-й функциональной подгруппе от среднереспубликанского или среднеобластного уровня.
      14. При расчете прогнозного объема текущих затрат применяются следующие коэффициенты, отражающие объективные факторы, которые обусловливают различия в стоимости предоставления услуг:
      а) коэффициент урбанизации:
                  Нас i гор
      К i урб = 1 + --------;
                   Нас i

      где Нас i гор - численность городского населения i-й области или района по данным Агентства Республики Казахстан по статистике;
      Нас i - численность населения в i-й области (городе республиканского значения, столице) или районе (городе областного значения) по данным Агентства Республики Казахстан по статистике.
      Коэффициент урбанизации учитывает более высокий относительно среднереспубликанского уровень затрат, связанных с предоставлением услуг в городской местности по отдельным функциональным подгруппам;
      б) коэффициент дисперсности расселения:

                  Нас i мелк
      К i дисп = 1 + --------;
                   Нас i

      где Нас i мелк - численность населения i-й области или района, проживающего в населенных пунктах с численностью населения менее 500 человек по данным Агентства Республики Казахстан по статистике;
      Нас i - общая численность населения в i-й области или районе по данным Агентства Республики Казахстан по статистике.
      Коэффициент дисперсности расселения учитывает более высокий по сравнению со среднереспубликанским уровень затрат, обусловленный необходимостью обеспечения определенным набором бюджетных услуг населению независимо от размеров населенного пункта, в том числе учитывая дополнительные транспортные и иные расходы;
      в) коэффициент масштаба:
                        ___

                        Нас - Нас i
      К i масштаба = 1 + а -----------;
                          Нас i

      где а - вес, с которым учитывается отклонение численности населения областей (города республиканского значения, столицы) от среднереспубликанского уровня или района (города областного значения) от среднеобластного уровня;
      ___
      Нас - средняя численность населения одного региона по Республике Казахстан или области;
      Нас i - численность населения в i-й области (городе республиканского значения, столицы) или районе (городе областного значения) по данным Агентства Республики Казахстан по статистике.
      Коэффициент масштаба учитывает эффект масштаба, отражающий снижение объема затрат на предоставление услуг в расчете на одного потребителя с ростом численности потребителей;
      г) коэффициент возрастной структуры населения:

                      Нас i группа
      К i возрстр = 1 + ----------;
                        Нас i

      где Нас i группа - численность населения i-й области (города

республиканского значения, столицы) или района (города областного значения) по определенной возрастной группе по данным Агентства Республики Казахстан по статистике;
      Нас i - численность населения в i-й области (городе республиканского значения, столицы) или районе (городе областного значения) по данным Агентства Республики Казахстан по статистике.
      Коэффициент возрастной структуры населения учитывает повышенный спрос, предъявляемый отдельными категориями населения на услуги, связанные со здравоохранением, образованием и социальным обеспечением;
      д) коэффициент учета надбавок за работу в сельской местности:

                          Нас i сельск
      К i надбj = 1 + 25% . ---------- . б j ;
                            Нас i

      где Нас i сельск - численность сельского населения i-й области или района по данным Агентства Республики Казахстан по статистике;
      б j - доля заработной платы в общем объеме текущих затрат по j-й функциональной подгруппе (в сумме по всем регионам);
      Коэффициент учета надбавок за работу в сельской местности учитывает потребность в дополнительных расходах на заработную плату в сельской местности по отдельным функциональным подгруппам;
      е) коэффициент плотности:
                      _
                      р
      К i плотн = 1 + в ---;
                      р i

          _
      где р - плотность населения в среднем по Республике Казахстан или по соответствующей области;
      р i - плотность населения в i-й области (городе республиканского значения, столицы) или районе (городе областного значения);
      в - вес, с которым учитывается отклонение плотности населения областей (города республиканского значения, столицы) от среднереспубликанского уровня или районов (городов областного значения) от среднеобластного уровня.
      Коэффициент плотности учитывает увеличение затрат местных бюджетов в связи с уменьшением плотности населения региона;
      ж) коэффициент содержания дорог:

                N i
      К i дорог = ---;
                _
                N

      где N i - норматив содержания дорог местного значения i-й области (города республиканского значения, столицы), установленный Правительством Республики Казахстан ;
      _
      N - норматив содержания дорог в среднем по республике;
      з) коэффициент учета бедности (на основе доли лиц с доходами ниже прожиточного минимума):

                   b i
      К i бедн = 1 + ---;
                  100

      где b i - доля населения с доходами ниже величины прожиточного минимума в общей численности населения в i-й области (городе республиканского значения, столицы) или районе (городе областного значения).
      Коэффициент учета бедности учитывает увеличение затрат местных бюджетов на выплату социальной помощи в связи с ростом доли населения с доходами ниже величины прожиточного минимума;
      и) коэффициент учета продолжительности отопительного сезона:
                          _
                     d i - d
      К i отопл = 1 + у -------;
                       _
                       d

      где  d i - период отопительного сезона в i-й области (городе республиканского значения, столице) или районе (городе областного значения);
      _
      d - период отопительного сезона в среднем по Республике Казахстан;
      у - доля затрат па отопление в общем объеме текущих затрат местных бюджетов.
      Коэффициент учета продолжительности отопительного сезона учитывает зависимость затрат местных бюджетов на отопление от продолжительности отопительного сезона в Республике Казахстан.
      15. При расчете текущих затрат для городов Алматы и Астана, учитывая их особый статус, применяются повышающие коэффициенты, величина которыx устанавливается решением Республиканской бюджетной комиссии.

4.2 Расчет прогнозных объемов затрат капитального
характера местных бюджетов

      16. Общий прогнозный объем средств, предусматриваемых для финансирования затрат капитального характера, определяется с разбивкой по годам в соответствии с процентным отношением к общему объему финансирования текущих затрат области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения).
      Расчет прогнозного объема средств, предусматриваемых для финансирования затрат капитального характера, отдельно по каждой области (городу республиканского значения, столицы) или району (городу областного значения) производится по следующей формуле:

      КЗ i = k* РЗ i;

      где КЗ i - расчетные затраты капитального характера i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения);
      РЗ i - расчетные текущие затраты i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения);
      k - величина процентного отношения затрат капитального характера к общему объему текущих затрат.
      17. Величина коэффициента k устанавливается:
      для определения объемов трансфертов общего характера между республиканским бюджетом и бюджетами областей (города республиканского значения, столицы) - решением Республиканской бюджетной комиссии;
      для определения объемов трансфертов общего характера между областным бюджетом и бюджетами районов (городов областного значения) - решением бюджетной комиссии области.

4.3 Расчет прогнозных объемов затрат по бюджетным
программам развития местных бюджетов

      18. Общий прогнозный объем средств, предусматриваемых для финансирования затрат по бюджетным программам развития состоит из двух частей:
      первая часть определяется в процентном соотношении к прогнозному объему текущих затрат области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения);
      вторая часть определяется в процентном соотношении к прогнозному объему доходов области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения).
      Расчет прогнозного объема средств, предусматриваемых для финансирования затрат по бюджетным программам развития, отдельно по каждой области (городу республиканского значения, столице) или району (городу областного значения) производится по следующей формуле;

      ЗБР i - r 1 * РЗ i + r 2 * ПОД i ;

      где ЗБР i - расчетные затраты по бюджетным программам развития i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения);
      РЗ i - расчетные текущие затраты i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения);
      r 1 - величина процентного отношения затрат по бюджетным программам развития к общему объему текущих затрат;
      ПОД i - прогнозные объемы доходов i-й области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения);
      r 2 - величина процентного отношения затрат по бюджетным программам развития к прогнозному объему доходов.
      19. Величина коэффициентов r 1 и r 2 устанавливается:
      для определения объемов трансфертов общего характера между республиканским бюджетом и бюджетами областей (города республиканского значения, столицы) - решением Республиканской бюджетной комиссии;
      для определения объемов трансфертов общего характера между областным бюджетом и бюджетами районов (городов областного значения) - решением бюджетной комиссии области.

5. Заключительные положения

      20. Расчеты определения объемов трансфертов общего характера в установленные сроки вносятся на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии (бюджетным комиссиям областей) центральным уполномоченным органом (местными уполномоченными органами) по бюджетному планированию для определения прогнозных показателей местных бюджетов на предстоящий трехлетний период.
      21. После рассмотрения на Республиканской бюджетной комиссии (бюджетной комиссии области) объемы трансфертов общего характера по годам в разрезе областей (города республиканского значения, столицы, (районов, городов областного значения) устанавливаются в соответствующем законе (решении маслихата) об объемах трансфертов общего характера на предстоящий трехлетний период.
       Законом (решением маслихата) об объемах трансфертов общего характера на предстоящий трехлетний период также могут устанавливаться минимальные объемы средств, которые местным исполнительным органам областей (города республиканского значения, столицы) и районов (городов областного значения) необходимо предусмотреть в расходах местных бюджетов по социально значимым сферам - образование, здравоохранение, социальная помощь.

Приложение 1
к методике 

Перечень функциональных подгрупп осуществляемых
государственных функций, применяемых при определении
прогнозных объемов текущих затрат местных бюджетов
областей, городов Алматы и Астана

      1. Государственные услуги общего характера
      Представительные, исполнительные и другие органы, выполняющие общие функции государственного управления
      Финансовая деятельность
      Планирование и статистическая деятельность
      2. Оборона
      Военные нужды
      Организация работы по чрезвычайным ситуациям
      3. Общественный порядок, безопасность, правовая, судебная, уголовно-исполнительная деятельность
      Правоохранительная деятельность
      4. Образование
      Дошкольное воспитание и обучение
      Начальное общее, основное общее, среднее общее образование
      Начальное профессиональное образование
      Дополнительное профессиональное образование
      Прочие услуги в области образования
      5. Здравоохранение
      Больницы широкого профиля
      Охрана здоровья населения
      Специализированная медицинская помощь
      Поликлиники
      Другие виды медицинской помощи
      Прочие услуги в области здравоохранения
      6. Социальная помощь и социальное обеспечение
      Социальное обеспечение
      Социальная помощь
      Прочие услуги в области социальной помощи и социального обеспечения
      7. Жилищно-коммунальное хозяйство
      Жилищное хозяйство
      Коммунальное хозяйство
      Благоустройство населенных пунктов
      8. Культура, спорт, туризм и информационное пространство
      Деятельность в области культуры
      Спорт
      Информационное пространство
      Туризм
      Прочие услуги по организации культуры, спорта, туризма и информационного пространства
      9. Сельское, водное, лесное, рыбное хозяйство, особоохраняемые природные территории, охрана окружающей среды и животного мира, земельные отношения
      Сельское хозяйство
      Водное хозяйство
      Лесное хозяйство
      Охрана окружающей среды
      Земельные отношения
      10. Промышленность, архитектурная, градостроительная и строительная деятельность
      Архитектурная, градостроительная и строительная деятельность
      11. Транспорт и коммуникации
      Автомобильный транспорт
      Воздушный транспорт
      Прочие услуги в сфере транспорта и коммуникаций
      12. Прочие
      Регулирование экономической деятельности
      Поддержка предпринимательской деятельности и защита конкуренции
      Прочие

Приложение 2
к методике 

Перечень показателей по потребителям услуг, используемых
при определении прогнозных объемов текущих затрат
местных бюджетов областей, городов Алматы и Астаны

      Численность постоянного населения
      Численность городского населения
      Численность населения, проживающего в населенных пунктах ( < 500 чел.)
      Численность детей в возрасте до 6 лет
      Численность детей в возрасте 1-5 лет
      Численность детей в возрасте 6-18 лет
      Численность населения старше пенсионного возраста
      Лица от 21 года до пенсионного возраста
      Лица от 14 до 18 лет
      Лица мужского пола от 18 до 26 лет включительно
      Среднесписочная численность работников сельского хозяйства
      Доля населения с доходами ниже величины прожиточного минимума
      Лесной фонд
      Водопотребление
      Протяженность автодорог местного значения
      Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
      Длительность пребывания туристов