Демалыс күнін ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 713 Қаулысы

      Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2007
жылғы тамызда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Демалыс күні 2007 жылғы 2 қыркүйек жексенбіден 2007 жылғы
31 тамыз жұмаға ауыстырылсын.
      2. Қажетті өнімді шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер
көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек,
материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға
кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2007 жылғы 31 тамызда жұмыс
жүргізуге құқық берілсін.
      Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады