"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін:
"Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы", Алматы қаласы;
"Алматы гидрометеорология орталығы", Талдықорған қаласы.
2. "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 51-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 14-2 және 14-3 жолдармен толықтырылсын:
"14-2. Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы, Алматы қаласы
14-3. Алматы гидрометеорология орталығы, Талдықорған қаласы".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі